- •Әлеуметтану ғылымының нысаны мен пәні
- •2.Әлеуметтанудың гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі орны
- •6.ХіХғ.ІІжарт. Ресейдегі ә-к ағымдар
- •7. Хх ғ. Ресей ә-у/ң дамуы
- •8.Қазақстандағы әлеуметтік ойлар(қазақ ағартушыларының ә-к теориялары)
- •9.Қазақ зиялыларының әлеуметтік ойлары
- •12.М. Вебердің “Түсінікті әлеуметтануы.”
- •13.Э.Дюркгеймнің ә-уы
- •14.Г.Спенсердің эволюциялық даму теориясы
- •15.ХХғ Іжарт ә-к теориялар(Мэйо, Парсонс,Мертон,Зиммель,Сорокин)
- •18.Әлеуметтанушылық зерттеу бағдарламасы
- •19.Әлеуметтанушылық зерттеудегі болжам ж/е оның жіктелуі
- •20.Әлеуметтанудағы сұрыптау тәсілі
- •21.Сұрақ алу әдісі:анкета
- •22.Сұрақ алу әдісі: сұхбат, оның түрлері
- •23.Тәжірбие жүргізу әдісі
- •24.Бақылау әдісі
- •25.Құжаттарды талдау әдісі
- •26.Алғашқы әлеуметтанушылық ақпараттарды талдау. Зерттеу қорытындысын шығару
- •28.Әлеуметтік қауымдастықтар мен әлеуметтік топтар
- •32.Әлеуметтік тәртіп
- •33.Тұлғаның тәртібін әлеуметтік бақылау
- •34.Мәдениет түсінігі және оның түрлері
- •35.Мәдениеттің негізгі элементтері
- •36.Қазақстандағы мәдениеттің даму тенденциялары
- •37.Этнос қауымдастығы
- •38.Ұлттық-этникалық қатынастар
- •39.Қазақстанның ә-к құрылымы ж/е жаңа страттардың пайда болуы
- •41. Маргиналдық процесс
- •42.Отбасы ә-к институт ретінде
- •43.Отбасы-неке қатынастарының тарихи түрлері мен формалары
- •44. Жас отбасы және оның міселелері
- •46.Ұлтаралық қайшылықтар
- •48.Қазіргі білім жүйесіндегі тенденциялар мен мәселелер.
- •49.Экономикалық әлеуметтану
- •50.Нарықтық экономиканың ә-к мәселелері. Жұмыссыздық мәселесі
26.Алғашқы әлеуметтанушылық ақпараттарды талдау. Зерттеу қорытындысын шығару
Әлеуметтану зерттеулерінің барысында алынған мәліметтерді талдау жасау құралдары толтыру сапасына бақылау жасаудан, қателерден түзетуден, сапасыз толтырылған анкеталарды,бланкілерді,карточкаларды бөліп алудан басталады. Қойлған әрбір сұраққа қайтарылған жауаптың дұрыстығы анықталады, қажетті жағдайда жауап түзетіледі. Бұдан кейін дұрыс емес жауаптар есепке алынады. Алғашқы ақпаратты өңдеудің мәні оны қортындылау болып саналады. Қортындылау нәтижесін әлеуметтану ақпараты деп атайды. Құралдарды өңдеудің тәсілі жөнінде алдын ала шешім қабылданады. 60-70 адамнан алынған сауалнама жауаптарынөңдеу қолмен, микрокалькулятормен жүзеге асырылады. Егерде анкета айтарлықтай үлкен болмаса(20сұраққа дейін),онда200-350 анкета қолмен өңделеді. Егерде құралдарда 20-дан астам сұрақтар болса, онда қолмен өңдеу мүмкіндігі 100-200анкетаны құрайды. Анкетадағы немесе сауалнамадағы бланкіде әрбәр сұрақ белгілі бір дәрежеде өлшем шкаласы болып табылады. Өлшем бірлігі болып соларға сәйкес жауаптардың балама варианттары саналады. Сонымен қатар, белгілі бір өлшем шкаласына жауап берушілердің объективтік сипаттары, олардың субъективтік бағалары топтастырылады. Әлеуметтану зерттеулерінде әдетте шкалалардың 3 негізгі типтері: 1)номиналды 2)рангктік н/е реттілік 3)интервалды қолданылады. Алғашқы әлеуметтанушылық ақпараттарды қортындылаудың ең қарапайым формасы топтастыру болып табылады. Осы кезеңде мәнді белгілері немесе бір ғана белгісі(жынысы,жасы,білімі) ерекшеленеді немесе респондент анықталған белгіге сәйкес топтың біріне қосылады. Әлеуметтану зерттеуінің нәтижесін өңдеу, талдау және қорыту бірнеше кезеңді қамтиды. 1-кезеңде эмпирикалық міндеттерді жүйеге келтіру, диаграммалар,схемалар, кестелер құрастыру жүзеге асырылады. 2-кезеңде алынған ақпараттарды топтастыру, яғни, оларды бір белгілеріне,прблемаларына,сұрақтарына қарап жинақтау орындалады. 3-кезеңде құбылыстарды суреттеу негізінде алынған ақпараттарды топтастыру жүргізіледі. 4-кезеңде теориялық типологиялау ісі атқарылады. Жиналған ақпараттарды талдап, қорытындылаудың нәтижесінде зерттеуге ғылыми баға беріліп, прблеманы шешуге ұсыныстар жасалынады, ғылыми есеп беріледі. Зерттеудің қортындысы б-ша жасалатын есеп берудің құрылымы көбінесе негізгі ұғымдар әрекетіне сәйкес келеді. Жалпы қорытындыларға негізделген есептің қортындысын практикалық ұсыныстар түрінде жасаған дұрыс. Есеп беру 30-40 н/е 200-300 бетке жазылуы мүмкін. Ол материалдың көлеміне, зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне байланысты.
27.қоғам түсінігі. Қоғам ә-к жүйе ретінде
Қоғам – санасы, ақыл-ойы бар адамдардың жиынтығы. Қоғам адамдардың қалай болса солай жинала салуы емес, ол адамдардың арасында айтарлықтай тұрақты және жеткілікті дәрежеде қарым-қатынас орнаған бірлестік. Яғни, қоғам – бұл белгілі бір аумақпен және мәдениетпен біріккен адамдардың тобы.
Әлеуметтануда қоғам деп мынандай сипаттамалары бар жиынтықты атайды:
1.өмір сүретін террриториялық бірлігінің болуы;
2. өзара байланысы тұрақты және біртұтас адамдар жиынтығының болуы;
3. өзін-өзі қамтамасыз етуі, өзін-өзі басқарып отыруы, өзінөӛзі өсіріп отыруы және тб.
4. әлеуметтік байланыстардың негізін құрайтын мінез-құлық нормалары мен әдет-ғұрыптар жүйесін құрайтын дамыған мәдени дәрежесінің болуы.
Жалпы әлеуметтану ғылымы тұрғысынан алғанда қоғамға мынандай анықтама беруге болады. Қоғам дегеніміз кең мағынасында алғанда – адамдардың ӛздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы ӛзара байланыстары мен ӛзара әрекеттерінің қалыптасқан формаларының тарихи бірлестігі. Яғни, ол өзін-өзі реттеумен, өзін-өзі дамытумен, өзін-өзі толықтырумен және өндірумен сипатталатын, мәдени деңгейі жоғары бірлестік. Ал, тар мағынасында алғанда қоғам деп тарихи, әлеуметтік-мәдени және басқа да ерекшеліктерімен көрінетін нақты қоғам түсіндіріледі. Әлеуметтану ғылымында қоғам әлеуметтік құрылым, адамдардың өзара әрекет ететін кеңістігі болып табылады. Қоғам жүйелі, себебі, оның бүкіл элементтері өзара байланысты. Бұл өзара байланыстың мәні қарапайым, бірақ сонымен қатар күрделі: адам топтары, әлеуметтік қауымдастықтар, индивидтер жүйеге ене отырып, жаңа күшке ие болады және іс-әрекеттің тиімді тәсілін меңгереді. Қоғамның жүйелік қасиеттеріне оның салыстырмалы түрде өз бетінше жеке, жалғыз қызмет ете алу қабілетін, жүйені құрайтын элементтерге тән емес жаңа интегративті қасиеттердің бар болуын жатқызуға болады.Біртұтастылық – қоғамның жүйелендіруші қасиеті. Ол қоғамдық өндірісте жатыр: материалдық игіліктерді, идеяларды, адамның өзін өндіру. Бірақ, ең маңыздысы, әлеуметтік жүйенің негізгі элементтері болып адамдар, сондай-ақ, олардың нормалары, байланыстары және қатынастары табылатындығы. Әлеуметтік жүйенің негізінде жүйенің өзін өндіруге бағытталған іс-әрекет жатыр. Әлеуметтік жүйе деп біз қоғамның өзін түсінеміз. Әлеуметтанудың бұл деңгейін «социеталды» (лат. Societas – бұл жағдайда қауымдастық) деп атайды. Онда қоғамның өзі әрқайсысын, алайда, басқа деңгейде (әлеуметтік топ, әлеуметтік институт, тұлға) «әлеуметтік жүйе» деп атауға болатын, шағын жүйелердің жиынтығы ретінде болады. Қоғамның кӛптеген түрлері болады және болған. Қоғамды жіктеу сол елдегі ӛндірістік қатынастардың сипатына, үстемдік етіп тұрған дінге, тілге, саяси жүйенің сипатына, техникалы даму деңгейіне байланысты алуан түрлі болып келеді. Қоғамды типтерге бӛлуде 60-жылдары жаңа кӛзқарастар қалыптасты. Соған сәйкес, қазіргі ғылыми әдебиеттерде қоғам дәстүрлі, индустиарлды, постиндустриалды болып бӛлінеді. Дәстүрлі қоғамның мақсаты – билік, индустриалды қоғамның мақсаты – ақша, постиндустриалды қоғамның мақсаты болса – білім болып табылады. Қоғам мынандай қыземттерді атқарады: материалдық игіліктерді өндіру, дүниеге нәресте әкелу және адамды әлеуметтендіру, рухани игіліктерді ӛндіру және адамдардың белсенділігін зерттеу, еңбек өнімдерін бөлу, мінез-құлық пен қызметті реттеу және басқару.
