Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС-тын жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
275.04 Кб
Скачать

3. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер мен тарифтік преференциялар.

Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер

Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер деп:1) тарифтік преференциялар; 2) тарифтік жеңілдіктер (кедендік баждарды төлеу бойынша жеңілдіктер); 3) салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер; 4) кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер түсініледі. Тауарларды кедендiк декларациялағаны үшін кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер деп түсініледі. Тарифтік преференциялар Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына және халықаралық шарттарына сәйкес табыс етіледі. Тарифтік жеңілдіктердің түрлері, оларды беру тәртібі мен жағдайлары Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес айқындалады.       Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес қабылданған Кеден одағы органдарының шешімдерімен тарифтік жеңілдіктерді беру Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылатыны анықталған жағдайларда, тарифтік жеңілдікті сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган береді. Тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлардың тізбесін, сондай-ақ тарифтік жеңілдіктер беру тәртібі мен шарттарын сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайды. Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендiк алымдар бойынша жеңілдіктер айқындалады. Салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтар мен кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер оларды салудан босату түрінде беріледі. Кедендік төлемдер мен салықтар салудан босатуды ұсыну мақсатында кеден органдары Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарымен бірлескен актілерінде айқындалатын тәртіппен өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды. Кедендiк алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер, ҚР Кеден ісі туралы Кодекстің 122-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке сипатта бола алмайды. Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерінде кедендік алымдар бойынша жеңілдіктер беруге тыйым салынады.

20 билет.

1. Сыртқы экономикалық қызметті және басқа да қызметтерді кедендік әкімшіліктендіру аясында тексеру.

Кедендік әкімшілікті жүргізу Сыртқы экономикалық қызметті тездетуге мүмкіндік беретін жағдайлар жасайды. Сыртқы экономикалық қызмет елдің кеден шекарасы арқылы занды тұлғалар мен жеке тұлғалардың тауарлар мен көлік құралдарын өткізумен байланысты. Мұнда тауарлар мен көлік құралдары кедендік әкімшілік пен кедендік ресімдеуге жатады. Кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды кедендік әкімшіліктендіру механизімін түсіну үшін осы процестермен байланысты негізгі терминдер мен түсініктерді ескеру қажет. Кеден органдарына жүктелген қызметтерді жүзеге асыру үшін елдің кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік кұралдарын ең алдымен кедендік әкімшілікті және кедендік ресімдеуді жүзеге асыру қажет. Кедендік әкімшілікті жүзеге асыру кезінде кеден органы кедендік декларациядағы ақпаратгарды тексеру мақсатында тұлғалардан жазбаша түрде барлық құжаттар мен мәліметтерді сұратып алуға құқылы. Кеден құқығы мемлекеттік және басқа кеден ісіне қатысушылардың мүддесін қорғайтын айтарлықтай анық бағытқа ие болуы тиіс. Бұл бағыттар ең тиімді кедендік әкімшілік етуді немесе кеден шекарасынан өткізетін процедуралар мен бақылау қызметтерін, кеден режимін анықтауда кеден төлемдерін есептеу мен алуды, кеден рәсімдеуін, кеден бақылауын жүзеге асыруды, жауапкершілік мәселелерін жүзеге асыру кезінде белгілі бір жариялылықты талап етудің түрлерін айқындауы қажет. Кеден заңында қарастырылатын кедендік әкімшіліктендірудің делдалдық қызметін пайдалану нысаны (кеден брокері немесе кеден тасымалдаушысы), кеңес және ақпарат беру, кейбір процедуралар мен қызметтерді жеңілдету сияқты мұнда шынында, кеден органдарының өкілеттілігінің бір бөлігін басқа ұйымдарға беру әр түрлі бұзушылыққа және қиянат етушілікке алып келуі мүмкін. Кедендік әкімшіліктің субъектілері Қазақстан Республикасы кеден органдарының жүйесі,СЭҚ-ке қатыстырушылармен өзара қатынаста болатын билік өкілдіктерінің қызметтерін атқаратын олардың лауазымды тұлғалары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]