Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС-тын жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
275.04 Кб
Скачать

2. Кедендік сараптама кезеңдері: дайындау, талдау, нәтижелерді бағалау және қорытындыны негіздеу.

Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы

      1. Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысында:       1) кедендік сараптама жүргізудің орны, нөмірі және күні;       2) кедендік сараптама жүргізу үшін негіздеме;       3) кедендік сараптаманы жүргізген кедендік сарапшының (сарапшының) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және оның біліктілігі;       4) кедендік сарапшының (сарапшының) кедендік сараптама жүргізу кезінде қасақана жалған қорытынды бергені үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылығы жөнінде ескертілгені туралы кедендік сараптама жүргізген ұйымның мөрімен расталатын, оның қолымен куәландырылған белгі;       5) кедендік сарапшының (сарапшының) алдына қойылған мәселелер;       6) кедендік сараптама жүргізу үшін кедендік сарапшыға (сарапшыға) ұсынылған құжаттардың, материалдардың, сынамалар мен үлгілердің тізбесі;       7) қолданылған әдістерді, пайдаланылған аспаптар мен жабдықтарды көрсете отырып, зерттеулердің мазмұны мен нәтижелері, зерттеулердің нәтижелерін бағалау, қойылған мәселелер бойынша түйіндер және олардың негіздемесі көрсетіледі.       2. Кедендік сарапшының (сарапшының) немесе бірнеше сарапшының қорытындысын көрнекілейтін материалдар мен құжаттар сол қорытындыға қоса тіркеледі және оның құрамдас бөлігі болып табылады.       Қосымшаларға және (немесе) көрнекі материалдарға кедендік сарапшы (сарапшы) қол қояды және кедендіксараптаманы жүргізген ұйымның мөрімен куәландырылады.       Егер кедендік сараптама бірнеше сарапшының қатысуымен өткізілген болса, кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысына барлық сарапшы қол қояды және кедендік сараптаманы жүргізген ұйымның мөрімен расталады.       Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысындағы түйіндер қойылған сұрақтарға жауаптар түрінде жазылады, бұл ретте жауаптардың берілу реті қойылған сұрақтардың ретіне сәйкес келуге тиіс.       3. Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы жазбаша түрде екі данада ресімделеді, бір данасы кедендіксараптама жүргізген ұйымда қалады, екінші данасы кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органына жіберіледі.

      Кедендік сараптаманың түрлері

      1. Кедендік бақылау мақсатында кедендік сараптаманың мынадай: сәйкестендіру, тауартанушылық, материалтанушылық, технологиялық, криминалистік және іс жүргізуде қажеттілік туындайтын өзге де түрлері жүргізіледі.       2. Тартылатын кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) санына қарай жеке-дара, комиссиялық немесе кешенді кедендік сараптама тағайындалады.       Жеке-дара кедендік сараптаманы кедендік сарапшы (сарапшы) жеке-дара жүргізеді.       Комиссиялық кедендік сараптаманы бір мамандықтағы кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) комиссиясы жүргізеді. Кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) арасында келіспеушіліктер болған кезде олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бір бөлігі кедендік сарапшының (сарапшының) бөлек қорытындысын ұсынуға құқылы.       Кешенді кедендік сараптаманы іс үшін маңызы бар мәнжайларды анықтау үшін кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) құзыреті шегінде әр түрлі мамандықтағы білімдерді пайдалану негізінде зерттеу қажет болған жағдайда, кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) комиссиясы жүргізеді. Әрбір кедендік сарапшы (сарапшы) кедендік сарапшы (сарапшы) қорытындысының өзі кедендік сараптама жүргізген бөлігіне қол қояды.       3. Кедендік сараптама бастапқы, қосымша және қайталама сараптама болып бөлінеді.       Бастапқы кедендік сараптама объектілерді, сынамаларды және үлгілерді зерделеу үшін кеден органының өтініші бойынша жүргізіледі.       Қосымша кедендік сараптама жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша тағайындалады. Қосымша кедендік сараптамажүргізу сол немесе басқа кедендік сарапшыға (сарапшыға) тапсырылады.       Қайталама кедендік сараптама декларант, сондай-ақ кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органы бастапқы және (немесе) қосымша кедендік сараптамалардың нәтижелері бойынша кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысымен келіспеген жағдайларда жүргізіледі.       Қайталама кедендік сараптама бастапқы және (немесе) қосымша кедендік сараптамаларды жүргізген кедендік сарапшыны (сарапшыларды) қоспағанда, екі және одан да көп кедендік сарапшылардан (сарапшылардан) тұратын комиссияға тапсырылады. Бастапқы және (немесе) қосымша кедендік сараптамаларды жүргізген кедендік сарапшылар (сарапшылар) қайталама кедендік сараптама жүргізілген кезде оған қатысуы және комиссияға түсіндірме беруі мүмкін, алайда олар кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысын зерттеуге және жасауға қатыспайды.       Қайталама кедендік сараптаманы жүргізу тәртібі Комиссияның шешімімен айқындалады.       Қосымша және қайталама кедендік сараптамаларды жүргізу кезінде кедендік сарапшыға (сарапшыға) міндетті түрде алғашқы кедендік сараптаманың нәтижелері ұсынылады.

       Тауарлардың сынамалары мен үлгілері

      1. Кедендік сараптаманы жүзеге асыру мақсатында кеден органының лауазымды адамы осы Кодекстің 223 және 299-баптарында көзделген кедендік тексеруді және кедендік декларациялауды жүргізу кезінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды жүргізеді. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, декларанттың не кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаның немесе олардың өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.       Арнайы және (немесе) ғылыми танымдарды пайдалану және техникалық құралдарды қолдану қажет болған кезде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу кедендік сарапшының (сарапшының) қатысуымен жүргізіледі. Кеден органы лауазымды адамының кедендік сараптаманы жүргізетін ұйымға өтініші кедендік сарапшының (сарапшының) тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға қатысуы үшін негіз болып табылады.       2. Егер, осы Кодекстің 205-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларда, кедендік декларациялауды жүзеге асыру кезінде декларант не кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлға немесе олардың өкілдері болмаса, онда кеден органының лауазымды адамы екі куәгердің қатысуымен тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды дербес жүргізуге құқылы.       Декларант немесе сыртқы экономикалық қызметке қатысушы кедендік тексеруді жүзеге асыру кезінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды жүргізуден немесе оған қатысудан жазбаша бас тартқан жағдайда, кеден органының лауазымды адамы екі куәгердің қатысуымен тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды дербес жүргізеді.       3. Тауарлардың сынамалары мен үлгілері олардың зерттеу мүмкіндігін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттамаға сәйкес талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін ең аз мөлшерде алынады.       Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу туралы Комиссияның шешімімен белгіленген нысан бойынша үш данада акт жасалады.       Бірінші дана кеден органында қалады; екінші данасы тауарлардың іріктеп алынған сынамаларымен және үлгілерімен бірге кедендік сараптаманы жүргізуге уәкілетті ұйымға жіберіледі; үшінші данасы декларантқа, тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге де тұлғаға немесе, егер олар анықталса, олардың өкілдеріне табыс етілуге (жіберілуге) жатады.       4. Декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге де тұлға немесе олардың өкілдері кеден органдарының лауазымды адамдары тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуы кезінде қатысады. Көрсетілген тұлғалар кеден органдарының лауазымды адамдарына тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға жәрдемдесуге, оның ішінде өз есебінен қажетті жүк операциялары мен өзге де операцияларды жүзеге асыруға міндетті. Декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие тұлға немесе олардың өкілі болмаса, тауарларды табыс еткеннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң ол келмеген жағдайда, сондай-ақ кейінге қалдыруды күтпейтін мән-жайларда тауарлардың сынамалары мен үлгілерін кеден органдарының лауазымды адамдары іріктей алады. Мұндай жағдайларда тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу екі куәгердің қатысуымен тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу туралы акт жасала отырып, жүзеге асырылады.       Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге тұлғалар немесе олардың өкілдері болмаған кезде кеден органдары осы Кодекстің 205-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда іріктеп алады.       Бұл жағдайларда тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу екі куәгердің қатысуымен жүзеге асырылады.       5. Тауарлардың сынамалары және (немесе) үлгілері оларды орамның бүтіндігін бұзбай алу мүмкін болмайтындай етіп оралады.       6. Кеден органы декларантта, тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге де тұлғада немесе олардың өкілдерінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу нәтижесінде туындаған шығыстарды өтемейді.       7. Кедендік сараптама аяқталғаннан кейін сынамалар мен үлгілер:       тауарлардың сынамалары мен үлгілері зерттеу процесінде жұмсалған не зерттеулер және (немесе) сынақтар нәтижесінде жойылған;       тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген тауарлардың құрамы кедендік сараптама жүргізу барысында алынған тауарлардың құрамына сәйкес келмейтіні анықталған, соның нәтижесінде мұндай сынамалар мен үлгілер мерзімі стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттамада айқындалған мерзімге сақтауда қалған;       тауарлардың сынамалары мен үлгілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жойылуға немесе кәдеге жаратуға жататын жағдайларды қоспағанда, кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органының лауазымды адамына қайтарылады.       Сараптама қызметі саласындағы ынтымақтастық

      Кедендік сараптамалар жүргізетін ұйым осы Кодекске сәйкес бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми және әдістемелік ақпарат алмасу, кәсіби даярлық және кедендік сарапшылардың біліктілігін арттыру мақсатындасараптама қызметін жүзеге асыратын ұйымдармен және қызметтермен байланыс орнатуға құқылы.

Кеден одағына мүше мемлекеттердің кедендік                сарапшыларын тарта отырып, кедендік                сараптама жүргізу

      1. Кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органы осы Кодексте белгіленген тәртіппен, өз бастамашылығымен не кедендік сараптамалар жүргізетін ұйым басшысының өтініші бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттердің кедендіксараптама саласындағы кедендік сарапшыларын тарту туралы өтініш білдіруге құқылы.       2. Кеден одағына мүше мемлекеттердің кедендік сарапшыларын тарта отырып, кедендік сараптама жүргізу осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]