Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС-тын жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
275.04 Кб
Скачать

3. Қр кеден органдарының жүйесі: құрылымы мен функциялары.

Қазақстан Республикасының кеден органдары жүйесi:

1) кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органнан;

2) кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық (облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша) бөлiмшелерiнен;

3) кедендерден;

4) кеден бекеттерiнен;

5) кеден одағының кедендiк шекарасындағы бақылау-өткiзу пункттерiнен

6) мамандандырылған кеден мекемелерiнен тұрады.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен кедендiк ақпараттық-есептеу орталығы, кедендiк зертханалар, кинологиялық, оқу-әдiстемелiк, ғылыми-зерттеу және басқа да мамандандырылған кеден мекемелерi, жоғары кәсiби және қосымша бiлiм беретiн бiлiм мекемелерi, сондай-ақ қызметi Қазақстан Республикасындағы кеден iсi Кодексіне сәйкес кеден органдарына жүктелген мiндеттердi шешуге жәрдемдесетiн мемлекеттiк кәсiпорындар құрылады. Кеден органдарының кеден органдарына тән танымдық туы және танымдық белгiсi болады. Кеден органдарының танымдық туы мен танымдық белгiсiнiң сипаттамасын және қолданылу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

Қазақстан Республикасындағы кедендiк реттеу кеден одағының кеден заңнамасына, ал ондай заңнамамен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Кеден iсiн iске асыру кезiндегi мемлекеттiк басқару саласы кеден iсiнiң аясы болып табылады. Кеден iсi саласында тiкелей басшылық жасауды кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

Кеден органдары Кеден одағының кедендік аумағында мынадай негізгі міндеттерді шешеді: 1) Кеден одағының бірыңғай сауда саясатын іске асыруға жәрдемдесуді; 2) орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген Кеден одағының кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының және өзге де заңнамасының орындалуын қамтамасыз етуді; 3) кедендік операциялар жасауды және кедендік бақылау жүргізуді, оның ішінде өзара әкімшілік көмек көрсету шеңберінде жүргізуді; 4) кедендік төлемдерді және салықтарды, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы және өтемдік баждарды өндіріп алуды, олардың есептелуінің дұрыстығын және уақтылы төленуін бақылауды, өз құзыреті шегінде оларды мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдауды; 5) өз құзыреті шегінде кедендік-тарифтік реттеу шараларының, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын қамтамасыз етуді және тағы да басқа көптеген міндеттерді шешеді;      

22- билет

  1. Кеден кеден огандарының лауазымды тұлғаларын әлеуметтік қорғау.

Кеден органдарының лауазымды адамдарына ақшалай үлес Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде белгіленеді және оған Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін тәртіппен ақшалай қаражат, қызмет атқарудың ерекше жағдайлары үшін үстеме ақы кіреді.

Кеден органдары лауазымды адамдарының ақшалай қаражаты лауазымды қызметақы мен арнаулы атақ үшін қосымша ақыдан тұрады.

Еңбек сіңірген жылдарына қарай лауазымды қызметақыға коэффициент белгілеу құқығын беретін қызмет өтіліне:

1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарында және басқа да құқық қорғау органдарында;

2) мемлекеттік қызметте;

3) соттарда;

4) Қазақстан Республикасының өкілдік органдарында сайланбалы қызметтерде қызмет (жұмыс) істеген уақыты есептеледі.

Қызмет міндеттерін үлгілі орындағаны және қызметтегі жоғары көрсеткіштері үшін кеден органдарының лауазымды адамдарына көтермелеу мен наградалардың мынадай түрлері беріледі:

1) алғыс жариялау;

2) біржолғы ақшалай сыйақы беру;

3) бағалы сыйлықпен марапаттау;

4) Құрмет грамотасымен марапаттау;

5) «Кеден органдарындағы үздік қызметі үшін» төсбелгісімен марапаттау;

6) «Кеден қызметінің еңбек сіңірген қызметкері» Құрмет белгісімен марапаттау;

7) кезекті арнаулы атақты мерзімінен бұрын беру;

8) атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген атақтан бір саты жоғары арнаулы атақ беру;

Көтермелеу ретінде бұрын берілген тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау қолданылуы мүмкін.

Кеден органдарының лауазымды адамдарына екі лауазымды қызметақы мелшеріндегі сауығуга арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күндік жыл сайынғы ақы төленетін демалыс беріледі.

Кеден органдарының лауазымды адамдарын зейнетакымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Кеден органының лауазымды адамы қызметтік міндетін орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда қаза тапқан адамның отбасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жағдайларда және тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын алаң алуға құқылы.

Кеден органының лауазымды адамы қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасына немесе асырауындағы адамдарға (мұрагерлеріне):

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен республикалық бюджет есебінен қаза тапқан адамньщ атқарған соңғы қызметі бойынша алпыс айлық ақшалай қаражат мөлшерінде біржолғы өтем төленеді;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде және тәртіппен асыраушысынан айырылған жағдайда берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады.

Кеден органының лауазымды адамы қызметтік міндеттерін орындау барысында өзінің кәсіби қызметімен одан ары айналыса алмайтындай болып мертіккен не денсаулығына өзге де зақым келген жағдайда, аталған адамға республикалық бюджет есебінен мынадай мөлшерде:

1) бірінші топтағы мүгедекке - отыз айлық ақшалай қаражат мөлшерінде;

2) екінші топтағы мүгедекке - он сегіз айлық ақшалай қаражат мөлшерінде;

3) үшінші топтағы мүгедектерге - алты айлық ақшалай қаражат мөлшерінде;

4) мүгедектік белгіленбей, еңбекке қабілеттілігін тұрақты жоғалтуы анықталған кезде - бір жарым айлық ақшалай қаражат мөлшерінде біржолғы өтем төленеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]