Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС-тын жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
275.04 Кб
Скачать

3. Кеден органдары мемлекеттік қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері.

Құқықтары:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан және шет мемлекеттердiң органдарынан, декларанттардан, кеден iсi саласындағы қызметтi жұзеге асыратын тулғалардан және тексерiлетiн тұлғалардан қажеттi ақпаратты, сондай-ақ кеден iсi саласына қатысты құжаттар мен мәлiметтердi сұратуға және алуға;

2) кедендiк бақылау жүргiзу кезiнде бiлiмнiң әр түрлi салаларының мамандарын тартуға;

3) кеден одағының кедендiк аумағынан кеден органдарының рұқсатынсыз шығып кеткен көлiк құралдарын тоқтатуға, сондай-ақ су және әуе кемелерiн мәжбүрлеп қайтаруға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден iсi саласында құқық бұзушылық, қылмыс жасаған немесе құқық бұзушылық, қылмыс жасаған деп күдiк келтiрiлген адамдарды ұстауға және Қазақстан Республикасының кеден немесе өзге де органдарының қызметтiк үй-жайларына жеткiзуге;

5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес фактiлер мен оқиғаларға құжаттама жүргiзуге, бейне және дыбыс жазба жасауға, киноға және фотосуретке түсiруге;

6) кеден органдарының ресмиөкiлдерiн Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттерге жiберуге;

7) ақпараттық жүйелердi, байланыс жүйелерiн және деректердi беру жүйелерiн, кедендiк бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзiрлеуге, жасауға, иеленуге және пайдалануға;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдарына жүктелген функцияларды орындау үшiн қаруды, арнаулы техникалық және өзге де құралдарды, сондай-ақ арнаулы иттердi қоса алғанда, тауарларды иеленуге;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене күшiң арнаулы құралдарды және атыс қаруын қолдануға;

10) «Жедел-iздестiру қызметi туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға;

11) кеден iсi саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға жөне Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiңде көзделген тәртiппен әкiмшiлiк жазалар қолдануға;

12) Қазақстан Республикасындағы кеден iсi Кодексінде, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

Міндеттері:

1) декларанттардың және кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың заңды құқықтарын сақтауға және мемлекет мүдделерiн қорғауға;

2) кеден органының және (немесе) кеден органының лауазымды адамдарының шешiмiне, iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға;

3) кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал ететiн жағдайлар жасау жолымен сыртқы сауданың дамуына жәрдемдесуге;

4) кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы еткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты кедендiк бақылауды жүзеге асыруға;

5) Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңнамасында кезделген тәртiппен кеден iсi саласындағы қылмыстар туралы iстер бойынша анықтауды жүзеге асыруға;

6) өз өкiлеттiгi шегiнде декларанттарға және кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларға өз құқықтарын iске асыруға жәрдемдесуге;

7) кедендiк төлемдер мен салықтардың толық өндiрiп алынуын және бюджетке уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;

8) Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының кедендiк статистикасын және арнаулы кедендiк статистикасын жүргiзудi жүзеге асыруға;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдарының қызметiне, кеден органдарының лауазымды адамдарына және олардың отбасы мүшелерiне қатысты құқыққа қарсы iс-әрекеттерден қорғауды қамтамасыз етуге;

10) кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтардың жасалғандығы туралы ақпарат жинауды және талдауды жүзеге асыруға;

11) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарымен және басқа да тиiстi мемлекеттiк органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, кеден одағының кедендiк шекарасын қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға;

12) қаржы мониторингi женiндегi уәкiлеттi органның сұратуы бойынша, «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландырүға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді табыс етуге;

13) белгiленген мерзiмдерде бюджетке теленбеген кедендiк төлемдер мен салықтардың сомаларын, сондай-ақ өсiмпұлды өндiрiп алуға;

14) кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына сәйкес кедендiк әкiмшiлiк жүргiзудi жүзеге асыруға;

15) мемлекет меншiгiне айналдырылған тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;

25 билет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]