Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС-тын жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
275.04 Кб
Скачать
  1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік тарифтік реттеуінің құқықтық негіздері.

1. Одақтың кедендік аумағында Комиссия бекіткен және Одақтың сауда саясатының құралдары болып табылатын Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасы және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі қолданылады.       2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифін қолданудың негізгі мақсаттары:       1) Одақтың дүниежүзілік экономикаға тиімді интеграциялануы үшін жағдайларды қамтамасыз ету;       2) Одақтың кедендік аумағына тауарлар әкелудің тауарлық құрылымын ұтымды ету;       3) Одақтың кедендік аумағында тауарлар әкету мен әкетудің ұтымды арақатынасын сақтау;       4) Одақта тауарлар шығару және тұтыну құрылымындағы прогрессивті өзгерістер үшін жағдай жасау;       5) Одақ экономикасының салаларын қолдау болып табылады.       3. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде кедендік әкелу баждары мөлшерлемелерінің мынадай:       1) салық салынатын тауарларға кеден құнының пайыздарында белгіленетін адвалорлық;       2) салық салынатын тауарлардың зат түріндегі физикалық сипаттамасына (саны, массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамалары) қарай белгіленетін өзіндік ерекшелікті;       3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген екі түрді ұштастыратын құрамдастырылған түрлері қолданылады.       4. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері біртұтас болып табылады және осы Шарттың 3536 және 43-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізетін тұлғаларға, мәмілелердің түрлеріне және өзге де мән-жайларға қарай өзгертілуге жатпайды.       5. Одақтың кедендік аумағына тауарлар әкелуді жедел реттеу үшін қажет кезінде маусымдық кедендік баждар белгіленуі мүмкін, олардың қолданыс мерзімі жылына 6 айдан аспайды және олар Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде көзделген кедендік әкелу баждарының орнына қолданылады.       6. Одаққа қосылған мемлекет, мұндай мемлекеттің Одаққа қосылуы туралы халықаралық шарт негізінде Комиссия бекіткен тауарлар мен мөлшерлемелер тізбесіне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің мөлшерлемелерінен ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін қолдануға құқылы.       Одаққа қосылған мемлекет өздеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен салыстырғанда кедендік әкелу баждарының неғұрлым төмен мөлшерлемелері қолданылатын тауарлардың өз аумағының шегінде ғана пайдаланылуын қамтамасыз етуге және мұндай тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің мөлшерлемелері бойынша есептелген кедендік әкелу баждарының сомасы мен тауарларды әкелу кезінде төленген кедендік әкелу баждары сомасының айырмасы мөлшерінде кедендік әкелу баждарын төлеместен, басқа мүше мемлекеттерге әкетуге жол бермеу жөнінде шаралар қолдануға міндетті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]