- •1.Кеден ісінің негізгі категориялары мен ұғымдары
- •2.Кеден органдарын басқару үдерісінің мәні мазмұны
- •3.Халықаралық сауданы мемлекеттік реттеу жүйесінің жалпы сипаттамасы мен жіктелуі.
- •1.Кедендік әкімшіліктендірудің түсінігі, мақсаттары мен міндеттері.
- •2.Кеден өкілінің құқықтық статусы.
- •3.Қр сыртқы сауда саясатының бағыттары мен мақсаттары
- •1.Кедендік әкімшіліктендірудің объектілері мен субъектілері
- •2.Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік шекарадан өткізудің негізгі қағидалары.
- •3. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу жүйесіндегі тарифтік әдістер.
- •1.Кедендік бақылау- кедендік әкімшіліктендірудің элементі.
- •2.Кеден органдарының алдын ала шешім қабылдау тәртібі мен қолданылуы.
- •3.Кеден төлемдерінің ерекше түрлерін қолдану: қорғаушы, антидемпингтік және компенсациялық
- •1. Уәкілетті экономикалық оператордың құқықтық статусы
- •6 Билет
- •1. Кедендік тасымалдаушының құқықтық статусы
- •2.Кедендік рәсімдеудің түсінігі, түрлері мен маңызы
- •3.Импорттық тауарларға қолданылатын ішкі салықтар.
- •1.Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау.
- •2.Кедендік режимдердің жалпы сипаттамасы. Кедендік режимдерді таңдау мен өзгерту.
- •3.Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу жүйесіндегі тарифтік емес әдістер.
- •1.Тауарлардың сыртқы саудасын мемлекеттік реттеудің әдістері.
- •2.Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялаудың нысандары.
- •3.Сыртқы сауданы шектеу: квоталау мен лицензиялау.
- •1. Кедендік әкімшіліктендіру элементтерінің классификациясы
- •2. Кедендік жүк декларациясына кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау жүргізу үшін құжаттар
- •3. Квоталау мен лицензиялаудың әдісі, түрлері мен мақсаттары
- •1. Кедендік бақылаудың объектілері, міндеттері мен мақсаттары
- •2.Кедендік статистиканың объектілері мен құқықтық негіздері
- •3. Кеден органдары мемлекеттк қызметкерлерінің құқықтық статусы
- •1. Жеке кедендік тексеріп қарау– кедендік бақылаудың ерекше түрі.
- •2. Қазақстан Республикасы территориясына әкелінген тауардың кедендік құнын анықтау.
- •3. Сыртқы сауданың кедендік статистикасын жүргізудің негізгі мақсаты.
- •1. Кедендік ережелерді бұзғаны туралы істерді қараудың тәртібі.
- •2.Кеден органдары жүйесінің құрылымы. Олардың функциялары, мақсаттары және міндеттері.
- •3. Кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу тәртібі және оларды төлеу.
- •1.Кеден ісі саласындағы халықаралық құқықтық ынтымақтастық
- •2.Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеудің объектілері мен субъектілері.
- •3.Қр кедендік тарифі және оны қолданудың қағидалары.
- •1. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және басқа да қызметке қатысушыларды тексеру кезіндегі кеден органдарының құзіреті.
- •2. Тауарларды әкелу және әкету кезіндегі тиым салу мен шектеулер.
- •3. Кедендік құнды анықтау жүйесінің жалпы сипаттамасы.
- •1.Кедендік сараптаманың объектілері мен заттары
- •2. Жүк тауарлар декларациясын қолдана отырып тауарларды кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылаудың кезеңдері
- •3. Кедендік баж ставкаларының түрлері.Оларды қолдану мен төлеу тәртібі
- •1. Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық, сауда және кедендік ұйымдармен ынтымақтастығы.
- •2. Жеке тұлғалардың әкелген тауарларын кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау тәртібі.
- •3. Кедендік құнды декларациялау тәртібі. Кедендік құн және оны анықтау әдістері.
- •1. Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасының халықаралық негізін құрушы құқықтық құжаттар.
- •2. Кеден органдары лауазымды тұлғаларының құқықтық статусы.
- •3. Тауарлар шығарылған елді анықтау. «Тауарлар шығарылған ел» ұғымы.
- •1. Кедендік сараптама жүргізу технологиясы.
- •2. Кедендік жеңілдіктер қолданатын шетелдік тұлғалардың тауарларын кедендік бақылау және кедендік ресімдеудің ерекшеліктері.
- •3. Тауарлар шығарылған елді анықтау өлшемдері. Тауардың шығарылғаны туралы сертификаттың ерекше нысандары.
- •1. Кеден органдарының экспорттық және импорттық тауарларды валюталық бақылау қызметі.
- •2. Кеден органдарының ақпараттандыру және консультация беруі. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпараттандыру.
- •3. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер мен тарифтік преференциялар.
- •1. Сыртқы экономикалық қызметті және басқа да қызметтерді кедендік әкімшіліктендіру аясында тексеру.
- •2. Арнайы кедендік статистика.
- •3. Преференциялық режимдер қағидалары. Преференциялық жеңілдіктерді пайдаланудың міндетті шарттары: тауардың шығарылған туралы сертификаты, тікелей жеткізу, міндетті сатып алу.
- •1. Кеден ісі саласындағы қылмыстардың түсінігі мен түрлері.
- •2. Қр кеден ісі саласындағы аудиттің түсінігі мен маңызы.
- •3. Қр кеден органдарының жүйесі: құрылымы мен функциялары.
- •Кеден кеден огандарының лауазымды тұлғаларын әлеуметтік қорғау.
- •Кедендік әкімшіліктендіру - мемлекеттік реттеу нысаны.
- •Қр кеден ісі саласындағы уәкілетті органының құқықтық статусы.
- •Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік тарифтік реттеуінің құқықтық негіздері.
- •Кедендік бақылау: объектілері, субъектілері, мақсаттары мен міндеттері.
- •Кеден органдарына қызметке қабылдау тәртібі.
- •Кедендік жүк декларациясының түсінігі, оны толтырудың шарттары мен талаптары.
- •Жеке кедендік тексеріп қараудың түсінігі, оны жүргізу шешімі мен тәртібі.
- •3. Кеден органдары мемлекеттік қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері.
- •1.Тәуекелдерді басқару және бағалау саласындағы кеден органдарының құзіреті. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тазалау кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып кедендік бақылау
- •2.Кедендік бақылау объектілерін бірегейлендіру мақсатында жүргізілетін кедендік сараптаманың тағайындау негіздері мен жүргізутәртібі.
- •3. Кеден органдары мемлекеттік қызметкерінің материалдық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі. Қазақстан республикасының кеден органдары
- •1. Кеден органдарының алдын ала шешімдерінің қолданылуы мен тағайындалуы.
- •2) Кедендік сараптаманың түсінігі, мәні, тағайындалуы және жүргізу әдістері.
- •3) Кеден органдарындағы әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді аттестациядан өткізу және оны жетілдіру жолдары.
- •1. Тәуекелді басқару жүйесін қолдану мақсаттары.
- •2. Кедендік сараптама кезеңдері: дайындау, талдау, нәтижелерді бағалау және қорытындыны негіздеу.
- •Кеден зертханаларында кедендiк сараптама жүргiзудiң Ережесі 1. Жалпы ережелер
- •2. Сараптаманың түрлерi
- •3. Сараптама жүргізу орны
- •5. Сараптама жүргiзуге қатысатын адамдардың мiндеттерi мен құқықтары
- •6. Сарапшының қорытындысы
- •7. Қорытынды ережелер
- •3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік саясаты.
- •2. Бажсыз сауда дүкені иесінің құқықтық статусы.
- •Қр кеден органдарының мемлекеттік қызметкерінің тәртіптік жауапкершілігі.
- •1. Кеден қоймасы иесінің құқықтық статусы.
- •2. Кеден органдарының жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес.
- •3. Қр кеден саясатының түсінігі, қағидалары мен мақсаттары.
- •1. Кеден органдарының сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен және басқа да тұлғалармен өзара іс-қимылы.
- •2.Кеден органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің заңды жауапкершілігінің түсінігі мен түрлері.
- •3. Кеден ісінің құрылымы мен мазмұны.
- •Басшылық
3. Кедендік құнды анықтау жүйесінің жалпы сипаттамасы.
Кедендік құн - тауарларға баж алымын салу, сыртқы экономикалық және кедендік статистика, т. б. мақсатында айқындалып, пайдаланылатын тауар құны. Тауарға нақты төленген нақты бағадан немесе ол үшін кеден шекарасынан өту кезінде төленуге тиіс бағадан құралады.
1. Осы тараудың ережелері Кеден одағының бірыңғай кедендік тарифін қолдану мақсатында тауарлардың кедендік құнын айқындаудың бірыңғай қағидаларын, сондай-ақ Кеден одағының тауар айналымын реттеу үшін енгізілетін (енгізілуі мүмкін) кедендік-тарифтік реттеуден ерекшеленетін өзге де шараларды қолдануды реттейді. Аталған ережелер тауарлар Кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде Кеден одағының кедендік шекарасынан іс жүзінде кесіп өткен жағдайда қолданылады және мұндай тауарларға қатысты өткен кезінде мәлімделген кедендік рәсімнің нормалары қолданылады. 2. Тауарлардың кедендік құнын - декларант не декларанттың атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін кеден өкілі, ал осы Кодексте белгіленген жағдайларда кеден органы айқындайды. 3. Егер тауарларды декларациялау кезінде олардың кедендік құнының нақты шамасын есептеу үшін қажетті нақты мәліметтерді растайтын құжаттардың жоқ болуына байланысты оны айқындау мүмкін болмаса, тауарлардың кедендік құнының нақты шамасын айқындауды кейінге қалдыруға жол беріледі. Бұл жағдайда оны декларанттағы құжаттар мен мәліметтер негізінде мәлімдеуге және мәлімделген кедендік құнды негізге ала отырып, кедендік баждарды, салықтарды есептеу мен төлеуге жол беріледі. Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес кедендік құнды айқындау жағдайлары, сондай-ақ кедендік құнды декларациялау және бақылау тәртібі, мұндай жағдайлар үшін кедендік баждарды, салықтарды есептеу мен төлеу ерекшеліктері Комиссияның шешімімен белгіленеді.
4. Осы тараудың ережелері Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, жеке пайдалануға арналған тауарларға қолданылмайды. 5. Осы тараудың мақсаттары үшін пайдаланылатын ұғымдар мынадай мағынаға ие: «әкелінетін тауарлар» – Кеден одағының кедендік аумағына әкелу мақсатында Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар; «белгілі бір сыныптағы немесе түрдегі тауарлар» - бірдей немесе біртекті тауарларды қоса алғанда, жасалуы экономикалық қызметтің тиісті түріне жататын тауарлардың бір тобына немесе қатарына жататын тауарлар; «бухгалтерлік есептің жалпыға бірдей қабылданған принциптері» - белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында қолданылатын бухгалтерлік есеп қағидаларының жүйесі; «бірдей тауарлар» - барлық жағынан да, оның ішінде физикалық сипаттары, сапасы мен репутациясы жағынан бірдей тауарлар. Сыртқы түріндегі елеусіз айырмашылықтар, егер бұл тауарлар басқа жағынан осы абзацтың талаптарына сәйкес болса, тауарларды бірдей деп танымау үшін негіз болып табылмайды. Егер тауарлар олар бағаланатын (әкелінетін) елдің өзінде шығарылмаса немесе, егер осы тауарларға қатысты жобалау, әзірлеу, инженерлік, конструкторлық жұмыстар, көркемдеп әрлеу, дизайн, экскиздер, сызбалар және өзге де сол сияқты жұмыстар Кеден одағының кедендік аумағында орындалған болса, олар бірдей тауарлар деп есептелмейді. «Өндірілген» («өндірілді») деген ұғым тауарларға қатысты «өндіріп алынған», «өсірілген», «жасалған» (оның ішінде тауарларды монтаждау, жинау немесе бұзып бөлшектеу арқылы) деген ұғымды білдіреді. Бағаланатын тауарларды өндіретін тұлғадан өзге тұлға өндірген бірдей тауарлар сол өндірушінің бірдей тауарлары анықталмаған не қолда бар ақпарат пайдалануға келмейді деп есептелген жағдайда ғана назарға алынады; «біртекті тауарлар» - барлық жағынан бірдей емес, бірақ ұқсас сипаттамалары бар және осындай материалдардан өндірілген ұқсас құрамдас бөліктерден тұратын тауарлар бағаланатын (әкелінетін) тауарлар сияқты функцияларды орындауға мүмкіндік береді және оларды коммерциялық өзара ауыстыруға болады. Тауарлар біртекті болып табыла ма дегенді анықтау кезінде сапа, репутация және тауар таңбасының болуы сияқты сипаттамалары ескеріледі. Егер тауарлар бағаланатын (әкелінетін) тауарлар өндірілген елде өндірілмесе немесе осы тауарларға қатысты жобалау, әзірлеу, инженерлік, конструкторлық жұмыстар, көркемдеп әрлеу, дизайн, экскиздер, сызбалар және соған ұқсас өзге де жұмыстар Кеден одағының кедендік аумағында орындалған болса, олар біртекті деп есептелмейді. «Өндірілген» («өндірілді») деген ұғым тауарларға қатысты «өндіріп алынған», «өсірілген», «жасалған» (оның ішінде тауарларды монтаждау, жинау немесе бұзып бөлшектеу арқылы) деген ұғымды білдіреді. Бағаланатын тауарларды өндірушіден өзге тұлға өндірген біртекті тауарлар сол өндірушінің бірдей тауарлары анықталмаған не қолда бар ақпарат пайдалануға келмейді деп есептелген жағдайда ғана қаралады; «Кеден одағының кедендік аумағына тауарлар келетін орын» - тиісті Тарап мемлекетінің мемлекеттік шекарасын іс жүзінде кесіп өткеннен кейін тауарлар жеткізілуге тиіс Кеден одағының кедендік аумағы арқылы өткізу пункті. Кедендік құнды анықтаумақсатында осы ұғымды нақтылау Кеден одағы органдарының бірлескен шешіміне сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін; «өзара байланысты тұлғалар» - мына шарттардың ең болмағанда біріне сай келетін: 1) бірі бірінің қызметкері немесе директоры (басшылары) болып табылатын; 2) заңды түрде танылған іскер әріптестер болып табылатын, яғни шарттық қатынастармен байланысты, пайда алу мақсатында әрекет ететін және бірлескен қызметті жүзеге асырумен байланысты шығыстар мен залалдарды бірлесіп көтеретін; 3) жұмыс беруші және қызметкер, қызметші болып табылатын; 4) екеуінің де айналысқа шығарылған дауыс беретін акцияларының бес немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін, бақылайтын немесе ұстаушы болып табылатын қандай да бір тұлға; 5) олардың бірі басқасын тікелей немесе жанама бақылайтын; 6) олардың екеуін де үшінші тұлға тікелей немесе жанама бақылайтын; 7) олардың екеуі үшінші тұлғаны тікелей немесе жанама бақылайтын; 8) туысқан немесе бір отбасының мүшелері болып табылатын тұлға. Бірлескен кәсіпкерлік немесе өзге қызметте әріптестер болып табылатын және бұл орайда олардың бірі басқасының айрықша (жалғыз) агенті, айрықша дестрибьюторы немесе айрықша концессионері болып табылатын тұлғалар, бұл қалай ұсынылса да, егер осы аталған тұлғалар көрсетілген жағдайлардың біріне сай келсе, осы тараудың мақсаттары үшін өзара байланысты деп есептелуге тиіс; «үшінші елдер» - 2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және Кеден одағын қалыптастыру туралы шарттыңқатысушылары болып табылмайтын мемлекеттер. 6. Егер тұлға басқа тұлғаға қатысты заңды түрде немесе іс жүзінде шектеулерді немесе нұсқамаларды қолданатын болса, ол осы тұлғаны бақылаушы тұлға деп есептеледі.
№15 билет
