Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС-тын жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
275.04 Кб
Скачать

2. Кеден органдары лауазымды тұлғаларының құқықтық статусы.

Кеден органдарының лауазымды адамдары мемлекеттік биліктің өкілдері болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады. Өзінің жеке, адамгершілік, іскерлік, кәсіби касиеттері, дене бітімінің дамуы және білім деңгейі бойынша қабілетті, өзіне жүктелген міндеттерді орындауға денсаулығы жарамды Қазақстан Республикасының әрекетке қабілетті азаматтары кеден органдарынын лауазымды адамдары болып табылады.

Кеден органдарының басқа лауазымды адамдары кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады. Кеден органдарының лауазымды адамдарына кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіпнен куәліктер мен жеке номерлік мөрлер беріледі. Кеден органының лауазымды адамына атқаратын қызметіне және еңбек сіңірген жылдарына сәйкес белгіленген тәртіппен арнаулы атақтар беріледі. Арнаулы атақтар берілген кеден органдарының лауазымды адамдары нысанды киіммен тегін қамтамасыз етіледі. Кеден органының лауазымды адамына берілетін арнаулы атақтар бірінші және кезекті болып бөлінеді.

Ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы бар кеден органының лауазымды адамына кезекті арнаулы атақ, атқарып отырған штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бір саты жоғары, кеден қызметінің полковнигіне дейін қоса берілуі мүмкін. Кеден органының лауазымды адамына қызмет міндеттерін адал атқарғаны үшін көтермелеу ретінде, алдыңғы атақта еңбек сіңірген жылдарының белгіленген мерзімдерінің кемінде жартысы өткеннен кейін, бірақ атқаратын қызметіне сәйкес арнаулы атақтан жоғары емес кезекті арнаулы атақ мерзімінен бұрын берілуі мүмкін.

Кеден органының лауазымды адамына кезекті арнаулы атақ оның кеден органдарында қызмет атқарған бүкіл кезеңі ішінде мерзімінен бұрын екі реттен артық берілмейді.

Кеден органының лауазымды адамына тәртіптік жаза қолданылған, не оған қатысты қылмыстық іс қозғалған немесе оның қызмет тәртібін бұзу, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық фактілері бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатқан болса, оған кезекті арнаулы атақ беру тәртіптік жаза алынғанға дейін не ақтау негіздемесі бойынша қылмыстық іс тоқтатылғанға дейін немесе қызметтік тексеру аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады. Кеден органдарының лауазымды адамын басқа жерге ротациялаған кезде оған өтем төлеу және өзге де шығыстарының орнын толтыру Қазақстан Республикасының зандарында блелгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Кеден органдарының лауазымды адамдарына ақшалай үлес Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде белгіленеді және оған Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін тәртіппен ақшалай қаражат, қызмет атқарудың ерекше жағдайлары үшін үстеме ақы кіреді.

Кеден органдары лауазымды адамдарының ақшалай қаражаты лауазымды қызметақы мен арнаулы атақ үшін қосымша ақыдан тұрады.

3. Тауарлар шығарылған елді анықтау. «Тауарлар шығарылған ел» ұғымы.

Кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген критерийлерге сәйкес тауарлар толығымен өндірілген немесе жеткілікті түрде өңделген (қайта өңделген) ел тауарлар шығарылған ел болып есептеледі. Бұл ретте тауарлар шығарылған ел деп елдер тобы, не елдердің кеден одақтары не, егер тауарларды шығарған елді айқындау мақсаты үшін оларды бөліп көрсету қажеттілігі болса, елдің өңірі немесе бөлігі түсініледі. Тауарлар шығарылған елді айқындау кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану тауарлар шығарылған елге байланысты болған барлық жағдайларда жүргізіледі. Тауарлар шығарылған елді айқындау тауарлар шығарылған елді айқындау ережелерін реттейтін Қазақстан Республикасының халықаралық  шарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган немесе кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тауарлар шығарылған ел туралы алдын ала шешім қабылдай алады. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган немесе орталық кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тұлғаның (өтініш берушінің) өтініші бойынша тауарлар туралы мәліметтер болған кезде тауарлар шығарылған елді айқындауға қатысты алдын ала шешім қабылдайды. Тауарлар шығарылған елді айқындауға қатысты алдын ала шешімдерді кеден ісі саласындағы уәкілетті орган преференциялық және преференциялық емес режимдерді қолданған кезде қабылдайды. Тауарлар шығарылған елді айқындауға қатысты алдын ала шешім қабылдау нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды. Тауарлар шығарылған елді растауда кеден ісі саласындағы уәкілетті орган немесе кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттардың табыс етілуін талап етуге құқылы. Тауарлардың шығарылған жері туралы декларация немесе тауарлардың шығарылған жері туралы сертификат тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттар болып табылады. Тауарлар шығарылған ел дегеніміз елдердің кеден одақтары немесе, егер тауарларды шығарған елді айқындау мақсаты үшін оларды бөліп көрсету қажеттілігі болатын болса, елдің өңірі немесе бөлігі.

18 билет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]