- •«Халықаралық қатынастар жүйесіндегі аймақтардың қазіргі мәселелері» пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •2.1 Оқытушы туралы мәлімет
- •2.2. Пән туралы мәлімет.
- •Кредиттің аптаға бөліну кестесі:1 семестр
- •Сабаққа қатысу
- •Үй тапсырмасы
- •Жеке тапсырмалар
- •2. 4. Сабақ мазмұны мен кестесі
- •1 Кредит сағат
- •2 Кредит сағат
- •1 Кредит сағат
- •2 Кредит сағат
- •1 Кредит сағат
- •2 Кредит сағат
- •2 Кредит сағат
- •3,4 Кредит сағат
- •2 Кредит сағат
- •2 Кредит сағат
- •3,4 Кредит сағат
- •2 Кредит сағат
- •2 Кредит сағат
- •3,4 Кредит сағат
- •2 Кредит сағат
- •2 Кредит сағат
- •3,4 Кредит сағат
- •1 Кредит сағат
- •1 Кредит сағат
- •3,4 Кредит сағат
- •10 Апта.
- •1 Кредит сағат
- •3 Кредит сағат
- •4 Кредит сағат
- •2 Кредит сағат
- •2 Кредит сағат
- •2 Кредит сағат
- •2 Кредит сағат
- •2 Кредит сағат
- •3,4, Кредит
- •2 Кредит сағат
- •2 Кредит сағат
- •2 Кредит сағат
- •2 Кредит сағат
- •Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы тьютор__Шокабасов т.Д.
- •4. Глоссарий
- •5. Пән бойынша дәрістердің конспектісі
- •Қоршаған орта
- •Нато: адаптация және кеңею
- •6.Практикалық, семинарлық, лабораториялық сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
- •1. Семинар сабақтарын тиімді өткізуге арналған талаптар.
- •1.1. Ұйымдастырушылық жұмыстарына қойылатын талаптар:
- •1.2. Семинар сабақтарының мазмұнына қойылатын талаптар:
- •1.3. Әдістемелік талаптар:
- •6.Семинар сабақтарының жоспары
- •10 Апта
- •11 Апта
- •12 Апта
- •13 Апта
- •14 Апта
- •15 Апта
- •7. Студенттің өзіндік жұмысына (сөж) арналған материалдар
- •10 Апта
- •11 Апта
- •12 Апта
- •13 Апта
- •14 Апта
- •15 Апта
- •8. Есеп-графикалық, лабораториялық жұмыстар, курстық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •9. Студенттердің өз бетімен жұмысына арналған материалдар.
- •10. Оқу педагогикалық практикасын өту жөніндегі әдістемелік ұсыныстар
- •Білімді бағалауға арналған материалдар
- •12. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық қосымшалары - жоқ
- •13. Арнайы жабдықтандырылған аудиториялар, кабинеттер тізім –жоқ.
Нато: адаптация және кеңею
Қырғи қабақ соғыстың аяқталуымен басқа европалық ұйымдарға қарағанда НАТО алдында ОВД құрамына кіретін елдермен қатынастарды дамыту үшін өз саясаты мен стратегиясын адаптациялау мәселесі тұрды. НАТО-ң саясаты мен стратегиясын адаптациялау үрдісі өз бастамасын НАТО Кеңесінің жоғарғы деңгейдегі Лондон сессиясында (1990 жыл, шілде) алды. Альянс ұйым алдында тұрған негізгі шақыруларды белгіледі.
Әскери-саяси жағдайдың өзгеруі, Батыс пен Шығыс арасындағы кенет кең масштабтағы әскери дағдарыс қаупін жою, алдыңғы қатарға НАТО елдерінің қауіпсіздігін қозғамайтын локальді ішкі және мемлекет аралық дағдарыстардың шығуы.
90 жылдардың басында батыс европалық елдер тенденцияларында ЗЕС аясында қорғаныс ынтымақтастығын активизациялау НАТО ішінде бөлінушілікті көрсетті.
90 жылдардың басынан қауіпсіздік шақыруларының дәстүрлі және жаңа қатынастарының өзгеруі НАТО әскери ұйым ретіндегі болашағына күмән келтірді.
1991 жылы желтоқсанда Римде НАТО-ң жаңа стратегиялық концепциясы қабылданды. Оның негізіне альянстың орталық міндетіне кең масштабтағы шабуылдарға төтеп беру кірмейтіндігі алынды. НАТО елдерінің қауіпсіздігіне этника аралық және территориялық қақтығыстар қауіп төндірді. Осыған байланысты НАТО алдыңғы қатарлы қорғаныс пен тез қимылдау концепцияларынан бас тартты. Онның ядролық қару тәуелділігі азайды.
1991 жылғы концепцияға сәйкес альянс күштері мен құралдары азайды және қайта ұйымдастырылды. НАТО-ң біріккен қарулы күштері саны қысқарды. НАТО-ң әскери қосылыстар саны 35%-ға, әскери эскадрилер саны-45%-ға, әскери персонал саны-24%-ға және 70%-ға әскери самолеттер саны қысқарды. Европадағы АҚШ қарулы күщтері 300 мың адамнан 100 мыңға дейін қысқарды.
Көп ұлтты құрылымдар құрылуда. НАТО-ң әскери басшылық құрылымы модернизациялану үстінде. 1994 жылы қаңтарда көп ұлтты оперативтік күштер концепциясы қолданыс табады.
90 жылдары НАТО-ң саясаты мен әскери стратегиясындағы нақты өзгерістер келесілерді өзіне қосады:
1. Дағдарыстық жоспарлау мазмұны мен рөлі өзгеріске ұшырады. Қырғи қабақ соғысы барысында дағдарыс кең масштабты қақтығыстың қысқа түрі ретінде қарастырылды. Басты мақсат аз уақыт ішінде ОВС-ті әскери дайындыққа келтіру еді. Жаңа кезеңде дағдарыс НАТО елдерінің қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтін локальді қарама қарсылықтың жалғасы ретінде қарастырылады.
2. Осы міндетке байланысты НАТО-ң әскери жоспарлауының негізгі бағыттарына бейбітшілікті қолдау мен орнату шараларын өткізу болып табылады.
3. Көп ұлтты оперативтік күштер концепциясы бұндай шараларды НАТО мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің қатысуымен жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қырғи қабақ аяқталған кезеңдегі НАТО доктринасының эволюциясы альянстың жаңа стратегиялық концепциясында құрылды. Ол 1999 жылы 23-24 сәуірде болған Вашингтон кездесуінде қабылданған еді. Құжатта одақтың қорғаныс мазмұны мен жаңа әріптестермен ынтымақтастықты нығайту әзірлігі құпталды; онда евроатлантикалық аймақ және оның сыртында тұрақсыздық ошақтарының пайда болу қаупі айтылады.
Алайда, 1999 жылғы Косово дағдарысының ықпалымен европалық мемлекеттер қатары НАТО-ң бұндай шараларды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің немесе ОБСЕ-ң санкциясыз өткізбеуін талап етті. Құжатта БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдаудағы маңызды рөлі жөнінде айтылады, сонымен қатар ОБСЕ-ң бейбітшілік пен тұрақтылықты, ынтымақтастық негізінде құрылған қауіпсіздікті нығайту, превентті дипломатияны жүргізуде маңызды рөлі ескеріледі.
НАТО-ң әріптетік қатынастарын ОВД-ң бұрынғы елдерімен дамыту бірнеше кезеңдерден өтті. 1990 жылғы 6 шілдедегі Лондон декларациясы НАТО мен ОВД елдері арасында қауіпсіздіктің саяси және әскери аспектілер жөнінде ынтымақтастықты орнату туралы мәселелерді қарастырды. Бұл ынтымақтастықты ұйымдастыру үшін ОВД елдері НАТО ішінде дипломатиялық миссиялар байланыстарын ашу ұсынылды. 1991 жылы 6-7 маусымда Копенгагенде НАТО-ң сыртқы істер министрлерінің кездесуінде ОВД елдерінің НАТО-мен болашақ байланыстардың интенсификациясы қарастырылды.
1991 жылы ЦВЕ елдерінің бірқатары НАТО алдында оларға одақтың ассоциоцияланған мүшелер статусын беру мәселесін қозғады. Жауап ретінде НАТО 1991 жылы 20 желтоқсанда Шығыс Европаның 9 мемлекетімен бірігіп солтүстікатлантикалық ынтымақтастық Кеңесін (ССАС) құрады. ССАС-көп жақты кеңес беруші орган болып табылады, оның аясында НАТО мен ОВД-ң бұрынғы елдері арасында ынтымақтастық бағдарламасы талқыланды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін ССАС құрамына бұрынғы КСРО елдері және Албания кіреді. ССАС қызметіне бақылаушы ретінде Австрия, Финляндия, Швейцария және Швеция қатысты.
1993 жылдың күзінен бастап ЦВЕ елдері мен Батыста НАТО-ң Шығысқа кеңеюі жөнінде дискуссиялар дамығанда, АҚШ инициативасы бойынша «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасы дайындалады. Бұл бағдарлама ресми түрде 1994 жылы 10-11 қаңтарда Брюссельде альянс Кеңесінің сессиясында қабылданды және СБСЕ-ң барлық мүшелеріне бағытталынды. Келешекте әр мемлекет НАТО-мен әріптестікті дамытуда жеке бағдарламаны құра алды. ПРМ альянстың мемлекет-әріптестермен қатынастарды жекешелендіруге мүмкіндік берді.
ПРМ-ға Ресей, ТМД елдері және Батыс Европаның бейтарап елдерін (Австрия, Финляндия, Швейцария, Швеция) қосқанда 24 мемлекет қатысады. Тәжірибе тұрғысында ПРМ тек ЦВЕ елдерінің НАТО-мен әскери-саяси ынтымақтастығын интенсификациялауға мүмкіндік беріп қойған жоқ, сонымен қатар кейбір елдердің альянсқа кіру мүмкіндігін берді. НАТО Ресеймен саяси диалогты әрі қарай институционализациялауға инициативасын білдірді. 1995 жылғы НАТО-ң кеңеюі жөніндегі мәселе шешімін тапты деуге болады, бірақ альянс елдерінің алдында кей нақты мәселелерді шешу тұрды:
кеңею «толқынына» кіре алатын мемлекеттер ортасын анықтау, онымен бірге бұл кезеңде НАТО-ға кіру мүмкіндігінен айырылған ЦВЕ елдеріне қатысты саясатты ойлау керек еді;
Ресеймен қарым қатынастарды орнату;
КСРО-ң бұрынғы европалық елдерімен, соның ішінде Украинамен, қарым қатынас перспективаларын анықтау;
1996 жылы 10 желтоқсанда НАТО Кеңесінің сессиясында альянстың кеңею үрдісін бастау туралы шешім қабылданды. Алғашқы НАТО-ң кеңеюі бірнеше бағыттар бойынша жүргізілді.
1. 1996-1997 жылдары альянсқа кіруге қызығушылығын білдірген ЦВЕ-ң он екі елімен НАТО хатшылығы келіссөздер жүргізді. Келіссөздер нәтижесінде доклад құрылды. 1997 жылы 8 шілдеде Мадридте НАТО-ға кіру жөніндегі ұсынысты үш мемлекет-Венгрия, Польша және Чех Республикасы алды. Аз уақыттан кейін 1997 жылы 16 желтоқсанда олармен НАТО-ға кіру туралы протоколдарға қол қойылды. 1999 жылы 12 наурызда протоколдарды ратификациялау үрдісі НАТО-ға үш елдің кіруімен аяқталды.
2. 1997 жылдың қаңтарынан бастап НАТО мен Ресей арасында келіссөздер мен кеңес беру раундтары болды. Бұл келіссөздер 1997 жылы 27 мамырда Парижде Солтүстік атлантикалық келісім шарты одағы мен Ресей Федерациясы арасында бір біріне екі жақты қарым қатынас, ынтымақтастық және қауіпсіздік туралы актқа қол қоюмен аяқталды.
3. НАТО-ң кеңеюі туралы шешім қабылдауымен бірге 1997 жылы шілде айында Парижде Солтүстік атлантикалық келісім шарты одағы мен Украина арасында әріптестік туралы Хартияға қол қойылды.
4. 1998 жылы 16 қаңтарда Вашингтонда АҚШ пен Балтия елдері арасында әріптестік туралы Хартияға қол қойылады. Онда Құрама Штаттардың Латвия, Литва және Эстонияны болашақта европалық және трансаилантикалық ұйымдарға, соның ішінде НАТО-ға, кіруін қолдау көрсетуге міндеттенді. Хартия онда бекітілген принциптердің орындалуын бақылау үшін төрт жақты комиссия құрылуын қарастырды.
5. 1997 жылы 30 мамырда Синтрде (Португалия) ССАС құрамына кіретін елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуінде ССАС орнына Еро-атлантикалық әріптестік Кеңесі (СЕАП) құрылады.СЕАП-ң құрылуы НАТО-ң мемлект-әріптестері арасында көп жақты саяси кеңес беру механизмдерін жақсартуға шақырды.СЕАП сыртқы істер министрлері деңгейінде жылына екі рет, ал елшілер деңгейінде-ай сайын жиналады.
6. 1997 жылы көктемде НАТО елдерінің сыртқы істер және қорғаныс министрлері ПРМ-ді модификациялау туралы шешім қабылдайды. Ол «Бейбітшілік үшін әріптестіктің кеңейтілген бағдарламасы» деген ат алады.
НАТО көзқарасы бойынша, түрлі бағыттардағы қабылданған шаралар альянстың Шығысқа кеңею үрдісі алдында тұрған дилеммаларды шешуге бағытталған.
№ 21 дәріс
Тақырып: Әлемдік саясаттағы саяси лидерлер және олардың ролі.
Дәрістің мақсаты: Саяси лидерлер халықаралық қатынастардың жеке тұлғалары, лидерлер әрекеті туралы білім беру.
Тірек сөздер: лидер, имидж, Элита
Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны:
Саяси лидерлер халықаралық қатынастардың жеке тұлғалары мен актерлері ретінде.Саяси лидер имиджі.Лидерлер әрекеті. Элита типтері. Әлемнің жетекші мемлекеттерінің лидерлері.
№ 22 дәріс
Тақырып:Экологиялық қозғалыстар мен ұйымдар.
Дәрістің мазмұны:Экологиялық жағдай. Саяси экология және «Жасылдар» партиясы. 90-жылдардағы экологиялық транснационализм және гуманитарлық қозғалыс.
№ 23 дәріс
Тақырып: «Гринпис» («Жасыл әлем») және экологиялық мәселелер.
Дәрістің мазмұны: «Гринпис» («Жасыл әлем») мәні. Экологиялық мәселелердің туындау себептері және шешу жолдары.
№ 24 дәріс
Тақырып:Трансұлттық діни топтар мен қозғалыстар
Дәрістің мақсаты: Трансұлттық діни топтар мен қозғалыстар, олардың ағымдары мен бағыттары туралы түсінік беру..
Тірек сөздер: Трансұлттық, Ислам фундаментализмі, секта
Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны:
Трансұлттық діни топтар мен қозғалыстар. Ислам фундаментализмі, оның әлемдегі ролі. Католиктік, православиелік шіркеулер мен әртүрлі секталардың ықпалының күшею себептері.
№ 25 дәріс
Тақырып:Әйелдер қозғалысы мен ұйымдары.
Дәрістің мақсаты: Әйелдер қозғалысы мен ұйымдары, олардың жаңа түрлері, қажеттігі туралы мағұлмат беру.
Тірек сөздер: Неофеминистік қозғалыс, әйелдер өкілеттіктері.
Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны:
Әйелдер қозғалысы мен ұйымдары. Неофеминистік қозғалыс, оның радикальды-революциялық ағымы. Билік институтындағы әйелдер өкілеттіктерінің кеңеюі.
№ 26 дәріс
Тақырып:Халықаралық қауіпсіздіктің жалпыға ортақ шешімдері.
Дәрістің мазмұны:Жаһандану және халықаралық қауіпсіздіктің күн тәртібіндегі өзгерістер. Халықаралық қауіпсіздіктің негізгі принциптері мен компоненттері. Халықаралық қауіпсіздіктің деңгейлері. Аймақтық деңгейдегі қауіпсіздіктің жаңа дәстүрлі емес аспектілері.
Қауіпсіздік түсінігін жанаша ойлау қажеттілігі КСРО-ның құлаумен және тәуелсіз Ресейдін пайда болуымен қатар болды. Бұл процесс соншалықты ауыр болды, бірақта қажетті болды, ресеилік мемлекетке және оның азаматтарына жаңа сәйкестік іздеген секілді. Қыйындылық бірқатар факторлармен анықталды. Күнделікті сана-сезім деңгейінде қауіпсіздік түсінігі әдетті түрде қауіп-қатердін болмауы идеалды жағдай деп көрді. Бұл біздің тарихымыздағы кенестік және кенестікке дейінгі дәуірге жеткілікті болды. Советтік дәуірдегі қоғамдық сана-сезім қауіпсіздік сөзінің астында мемлекеттін, оның саяси жұйесінің, шекарасының қауіпсіздігі туралы түсінді. Сондықтан да қауіпсіздікке жауап беретін мемлекеттік жұйенің басты институты Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті болып аталды.
Құқықтық демократиялық мемлекет құру туралы жариялаған да Ресей қауіпсіздік түсінігіне мемлекеттен басқа екі басқа субъектіні – тұлға және қоғам – қосу қажет екендігіне көз жеткізді және байланыстарын, қауіпсіздікті қамтамасыз ету саясаттында әр біреуінің артықшылықтарын анықтау еді. Бұл ел үшін айтарлықтай қыйын болды, бөлек тұлғалардың қауіпсіздігі және мүдделері саяси сана-сезім деңгейінде еш уақытта жоғары бағаланбады, ал адам әр уақытта «тарихтың жұмыс материялы» ретінде, мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін және «ұлы» идеяларды іске асыру үшін қарастырды.
Осынының барлығы Ресейден жаңа принципиалды ұлттық қауіпсіздік концепциясының құрастыруын және оны іске асыру саясатын құрастыруын қажет етті. «Ұлттық қауіпсіздік» термині бір қатар түсіндірулерді қажет етеді. Негізінен ұлттық қауіпсіздік концепциясы кәзіргі әлемде жие қолданылады. Көпұлтты және көпконфессионалдық Ресейге қатысты ұлттық қауіпсіздік түсінігі анық анықталған болуы тиіс.
«Халықаралық қауіпсіздіктің жаңа парадимасында» шындығында не жаңа?
2001 ж. 11 қыркүйекте болған жаңалықтар туралы көптеген мақалылар және кітаптар жазылған, сондықтан да халықаралық саяси жағдайда болған ең басты өзгерістерді атап көрсеткен дұрыс.
Халықаралық қауіпсіздік, қаржы, техникалық прогресте және т.б. салаларда сөзсіз басты рөлді ойнаған «гарантын» (АҚШ-ты)әлем жоғалтты. АҚШ әлі күнге дейін әскери және экономикалық қатынастарда әлемдегі ең қуатты ел болып жалғыз ұлы держава болып отыр. Сонымен қатар АҚШ жаңа қауіп қатар алдында тек өзінің одақтастарының қауіпсіздігіне кепілдік ете алмауынан басқа өзінің қауіпсіздігіне де.
11 қыркүйек тегі оқиға технологиялық даму деңгейінің өсуімен біршама есе артып отырған жаңа өркениеттін әлсіздігін көрсетті. Алдынғы қатарлы елдердің экономикасында көп көлемде «орнатылған механизмдер» құрамында бар, олар үлкен зиян тигізу мүмкін, өмірге қажетті басты инфраструктура элементтерін қирату,олардың қаржы жұйесін қирата және сілкіндіруі де, егер азаматтық техникалық прогрестін жетістіктері террористердің қолдарына түссе.
Қыркүйектегі оқиғалар АҚШ-тың және басқа да елдердердің демократиялық құндылықтарына және дәстүрлеріне қатаң сынақ болды. Либеральды-демократиялық мемлекеттер жаңа террористік қауіп түрлеріне күресуге нашар дайындалған болып шықты.
Саяси және технологиялық факторлардың кең спектірінің жаһандану процессімен бірігуі халықаралық сақынада жаңа саяси ойыншылардың – мемлекеттік емес террористік ұйымдардың пайда болуына әкелді. Бұл «террористік интернационал» халықаралық құқық шекарасынан тыс қызмет етеді, оны қандай да болмасы елдің территориясымен байланыстыру қыйын және ең бастысы мұндай террористік топтар әлсіз постиндустриялды әлемде мемлекеттерге зиян тигізуі мүмкін. Кәзіргі террористер глобалды деңгейде қызмет етеді және дәстүрлі емес тәсілмен шабул жасайды.
АҚШ-қа жасалған террорлық шабулдан кейін, ешбір ең бай және әскери қуатты жағынан ел, жаңа халықаралық терроризм қауіпіне жалғыз өзі күресуге қолынан келмейтіндігі анық болды. Серіктестер, одақтастар және ынтымақтасудың оданда принципиалды жоғары деңгей қажет (Ауғанстандағы операцияда АҚШ-тың маңызды одақтасы Ресей болып шықты). Ауғанстандағы болған өткен әскери қыймылдар уақытында жинаған ақпарат және мамандылық, оның геостратегиялық орналасуы, ақырында Чечнядағы халықаралық терроризімен күресудегі практиксы Ресейді Америка үшін ауыстырылмас және уникалды серіктес жасады. Екінші дүние жұзілік соғыстан кейін алғаш рет Ресей мен Батыс көлемі бойыншы ұзақ және жаһанды қауіп алдында тұрды.
№ 27 дәріс
Тақырып: Халықаралық дағдарыстар мен жанжалдар
Дәрістің мақсаты: Халықаралық дағдарыстар мен жанжалдар туралы, олардың пайда болу себептері, ошақтары туралы түсінік беру.
Тірек сөздер: Интервенционизм, дағдарыс, жанжал.
Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны:
Интервенционизм мәселесі. Дағдарыс ошақтары. Европадағы қауіпсіздік саясатының жаңа координаттары. Халықаралық жанжалдар ошақтары, олардың пайда болу себептері.
Даулар - шарасыз және өз бетінше саяси дамудың қажетті функцияналды компоненті. Сонымен қатар халықаралық қатынастардың дау және мемлекеттердің ішкі саяси дамуының тереңдігі мен деңгейі көптеген факторларға байланысты түрлендіріле алады. Қазіргі бағалаулар бойынша екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің әр түпкірінде орналасқан жергілікті және аймақтық даулардағы құрбан болған адамдардың саны екінші дүниежүзілік соғыста қайтқан адам санынан көп.
Дауларды реттеудегі халықаралық бірлестіктердің ролі
Дүниежүзілік әлеуметтік қатынастардың глобализациясы барысында халықаралық қауымдастықтың белсенділігі мен жүйелілігінің өсу шегі өлшемі бойынша дауларды тоқтату, жеңілдету, шешу, олардың зардаптарын жою мақсатымен мемлекетаралық дауларға араласу тәжірибесі дамуда.
Мұндай араласу түрлі жоспарлы болуы мүмкін. Методологиялық және практикалық саясат тұрғысынан даулардың жаңа жақтары ретінде өзіне меншікті мүдделерді жүзеге асыру үшін сыртқы күштердің (мемлекеттердің , одақтардың , халықаралық бірлестіктердің) дауларына бір жағынан және басқа жағынан халықаралық тұрақтылық пен бейбітшілікті қалпына келтіру үшін алаламайтын араласу арасында шекара орнату оңайға соқпайды.
БҰҰ жүйесінің және біріктіруінің дамуы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін даулардағы халықаралық бірлестіктер іс-әрекетінің айқын үлгілерінің қатысты легитимизациясына алып келді. Бұл іс-әрекеттер бейбітшілік операцияларының жинақтық атауына ие болды. 80-нен астам ел өткен жарты
ғасырда өз әскерлерін және БҰҰ-ның операцияларына қатысу үшін басқа да қызметшілерді беріп отыр.
40-тан аса мемлекет бүгінгі күні қазіргі және келешектегі операцияларға контингенттерді ұсынуға дайын екендігін мәлімдейді. 1990–шы жылдардың ортасында достық белсенділігінің қайнаған шағы кезінде даулар аймағында 80-нен аса әскери және азаматтық қызметшілер барысында операцияларға кететін жылдық шығындар 4 млрд долл болды.
Дау-жанжалды аймақта халықаралық бірлестік атынан немесе халықаралық институттармен іске асатын әрбір іс- әрекеттің кез-келгені легетимді ме? Қандай институционалдық субъектілер және қандай формада дүниежүзілік немесе аймақтық бірлестік қауымдастық атынан іс-әрекет етуге құқылы?
Бұларды сұрақтардың актуалдылығы соңғы он жылдықта біріншіден, халықаралық қауымдастықтардың ұжымдық қолсұғушылық формасының кеңеюі мен күрделенуі болса, екіншіден, достық іс-әрекетінің жүзеге асуына байланысты халықаралық қатынасқа қатысушылар арасындағы көп санды қайшылықтардың дамуымен түсіндіріледі.
Достық операциялар типологиясы
Бейбіт операциялар – бұл дау-жанжалды аймақтарда халықаралық достық пен тұрақтылықты қалпына келтіру бойынша халықаралық жігердің саяси – дипломатиялық, әскери және басқа да әдістерінің жиынтығы.
Достық операцияларбейбітшілікті орнату және қолдау операциялары ұғымдары жузеге асқанда мүлде басқа әскери - саяси әрекеттерді біріктіреді. Ірі - ірі мемлекеттердің геосаяси , экономикалық және басқа да ірі державалар мен мемлекетаралық бірлестіктердің мүдделері бейбітшілік орнату іс-әрекеттерінде
жобаланады, «гуманитарлық» мотивтермен байланысады, операциялардың сипатына, масштабы мен бағыттылығына әсер етеді.
Дүниежүзілік бірлестік шешуге көмекті талап ететін барлық жанжалдарға араласа бермейді. БҰҰ-ның достық операциялары механизмі 1980-1990 ж.ж. жаңа эволюцияға өтті. Соңғы он жылдықта халықаралық қауымдастық атынан жүзеге асатындостық операциялардың негізгі тенденциялары келесі.
- Халықаралық дауларға қол сұғудан халықаралық емес, ішкі дауларға қол сұғуына өту.
- Қол сұғу, параллельді жүріп жатқан операциялар масштабтарының артуы.
- Аймақтық сипаттағы ұйымдармен жүзеге асатын операциялар санының өсуі.
- Бейбітшілікті қолдау және орнату операциялары арасындағы айқын шекараның жойылуы.
- Операциялардың әскери және саяси жақтары арасындағы қарама-қайшылық.
- Операциялар мандаттарының күрделенуі.
Бейбітшілік орнату операциялары (БОО) БҰҰ-ның халықаралық саяси мандатымен реттелетін бейбітшілік орнатудың бір бөлігін қолдану дегенді білдіреді.
БОО шеңберінде қызметтердің келесі түрлері айқындалады.
1. Құқықтық мәртебесі бойынша ( БОО-ның құқықтық типтері ).
- Бейбітшілікті қолдау операциялары.
- Бейбітшілікті орнату операциялары
2. Өткізу функциялары мен құралдары бойынша ( МТО функционал үлгілері ).
- Халықаралық бақылаушылар миссиялары.
- Қарулы күштерді қолдануы бар халықаралық бейбітшілік операциялары.
- Халықаралық полициялық бейбіт операциялары.
-Гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі бейбітшілік орнату операциялары.
3. БОО-ны субъект бойынша ерекшелеу.
- БҰҰ – ның бейбітшілік орнату операциялары.
- Аймақтық БОО.
- Ішкі БОО
Халықаралық құқықтық аспектіде операциялар құқықтық орнатудың төрт тобымен реттеледі.
1. Операциялар өткізу үшін мандат.
2. Даулаушылар жақтары арасындағы келісім .
3. Халықаралық ұйымдар мен операцияға қатысушы мемлекеттер арасындағы келісім.
4. Даулаушы жақтар арасындағы келісім-шарт.
Дау - жанжалды аймақтардағы Біріккен Ұлттар Ұйымы және халықаралық операциялар
Жалпы бейбітшілікті қолдау түсінігі БҰҰ Жарғысында жоқ.Алғашында басқа мақсат көзделді: БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің мәжбүрлі шараларды қолдануы, соныңішінде агрессия жасаған, бейбітшілікті бұзушы немесе бейбітшілікке қауіп төндіруші мемлекетке қарсы қарулы күш қолдану. 1946-1949 ж.ж. БҰҰ шеңберінде жеке меншікті тұрақты қарулы күштерін құру мүмкіндігін қарастырылды.
- Біріншіден, халықаралық қауымдастық атынан жанжал туындаған аймақтарға бағытталған әскери бақылау институтының қалыптасуы болды. Әскери бақылаушылардың екі бірінші миссиялары елшінің 1948 ж. Палестинаға және 1949 ж. Үндістан және Пакистан арасындағы қақтығыс аймағына жіберілді.
Кейін БҰҰ-ның мұндай миссиялары Ливан және Йемен (1963), Ауғанстан және Пакистан (1988-1990), Ангола ( 1991), Иран және Ирак (1988-1991), Ирак
және Кувейт ( 1991 ж. бастап), Грузия, Гаити (1993 ж. бастап) және Тәжікстанға (1994 ж. бастап) бағытталды.
- Екіншіден, батыс державалары мен КСРО мемлекеттері арасындағы қырғи қабақ соғысы нәтижесінде туындаған қақтығыстарға байланысты өз жұмысын іске асыра алмаған Әскери штаб комитетін (ӘШК) айналып өтіп, БҰҰ-ның Жарғысының ҮІІ бөлімінде қарастырылмаған өзге әскери операциялар жасалынды.
1948 ж. бастап БҰҰ Бас хатшысы Т. Лидің инициативасы бойынша Бас Ассамблея БҰҰ-ның полициялық күштер құру туралы жоспар қарастырылды.
1965 ж. БҰҰ БА құрамына 33 мемлекет кірген бейбітшілікті қолдау операциялары бойынша Арнайы комитет құрды.
1980 ж.ж. және әсіресе 1990 ж.ж. БҰҰ-ның бейбітшілік қызметі елеулі белсендірілді. Қимылсыз Әскери штаб комитеті орнына БҰҰ Хатшылығы жанынан операцияларды басқарудың басқа механизмы – Бейбітшілік орнату департаменті құрылды. Соңғы 20 жыл ішінде «енжарлы» бейбітшілікті орнатудан «белсенді» бейбітшілік орнату процессіне өтілді, операциялардың әскери және азаматтық қызметші функциялары кеңейді. Әскерлер тек өзін-өзі қорғау үшін ғана емес, сонымен қатар даулы аймақтардағы азаматтық халқын қорғау үшін күш қолдана бастады. Әлемдік қауымдастықтағы халықаралық емес жанжалдардың рөлі мен масштабы өсті, ал олар болса өз кезегінде БҰҰ-ын жанжалдарды реттеу кезінде халықаралық араласудың ережелері мен принциптерінің бірте-бірте өзгеруі мен мемлекеттер және аймақтық ұйымдар арасындағы функцияларды бөлісуіне итермелейді.
№ 28 дәріс
Тақырып:Ядролық қаруды таратпау мәселесі.
Дәрістің мақсаты: Ядролық мәселе, Ядролық қауіпсіздік туралы мәлімет беру. Қарулануды бақылаудың жолдары, құралдары мен әдістерін айқындау.
Тірек сөздер: Яролық қарулану, қауіпсіздік, қорғаныс технологиясы.
Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны:
Қазіргі өркениеттердің ядролық мәселесі.Ядролық қауіпсіздік. Қарулануды бақылаудың жолдары, құралдары мен әдістері. Қорғаныс технологиясын жетілдіру мен жаңа өзгерістер. Қазақстанның қорғаныс технологиясының басқа елдерден айырмашылығы. Қазақстанның басқа елдермен әскери-саяси байланыстарының тереңдеуі.
Қазіргі әлемдегі ядролық қаруды таратпау мәселесі.
Қырғи-қабақ соғыстың аяқталуы әлемдік саясатта әскери қауіпсіздік факторінің рөлі мен орнының кардиналды өзгерістерімен сәйкес келді. 80-90 жылдардың аяғында қырғи-қабақ соғыстың әскери конфронтациясының жаһандық потенциалын масштабты қысқарту көрінеді. 80 жылдардың екінші жартысында қорғанысқа әлемдік шығын тұрақты төмендейді.
Әлемдік қоғамдастықтың демократиялық біртиптілігі, сонымен қатар әлемдік экономиканың интернационализациясы соғыстың жаһандық институттарының саяси-экономикалық ортасын қысқартады. Басты фактор болып қырғи-қабақ соғыстың барлық жолымен дәлелденген ядролық қарудың революциялық мағынасы сипатталады.
Ядролық қаруды жасау кең жағынан алғанда қандай да бір жаққа жеңістен айырылуды білдірді.1946 жылдары американ ғалымы Б. Броуди ядролық қарудың сапалы сипатына көңіл аударды және өзінің қатаң ойын білдірді, яғни оның алдағы басты тапсырмасы мен функциясы болып соғысты болдырмау болды. Бірнеше уақыт өткеннен кейін бұл аксиоманы А. Д. Сахаров мойындады. Қырғи-қабақ соғыс кезінде АҚШ-та, КСРО-да бұл революциялық шындықтың айналу жолын табуға тырысты. 50 жыл өткеннен кейін, 25 мың шамасында стратегиялық ядролық боезарядтар құрып, мынадай ядролық державалар шарасыз қорытындыға келді: ядролық қаруды қолдану тек қарсыласты құрту емес, сонымен қатар кепілденген өзін-өзі өлтіру.Ядролық қару қырғи-қабақ соғыты «мәжбүр әлемнің» ядролық державалар арасындағы әртүрлілігі етті.
Ядролық қарудан толық бас тарту оның негізгі функциялырының жоғалғанын білдіреді – соғысты болдырмау, срнымен қатар әдеттегі соғысты болдырмау. Бұдан басқа державалар қатары,мысалы, Ресей немесе Қытай ядролық қарудың болуын олардың әдеттегі қарулану потенциалдарының әлсіздігіне қатысты уақытша компенсация ретінде қарай алады., ал Ұлыбританямен және Франциямен – ірідержавалықтың саяси символы ретінде.
1998 жылы күзде Үндістанмен және Пәкістанмен өткізілген ядролық қаруды сынау конфронтацияда осы елдер арасындағы паталық жағдайды баяндайды. Бұрынғы қарсыластарымен ядролық мәртебені легализациялау оларды ескірген жанжалдың принципиалды реттеу жолын іздеуге мәжбүр етеді.
Ядролық, химиялық, бактериологиялық қаруды жасау, сонымен қатар орта қашықтақта ракета жасау, ал алда контитнентаралық ракеталар жасау перспективасы мемлекеттер қасында осындай қорқыныштан қорғану проблемасын стратегиялық ойлау орталығына шығарады.
Басқа актуалды проблема болып локалды жанжалдар феномені табылады. Қырғи-қабақ соғыстың аяқталуы локалды жанжалдардың жай активизациямен сипатталды. Олардың көпшілігі халықаралықтан гөрі мемлекетішілік болды, яғни олардың қарсылығын туғызған сепаратизммен, бір мемлекет ішінде территория немесе билік үшін күреспен байланысты. Жанжалдардың көп бөлігі КСРО мен Югославияның құлауына алып келді. Басқа жанжалдар, мысалы, Африкадағы жанжал мемлекеттілік пен экономикалық құлдыраудың әлсізденуіне алып келді. Үшінші категория – Таяу Шығыстағы, Шри Ланкадағы, Афганистандағы, Кашмир айналасындағы «дәстүрлі» жанжалдар.
Локалды қарулы жанжалдардың жаһанжық бейнесі тұтастай өзгереді. 1989 жылы 32 аудандарда 36 орынды ірі жанжалдар болды, ал 1995 жылы 25 аудандарда осындай жанжалдардың 30-ы тірккелді. Олардың ішіндегі кейбіреулері, мысалы, Шығыс Африкадағы тутси және хуту халықтарының бір-бірін қырып-жоюы геноцид сипатын иеленеді. Масштабатр мен «жаңа» жанжалдардың динамикасын шынайы бағалауға олардың эмоционалды түсінулері кедергі болды. Олар дәстүрлі тұрақты болып саналған аймақтарда жанданды.
Бүгінгі таңда белсенде болып қарулы операциялар танылып отыр, олар батыс елдерімен басқарылып отыр, бірінші кезекте АҚШ халықаралық құқықты, демократиялық немесе гуманитарлық норманы бұзатын елдерге қарсы көрнекі мысал болып Иракқа қарсы операция табылады. Оның мақсаты Кувейтке қарсы агрессияны бұзу, Босниядағы ішкі жанжалдардың қорытынды кезеңінде әлмге көндіру, Гаити мен Сомалиде заңдылықты қайта құру. Бұл операциялар БҰҰ-ң Қауіпсіздік Кеңесінің санкцияларымен өкізілді. Басты орынды ірі масштабты әскери операция алады.
Жүйелік, Қытайдың қарулы күш модернизациясы ұзақ мерзімге перспективада оның Азия Тынық мұхиты аймағында әскери күшін күшейтуі оның маңызды қолынан келуін көтеруіне негіз болды.
Жаһандыһ әскери қауіпсіздік саласындағы жаңа жағдай тұтастай соғысты классикалық мағынадва қолдануға шек қою тенденциясымен анықталады. Бірақ бір уақытта күшті қолданудың жаңа формасы туындайды, мысалы, «гуманитарлық сылтау бойынша операция». Әлеуметтік-саяси және экономикалық облыстағы өзгерістермен мұндай процестер әскери салада халықаралық қатынастардың жаңа жүйесінің қалыптасуына маңызды ықпал тигізеді.
№ 29 дәріс
Тақырып:Наркомафиямен күрестегі халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар.
Дәрістің мақсаты: Ұйымдасқан қылмыс және наркотрафика туралы ұғым қалыптастыру, олардың ғаламдық, аймақтық, жеке критерийлерін айқындау.
Тірек сөздер:Наркотрафика, есірткі, мафия.
Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны:
Ұйымдасқан қылмыстың жанжалдық потенциалы және наркотрафика: ғаламдық, аймақтық, жеке критерийлері. Есірткені тасымалдау жолдары мен әдістері. Есірткі мафиясымен күрес.
ХХ ғ. ІІ ж. әлемдік қауымдастық демократия, адам құқықтарын сақтау, адам өмірінің экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсартуға қарай үлкен қадам жасалды. Бірақ ол зорлықтың үлкен көріністерінің алдын ала алмады, сонын ішінде қылмыстық заңмен тыйым салынған қылмыстар.
Әлемдегі қылмыстық жыл сайын өсіп отыр. 80 – ші ж. бастап жыл сайын 5% - ға өсіп отыр. Ең көп қылмыс АҚШ – та жасалады – жылына 35 млн. дейін. Ресейде қылмыс 1995 ж. 3 млн. жетті, қылмыстық топтар 1990 – 1994 жж. 10 есеге көбейді.
Қазіргі кездегі қылмыстың ерекшелегі – оның ұйымшылдық түрі. Жақсы ұйымдастырылған қылмыстық топтар « қылмыстық қоғамдастықтарға» бірігеді.
Соңғы кездері қылмыс трансұлттық сипатты иеленуде. Мұндай қылмыстық топтарға бірнеше мемлекеттердің азаматтары қатысып, қылмыстық істерді екі немесе одан да көп мемлекеттердің территорияларында іске асырады, олар халықаралық құқықтың нормаларын және халықаралық міндеткерліктерді бұзады. 1997 ж. 22 маусымда Денверде « сегіздік » мемлекеттерінің кездесуінде, трансұлттық қылмыстық топтар ірі өзгерістерге біздің үкіметтерден гөрі, жылдам, әрі эффектті бейімделеді деп белгіленді.
Халықаралық сипаттағы қылмыс адамзатқа қарсы жасалған қылмыс болып саналмайды, олардың ең қорқыныштысы Европа халықтарына қарсы жасалған гитлерлік агрессия, ол ондаған млн. адамдардың өліміне алып келді.
Сонымен қатар есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстық істер әлемдік қоғамдастықты абыржытып отыр. Ресейде 1991 – 1995 жж. Аралығында есірткіге қатысты қылмыстар 17 мыңнан 74 мыңға өсті. Қолданудан қалдырылған Қазіргі кезде нің жалпы салмағы 2 тоннадан 49 тоннаға өсті.
Қазіргі кезде есірткі бизнесі ұлттық шекаралардан шығып, әлемнің барлық елдерін қамтитын заңсыз халықаралық есірткі саудасын ұйымдастырып отыр. Американ мафиясының есірткі контрабандасынан түсіретін жылдық табысы 1 млрд. долл., ол кейбір елдердің мемлекеттік бөджетінен асып түседі.
Азамттардың жеке құқықтарына қауіп төндіретін қылмыстар: балалар еңңбегін сату, қолдану, әйлдерді сату, порнографияны тарату, адамдарды ұрлау.
№ 30 дәріс
Тақырып: Терроризм және экстремизм
Дәрістің мақсаты: Халықаралық терроризм ұғымы туралы мәлімет беру. Саяси терроризмнің идеологиялық негіздерін анықтау.
Тірек сөздер:терроризм, шовинизм, ислам.
Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны:
Халықаралық терроризм ұғымы. Саяси терроризмнің идеологиялық негіздері. Ұлтшылдық және шовинизм. Ислам терроризмі. Әль-Каида. ХХғ. 90-жылдарындағы террорлық актілер. БАҚ және терроризм
Қазіргі кезде ең қауіпті және кең таралған қылмыстың түрі – бұл халықаралық терроризм. Терроризмнің мақсаттары әр түрлі. Сонымен қтар қолданылатын арсеналы да кең: саяси лидерлердің өлтірілуі, тұтқынға алу, жалдамшыларды тарту, оларды оқыту, қаржыландыру және т.б.
90 – шы жылдардың басында 500 – дей террористік ұйымдар мен әр түрлі экстремистік сипаттағы топтар болды. Олардың қызметі нәтижесінде 10 ж. ішінде халықаралық терроризмнің 6500 акті іске асырылды, одан 5 мың адам қаза тауып, 11 мың адам зардап шекті. Террористердің қолдарынан танымал мемелекеттік және саяси қызметкерлер Джон және Роберт Кеннеди, Альдо Мор, Индира және Раджив Ганди, Мартин Лютер Кинг қаза тапты.
Жаһанды деңгейдегі халықаралық терроризім - әлемдік саяси жағдайда жаңа феномен. Әрине, террор саяси күрес құралы ретінде көп ғасырлық тарихы бар.
2001 ж. АҚШ-ғы «Қара қыркүйетен» бастап
2002 ж. Мәскеудегі «Қара қазанға» дейінгі:
халықаралық терроризімнің мақсаттарымен стратегиясы.
Соңғы уақаттағы бүкіл ірі халықаралық террорлық актілерде анық және әден ойланған стратегия көрінді.Террорлық шабуылдар қарулы күштерге немесе әскери объектілерге қарсы бағытталмаған, қарапайым халыққа және әр түрлі дамыған елдердегі әлсіз инфраструктура элементтеріне қарсы бағытталған. Мұндай шабуылдардың мақсаты әскери жеңіске жетуде емес, байбалам тарату, экономикалық дүрбелен тудыру, үкіметтін саясатына немесе отставкіге кету үшін қаржылық жұйесін сілкіндіру не болмаса қирату.
Әлемдегі ең қуатты әскери машинаның жұрегіне бағытай, Пентагонға үшақтың біреуін жібере, олар АҚШ әскерін қиратуды үміттенген емес немесе оған қатты зиян тигізуді ойламаған шығар. Оданда басты мақсат американдықтардың арасында жеке қорғаусыздық сезімін тудыру, әскери құралдардың тиімсізділігін көрсету, террорлық қауіптен жасырынуға болмайтындығына қарапайым азаматтарды сендіру.
Әлемдік сауда орталық ғимаратына жасалған теракттың қортындысы жақсы алдын ала ойластырылған болатын. Гүлденіп жатқан экономиканың көрсеткіші және әлемдік қаржы ұйымдарымен бұкіл сыртқы сауда мен байланысты болып табылатын Орталықтың қирауы, АҚШ-тың ақша-несие жұйесіне және шаруашылығына үлкен зиян тигізу керек еді, халықаралық экономикалық және қаржылық тұрақтылықты бұзу. Бұл теракты ұйымдастырушылардың есептеуі дұрыс болып шықты. Американдық бағалу бойынша 2001 ж. аяғында қыркүйетегі теракттын әсерінен ұлттық экономиканың тікелей шығындары 639 млрд долл. және 2 мил бос жұмыс орындарды құрады.
2002 ж. 23-26 қазан айындағы Мәскеудегі теракт. Дубровкідегі театр орталығын жаулап алған террористер Чечнядағы соғыстын тоқтатылуын және федералдық әсердің шығарылуын талап етті. Бірақта, 80-мыңдық әскери контингентті Чечнядан шығаруға келіссе де бұл мүмкін еместігі анық, - айтарлықтай ұзақ процесс және кепілге алғандарды босату үшін бұл талап ретінде болуы мұмкін емес. Негізінен теракт қойылған талаптарға қарсы болды, басқа мақсаттарға жету болды. Теракты ұйымдастыпушылардың басты және анық мақсаты бұл Чечнядағы реттеліп келе жатқан саяси жағдайды қыйрату болды. Шешен соғысы сепаратистер және федералдық орталық (Ресейдің территориялық тұтастығын сақтапқалушылар) арасындағы қарама-қайшылық ретінде басталды.
«Өмірлік кеңістік терроризім» мәселесі
Жоғарда аталғандай, кәзіргі терроризім жаһандық сипатта қызмет ететіндігі туралы атаған едік. Әйтседе оларға террористерді дярлау үшін жаңа шабуылдар әзірлеуге және жоспарлауға базалар, демалыс территориялары қажет. Бұндай базаларды және паналарды террористер егемді мемлекеттер территорияларында құрады. Оларда мұндай анклавтар тек қана екі жағдайда пайда болуы мұмкін. Біріншіден – елдің үкіметтері тікелей немесе жасырын түрде террористерді қолдағанда.
Екінші жағдай оданда қыйын және құқықтық қатынас бойынша анық емес. Әлемде өз территориясында өз мемлекетінің егемендігің қамтамасыз ете алмайтын елдердің үкіметтері айтарлықтай көп (олардың саны өсуде). Мұндай жағдайда «толық емес» немесе «шектеулі» егемендік туралы айтуға болады. Мемлекетінің территориясының жартысын өз үкіметі бақылай алмағанда, сол жерде, сол мезетте анклав орнайды, ол халықаралық криминалдық структуралар және террристердің бақылауына көшеді. Осындай анклавтардың саны тез артып отырғандығын мойындау қажет. Мысалы, Ливанның оңтүстігі, Филипиннің жартысы, Суматра аралының солтүстігі және Молук аралдарын (Индонезия) айтуға болады. Бұндай анклавтар Суданда, Алжирде, Нигерияда, Сомалиде және т.б.
Мұндай анклавтардың өсуі әлемдік қоғамдастықтың алдыңда халықаралық құқық нормаларын құру туралы қажеттілік тудырды, өз елдерінің территориясын толықтай бақылайалмайтын үкіметтермен істерді қалай жұмыс істеу керек сұрақтарына жауап беретін, ең бастысы «террористердің ұясын» қалай жою керектігі туралы.
Терроризм және он қаржыландыру көздері
2001 ж. қыркүйектегі оқиғалардан кейін АҚШ-тың басшылары терроризімге қаржылай көмект көрсетті деген ұйымдардың және жеке тұлғалардың 39 банктік счеттарын жапты. Ең қызығы осы счеттардың азы ғана Парсы шығанағындағы елдерде ашылған болып шықты. Террористердің қаржылық демушілерімен күресу террористердің өздерімен күрескеннен гөрі қыйынырақ болып шықты. Себебі террористердің демеушілері терроризімге қарсы күресушілер түратын елдерде түрады және сол өркениеттін жемістерін қолданады, соның ішінде жаһандық қаржы жұйесінде. «Аль-Каидының» ірі демеушілері сауда нарығына бал және тәтті тағамдарды әкелетін йемендік компаниялар болды. Бұл «бал жинаушыларда» бүкіл әлем бойынша 66 елдерде қаржылық көздері болды. Американдық мәліметтер бойынша, террористер глобалдық жұйе бойынша есеп-касса орталықтарын орнатты, солар арқылы үлкен көлемде ақшалар аударылды, сонмен қатар террористік ұйымдарда қаржыландырылды, және толықтай заңды трансакциялар да болды.
Халықаралық терроризімге қаржылық ағымдарын тоқтату оны банкроттылыққа үшырату мақсаты-әлемдік қаржы жұйесіне шың соғыс. «Жақсы» және «жаман» ақшаны және олар айналатын каналдарды, бір-бірімен сонша байланысты, оратылып кеткен ақшаны ауртпалықсыз болмайды деп айтылған болатын. Әлемдік қаржылық жұйе постиндустриялды ақпараттық қоғамнын дамуының жетістігі және жемісі болып саналады, жаһанданудың позитивті нәтежесі болып табылатын, террористердің қолында да қауіпті қару болып шығуы мүмкін. Бұл халықаралық терроризімге құпия түрде үлкен қаражатты аккумулираттауға және тасымалдауға, тез және тиімті түрде мүмкіндік жасағандығы туралы мойындауымыз керек. Террористер еш уақытта ақшаның жетіспеушілігін көрген емес. Мұндай жағдай болашақта шыдамсыз. Әлі де, террористермен күресуде сәтті жетістіктерге жету үшін әлемдік қаржылық жұйеде қандай өзгерістер болу қажет екендігі анық емес, бірақта олар үлкен масштапта болуы қажеттігі анық.
Террористік жұйелерді және топтарды жою
Кәзірден бастап антитеррористік коалицияның мүшелері ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін әлсіз аудандарын радикалды түрде қайта қарау жолдарын іздеунге мәжбүр болып отыр. Ең алдымен бұл электрондық жұйеден және спутниктан алынатын құпия ақпараттармен алмасу болып табылады. 2001 ж. 11 қыркүйектегі оқиғалар және одан кейін болған терактар көрсетекендей, тек қана техникалық құралдарға арқа сүйенуге болады. Терроризіммен күресуде жақсы жетістіктерге жету үшін көп көнілді агентуралық жұмысқа бөлу керек, террористік жұйеге және ұяларына еніп кету үшін. Мұның бәрі ақырында антитеррористік компаниялардың алдыңғы қатарлы мүшелері маманданған ақпарат банкін ұйымдастыру қажет. Терроризіммен күресудегі жетістік террористік шабуылдарға реакцияның қаңшалықты тиімділігімен және тезділігімен анықталмау қажет, оны болдырмау істерімен.
Антитеррористік күрестін таза әскери аспектілердін арасынан қарулы күштерін жұйелік түрде қайта құру туралы атап айтқан жөн. Ресейде де, АҚШ-та да, Евро Одақ елдерінде де кәзіргі уақытта қажетті арнайы операциялар күштерін керек санда иеленбейді.
Ислам және исламдық экстремистер
Әрбір соғыстың басты мақсаты – бәсекелесі жағынан көпшіліктің қолдауына ие болу. Жаһандық антитеррористік соғыс нәтежесінде – бұл исламдық әлемнің жұрегі және ақыл үшін күрес болады. Ол онай болмайды, бірақта өте қажетті, және онда жеңіс болуы мүмкін. Мұндай компания нәтежелі болуы мүмкін, егерде оны жұргізу барысында бір-қатар басты факторлар ескерілсе. Исламдық қоғамда өздерінің құндылықтары және мәдени ұқсастылықтары бар, және онда батыстық құндылықтарды, стандарттарды және қоғамды ұйымдастыру принціптерін насихаттау фатальды қателік болар еді.
Антитеррористік соғыстың насихаттау компаниясының басты мақсаты исламдық қоғамды қайта ұйымдастыру және мұсылман елдерінің саяси жұйесін батыстық стилге көшіру болмау қажет. Дегенмен ислам әлемімен қайшылық тарихпен мүлдем жорамалданбаған. Барлық өркениеттер Жерде бірге өмір сүруге айтарлықтай үйлесімді, бір-бірін сүйуге міндетті болмасада.
Халықаралық құқық versus күші: дәстүрлі альянстардың және институттардың болашағы
Неге НАТО-ның кеңейюі Ресейдің ұлттық қауіпсіздік мәселесі болмай қалды?
Жаңа принципиалды қауіптердің жағдайында және халықаралық қауіпсіздік шықырулары анықрақ болып келе жатыр: блок сонша терең дағдарысты бастан кешіруде және түпкілікті трансформациялану қажеттілігіне тіреліп отыр, оның кеңейюі – көбінесе НАТО-ның ішкі мәселесі, Ресейдің мүдделеріне қандайда болмасын қауіптен гөрі.
НАТО блогі американдық кепілдік қауіпсіздік жұйесі ретінде құрылды. Прага самитінде қабылданған альянстың қайта ұйымдастыру жоспарвның негізгі элементі НАТО-ның ішінде 21 мың. адамы бар тез арада шұғылдану корпусын құру болды, американдық қарулы күштеріне қолдау ретінде. Ауған компаниясында НАТО-ға тікелей айтқанда орын табылмады. АҚШ-тың одақтастары Пәкістан, Ресей және белгілі бір дәрежеде Ұлыбританияда. Кәзір, анық болғандай НАТО ең жаман жағдайда, ол тен әскери-саяси одақпен болуы мүмкін, - қарсыласын және міндетін жоғалту. Егер таяу уақытта жаңа міндет табылмаса, онда «жоғалып бара жатқан натура» болу болашағы НАТО үшін шындыққа айналады. Және мұнда жаңа мүшелерді қабылдау көмек болмайды, керсінше, жағдайда қыйындатады.
НАТО-ның жаңа доктринасының құрылуы туралы көп айтады, альянс өз қолына мынадай қызметтерді алады: терроризіммен күресу, нашаның заңсыз айналуымен, заңсыз миграциямен және т.б.
Терроризіммен күресу жағдайында ядролық қарудың таратылмауы
Қырып жойғыш қарудың таратылмауы ол химиялық, бактериялогиялық және ядролық қаруларға қатысты, соның ішінде ядролық қарудың террористердің қолдарына түсуі үлкен қауіп тудырады. Химиялық және бактериялогиялық қарулар халықаралық келісімдермен тыйым салынған; қыйындық олардың орындалуын қамтамасыз ету де болып түр. Ядролық қару көптеген елдерде тыйым салынған, бірақта олардың бесеуінде ол уақытша легализацияланған және тағы үшеуінде тыйым салынған. Алғашқы екі категориядағы елдер – 1968 ж. ядролық қаруды таратпау туралы келісім мүшелері (ДНЯО), соңғы үшеуі оған қосылған жоқ.
ДНЯО-ға қол қойған уақыттан бастап бес ел ядролық қарудың иегерлеріне айналды – Израиль, Үндістан, Пәкістан, ЮАР және Солтүстік Корея да болуы мүмкін. Алғашқы үшеуі – 1968 ж. келсімнің мүшелері емес; кейін ЮАР өзінің ядролық қаруынан бас тартты, өңдірістік зарядтарды жойды және қажетті комплекстін барлыған өзгертті, және ДНЯО-ға ядролық қаруы жоқ ел ретінде қосылды. Солтүстік Корея 1985 ж. келсімге қол қойып кейін оны бұзған үшін айыпталды, және соңында 2003 ж. ядролық бағдарламан жаңарту туралы жариялады. Аргентина, Бразилия, Оңтүстік Корея және Тайван өздерінің көп жылдық әскери ядролық бағдарламаларының жұзеге асуын тоқтатты. Украйна, Белоруссия және Қазақстанның территорияларында КСРО құлағаннан кейін қалған ядролық қарулар туралы мәселе, қарудан бас тартқаннан және ДНЯО-ға ядролық қаруы жоқ ел ретінде қосылғаннан кейін шешілді. Кәзір, АҚШ-тың есептеуі бойынша, екі ел – Иран және Солтүстік Корея - белсенді түрде ядролық қаруды алғысы келеді және бұл халықаралық қауіпсіздікке қауіп төңдіреді. Әйтседе бұл елдердегі жағдайы өзгеше. Солтүстік Корея өзінің әскери ядролық бағдарламасын жаңдандырғандығы туралы және бір қатар ядрлық зарядтары бар екендігін және құрлықаралық баллистикалық ракеталардың құрастыруын аяқтап жатқандығын жие-жие білдіріп отыр. Көптеген мамандар бір ойға келіп отыр – бұл декларацияларда – тым өтіріктін бар екендігіне. Бұл елдердің катастрофалық экономикалық жағдайы, оның басшыларын әлемдік қоғамдастықты алдауға мәжбүрлейді, өздерінің ядролық бағдарламасын қымбаттау «сату» үшін халықаралық экономикалық көмекке ауыстырады. Мұндай бағалау шындықтан алыс жатқан жоқ. Дегенмен, Солтүстік Кореяның ядролық елге айналу мүмкіндігіне шындап қараған жөн, және, ең болмаса Корейлік жартыаралда шектеулі ядролық қарудың қолдануы Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай ресейлік Қыйыр Шығыс тіпті АҚШ-қа да, себебі Оңтүстік Кореяда мыңдаған амарикандық солдаттар орналасқан, ең қыйратымды жағдай туғызар еді.
Иранның ядролық бағдарламасымен басқа жағдай. Біріншіден, Иран – ядролық емес ел ретінде ДНЯО-ның мүшесі; екіншіден, ол ядролық қаруды құруды мақсат етпейтіндігі және оның барлық бағдарламасы тек қана атомдық энергетика саласындағы бейбіт мақсаттарды көздейтіндігі туралы айтуда. Ресей Иранмен энергетикалық бағдарлама шеңберінде ядролық салада қызметтеседі. Ресейлік мамандар Бушерде атомдық электро станцияның бірінші блогін салуда, және жаңа энерго блоктардың құрылысына келісім-шартқа ие болуды көздейді. 2002 ж. бойы Бушерде 65 халықаралық комиссияларжұмыс істеді, және Иранға еш қандай арыздары болған жоқ.
Бірақта, 2003 ж. МАГАТЭ-ның инспекциясына жататын көрсетілген ядролық комплекс объектілерінен басқа, Иран тағы бірнеше кәсіпорындарды салып жатқаны туралы анықталды, және олар ядрлық қарудың компоненттерін өңдіру үшін қолдану мүмкін делінген. Онда центрифугтің қолдануымен уранды байытатын завод салынуда. Батыс мамандарының ойы бойынша, бұл өңдіріс орындарындағы центрифуг – ресейлік емес. Иранда анықталаған тағы бірі – ядролық материялдарды конверсиялау кәсіпорыны, бұл технология әскери мақсаттарда қолданылуы мүмкін. Әзірше екі кәсіпорын тек салынуда ғана, және таратылмау туралы Келісім бойынша МАГАТЭ-нің мамандары ол жерлерге ядролық материялдар әкелінгенде ғана бара алады, формалды түрде олар жоқ болып отыр. Егер бұл шыңдыққа жарасса, онда жағдайдан шығу жолы 1997 ж. қосымша протоколге Иранның қосылуы болар еді. Бұл құжаттың мәні мынада: халықаралық мамандар ескертусіз ядролық комплекстің қандайда болмасын объектісіне бара алады (суды, ауыны және басқада зерттеулерді байқау үшін).
Солтүстік Кореяның және Иранның ядролық бағдарламалары жағдайында Ресей олардың ядролық қаруды сатып алуына мүлдем қызығушылығын білдірмейді, оның ұстіне мұндай сценарий бойынша даму ядролық қарудың және оның құрамаларының террористердің қолдарына түсуін арттырады және нәтежесінде оны таратпау жұйесіне бақылауды мүлдем қыйрату мүмкін.
Кәзіргі күнде ядролық державаларда толықтай жоюға және ядролық қаруға тыйым салу бойынша координатталған стратегиясы жоқ. Сонымен қатар лидерлердің айтуынша және істері бойынша олар болашақта өздерінің ядролық арсеналдарынан бас тартуды көздеп отырған жоқ.
Сонымен, жер бетінде ядролық қарудың тарамауына жол бермеу үшін екі бағытта параллелді жұмыс істеу қажет: тартпау режимін арттыру, және ядерліқ емес әлемге ауысуға бірлескен стратегияны құрастыру. Мүмкін, кәзіргі жағдайда бұл мүмкін емес шығар. Бірақта ядролық қаруға қол созуы бұданда шыңсыз емеспе?
Халықаралық құқықты арттыру және
халықаралық институттарды реформалау мәселесі
БҰҰ реформалау қажеттілігі туралы сөз баяғыдан бері келе жатыр. Халықаралық қатынастарда күшті қолдану шешімінде БҰҰ-ң Қауіпсіздік Кеңесіде приоритетті бола беруі қажеттігін Ресей тұрақты түрде көрсетіп отыр. БҰҰ-ң демократизациялауды жақтаушылар кәзір әлемде өзінің экономикалық потенциялы бойынша көптеген елдер бар тіпті ядролық қаруы бар жағдайда да (мысалға, Үндістан) ҚК-нен кем түспейді және әлемдік қоғамдастық атынан маңызды шешімдерді құрастыруда кең түрде қатысуы керек.
Мұндай қадам өзінде жасырын қауіп бар. Мәселе, халықаралық жұйені «демократизациялау» Ресейдің саяси рөлің қатты кемісту мүмкіндігінде емес. Ең бірншіден мұндай «демократизациядан» одан да жақсы дамыған демократия қаза табады. Біріншіден, маңызды шешімдерді қабылдағанда, сөзсіз демократиялық дәстүрлері тұрақсыз елдердің рөлі арта түседі. Екіншіден, маңызды халықаралық мәселелерге көп жақты қадам, қуатты елдердің бас иеушілікке баруға мәжбүр етеді, олардың қызметтерінің тиімділігін кемітеді.
Халықаралық терроризіммен басқаша күресу қажет деген пікір де бар. Сондықта жаңа қауіпке тиімді түрде қарсы тұру үшін халықаралық күшті құру қажет, ұлттық үкіметке бағынбайтын, надұлттық орган негізінде әлемдік қоғамдастыққа бағынатын, оныда құру керек. Мұндай қадам көңілге қонымды болып көрінеді, бірақта көптеген сұрақтарға жауатарды қажет етеді, оның ішінде: кім бұл күштерді қаржыландырады? қандай құқықтық нормалар негізінде шешімдер қабылданады? Тап кәзір, бүкіл әлемдік үкімет идеясы және жаңа әлемдік тәртіптін құрылысының қажеттілігі туралы еңбектер пайда болып талқылануда.
