Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС-тын жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
275.04 Кб
Скачать

1. Кеден қоймасы иесінің құқықтық статусы.

Кеден қоймасының иесі

     Заңды тұлға кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілгеннен кейін кеден қоймасының иесі болып танылады.       2. Кеден қоймасының иесі осы Кодексте белгіленген жағдайларда және шарттарда кедендік бақылаудағы тауарларды сақтауды жүзеге асырады.       3. Кеден қоймасы иесінің декларанттармен немесе өзге мүдделі тұлғалармен қатынасы шарт негізінде құрылады.       4. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі кеден қоймалары иелерінің тізіліміндегі ақпаратты, сондай-ақ тиісті қызметті тоқтата тұру, қайта бастау немесе аталған тұлғаларды тізілімнен шығару туралы деректерді кеден ісі саласындағы уәкілетті органға жолдайды.       Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган ай сайын әр айдың бесінші күнінен кешіктірмей кеден ісі саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсына жаңартылған тізілімді орналастыруды қамтамасыз етеді.

Кеден қоймасы иесінің міндеттері

      1. Кеден қоймасының иесі:       1) кеден қоймасындағы тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;       2) кеден қоймасында тауарларды сақтауға қатысты осы Кодексте белгіленген шарттар мен талаптарды сақтауға;       3) кедендік бақылауды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;       4) кеден қоймасында сақтауда тұрған тауарлардың есебін жүргізуге және кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден органдарына мұндай тауарлар туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ұсынуға;       5) кеден қоймасының қызметкерлері болып табылмайтын және тауарларға қатысты өкілеттігі жоқ бөгде адамдарды сақтауда тұрған тауарларға кеден органының рұқсатынсыз жібермеуге;       6) сақтауда тұрған тауарларға кеден органы лауазымды адамдарының қол жетімділігіне қатысты кеден органдарының талаптарын орындауға;       7) кеден қоймасының жұмыс істеуі тоқтатылған жағдайда, кеден қоймасына тауарларды орналастырған тұлғаларға осы қойманың жұмыс істеуін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мұндай шешім туралы хабарлауға;       8) тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жоғалуын қоспағанда, оларды жоғалтқан не кеден органының рұқсатынсыз тауарларды берген жағдайда осы Кодекске сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттер туындаған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарын төлеуге;       9) заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген кезде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергендігі туралы мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.       Кеден қоймасының аумағы тек осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес пайдаланылуға тиіс. Көрсетілген орындарды өзге мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.

Кеден қоймасының иесі кеден қоймасында тауарларды сақтау кезінде өзінің міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]