Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС-тын жауаптары.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
275.04 Кб
Скачать

2. Кеден органдарының ақпараттандыру және консультация беруі. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпараттандыру.

Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпараттандыру ресми және өзге де мерзімдік баспасөз басылымдарында Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының нормативтік-құқықтық актілерін жариялау жолымен, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, олар туралы ақпаратты телевизия және радио арқылы жалпы жұрттың назарына жеткізу жолымен жүзеге асырылады.       Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпараттандыру ауызша түсіндірулер мен хабарландырулар, ақпараттық стендтер, табло, буклеттер және өзге де баспа материалдары, сондай-ақ бейне-, дыбыс және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпарат тарату үшін қолданылатын басқа да техникалық құралдар пайдаланыла отырып, оның ішінде көпшіліктің қолы жетімді және тегін таныстырылатын мынадай жерлерде: 1) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде; 2) әуежайларда, теміржол және автомобиль станцияларында, су порттарында; 3) халықаралық тасымалдарды орындайтын көлік құралдарында; 4) кедендік бақылау аймақтарында, сондай-ақ кеден органдары айқындайтын өзге де жерлерде жүзеге асырады. Кеден органдары тұлғалардың ресми интернет-ресурстарында орналастырылған Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпаратқа олардың кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Кеден органдарының консультация беруі

Кеден органдары мүдделі тұлғаларға Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына қатысты мәселелер және кеден органдарының құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша консультация береді. Кеден органдарының консультация беруі ауызша және жазбаша нысандарда тегін жүзеге асырылады. Кеден органы мүдделі тұлғаның жазбаша сауал салуы бойынша ақпаратты мүмкіндігінше қысқа мерзімде жазбаша нысанда, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімнен кешіктірмей беруге міндетті. Консультация беру кезінде кеден органдарының лауазымды адамдары кеден органының атынан кедендік декларацияларды және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден органына ұсынылуға жататын өзге де құжаттарды тексермейді, сондай-ақ мұндай кедендік декларациялар мен құжаттарды жасамайды.      Құжаттарды толтыруға байланысты консультациялар, мүдделі тұлға табыс еткен ақпаратты тексермей, ауызша нысанда жүргізіледі. Консультация беру кезінде кеден органының лауазымды адамы: 1) кеден органдарының құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша консультация жүргізуге; 2) мүдделі тұлғалар табыс еткен құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге; 3) мүдделі тұлғалардың құжаттарына өкімдік жазбалар жазуға, кеден органдарына нұсқау беруге немесе қандай да бір өзге де тәсілмен кеден органының кейінгі шешімдеріне немесе кеден органдарына жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде оның лауазымды адамының іс-әрекетіне ықпал етуге; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жария етуге жатпайтын мәліметтерді хабарлауға құқылы емес. Консультацияларды жүргізу кезінде мүдделі тұлғаларға берілген ақпарат тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органының немесе оның лауазымды адамының шешім қабылдауы немесе іс-әрекет (әрекетсіздік) жасауы үшін негіздеме болып табылмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]