- •1.Кеден ісінің негізгі категориялары мен ұғымдары
- •2.Кеден органдарын басқару үдерісінің мәні мазмұны
- •3.Халықаралық сауданы мемлекеттік реттеу жүйесінің жалпы сипаттамасы мен жіктелуі.
- •1.Кедендік әкімшіліктендірудің түсінігі, мақсаттары мен міндеттері.
- •2.Кеден өкілінің құқықтық статусы.
- •3.Қр сыртқы сауда саясатының бағыттары мен мақсаттары
- •1.Кедендік әкімшіліктендірудің объектілері мен субъектілері
- •2.Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік шекарадан өткізудің негізгі қағидалары.
- •3. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу жүйесіндегі тарифтік әдістер.
- •1.Кедендік бақылау- кедендік әкімшіліктендірудің элементі.
- •2.Кеден органдарының алдын ала шешім қабылдау тәртібі мен қолданылуы.
- •3.Кеден төлемдерінің ерекше түрлерін қолдану: қорғаушы, антидемпингтік және компенсациялық
- •1. Уәкілетті экономикалық оператордың құқықтық статусы
- •6 Билет
- •1. Кедендік тасымалдаушының құқықтық статусы
- •2.Кедендік рәсімдеудің түсінігі, түрлері мен маңызы
- •3.Импорттық тауарларға қолданылатын ішкі салықтар.
- •1.Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау.
- •2.Кедендік режимдердің жалпы сипаттамасы. Кедендік режимдерді таңдау мен өзгерту.
- •3.Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу жүйесіндегі тарифтік емес әдістер.
- •1.Тауарлардың сыртқы саудасын мемлекеттік реттеудің әдістері.
- •2.Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялаудың нысандары.
- •3.Сыртқы сауданы шектеу: квоталау мен лицензиялау.
- •1. Кедендік әкімшіліктендіру элементтерінің классификациясы
- •2. Кедендік жүк декларациясына кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау жүргізу үшін құжаттар
- •3. Квоталау мен лицензиялаудың әдісі, түрлері мен мақсаттары
- •1. Кедендік бақылаудың объектілері, міндеттері мен мақсаттары
- •2.Кедендік статистиканың объектілері мен құқықтық негіздері
- •3. Кеден органдары мемлекеттк қызметкерлерінің құқықтық статусы
- •1. Жеке кедендік тексеріп қарау– кедендік бақылаудың ерекше түрі.
- •2. Қазақстан Республикасы территориясына әкелінген тауардың кедендік құнын анықтау.
- •3. Сыртқы сауданың кедендік статистикасын жүргізудің негізгі мақсаты.
- •1. Кедендік ережелерді бұзғаны туралы істерді қараудың тәртібі.
- •2.Кеден органдары жүйесінің құрылымы. Олардың функциялары, мақсаттары және міндеттері.
- •3. Кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу тәртібі және оларды төлеу.
- •1.Кеден ісі саласындағы халықаралық құқықтық ынтымақтастық
- •2.Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеудің объектілері мен субъектілері.
- •3.Қр кедендік тарифі және оны қолданудың қағидалары.
- •1. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және басқа да қызметке қатысушыларды тексеру кезіндегі кеден органдарының құзіреті.
- •2. Тауарларды әкелу және әкету кезіндегі тиым салу мен шектеулер.
- •3. Кедендік құнды анықтау жүйесінің жалпы сипаттамасы.
- •1.Кедендік сараптаманың объектілері мен заттары
- •2. Жүк тауарлар декларациясын қолдана отырып тауарларды кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылаудың кезеңдері
- •3. Кедендік баж ставкаларының түрлері.Оларды қолдану мен төлеу тәртібі
- •1. Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық, сауда және кедендік ұйымдармен ынтымақтастығы.
- •2. Жеке тұлғалардың әкелген тауарларын кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау тәртібі.
- •3. Кедендік құнды декларациялау тәртібі. Кедендік құн және оны анықтау әдістері.
- •1. Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасының халықаралық негізін құрушы құқықтық құжаттар.
- •2. Кеден органдары лауазымды тұлғаларының құқықтық статусы.
- •3. Тауарлар шығарылған елді анықтау. «Тауарлар шығарылған ел» ұғымы.
- •1. Кедендік сараптама жүргізу технологиясы.
- •2. Кедендік жеңілдіктер қолданатын шетелдік тұлғалардың тауарларын кедендік бақылау және кедендік ресімдеудің ерекшеліктері.
- •3. Тауарлар шығарылған елді анықтау өлшемдері. Тауардың шығарылғаны туралы сертификаттың ерекше нысандары.
- •1. Кеден органдарының экспорттық және импорттық тауарларды валюталық бақылау қызметі.
- •2. Кеден органдарының ақпараттандыру және консультация беруі. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпараттандыру.
- •3. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер мен тарифтік преференциялар.
- •1. Сыртқы экономикалық қызметті және басқа да қызметтерді кедендік әкімшіліктендіру аясында тексеру.
- •2. Арнайы кедендік статистика.
- •3. Преференциялық режимдер қағидалары. Преференциялық жеңілдіктерді пайдаланудың міндетті шарттары: тауардың шығарылған туралы сертификаты, тікелей жеткізу, міндетті сатып алу.
- •1. Кеден ісі саласындағы қылмыстардың түсінігі мен түрлері.
- •2. Қр кеден ісі саласындағы аудиттің түсінігі мен маңызы.
- •3. Қр кеден органдарының жүйесі: құрылымы мен функциялары.
- •Кеден кеден огандарының лауазымды тұлғаларын әлеуметтік қорғау.
- •Кедендік әкімшіліктендіру - мемлекеттік реттеу нысаны.
- •Қр кеден ісі саласындағы уәкілетті органының құқықтық статусы.
- •Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік тарифтік реттеуінің құқықтық негіздері.
- •Кедендік бақылау: объектілері, субъектілері, мақсаттары мен міндеттері.
- •Кеден органдарына қызметке қабылдау тәртібі.
- •Кедендік жүк декларациясының түсінігі, оны толтырудың шарттары мен талаптары.
- •Жеке кедендік тексеріп қараудың түсінігі, оны жүргізу шешімі мен тәртібі.
- •3. Кеден органдары мемлекеттік қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері.
- •1.Тәуекелдерді басқару және бағалау саласындағы кеден органдарының құзіреті. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тазалау кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып кедендік бақылау
- •2.Кедендік бақылау объектілерін бірегейлендіру мақсатында жүргізілетін кедендік сараптаманың тағайындау негіздері мен жүргізутәртібі.
- •3. Кеден органдары мемлекеттік қызметкерінің материалдық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі. Қазақстан республикасының кеден органдары
- •1. Кеден органдарының алдын ала шешімдерінің қолданылуы мен тағайындалуы.
- •2) Кедендік сараптаманың түсінігі, мәні, тағайындалуы және жүргізу әдістері.
- •3) Кеден органдарындағы әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді аттестациядан өткізу және оны жетілдіру жолдары.
- •1. Тәуекелді басқару жүйесін қолдану мақсаттары.
- •2. Кедендік сараптама кезеңдері: дайындау, талдау, нәтижелерді бағалау және қорытындыны негіздеу.
- •Кеден зертханаларында кедендiк сараптама жүргiзудiң Ережесі 1. Жалпы ережелер
- •2. Сараптаманың түрлерi
- •3. Сараптама жүргізу орны
- •5. Сараптама жүргiзуге қатысатын адамдардың мiндеттерi мен құқықтары
- •6. Сарапшының қорытындысы
- •7. Қорытынды ережелер
- •3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік саясаты.
- •2. Бажсыз сауда дүкені иесінің құқықтық статусы.
- •Қр кеден органдарының мемлекеттік қызметкерінің тәртіптік жауапкершілігі.
- •1. Кеден қоймасы иесінің құқықтық статусы.
- •2. Кеден органдарының жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес.
- •3. Қр кеден саясатының түсінігі, қағидалары мен мақсаттары.
- •1. Кеден органдарының сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен және басқа да тұлғалармен өзара іс-қимылы.
- •2.Кеден органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің заңды жауапкершілігінің түсінігі мен түрлері.
- •3. Кеден ісінің құрылымы мен мазмұны.
- •Басшылық
1.Кедендік әкімшіліктендірудің объектілері мен субъектілері
Кедендік әкімшілік - бұл Қазақстан Республикасының кеден ісі және халықаралық шарттар бойынша заңдылықгы сақтауды қамтамасыз ету максатында Қазақстан Республикасының кеден органдарымен кабылданатын шаралар жиынтығы. Кедендік әкімшіліктің объектілері: Қазақстанның кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік кұралдары; сол туралы құжаттар мен мәліметтер; осы тауарларға қатысы бар жеке және заңды тұлғалар — тауарлар иесі, олардың тапсырмалары бойынша жұмыс істейтін тұлғалар -кеден брокерлері, декларанттар, кедендік тасымалдаушьшар және т.б. олардың қүжаттары; іс жүзіндегі жағдайлардың кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізудің белгіленген тәртібіне сәйкестігі; Декларанттардың тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кеден органдарын келісімімен таңдаған кеден режимдерін сақтау мен үсыну мүмкіндігі. Кедендік әкімшілік тауар қозғалысының өндірісі, сақталуы. Сатып алуы, сатуы, тиеу, түсіру, қораптау, тасымалдау, сақтандыру, пайдалану сияқты кезеңдерін қамтиды.Кедендік әкімшілік субъектілері Қазақстан Республикасы кеден органдарының жүйесі,СЭҚ-ке қатыстырушылармен өзара қатынаста болатын билік өкілдіктерінің қызметтерін атқаратын олардың лауазымды тұлғалары.
2.Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік шекарадан өткізудің негізгі қағидалары.
Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарадан өткізу кезіндегі қағидалар мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: 1) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өту; 2) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өту туралы кеден органдарына хабарлау; 3) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пунктінде алдын ала кедендік ресімдеу; 4) тауарларды, көлік құралдарын және оларға арналған құжаттарды межелі кеден органына жеткізу; 5) тауарлар мен көлік құралдарын жеткізу туралы межелі кеден органына хабарлау; 6) тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау. 2. Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына құбыр тасымалын пайдалану және электр беру желілері бойынша өткізу кезіндегі алдын ала операцияларды жүзеге асырудың тәртібін уәкілетті орган айқындайды .
3. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу жүйесіндегі тарифтік әдістер.
«Сыртқы экономикалық қызмет» (СЭҚ) түсiнiгi Қазақстанның саяси және экономикалық өмiрiне 1987 жылы енуiне орай басқару жүйесiнiң өзгеру қажеттiлiгiне және сыртқы экономикалық реформалардың жүзеге асуына байланысты мәнi келесiдей болады: бiрiншiден, сыртқы сауданы орталықтандыру, екiншiден, мемлекетаралық сыртқы экономикалық қатынастардың кәсiпорын деңгейiндегi экономикалық қызметке сыртқа өтуi. Нәтижесiнде сыртқы экономикалық қызмет және сыртқы экономикалық қатынастар атты екi түсiнiк қалыптасты.
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметiн мемлекеттiк реттеу жүйесiнiң құрамы:
реттеудiң заңды-құқықтық иегiзi;
басқарудың институционалды-ұйымдастырушылық құрылымы;
сыртқы экономикалық қызметгi мемлекеттiк бағдарлау;
сыртқы саудалық мәселелердi квоталау және лицен-зиялау;
экспорттық шарттарды тiркеу;
импорттық тауарларды сертификациялау;
экспортталатын тауарлардың бағасына, сапасына және санына мiндеттi экспорттық бағалау;
кедендiк реттеу;
сыртқы экономикалық қызметтi валюталық және несие-ақшалай реттеу.
Сыртқы экономикалық қызметтi мемлекеттiк реттеудiң маңызды мақсаттары келесiлерден тұрады:
құрылымдық мәселелердi шешу;
республиканың басқа елдермен және халықаралық ұйымдармен өзара тиiмдi экономикалык қатынастарды құру және дамыту; экспорттық әлуеттi көбейту;
республикалық тауар өндiрушiлердiң шетел серiктестерiмен тiкелей қатынасты кеңейту мақсатында қолайлы халықаралық тәртiптi жасау және қолдау; шетел капиталын тарту;
қазақстандық кәсiпорындарды дүниежұзiлiк бәсекеге қосу, сапалы шикiзат пен материалдарды, жаңа технологияны ендiру, лицензия және патенттердi сатып алу арқылы ұлттык тауардын (өнiмнiң) сапасын және енбек өнiмдiлiгiн арттыру;
мемлекеттiк, қаржылық, ақпараттық көмек арқылы қазақстандық кәсiпкерлердiң дүниежүзiлiк нарыққа өту жағдайларын жасау;
iшкi нарықты қорғау, сыртқы экономикалық ұлттық мүдделердi қорғау.
Сыртқы экономикалық қызметті кеденді-тарифті реттеу кедендік төлемдер жүйесіне енетін экспорт-импорттық тарифтерді қолдануға байланысты жүргізіледі.Сыртқы экономикалық қызметтi мемлекеттiк реттеу маңызды шикiзат салаларының тауарларын сыртқа шығуын қадағалау, сонымен қатар экспорттауға құқығы бар кәсiпорындар мен ұйымдарды таңдау болып табылды. Сол сияқты, мемлекет трансұлттық корпорацияларды ынталандыруды, қарым-қатынастық интеграциялық формаларының дамуын өнеркәсiп қызметiнде шетелдiк серiктестерiмен бiрге жүзеге асырады.Тарифтің көмегімен, сондай-ақ сыртқы сауда балансының белсенді ортасын қалыптастырады, валюта ағымын арттырады, елдердің жекелеген нарықтарының дамуын көтереді. Одан басқа тарифтік реттеу қызметі салық қызыметімен тығыз байланыста жүргізіледі, ол өзіне тариф элементін жартылай алады да сонымен оны толықтырады.Кеден тарифі өзінің маңызы жағынан экономикалық сипатта деуге болады. Бұл жерде ол нарық экономикасы жағдайында болуына байланысты активті шешім тауып отыр. Импорттық тариф кеден реттеуінде негізгі үлесті алады, ішкі салық иесімен бірге қосылып, біріншіден, бағаның көлеміне ықпал етеді, кәсіпорындардың тиімділігі, Ұлттық валюта жағдайы, тауар құрылымының қалыптасуы т.б. жүйелерді реттеуде көмек етеді.Импорттық тарифті санау процесі, кеден тарифіндегі өнімнің номенклатуралық позициясын анықтау ғана емес сондай-ақ, кедендік бағаны анықтау әдісімен тығыз байланысты.
Әлемдік тәжірибеде сыртқы сауданы реттеудің экономикалық әдістері болып тарифтік реттеу саналады. Олар мемлекет шекарасынан өту кезінде ұлттық-импорттық ағымдардың бағалық көрсеткіштеріне ықпал етеді. Ең басты тарифтік реттеу, тауарға кеден салығын салу әдісі мен тәртібін, сондай-ақ, салық пен тарифтік түрлерін, оның себептерін, кеден жеңілдіктерін игру тәртібін анықтайды.
Халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер қызметінің көмегімен және де шекаралық жан-жақты келісімдер негізінде көптеген елдердің ұлттық -тарифтік реттеу жүйесі бірдей принциптер мен тәртіптерге сүйенеді, сондай-ақ, олардың ішін өзара көп ұқсастықтары бар, ол өздігінен халықаралық сауда процесін жеңілдетеді.Экспорттық кеден тарифі сыртқы сауданы реттеудегі тек шамалы елдер қолданатын құрал, негізінен дамушы елдер кіреді. Табиғи байлыққа бай, бірақ әлемдік тауар нарығында өздерінің шикізатты ұстау позициясын санайды. Кей жағдайда олар экспорттық бағаның өсуіне, сонымен бірге, оның валюталық ресурстарының толығуына ықпал етеді. Бірақ, экспорттық тарифті шектеу көмегімен экспорттың көлемі мен құрлымын өзгерту экспорттық потенциялды төмендетіп ішкі бағаға инфляциялық қысым жасауға әкеп соқтырады.Кеден тарифтік реттеу мәселелері көп жақты. Әлемдік тәжірибеде кең таралған бағыттарының бірі әр түрлі преференциялар мен жеңілдіктер беру жүйесі болып табылады.Тарифтік жеңілдіктер бір жақты не екі жаққа бірдей белгіленген шарттар бойынша кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға берілетін жеңілдіктер.Оларға мынандай жағдайларда қолданылады:1.Шет елде жұмыс істеп жатқан Қазақстан кәсіпорындарына жіберілетін азық-түлік, жабдықтау мен жасақтау заттары.2.Теңіз кәсіпшілігін жүргізетін кемелердің қызметін қамтамасыз ету үшін Қазақстанға әкелінетін кәсіпшілік өнімдері.3.Ұлттық валюта, шетел валютасы және бағалы қағаздар кеден төлемдерінен босатылады.4.Жүктілер мен жолаушыларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдарды.5.Қазақстанға ізгілік көмек ретінде әкелінетін тауарлар.6.Шет ел мемлекеттері және халықаралық тарапынан,қайырымдылық мақсаттарда әкелінетін және әкетілетін тауарлар.7.Қазақстан Республикасының ұлттық Банкі үшін әкелетін және кететін тауарлар.8.Кеден шекарасы арқылы жеке тұлғаларын өткізетін өндіріске және кәсіпкерлікке қатысы жоқ тауарлар.Преференциялар сауда экономикалық саясатын жүргізуідің тиімді құралы болып табылады және рынок өтіміне шикізат көздерінің және капиталды қолдану саласына бәсеке күресте қолданылады.Қазақстанның шет ел мемлекеттерімен сауда саяси қатынастарын жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының кеден тарифі бойынша бұрын төленген бажды қайтару, бажды төлеуден босату, баж мөлшерінің төмендеуі немесе преференциялық әкелуге тарифтік квоталарды орнату түрінде преференциялар қолданылады.Тарифтік преференциялардың қолданылу жағдайлары:Переренциялар Қазақстанның басқа шет мемлекеттерімен сауда аймағы мен кеден одағы құрған немесе одақ құруға әзірлік жасаған елдерден әкелінетін тауарларға қолданылады.Бес жылда бір рет қайта қаралып тұратын ұлттық артықшылықтар берілетін мемлекеттерден шығатын тауарларға қолданылады.Кедендік преференциялар Қазақстан Республикасының территориясына: дамушы елдерден шығатын тауарларға қатысты; нашар дамыған елдерден шығатын тауарларға қатысты преференциялар қолданылады.
№4 билет
