Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС-тын жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
275.04 Кб
Скачать

3. Кедендік баж ставкаларының түрлері.Оларды қолдану мен төлеу тәртібі

Кедендік баж ставкалары мынадай түрлерге бөлінеді:

-адвалорлық- салық салынатын тауарлардың кедендік құнына пайызбен белгіленген;

-айрықша- табиғи көріністегі (саны, салмағы, көлемі және басқа да сипаттамалары) жеке сипаттамаға байланысты белгіленгендер;

-аралас- 1және 2 тармақшаларында көрсетілген түрлерден тұрады.

кедендік баж – кеден органдары тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты өндіріп алатын міндетті төлем; Декларант немесе өздеріне осы Кодекске және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөнінде міндет жүктелген өзге де тұлғалар кедендік баждарды, салықтарды төлеушілер болып табылады.

Тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдері Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалады.

Шартты түрде шығарылған тауарлар кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босату беруге негіз болған мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдаланылған кезде тұлғаның тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулерді бұзған күні оларды төлеу мерзімі болып есептеледі. Егер шектеулерді бұзған күнді анықтау мүмкін болмаса, кедендік декларация тіркелген күн кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі болып есептеледі. Тұлға шартты түрде шығарылған тауарларды кедендік баждар, салықтар салудан босату беруге негіз болған мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдалану ниеті туралы өтініш жасаған кезде, аталған өтінішті кеден органында тіркеу күні оларды төлеу мерзімі болып есептеледі. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке түсуін есепке алу, сондай-ақ төлеушінің жеке шоттарын жүргізу тәртібі осы Кодексте белгіленеді, ал онда реттелмеген бөлігін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

 1. Осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу мақсаттары үшін кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күні қолданыста болған ставкалар қолданылады.       2. Егер осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, кедендік әкелу баждарын есептеу мақсаттары үшін Кеден одағының бірыңғай кедендік тарифінде белгіленген ставкалар қолданылады.       3. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, кедендік әкету баждарын есептеу мақсаттары үшін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген мөлшерлемелер қолданылады.       4. Егер осы баптың 5-тармағында өзгеше белгіленбесе, тауарлар кедендік рәсіммен орналастырылған не Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу фактілері анықталған кезде салықтарды есептеу мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген ставкалар қолданылады.       5. Салықтарды есептеу мақсаттары үшін, егер Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында айқындалған тәртіппен кедендік транзит рәсімімен орналастырылған тауарлардың Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағында орналастырылғаны белгіленген (расталған) болса, осы Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген ставкалар қолданылады.

16 билет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]