Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_aleumet.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
363.01 Кб
Скачать

28.Әлеуметтік қауымдастықтар мен әлеуметтік топтар

Әлеуметтік топ — жеке тұлғалардың ортақ, ынтымақты, үйлескен іс-әрекетті жүзеге асырудағы қажеттіліктерін қамтамасыз ететін адамдар бірлестігінің, өзара әрекетінің негізгі түрі,бірігу дәрежесі әрқилы бірлестіктердің құрамын белгілейін өте кең ұғым. Жалпы, әлеуметтік топ ұғымы мүдделердің, құндылықтар мен жүріс-тұрыс нормаларының ортақтығы мен айырмашылықтарына орай халықтың жіктелуін бейнелейді. Қазіргі әлеуметтік ғылымдарда әлеуметтік топтар ретінде таптар, сословиелер, таптар және сословиелер ішіндегі бөлімшелер, этникалық, кәсіптік, жыныстық, жас ерекшелігіне қарай, мекендік, тұтынушылық, діни, білімі бойынша және басқа да топтар қарастырылады. Әлеуметтік топтар теориясында топтар үлкен, орта және кіші болып бөлінеді:

Кең мағынасында Әлеуметтiк топ ұғымы адамдардың кез келген әлеуметтік бірлесуін – отбасынан, құдастар тобынан елдің, тіпті, бүкіл адамзат қоғамына дейінгі түсінікті қамтиды. Бірақ әлеуметтануда көбіне тар мағынада - қандай да бір жеке, ұжымдық немесе қоғамдық мүдделер мен мақсаттарды жүзеге асыруды көздеген өзара әрекеттегі адамдар жиынтығы - қоғамның ішіндегі құрылым ретінде түсіндіріледі. Әлеуметтiк топ мүшелері өздерін осы топқа жатқызады және де басқалар да оларды сол әлеуметтік топтың мүшесі ретінде мойындайды (Р. Мертон). Әлеуметтiк топ санына қарай үлкен және кіші; әрекет етудің ұйымдасуы мен реттелуіне қарай ресми және бейресми болып бөлінеді.

1. Үлкен әлеуметтік топтарға халықты қамтитын бірлестіктер кіреді, яғни олар: сословиелер, таптар, әлеуметтік жіктер, жыныстық, жас ерекшелігі бойынша,этникалық, діни және т.б. топтар. Үлкен топтар елеулі саяси ықпалға ие болғандықтан әр түрлі әлеуметтік қозғалыстардың базалық негізі болуы мүмкін.

2. Орташа топтар өндірістік, территориялық бірлестіктерден құрылады, олардың арасында әр түрлі мүдделер мен саяси бәсекелестік болуы мүмкін.

3. Кіші топтарға, ең алдымен, мүдделер ортақтығы негізінде пайда болатын тұрақты немесе уақытша ассоцияциялар жатады. Отбасы, шағын өндірістік бірлестіктер,қоғамдық өмірдің әр түрлі ұйымдары кіші топтар түрлері ретінде есептеледі.

Әлеуметтік қауымдастық - қандай да бір ортақ белгілері, ортақ мүдделері, ортақ мақсаты, ортақ мінез-құлық түрі бар адамдар жиынтығы; бірқатар нақтылы әлеуметтікқауымдастықтардың жалпы атауы ретінде қолданылатын ұғым. Ұлттық, этникалық, таптық, діни, кәсіби, аумақтық, әлеуметтік-мәдени, дәрежелік, демократиялық және басқа да әлеуметтік қауымдастық түрлері белгілі. "Әлеуметтік қауымдастық" ұғымы саясаттануда кеңінен қолданылады. Егер олар өзінің ерекше мүддесін сезініп, оны жүзеге асыру мақсатымен ұйымдасатын болса, онда әлеуметтік қауымдастықтар саяси қатынастардың субъектісіне айналады. [1]

29.ә-к институттар түсінігі, оның қызметтері

Әлеуметтік институт — бұл адам баласының әлеуметтік ойының ұлы жемісі. Біздің тұрмысымыздың барлық маңызды салаларын қамтитын күнделікті өмірдің ұжымдық түрлері ондаған, тіпті жүздеген жылдар тұрақты қызмет етуге қабілетті. Әлеуметтік институтар адам өмірінде кездейсоқтық емес, тұрақтанған, сенімді әрекеттестік, жетекші рөл атқарады. Сол себепті де әлеуметтану үшін институттар талдаудың аса маңызды объектілердің бірі, ал олардың қызметін түсіндіру әлеуметтанудың өзегі болып саналады. әлеуметтік институт әлеуметтануда іргелі еүсініктердің бірі болып танылған. әлеуметтік институттың алғаш ттолық анықтамасын берген американдық социолог-Т.Веблен.Ол қоғамның бірте-бірте дамуын әлеуметтік институттардың табиғи сұрыпталуы ретінде талдайды. Әлеуметтік институттар табиғаты жағынан өзгерістер жасайтын ынталандыруларға үйреншікті амалдардың жауап қайтаруы болып табылады. әлеуметтік институттар-ол аса маңызды және терең,берік нығайтылған және орныққан,жұйелі,өзін-өзі жаңартушы және ретке келтірілген әлеуметтік әркеттестіктер.Әлеуметтік институттар-қоғамның негізгі талаптарын қанағаттандыратын қоғамдық манді құндылықтар мен әрекеттерді орндау ретін біріктіретін байланыстар мен әлеуметтік мөлшерлердің ұйымдастырылған жүйесі.Қызметі:әрбір институт өзіне байланысты әлеуметтік міндетті қызметті атқарады.Оміндетті қызметердің жыиынтығы әлеуметтік жұйенің негізгі,белгілі түрлері ретінде әлеуметтік институттың жалпы қызмет атқарумен құрылады. Әлеуметтік институттың 4 негізгі қызметі мыналар: 1.Қоғамның мүшелерін жаңғырту. 2.Әлеуметтену мақсатын іске асыру. 3.Өндіру және тарту міндеті қызметін атқару. 4.Басқару және бақылаудың міндетті қызметін атқару. Сонымен әлеуметтік институттын әлеуметтік ортамен өзара әрекетінің негізін оның бас міндетті қызметі-қоғамдық нақты талаптарды қанағаттандыруды іске асырылуын қамтаасыз етеді. Қоғамда жеке әлеуметтік институттар ерте заманнан қалыптасқан. Мысалы, отбасы, мемлекет, білім және т.б. Уақыттың сұранысына орай жаңа әлеуметтік институттар пайда болады. Мысалы, Қазақстандағы қазіргі нарықтық және демократиялық жағдайлардан туындаған нарықтық институттар, демократиялық институттар және т.б. Күнделікті өмірде институтты әртүрлі әлеуметтік құрылым деп түсінеміз. Адамның қауіпсіздігі, оның білімі, денсаулығы, шаруашылық қызмет, демалыс, тағы басқа біздің күнделікті өміріміздің мәнін құрайтын құбылыстар институттық сипатқа ие болды. Бұл - институттанған, қалыптасқан, тәртіптелген, нығайтылған, жүйеге түскен әлеуметтік өмір. Мысалы, отбасы институты, білім институты, армия институты, дін институты, т.с.с. Сонымен әлеуметтік ұйымдар мен институтар қоғамда аса маңызды функцияларды атқарып, миллиондаған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өткізіп, оларды әлеуметтендіру үдерісінде айрықша рөл атқарады.

30.ұйым ә-уы

Адамзат қоғамының әрбәр адамы өзінің бүкіл өмірін ұйымдарда өткізеді. Ұйым түсінігінің әртүрлі мәні бар, бірақ негізінен үш мағынада қолданылады.

Біріншіден, ұйым деп белгілі әлеуметтік функция атқаратын мекемені атаймыз. Мысалы, мемлекеттік, саяси, қоғамдық, өндірістік, ауылшаруашылық, мәдени және т.б.

Екіншіден, ұйым деп құрылымның элементтерінің тәртіптелу деңгейі, объектінің ішкі құрылымын айтамыз. Бұл мағынада объектінің жоғары немесе төмен ұйымдасқандығы туралы айтады. Барлық әлеуметтік объектілердің өзінің ұйымы бар, яғни өзін құрайтын элементтердің байланыстары бар.

Үшіншіден, ұйым деп бір нәрсені ұйымдастыруға, әлеуметтік объектілер қызметін үйлестіруге бағытталған адамның қызметі түсіндіріледі. Бұл мағынада митингілерді, демонстрацияларды, спорттық кештерді және т.б. ұйымдастыруды айтады.

Ұйымды күрделі құрылым ретінде мәнін және оның даму заңдылықтарын түсінбей басқару және оның әлеуетін тиімді пайжалану мүмкін емес.Сондықтан ұйым зерттеу заты ретінде өзіне әр түрлі білім саласы өкілдерінің назарын аударады.Ұйым әлеуметтік топтарды ұжым түрінде қалыптастырады.Ұжым жалпы мақсатты бірлесіп және үйлестіріпжүзеге асырушы әлеуметтік топ болып табылады.Ұйым интегративті-біріктіруші қызмет атқарады.Әлеуметтік ұйымдарда қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудың зор мүмкіндіктер жиынтығы бар болады. Әлеуметтік ұйым белгілі мақсатқа жетумен себептелінеді.Яғни,адамдар жеке әрқайсысы жетуі мүмкін емес. Ұйым термиінің қаралған мағыналары оның мазмұнын ашуға жәнеанықтама беруге мүмкіндік береді. Ұйымның мақсаттары 3түрлі болады:1)жоғарыда тұрған ұйымдық жүйеге төменгі буынның толық бағындырылуы б-ша ұйымға жүктелетін мақсаттар тапсырмалар түрі. Бұған жоспарларды, тапсырмаларды жатқызуға б-ды.2)алға қойған мақсаттар бағыт-бағдар түрінде ұйым арқ жүзеге асады.адамзат қауымдастығы ретіндегі ұйымның құрылымы мен қасиеттеріне сәйкес келетін оның мүшелерінің алдарындағы ортақ мүдделері жатады 3)жүйенің мақсаттарына басқару орнықтырып, орнатқан ж/е құрылымға қажетті тепе-теңдік, тұрақтылық сияқты көріністер жатады. Адамдардың ұйымдасқан қызметі-олардың өмір сүруінің маңызды алғышарттары. Бастапқыда адамдар өз өмірін ұтымды, яғни алға қойған мақсатына сәйкес ұйымдастырылады. Көптеген жағдайларда мақсатқа жетудің тәсілдері бірнеше адамдардың күштерінің біріктіріп қолдануға негізделген. Әлеуметтік қауымдастықтардың формасы ретінде құрылған ұйым барлық жерде бар.Ұйымдар әкімшілік, қоғамдық және формалды және формалды емес типтерге бөлінеді. Әкімшілік ұйымдар құрылымдарының қатаң және жоғары деңгейімен, директивті бекітілген мақсаттарымен ерекшеленеді. Қоғамдық ұйымдар адамдардың ерікті бірлестіктері болып саналады. Бұлардың басқаларға қарағанда демократиялылығы басымдау болады. Ал формалды ұйымдар – бұл функциялары, құқықтары және міндеттері қатаң белгілеген қоғамның әкімшілік негізі болып табылады. Неформалды ұйымдар кездейсоқ құрылған екі түрлі болады. Біріншісі мақсаттары айқын емес кездейсоқ құрылған адамдар жиыны да, екіншісі мақсаттары айқын, барлық талаптар мен орындаушылық тәртіппен ерекшеленген қылмыскерлердің болмаса діни ұйымдары.

31.тұлға ә-уы

Ә-у ғылымының зерттейтін объектісі-адамдардың пікірлері, іс-әрекеттерінің уәждері, өмірлік жоспарлары, құнды бағыт- бағдарлары қазіргі адамның тұлғалығын бейнелейтін мәселелер болып саналады. Тұлғаны танып білу бұрыннан келе жатқан нәрсе. Тұлға деп қоғамдық өмірдін тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы іс-әрекет және қарым-қатынас иесі, айналадағыны танып-білуші, бойына елеулі әлеуметтік сапалар мен тәжірибе жинаған жеке адамды айтамыз. Адам әртүрлі жағдайлармен (психикалық науқас болып немесе қоғамдық ортада өмір сүрмесе) әлеуметтік сапаны игере алмаса, тұлға бола алмайды. Ол аса күрделі әлеуметтену үдерісінде өзіне қажетті қасиеттерге ие болу нәтижесінде тұлғаға айналады.

Әрбір адам қоғамдық қатынас жүйесінде толып жатқан әлеуметтік байланысқа түсіп, көптеген мәртебелер мен әртүрлі рөлдер атқарады, белгілі идеялар, сезімдер, мінезқұлық ерекшеліктерінің иесі болады. Әлеуметтануда тұлғаның әлеуметтік сапалары маңызды орын алады. Сондықтан қайталанып отыратын елеулі әлеуметтік сапалар тұлғаларды типтендіреді, яғни белгілі бір әлеуметтік топқа жатқызады.

Тұлғаның әлеуметтік типі – бұл белгілі бір әлеуметтік қауымдастыққа жататын көптеген индивидтерге тән әлеуметтік сапалар жүйесінің жиынтық көрінісі. Мысалы, азиаттар, кавказдықтар, еуропалықтар, студенттер, жұмысшылар, ардагерлер, оқытушылар және т.б. Тұлғаны типтендіру әртүрлі негіздерде жүргізілуі мүмкін. Мысалы, мамандығына не қызметіне, тұратын жеріне, жас ерекшеліктеріне, әлеуметтік белсенділігіне және т.б. сәйкес: экономист, қалалық, жас, басшы, т.т. дегендей.

Тұлғаларды типтендіруде аса маңызды негіздер әлеуметтік мәртебелер мен рөлдер болып саналады. Отбасындағы ата мен әженің, әке мен ананың, аға мен апаның мәртебелері мен соған сәйкес рөлдеріне нақты мысалдар келтіре кету студенттердің туыстық, бауырмалдық қасиеттерін жетілдіре түсуге ықпал етеді. Тұлғаның әлеуметтік құрылымының көптеген маңызды элементтері бар. Оның ең біріншісі - сана. Бұл тұлғаның әлеуметтену үдерісінде қалыптасады. Сана индивидтің әлеуметтенуіне және қоғамның әлеуметтік өміріне қатысуы үшін қажетті білім, тәжірибе, әлеуметтік нормалар, құндылықтар, мінезқұлық қалыптарын игеруге мүмкіндік береді. Екіншісі, өмір салтынан туындаған еңбек, қоғамдық-саяси, мәдени-танымдық, отбасы-тұрмыстық қызмет түрлері. Бұл жерде еңбек тұлғаның әлеуметтік құрылымын анықтайтын ең басты, мәнді буыны болып саналады. Үшіншісі, тұлғаның шығармашылық қызметке қабілеттілігі, білімі, дағдылары. Қалыптасқан тұлғаны индивидтен шығармашылық қабілеттері ерекшелейді. Төртіншісі, тұлғаның рухани дүниесі, яғни материалдық және рухани саладағы объективтендірілген адам қызметінің амалдары мен тәсілдері, коғамның мәдени құндылықтарын меңгеру дәрежесі. Бесіншісі, тұлғаның өмірде басшылыққа алатын адамгершілік нормалары мен принциптері. Алтыншы элементі, ол адамның мінез-құлқының басты бағытын анықтайтын принцип болып есептелетін сенім. Осы құрылымдық элементтер белгілі дәрежеде әрбір тұлғаға қатысты болады. Өйткені әрбір тұлға қоғамдық өмірге қатысады, білімді меңгереді, оларды өмірде басшылықка алады.

Тұлғаның әлеуметтік құрылымы әрдайым өзгеріске түсіп тұрады. Себебі оны қоршаған әлеуметтік орта туыстары, достары, таныстары, қоғам және т.б. өзгеріп отырады. Тұлға жаңа ақпарат, жаңа білім алады. Бұл білімдер сенімге айналады. Сенім, бір жағынан, адам қылықтарының сипатын, нормасын анықтайтын болса, екінші жағынан, саналы іс-әрекет, әлеуметтік нормалар сенімнің деңгейінде айқындайды.

Әрбір қоғам өз мүддесін, ұстанған қағидаларын жүзеге асыруға күш-жігерін, бүкіл білімі мен тәжірибесін жұмылдыратын жетілген тұлғаның болуын қалайды. Бұл мақсат күнделікті өмірде білім беру мен тәрбие жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б. арқылы жүзеге асады. Тұлғаны қалыптастыру - қиын, әрі ұзақ мерзімге созылатын үдеріс. Солай дегенмен де объективтік жағдай бірдей болғанымен, әртүрлі субъективтік себептерге орай тұлғалардың қалыптасуы әртүрлі типте болуы мүмкін. Бұл жерде тұлғаның жеке әлеуметтік қасиеттерінің орны бөлек. Тұлғаның әлеуметтену үдерісінде оның өмірлік ұстанымы, мақсатмұраты, белсенділігі, қоғамдық қызметтің белгілі бір түріне бейімділігі, мінезқұлқы ерекше орын алады. Тәжірибе көрсетіп келе жатқанындай, белсенді, алдына нақты мақсат қоя білетін, өзінің рухани мүмкіндігін молынан пайдалана білетін адам әруақытта табысқа жетіп отырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]