- •Әлеуметтану ғылымының нысаны мен пәні
- •2.Әлеуметтанудың гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі орны
- •6.ХіХғ.ІІжарт. Ресейдегі ә-к ағымдар
- •7. Хх ғ. Ресей ә-у/ң дамуы
- •8.Қазақстандағы әлеуметтік ойлар(қазақ ағартушыларының ә-к теориялары)
- •9.Қазақ зиялыларының әлеуметтік ойлары
- •12.М. Вебердің “Түсінікті әлеуметтануы.”
- •13.Э.Дюркгеймнің ә-уы
- •14.Г.Спенсердің эволюциялық даму теориясы
- •15.ХХғ Іжарт ә-к теориялар(Мэйо, Парсонс,Мертон,Зиммель,Сорокин)
- •18.Әлеуметтанушылық зерттеу бағдарламасы
- •19.Әлеуметтанушылық зерттеудегі болжам ж/е оның жіктелуі
- •20.Әлеуметтанудағы сұрыптау тәсілі
- •21.Сұрақ алу әдісі:анкета
- •22.Сұрақ алу әдісі: сұхбат, оның түрлері
- •23.Тәжірбие жүргізу әдісі
- •24.Бақылау әдісі
- •25.Құжаттарды талдау әдісі
- •26.Алғашқы әлеуметтанушылық ақпараттарды талдау. Зерттеу қорытындысын шығару
- •28.Әлеуметтік қауымдастықтар мен әлеуметтік топтар
- •32.Әлеуметтік тәртіп
- •33.Тұлғаның тәртібін әлеуметтік бақылау
- •34.Мәдениет түсінігі және оның түрлері
- •35.Мәдениеттің негізгі элементтері
- •36.Қазақстандағы мәдениеттің даму тенденциялары
- •37.Этнос қауымдастығы
- •38.Ұлттық-этникалық қатынастар
- •39.Қазақстанның ә-к құрылымы ж/е жаңа страттардың пайда болуы
- •41. Маргиналдық процесс
- •42.Отбасы ә-к институт ретінде
- •43.Отбасы-неке қатынастарының тарихи түрлері мен формалары
- •44. Жас отбасы және оның міселелері
- •46.Ұлтаралық қайшылықтар
- •48.Қазіргі білім жүйесіндегі тенденциялар мен мәселелер.
- •49.Экономикалық әлеуметтану
- •50.Нарықтық экономиканың ә-к мәселелері. Жұмыссыздық мәселесі
Әлеуметтану ғылымының нысаны мен пәні
Ә-у-қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп қалаған О.Конт. Әлеуметтану пәнінің қалыптасауы мен дамуы әлеуметтік қатынастардың өз аспектісінде қарастыратын, көптеген жаңа әлеуметтік концепциялардың пайда болуы арқылы жүзеге асты. Жалпы бұл теориялар өзінің теоретикалық-әдістемелік мағынасы бойынша бір-біріне қайшы келді, бірақ әлеуметтанудың ғылым ретінде тарихи қалыптасуына әр теориялардың ролі айрықша келеді. Әлеуметтануды қоғамдағы әлеметтік қауымдар, қатынас, құрылым, жүйе мен ұйымдардың дамуы жөнінде зерттейтін ғылымы деп белгілейді.
1.1 Әлеуметтанудың пәні мен объектісі
Әр ғылым басқа ғылымдардан өзінің зерттеу пәнімен ажыратылады. Барлық ғылымдар түрлі құбылыстар мен үрдістердің объективті шындығын зерттейді. Бірақ әр ғылымның зерттеу нысанына, біріншіден, объективті шындықтың белгілі жағы мен саласы, екіншіден, тек берілген ғылымға ғана тән арнайы даму зандылықтары мен заңдары, үшіншіден, осы заңдар мен заңдылықтардың әрекет механизімдері мен айқындалуының ерекше формалары жатады. Сондықтан, ғылымның объектісі мен пәні ажыратылады: объектісіне зерттеу үрдісінің бағыты, ал пәніне зерттеу объектісін құрайтын, байланыстар мен қатынастар жатады. Әлеуметтанудың объектісіне қазіргі қоғам жатқызылады. Тек жай қоғам емес, таным үрдісі бағытталған әлеуметтік шындық саласы: әлеуметтік институттар, әлеуметтік қатынастар мен үрдістер, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік қоғам , әлеуметтік роль , әлеуметтік бақылау және т.б. жатады. Әлеуметтік зерттеу объектісіне ғылыми анализға жататын, әлеуметтік қарама-қайшылық жатқызылады. Социологиялық зерттеудің пәні объект қасиеті мен мәселе сипатымен айқындалады. Әлеуметтік танымның пәнің белгілеу үрдісінде шешуші әлеуметтік құбылыстар адам өзара әрекеті, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік қауым мен үрдістер, қоғам мен адамның беймәлім қырлары, құпия жақтары, ә-к ұйымдар және т.б. жатады. Белгілі қатынастар қандай да бір әлеуметтік құбылыспен белгіленген, белгілі заңдылықтардың немесе тенденциялардың әрекетіне тәуелді. Олар әлеуметтанудың негізгі пәнін құрайды.
2.Әлеуметтанудың гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі орны
Әлеуметтанудың басқа ғылымдар мен байланыстыратын негізгі нәрсе – ол қоғам туралы жалпы ғылым бола отырып, оның жалпы даму заңдарын ашып, тұжырымдайды. Ал, қоғамның жалпы даму заңдарына әрбір нақтылы қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сүйенеді. Сондықтан әлеуметтанудың жалпы қоғам даму заңдары бұл ғылымдардың әдістемесі мен теориясы ретінде саналады.
Әлееуметтанудың басқа ғылымдар мен байланысынң екінші түрі, ол адам туралы, оның іс-әрекетін қызметін оқып үйренудің, оны жан-жақты талдаудың, өлшеудің әдістері мен техникасын тұжырымдап қалыптастырды. Бұлар нақтылы қоғамдық және гуманисттік ғылымдарда кеңінен қолданылады. Әлеуметтанудың басқа ғылымдар мен байланысының үшінші негізгі түрі- ол нақтылы ғылымдар мен тығыз жақындасып, байланысу арқылы ғылыми арнайы тұжырымдық база қалыптастырады. Мысалы, экономикалық ғылымымен тығыз байланыста болып, экономикалық құбылыспен процесттерге бірігіп зерттеу жүргізудің нәтижесінде әлеуметтік экономиканың арнауы теориясы жасалды. Құқық ғылыммен бірігіп зерттеу жүргізудің нәтижесінде- құқықтық әлеуметтану; саяси теориямен бірге отырып, саяси әлеуметтану; педагогикамен бірге отырып, педагогикалық әлеуметтану, тәрбие әлеуметтануы; әдебиет, тіл, көркем өнер ғылымдарымен біріге отырып, әдебиет әлеуметтануы, тіл әлеуметтану, көркемөнер әлеуметтануы, т.б. әлеуметтанудың арнаулы теориялары (барлығы 100-ге тарта) пайда болды. Бұл ғылымдардың арнаулы теориялары, басқаша айтқанда, әлеуметтік теориялар немесе деңгейдегі теориялар деп аталады. Басқа ғылымдардың әлеуметтанумен тығыз байланысы олардың әрқайсысының әлеуметтанудың ғылыми категорияларының (жалпы ғылымдарын) қағидаларын, заңдарын нақтылы әдістерін кеңінен пайдалануынан байқаймыз.
Екінші жағынан, әлеуметтану өзінің ой-пікірлерін, теорияларының тұжырымдамаларын, т.б. толық дәлелдеу және одан әрі дамыту үшін нақтылы ғылымдардың фактілеріне, деректеріне, тұжырымдарына, т.б. сүйенеді, осылар арқылы ол жаңа қорытындылар жасап, орын алып отырған қайшылықтарды жұмсарту немесе жою жолдарын, жалпы қоғамның даму тенденцияларын (бет алысын) анықтайды. Сөйтіп қоғамды басқарудың тиімділігін арттырады.
Ә-у ғылымының қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар арасында алатын өзіндік орны бар. Ол осы ғылымның атқаратын қызметімен ж/е ә-у білімінің құрылымымен айқындалады. Қоғамның әлеуметтік құрылымын, оның даму заңдылықтарын ашатын, тарихи процесте объективтік ж/е субъективтік факторлардың өзара әрекетін көрсететін жалпыәлеуметтанулық теориялар,мысалы,тарих, саясаттану, құқыттану, әлеуметтік психология, этика және басқа да ғылымдардың проблемаларын түсіндіруде маңызды дүниетанымдық ж/е методологиялық рөл атқарады. Жалпытеориялық әлеуметтану аталмыш ғылымдардың проблемаларын кең көлемдегі әлеуметтік контексте қарастыруға, олардың зерттейтін құбылыстарының қоғамдағы және тарихи процестегі орны мен рөлін анықтауға мүмкіндік туғызады. Сөйтіп, сол құбылыстарды ғылыми тұрғыда талдау мен түсіндірудің жалпытеориялық бағытта қарастырылуы мен методологиясын жасайды.
Бірқатар ғылымдар үшін арнайы ә-у теориялары деңгеінде қалыптасқан ережелер мен қортындылар да маңызды болып саналады. Олар еңбек, тұрмыс, адамдардың қызмет түрлерінің проблемаларына қатысты болуы мүмкін. Арнайы әлеуметтанулық теориялардың бұл мәселелерді қарастыруда өзіндік ракурсы бар. Осы тұрғыдан алып қарағанда олар басқа ғылымдардың мәліметтерін толықтырады, өз қортындыларымен қаруландырады, сөйтіп мәселені жан-жақты зерттеуге мүмкіндік жасайды.
Арнай ә-у/қ теориялар адамның еңбек, саяси қызметінің ә-к аспеілерін зерделейді олардың ә-к жағдайларын, отбасылық және жеке басының тұрмыстық жағдайларын ашып көрсетеді.
Нақты әлеуметтанулық зерттеулер көптеген қоғамдық ж/е гуманитарлық ғылымдар шеңберінде қоғамдық өмірдің қайсыбір процестері туралы жедел мәлімет алу немесе адамдардың бұл процестерге қатынасын анықтау мақсаттарында жүргізіледі. Соның арқасында бұл зерттеулер қай ғылым саласына сәйкестендіріле жүргізілсе де, зерттелген құбылыстар мен процестер жөнінде мейлінше дәл мәліметтер алуға мүмкіндік тудырады.
3.Ә-у/ң құрылымы мен атқаратын қызметі Әлеуметтанудың құрылымына, оның таным білім деңгейлеріне анықтама беру үшін алдымен «құрылым», «деңгей» деген ұғымдарға анықтама берген жөн. Құрылым дегеніміз – біртұтас әлеуметтік құбылыстар мен процестердің элементтері мен бөліктерінің іштей өзара орналасуын айтамыз. Қандай да бір ғылым болмасын,оның белгілі бір құрылымы болады. Бұл құрылым сол ғылымның қоғамда алдына қойған міндеті мен атқаратын қызметіне байланысты анықталады. Әлеуметтану ғылымы да осындай. Оның құрылымы екі үлкен жағдаймен түсіндіріледі: Біріншіден, әлеуметтану әлеуметтік өмірді бейнелеу, түсіндіру, ұғындыру білімдерін қалыптастырып, әлеуметтік зерттеу теориясын, әдістемесін, әдісін, талдау тәсілін жасап, қоғамның даму мәселелерін шешеді. Әлеуметтік өмір туралы әр түрлі деңгейде теориялық қорытындылар жасалады. Екіншіден, әлеуметтану қоғамдық және әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді өзгерту, қайта құру үшін оларға жоспарлы, әрі тиімді жолдар, құралдар арқылы ықпал етіп әлеуметтік мәселелерді талдап зерттейді. Бұл әлеуметтанудың қолданбалы саласын құрайды. Сонымен, әлеуметтанудың теориялық және қолданбалы салаларының айырмашылығы олардың зерттейтін объектісі мен зерттеу әдісі арқылы емес, жалпы әлеуметтанудың алдына қойған мақсаты мен міндеті арқылы ғылыми немесе пратикалық мәселелерді шешуіне байланысты ажыратылады.
Басқа да қоғамдық ғылымдар сияқты әлеуметтану ғылымының коғам алдында орындайтын, атқаратын міндеттері бар. Оның танымдық кызметі - әлеуметтік құбылыстарды зерттеу арқылы олардың мәні мен мазмұны жөніндегі тұжырымдардан, басқа құбылыстармен байланысынан, даму заңдары мен олардың сипаты жөнінде жана ғылыми түсінік алуға талпыну мақсатынан тұрады. Әлеуметтану әртүрлі субъектілер арасында қалыптасатын қоғамдық қатынастарға, олардың кызметінің объективті және субъективті жақтарын талдауға, сонымен катар әлеуметтік институттардың өмір сүруін сараптауға басқаларға қарағанда аса жоғары маңыз береді.
Жоғарыда аталған әлеуметтану білімі деңгейлерінде әлеуметтік процестер жөніндегі түсініктер мен ұғымдар жүйесі белгіленіп, қалыптасады. Олардың әрқайсысында бұл процестер әрқилы деңгейлер дәрежесінде байқалады. Арнайы әлеуметтанулық теориялармен салыстырғанда, жалпы әлеуметтану теориялары деңгейінде ауқымы кен ғылыми қорытындылар жасалады. Нақты әлеуметтанулық зерттеулер функциясына адамдардың күнделікті практикасын сипаттайтын бастапқы мәліметтерді жинау және оларға эмпирик алық талдау жасау жатады.
Әлеуметтанудың танымдық қызметі, сонымен катар әлеуметтік процестерді талдау негізінде коғам өмірінің материалдық, саяси немесе рухани салаларында олардың одан әрі дамуына ғылыми болжам жасауды қамтиды. Мұндай болжамдар ұзақ мерзімдік немесе ағымдық сипатта болады: мұндағы мақсат – жалпы әлеуметтанулық теориялар деңгейінде таяу және алыс болашақтағы коғам дамуының тенденцияларын терең көре білу десек те, арнайы әлеуметтанулық теориялар шеңберінде пайдалы болжамдар жасалатын болады.
Қорыта айтқанда, әлеуметтанудың танымдық функциясы коғамның мәні, оның құрылымы, өмір сүруі мен дамуының заңдылықтары, негізгі бағыттары мен тенденциялары, жолдары, формалары мен механизмдері туралы нақтылы және кең көлемді білім берумен анықталады.
Әлеуметтік құбылыстар мен процестерге эмпирикалық және теориялық талдау жасау негізінде, айталық, материалдық өндіріс саласында адамдардың қызметін ынталандыру мен тиімділігін арттыруды күшейту, экономикалық және саяси қатынастарды, әлеуметтік институттардың кызметтерін жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстар әзірлеу әлеуметтанудың практикалық кызметіне жатады. Әлеуметтанудың қызметтері
Әлеуметтанудың танымдық қызметі.
Әлеуметтанудың практикалық қызметі
Әлеуметтанудың идеологиялық қызметі
Әлеуметтік құбылыстарды зерттеу.
Әлеуметтік құбылыстардың мәні мен мазмұнын ғылыми тұжырымдау.
Басқа құбылыстармен байланысын зерттеу.
Әлеуметтік құбылыстардың заңдылықтарымен сипатын қарастыру.
Әлеуметтік процесстердің негізінде қоғамдық өмірдің дамуы турасында ғылыми болжамдар жасау.
Әлеуметтік құбылыстарды теоретикалық және эмпири-калық талдау негізін- де практикалық ұсыныстар енгізіледі.
Бұл ұсыныстар әлеуметтік басқару
механизмдерін тиімді түрде жұмыс жасауына көмек береді
Басқару құрылымының қызметін әлеуметтану қамтамасыз етеді.
Экономиканың,ұлттық қатынастардың, саяси жүйенің дамуына басқару құрылымы әсер етеді.
Әлеуметтану белгілі-бір дәре- жеде әлеуметтік топтардың тап- тардың, саяси партиялардың
Қызығушылығын білдіреді.
Әлеуметтану-шының ғылыми нәтижелері оның қоғамда алатын әлеуметтік статусына тәуелді.
4.Алғашқы әлеуметтік ойдың қалыптасуы. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы заманда өмір сүрген ұлы ойшылдар Конфуций (552 – 479), Платон (427 – 347) және Аристотельдің (384 – 322), әлеуметтік философия туралы еңбектері теориялық әлеуметтанудың тууына алғы шарттар дайындады. Мысалы, Қытайдағы алғашқы әлеуметтік утопиялық жобаның авторы Конфуций мемлекет ізгілікті, үлкен жақсы отбасы іспеттес құрылуы керек, ал басқарушы әкей сияқты азаматтар жөнінде қамқорлық жасауы, сол сияқты азаматтар да оны құрметтеп, туысқанындай бірін бірі жақсы көруі қажет деп атап көрсетті. Ол қоғамда әлеуметтік үйлесімділік принципін ұсынды, мемлекетті тірі организм санады. Мұның барлығы сол кездегі Қытайдағы әлеуметтік-саяси жағдаймен байланысты болған еді. Себебі Қытай аймағында тұратын бірнеше тәуелсіз монархиялар бір-бірлерімен тұрақты жауласуда болатын. Қоғамның жоғары топтары билік үшін күресті, билеушіге ықпал етуге ұмтылды. Конфуций идеясы ізгілікке шақырды. Әлеуметтік теориялар гректің ұлы ойшылы Платонның «Мемлекет», «Заңдар» және «Саясатшы» деген еңбектерінде орын тапты. Платон «Қоғам басшысынан бастап бұзылады» деп зиялылардан адамгершілік тазалықты талап етті. Ол «Қоғамды билеудің негізгі құралы билік жасау емес, бедел» деді. Бұл екі ұғымның мәнін аша кеткен артық емес. Билік – адамның, топтың, әр түрлі таптардың іс-әрекеттеріне шешуші әсер ететін, идеология ықпалының негізінде және ұйымдастырушы құқықтар арқылы жүзеге асатын үстемдік етуін білдірсе, бедел – белгілі бір адамның, топтың, қоғамдық ұйымның, әлеуметтік институттың жалпы жұрт қабылдаған, мойындаған қабілеті мен еңбегін танытады. Платонның ойынша, қоғамның тууының негізгі себебі адамдар бірігіп ғана өз қажеттіліктерін өтей алады. Ол тұңғыш рет қоғамның құрылымын талдауға ұмтылып, оның үш әлеуметтік жіктен тұратындығын атап көрсетті. Біріншісі - мемлекетті басқарушылардан тұратын философтар, екіншісі – мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жауынгерлер не күзетшілер, үшіншісі – мемлекеттің өмірін қамтамасыз ететін егіншілер мен қолөнершілер. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Аристотель өзінің әлеуметтік көзқарастарын осы тақырыпқа арналған алғашқы туындысы - «Саясат» атты трактатында жариялады. Және бір айта кететін мәселе – бұл шығарманы жазар алдында ұлы ойшыл және оның шәкірттері 158 грек полистің (сол кездегі мемлекет типтес қалалар) құрылымын зерттеді. Ол мемлекетті - қауымның дамыған түрі, ал қауымды — отбасының дамыған түрі санады. Оның пікірінше, адамдар мемлекетке белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді, сондықтан мемлекеттің негізгі мақсаты қоғамда көптің бәріне ортақ игіліктер мен әлеуметтік әділеттікке жету болып табылады. Аристотель мемлекеттің дұрыс түріне әкімдер халық, ел пайдасын ойлаған, билік қоғамға қызмет істеген мемлекеттерді жатқызды. Ол қоғамдық игілікті көздеген мемлекетті дұрыс мемлекет деп санадыАраб философы ИбнХалдун (1332-1406) өзінің теориялық зерттеулерінде өндірістің, сауданың дамуымен, қалалардың өсуімен қоғамның әлеуметтік құрылымы өзгеретінін атап көрсетті.
5. Қайта өрлеу мен жаңа заман Жаңа заман мен Ағартушылар дәуірінің әлеуметтік ойлардың даму тарихында орны бөлек болды. Феодализмнің ыдырауы және жаңа буржуазиялық қарымқатынастың дамуы адамзат өркениеті өрісінің бет бұрыс кезеңін бастады. Әлеуметтану ғылымының алғышарттары ретінде бұл кезең әлеуметтік тұжырымдардың жаңа деңгейге көтерілуімен сипатталады. 1651 жылы жарық көрген өзінің «Левиафан...» атты кітабында белгілі ағылшын философы Томас Гоббс (1588-1679) «қоғамдық келісім» тұжырымдамасын баяндады. Бұған байланысты мемлекет құдайдың құдіреті емес, адамдардың (қоғамның) туындысы. Қоғам бейбітшілік пен тәртіпте өмір сүруді қамтамасыз ету мақсатындағы адамдардың өзара келісімінің нәтижесінде пайда болған. Сонымен қоғам мен мемлекет ұғымдарының ара жігін ашуға алғашқы қадам жасалды. Тамаша ойшыл, либерализмнің негізін салушы Джон Локк (1632-1704) қоғамдық келісім туралы тұжырымдаманы ары қарай дамыта отырып, тұлға, қоғам және мемлекет сияқты ұғымдарды алғаш рет жекежеке қарастырды. Ол әлеуметтік-саяси үдерістерді адамзат қоғамының дамуы ретінде қарап, мемлекеттің рөлі азаматтардың өмірге, еркіндікке және жеке меншікке құқығын қорғауда жатыр деп түсіндірді. Француздың атақты ғалымы Шарль Луи Монтескьенің де қоғам туралы ойларының жаңа ғылымның, яғни әлеуметтану ғылымының қалыптасуындағы рөлі ерекше. Оның «Заңдар рухы туралы» (1748) басты еңбегі шын мәнісіндегі әлеуметтанулық еңбек болды. Сол себепті замандастары Монтескьені әлеуметтану ғылымы жоқ кездегі әлеуметтанушы деп атаған. Ол тарихты үдеріс ретінде танып, қоғамдық құбылыстардың заңдылығын айқындағысы келді. Монтескье қоғам заңдары оған сырттан келмейді, оны ешкім де алып келмейді, олар оның өзінің ішінде болып жататын жеке әлеуметтік құбылыстар деп ұғынды. Әлеуметтанулық көзқарас тұрғысынан Монтескье ұсынған биліктің бөліну принципі туралы идеялар аса маңызды болды. Бұл мемлекеттік деңгейдегі демократияның бастауы болатын. Әлеуметтанулық ойпікір ары қарай Ф.Бэкон, ЖанЖак Руссо, А.Гельвеций, Э. Кант, СенСимон және т.б. еңбектерінде дами түсті. Мысалы, француз жазушысы, философы Жан-Жак Руссо (1712-1778) пікірінше, қоғамды құратын адамдар, сондықтан заңдар солардың жалпы еркін танытуы қажет. Ал осы еріктің күштілігін тексеру және қоғам өмір сүріп отырған заңдардың соған сәйкестігін байқау үшін референдумдар өткізу керек. Бұған бірден-бір қолайлы жағдай, келісімге келуге оңай халқы көп емес ежелгі қалалар-мемлекеттер сияқты әлеуметтік құрылым болып табылады деді.
