Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС-тын жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
275.04 Кб
Скачать

3. Қр кеден саясатының түсінігі, қағидалары мен мақсаттары.

Қазақстан кеден саясаты жалпы түрде – саяси, әлеуметтік-экономикалық қайта құруды жедел іске асыруға, оның ішкі және сыртқы экономикалық мүддесін қорғауға, оны жүзеге асыруға бағытталған саяси-құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және т.б. шаралар жүйесі.  Кеден саясаты Қазақстан Республикасы ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылады («Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы).  Ол ұлттық экономиканың жан-жақты дамуына жағдай жасауға, оны сырттан келетін құрылымсыз элементтер мен басқа да булдіргіш әсерлерден қорғауға міндетті. Егемен мемлекеттің терең ойластырылған, жан-жақты қарастырылған кеден саясаты сыртқы экономикалық мүддені сенімді түрде іске асырады, экономиканы күйреуден сақтайды, оның сауығуы мен көтерілуіне жол ашады.  Қазақстан Республикасы кеден ісінің 2-бабында еліміздің кеден саясатының мынандай мақсаттары айқындалған: Қазақстан рыногын қорғау; Қазақстандық өндірушілер мен тұтынушыларды қорғау; экономикада құрылымдық өзгертуді жүзеге асыруға ат салысу; дұрыс бәсекелестікті және монополизмге қарсы тұруды қостау; экспортқа жағдай туғызу және шетелдік тауарларды алмастырушы өндіріс орындарын қолдау; шетелден инвестиция тарту; сауда саясатын сонымен бірге Қазақстан Республикасы орталық билік органдары белгілеген басқа да мақсаттарды іске асыру.  Мемлекеттің кеден саясатының басты мақсаты – мемлекеттік бюджетті толықтыру. Зейнетақыға тұрмысы төмендерге, бюджет қызметкерлерінің жалақысына төленетін «тірі ақшаны» қазынаға түсіретін негізінен кеден ұйымдары. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арқылы кедендік-банктік бақылауды іске асыруда келісім-шарт бойынша қозғалыстағы тауарлар мен валютаны тексеруді күшейту бюджеттің кіріс бөлігін нығайтуға мүмкіндік береді.  Республиканың кеден ұйымдарының алдында республиканың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін келесідей міндеттер тұр:  - қару-жарақ пен есірткіні контрабандалық жолмен өткізумен күресу;  - тұтынушыларды денсаулықтары мен өмірлеріне қауіп тұғызатын азық-түліктер мен тауарлардан қорғау;  - терроризмнің алдын алу;  - стартегиялық және ядролық материалды заңсыз әкетуді болдырмау;  - ұлттық рыноктың өзін-өзі қамтамасыз ету қағидаларына қайшы келмейтіндей дәрежеде импорттың көлемі мен құрылымының ұлғаюына жағдай жасау;  - ойшылдық және көркемөнер құндылықтарын алып өтуді болдырмау;  - мемлекеттің құрылымын бұзуға, ұлттар арасында алауыздық туғызуға бағытталған ақпараттық материалды өткізбеу және т.б.  Қазіргі таңда Қазақстанның кеден саясаты қалыптасып болды. Ұлттық кеден саясатының қағидалары Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының құрамдас бөлігі болса, кедендік заңдылық – ұлттық заңдылықтың құрамдас бөлігі. Кеден саясатының қызметі келесідей:  - сыртқы экономикалық іс-әрекетті реттеу;  - кедендік реттеуде әкімшілік шара қолдану;  - отандық экспортты қорғау мен қолдау;  - импорттың үйлесімділігіне жағдай жасау;  - сыртқы экономикалық іс-әрекетке қатысушылардың құқықтық теңдігі мен мүддесінің қорғалуын қадағалау;  - сыртқы қызмет істеріндегі тарифтік артықшылықтар мен кедендік жеңілдіктер берудің неғұрлым басым бағыттарын мойындау. 

30 билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]