Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС-тын жауаптары.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
275.04 Кб
Скачать

1. Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық, сауда және кедендік ұйымдармен ынтымақтастығы.

Қазақстан алыс шет елдермен және олардың кеден қызметкерлерімен әлемдік тәжірибені жүйелі пайдалана отырып қарым-қатынас орнатуда. Кейінгі бірнеше жыл ішінде 23 халықаралық құжатқа қол қойылды. Бұл шарттар кедендік реттеу мәселелерін талқылауға арналған құқықтық негіз болып табылады. Сонымен қатар, қол қойылған үкіметаралық келісім бойынша, Қазақстанның кеден қызметі экспорттық бақылау саласында америкалық тараптан белгілі бір қолдау тауып, жәрдем алады. Бұл ынтымақтастық, бірінші кезекте, кеден органдары қызметкерлеріне семинарлар өткізуде, радиациялық бақылау үшін құрал-жабдық жеткізуде көрінеді. Американың бір топ сарапшысы Қазақстанның мемлекеттік шекараларын аралап, шекара маңындағы кедендік инфрақұрылымды дамыту жөнінде құнды ұсыныстар жасады.

ЮСАИД (Сауданы дамытуға жәрдемдесу жөніндегі америкалық агенттік) жобасы аясында ынтымақтастық жүзеге асып жатыр. Бұл жұмыс кеден қызметтеріне қойылатын талаптар мен әлемдік стандарттарға, сыртқы экономикалық кызметті реттейтін халықаралык құжаттарды оқып-зерттеуге бағытталған. Кедендік бақылау мен ресімдеудің, жаңа нысандары мен әдістері енгізіліп, әр түрлі семинарлар өткізіледі.

Еуропа одағы біздің ең үлкен сауда-экономикалық әріптесіміз. Еуропа елдері экономикамызға 300 млн доллар инвестициялады. Халықаралық ынтымақтастық жүйесінде Қазақстан Қытай Халық Республикасымен кеден қызметінің мәселелері жөнінде қарым қатынас орнатуға көп көңіл бөледі.

2000 жылдың желтоқсанында Қазақстан кеденшілерінің делегациясы Қытайга бірінші ресми сапар жасады. Сол сапар барысында кеденшілер арасында кеден құжаттарын өзара мойындау және ынтымақтастық туралы, сыртқы сауданың кедеңдік статистикасы саласындағы әдістемелік және ақпараттық өзара іс-әрекет туралы және т.б. осы сияқты екіжақты хаттамаларға қол қойылды. Қытай жағымен Қазақстан және Қытайдың кеден қызметтерін үйлестірушілердің үш деңгейлі жүйесін құруға келісті.

Халықаралық кеден қатынастарында Дүниежүзілік кеден ұйымы (ДКҰ) үлкен рөл атқарады. Қазақстан бұл ұйымға 1992 жылы мүше болып кірді. Өз жұмысында ДКҰ өңірлік әдісті қолданады, солармен жұмыс жасайды. Өңірлік топтар кеден қызметкерлерін дайындаумен, кедендік құқық бұзушылықтармен күрес жөніндегі ақпараттык орталықтарды құрумен, ұлттық кеден қызметтері арасында делегациялар алмасумен айналысады.

Қазақстан кеден ісі саласындағы сол немесе басқа бағдарламалардың жүзеге асуын қаржылай қолдау мәселелері шешілетін Қаржы комитетіне мүше болып қабылданды. ДКҰ-мен ынтымақтастық жасасу және оның Конвенцияларына қосылу біздің елдің сыртқы экономикалық қызметін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

2. Жеке тұлғалардың әкелген тауарларын кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау тәртібі.

Коммерциялық немесе өзге де өндірістік қызметке арналған не кеден органының тауар сипатының осы санатқа жататындығын белгіленген жағдайда, кеден органының лауазымды адамы тауарларды өткізуші тұлғаны жазбаша декларациялаудың қажеттігі туралы хабардар етеді. Жеке тұлғалар әкелген тауарлар туралы мәліметтердің жазбасы белгіленген нысанда жүргізілетін Қазақстан Республикасының кедендік аумағына жеке тұлғалар декларациялау тәртібін қолдана отырып әкелетін тауарларды тіркеу журналы мен Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан жеке тұлғалар декларациялау тәртібін қолдана отырып әкететін тауарларды тіркеу журналына өткізілген тауарлар туралы мәліметтерді енгізу жолымен жүргізіледі. Кеден органының кедендік кіріс ордерін ресімдейтін лауазымды тұлғасы ККО-ның электронды көшірмесін жасауды және оны деректердің электрондық базасына енгізуді жүзеге асырады. ҚР заңнамасымен көзделген тауарларды декларациялаудың тәртібін қолдануға арналған салмақтық немесе құндық шектеулерден асып кеткен жағдайда, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің жеңілдетілген тәртібі көзделген тауарларды қоспағанда, декларациялаудың жалпы тәртібі (жүктік кедендік декларацияларды пайдалана отырып) барлық өткізілетін партияларға қатысты қолданылады. Өткізілетін тауарлар туралы мәлімделген мәліметтердің дұрыстығын бақылауды өз құзыретінің шегінде кеден органының құрылымдық бөлімшелері жүргізеді. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы жол жүруі кезінде Қазақстан Республикасының аумағында жеке пайдалану үшін қажетті тауарларды уақытша әкелуі, сондай-ақ бастапқы келгенде тауарларды кедендік төлемдер мен салықтарды төлеместен декларациялауы шартымен уақытша әкелінген тауарларды кері әкетуі мүмкін. Тауарларды жеке тұлғалардың жеңілдетілген тәртіппен уақытша әкелуіне кеден органдары сапардың мақсаттары мен өзге де басқа жағдаяттарын ескере отырып және тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында іс жүзінде болатын уақыттан аспайтын мерзімге рұқсат етеді. Бұрын уақытша әкелінген тауарларды қайта әкелу кезінде оларда мәлімделген мәліметтердің сәйкес келуі шартымен әкелу кезінде ресімделген жолаушылар кедендік декларациясы тауарларды өткізудің жеңілдетілген тәртібін қолдану үшін негіздеме болып табылады. Жеңіл автомобильдер мен олардың тіркемелері туралы мәліметтерді белгіленген нысандағы ҚР аумағына жеке тұлғалар оңайлатылған тәртіппен әкелетін жеңіл автомобильдер мен олардың тіркемелері Міндеттемелерін тіркеу журналына мәліметтерді енгізу жолымен жүргізіледі. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен кедендік бақылауға жатады. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары және олардың лауазымды адамдары кеден одағының кеден заңнамасында көзделмеген талаптар мен шектеулерді белгілеуге құқылы емес.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]