Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС-тын жауаптары.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
275.04 Кб
Скачать
  1. Кедендік бақылау: объектілері, субъектілері, мақсаттары мен міндеттері.

Кедендік бақылау - Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарын сақтау бойынша Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын. орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген шаралардың жиынтығы.

Кедендік бақылау объектілері:

  • Кеден одағының кеден шекарасы арқылы өткізілетін және декларациялауға жататын тауарлар мен көлік құралдары;

  • Кеден одағының кеден заңнамасына және ҚР заңнамасына сәйкес табыс ету көзделген декларациялар, тауарлар туралы құжаттар мен мәліметтер;

  • Кеден одағының кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізуге, кеден ісі саласындағы қызметтер көрсетуге байланысты тұлғалардың қызметі, сондай-ақ жеке кедендік рәсімдер шеңберінде жүзеге асырылатын қызметтер;

  • Кеден одағының кеден шекарасын кесіп өтетін тұлғалар жатады.

Кедендік бақылау субъектілері: Кеден органдар жүйесі,кеден шекарасы арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізумен байланысты СЭҚ қатысушыларымен өзара байланысты өкімет өкілдерінің қызметін атқаратын олардың лауазымды тұлғалары жатады.

Кедендік бақылаудың басты мақсаты:түрлі тексерулер көмегімен өткізілген операциялар мен әрекеттердің кедендік заңдарға сай болуын, кедендік қызметке қатысушы жеке және заңды тұлғалардың белгіленген кедендік ережелер мен процедураларды орындауын анықтау.

Кедендік бақылау міндеттері:

  • Кеден заңнамаларының сақталуын қамтамасыз ету

  • Кеден ісін жүргізуде заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау

  • Өз құзыреті шегінде ҚР-ның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

  • Өз құзыреті шегінде валюталық бақылауды жүргізу

  • Кедендік баждар, салықтар мен басқа да кедендік төлемдерді алу

  • Кедендік шекара арқылы рұқсат етілген тауарлар мен көлік құралдарының өткізілуін қамтамасыз ету

  • Кеден шекарасынан өткізілетін және рәсімделетін тауарлардың айналымына жағдай жасау.

Кедендік бақылау нысандары

Мыналар:       1) құжаттар мен мәліметтерді тексеру;       2) ауызша сауалнама;       3) түсіндірмелер алу;       4) кедендік қадағалау;       5) кедендік қарау;       6) кедендік тексеріп қарау;       7) жеке кедендік тексеріп қарау;       8) тауарлардың арнайы таңбалармен таңбалануын, оларда сәйкестендіру белгілерінің болуын тексеру;       9) үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарау;       10) кедендік бақылаудағы тауарларды есепке алу;       11) тауарларды есепке алу жүйесін және олар бойынша есептілікті тексеру;       12) кедендік тексеру кедендік бақылау нысандары болып табылады.

  1. Кеден органдарына қызметке қабылдау тәртібі.

Кеденоргандарынақызметкекабылдауүшін:

1) қызметкежарамдылығытуралымедициналықкорытынды;

2) міндеттіарнаулытексеру;

3) кеденісімәселелеріжөніндегіуэкілетгі орган белгілегенбіліктілікталаптарынасәйкес болу қажет

Егер де тексеру кезінде кеден органына қызметке алуға болмайтын жағдайлар кездессе, онда кеден органының төрағасы бір ай ішінде алуға жарамайтын жағдайларды көрсетіп, оган жазба-ша жауап береді. Азаматолшешімменкеліспесе сотка не болмасажоғарғыкеденорганынашағымданаалады.

Келес іжағдайларда азамат кеден органын ақыз метке алын-байды:

іс-әрекетке қабілеті нашар, не болмаса тіпті жоқ деген занды күші бар соттыңшешіміболса;

белгілі бір мерзімге мемлекетгік қызметке апуға кұқығы алып тасталынса

медициналық мекеменің кеден қызметі не жарамайтын ауру дегенм эліметі болса;

кеден органында жақын туыстары оның басшысы, не бол-маса қоластында істейтін болса;

шетел азаматы болса.

Кеден органдарына кызметке конкурс жеке келісім шарт толтыру немесе кызметке тағайындау арқылы алынады.

Кеден органына алынғанда үш айға дейін сыннан өтеді: сынаудың мақсаты - мамандық қабілетін тексеру. Бұл жөнінде ол сол орынға стажер болып арнайы атақ берусіз тағайындалады.

Қазакстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарымен айқындалатын негіздер бойынша, сондай-ақ жағымсыз себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған адамдарды кеден органдарына қызметке қабылдауга болмайды.

Кеден органдарына кызметке қабылданған әскери міндеттілер белгіленген тәртіппен әскери есептен шығарылады және кеден органдарында арнаулы есепте тұрады.

Кеден органына қызметке орналасқан жас мамандар кеден Ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртІппен кеден бекеттерінде, кедендерде жэне кеден ісі мэселелері жөніндегі уәкілетті органнын аумақтық бөлімшелерінде міндетті тағлымдамадан өтеді.

Қызметке тағайындау мен босату мынадай тэртіппен жүргізіледі.

Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның басшысын Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган басшысының орынбасарларын кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Кеден органдарының басқа лауазымды адамдары кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.

Кеден органдарының лауазымды адамдарына кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіпнен куәліктер мен жеке номерлік мөрлер беріледі.

Кеден органының лауазымды адамы кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Қазақстан халқына адал болуға ант береді.

24-билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]