Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Хал_ат_жй_айм_аз_кез_мс,07305.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
960.51 Кб
Скачать

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

Бекітемін

Тарих және құқық факультеті деканы

________________ Д.Б. Абулкасова

______ _____________201__жыл

Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

050505 -Аймақтану

мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған

«Халықаралық қатынастар жүйесіндегі аймақтардың қазіргі мәселелері» пәннің оқу-әдістемелік кешені

Курс -IIІ

Семестр -УІ

Кредит саны -4

Дәріс -30 сағат

Практикалық сабақ(лаб,сем,)-30 сағат

Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы(ОЖСӨЖ) -45 сағат

СӨЖ -45сағат

Емтихан -6 семестрде

Барлығы 135 сағат

Орал

2011ж.

Пәннің-оқу әдістемелік кешені Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі әзірлеген және ұсынған Современные проблемы регионов всистеме международных отношений Алматы 2004 жыл. (Авторлары: Қ.Е.Байзақова., т.ғ.к. ГубайдуллинаМ.Ш., т.ғ.к.Кукеева Ф.Т., т.ғ.к.Мовкебаева Г.К.) пәнінің типтік бағдарламасы негізінде құрастырылған.

Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Шокабасов Т.Д.

Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды.

_____ _______________201 ж. № ____ хаттама.

Кафедра меңгерушісі : ___________ Науанова К.М.

Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қарастырылды.

_____ _______________201 ж. № ____ хаттама.

Тарих және құқық факультетінің

оқу- әдістемелік кеңесінің

төрағасы: ______________ Мырзабаева Б.М

(қолы) (аты-жөні)

1. Пәннің-оқу әдістемелік кешені Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі әзірлеген және ұсынған Современные проблемы международных отношений Алматы 2004 жыл. (Авторлары: Қ.Е.Байзақова., т.ғ.к. ГубайдуллинаМ.Ш., т.ғ.к.Кукеева Ф.Т., т.ғ.к.Мовкебаева Г.К.) пәнінің типтік бағдарламасы негізінде құрастырылған.

ІІ. Курс бағдарламасы.

2.1 Оқытушы туралы мәлімет

Курс бағдарламасын дайындаған Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының доценті Т.Д. Шокабасов

Сарайшық көшесі 34 үй. №3 оқу ғимараты 3 қабат, 304 кабинет.

51-04-69. 51-20-39 жұмыс телефоны.

2.2. Пән туралы мәлімет.

«Халықаралық қатынастар жүйесіндегі аймақтардың қазіргі мәселелері»

Семестр 15 оқу аптасынан және 2 апта сессиядан тұрады.

Бір аптада 4 кредит сағат, әр кредит сағат 4 байланыс сағаттан (2 дәріс және 2 практика) және 4 сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.

Кредиттің аптаға бөліну кестесі:1 семестр

Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты1

(1 дәріс)

50 минут

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин

Байланыс сағаты 2

(2 дәріс)

50 минут

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50мин

Байланыс сағаты 3

(1 практика)

50 минут

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин

Байланыс сағаты1

(1 практика)

50 минут

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин

Оқу жоспарынан көшірме:

Курс

Семестр

Кредит саны

Дәрістер

Семинарлар

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау

Түрі

3

6

3

30

15

45

135

емтихан

2.3 Кіріспе.

Курстың мақсаты халықаралық қатынастар жүйесіндегі әлемдік шаруашылық байланыстар сипатындағы, әтрүрлі саяси-экономикалық жүйелердің, қоғам мен табиғаттың өзарақатынастарындағы жаңа тенденцияларды қарастыру болып табылады. Тұтастай алғанда мақсат – кез келген аймақ пен әлемді тұтастай алғандағы күрделі саяси құбылыс ретіндегі қазіргі халықаралық қатынастардағы аймақтар мәселелерінің типологиясын, мәнін анықтау. Мұнда қазіргі халықаралық процестердің үнемі қозғалыста болатындығын, сондай-ақ аймақтардағы оқиғалардың үнемі айтуға тіл жетпейтіндігін де ескеру қажет. Халықаралық қатынастардың алдыңғы білімдері белгілі бір халықаралық процестердің бағыттарын шамамен айтуға мүмкіндік береді.

«Халықаралық қатынастардағы аймақтардың қазіргі мәселелері» курсын оқытудың негізгі міндеттері экономикалық, әлеуметтік-мәдени, идеологиялық қатынастардың заңдылығын түсінумен байланысты мәселелерге еларалық, комплексті анализ жасау; шетелдердің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының, халықаралық қатынастардың көкейтесті мәселелерін, қазіргі кезеңнің жаһандық мәселелерін ашу; фактілік материалда бағытталуға қабілетті, теориялық және қолданбалы зерттеу дағдыларын игерген, саяси-экономикалық ситуацияларды болжай алатын және модельдей алатын мамандарды даярлау; курсты оқыту процесінде белсенді азаматтық позиция үшін қажетті идеялық-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру болып табылады.

Курсты оқудың нәтижесінде студент:

  • қазіргі саяси жағдайды және халықаралық мәселелердің қазіргі жағдайын аймақтар шегінде саралай алатындай болуға, халықаралық қатынастардың негізгі саяси теорияларын білуге, халықаралық қатынастардың даму заңдылығын және оның аймақтарға ықпалын түсіне алатындай болуға тиісті;

  • аймақтардағы саяси-экономикалық жағдайларды болжай алатын және модельдей алуға тиіс, қажетті категориялық аппаратты иеленуі керек;

  • қазіргі ғылыми әдебиетті, деректерді талдай білуге, жеке жұмыс жасай білу дағдыларын бекітуге тиіс;

Пререквизиттер: Бұл курсты оқу «Европа және Америка елдерінің тарихы», «Азия және Африка елдерінің тарихы»,«Аймақтану», «Халықаралық ұйымдар» сияқты курстарды оқу процесінде алынған білімдерге негізделеді.

Постреквизиттер: «Халықаралық қатынастар жүйесіндегі аймақтардың қазіргі мәселелері» пәнінен алған білімдерін студенттер кейін «Интеграциялық процестер», «Саяси жүйелер» пәндерінде қолданады.

Оқыту әдістемесі:Сабақты оқыту дәріс және практикалық сабақ, өзіндік жұмыс түрінде жүргізіледі. Дәрісте оқу материалының негізгі мазмұны беріліп, алынған білім практикалық сабақта бекітіліп толықтырылады. Студенттердің білімін тексеру ауызша сұрау, коллоквиум, жазбаша бақылау, микроемтихан қаблдау мен тест тапсырмаларын , жеке тапсырмаларды орындау және оларды қорғау арқылы жүзеге асырылады.

Студенттерге қойылатын талаптар:

Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Саабаққа белсенді қатысып,барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет.