Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС-тын жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
275.04 Кб
Скачать

3. Кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу тәртібі және оларды төлеу.

1. Кедендiк төлемдер мен салықтарға:

1) кедендiк әкелу бажы;

2) кедендiк әкету бажы;

3) Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына тауарларды әкелу кезiнде өндiрiп алынатын қосылған құн салығы;

4) кеден одағының кедендiк аумағына тауарларды әкелу кезiнде өндiрiп алынатын акциз (акциздер);

5) кедендiк алымдар (тауарларды кедендiк декларациялау үшiң алып жүруi үшiн кедендiк алымдар, алдын ала шешiм үшiн төлем) жатады.

Төлеушiлер, кедендiк баждарды есептеу тәртiбi және төлеу, қайтару (есөпке жатқызу) және өндiрiп алу, есепке жазу мерзiмдерi, сондай-ақ оларды төлеу бойынша жеңiлдiктер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында және (немесе) кеден заңнамасында айқындалады.

Декларант немесе өздеріне осы Кодекске және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөнінде міндет жүктелген өзге де тұлғалар кедендік баждарды, салықтарды төлеушілер болып табылады.

Кедендік баждарды, салықтарды есептеу        1. Осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік баждарды, салықтарды төлеушілер баждарды, салықтарды дербес есептейді.       2. Кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу кезінде төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасын есептеуді (есепке жазуды) кедендік баждар, салықтар төленуге тиісті кеден органы жүргізеді.       3. Төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомаларын есептеу, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұлттық валютамен жүзеге асырылады.        4. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, төлеуге және (немесе) өндіріп алуға жататын кедендік баждардың сомасы, кедендік баждарды және кедендік баж ставкаларының тиісті түрін есептеуге арналған базаны қолдану арқылы анықталады.       5. Төлеуге және (немесе) өндіріп алуға жататын салықтардың сомасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады.       6. Осы Кодекстің 138-бабының 2-тармағының екінші бөлігінде белгіленген жағдайда, кедендік баждардың, салықтардың сомалары, олар төленуге тиіс Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес есептеуге жатады.       7. Шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының, салықтарының жалпы сомасы, осы шетелдік тауарларға қатысты өзге кедендік рәсім мәлімделген жағдайда кеден органы кедендік декларацияны қабылдаған күні қолданыста болған кедендік баждардың, салықтардың ставкаларын шетелдік тауарларға қолданған кезде кедендік баждар, салықтар ставкаларының өзгеруі салдарынан кедендік баждардың, салықтардың сомасы ұлғаятын жағдайларды қоспағанда, шетелдік тауарлар осы Кодекстің 121-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер есепке алынбай, ішкі тұтынуға шығарылған жағдайда төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасынан асып кетуіне болмайды.       8. Шартты шығарылған тауарлар кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуден толық немесе ішінара босатылған мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдаланылған жағдайда төленуге тиісті кедендік төлемдер мен салықтарды есепке жазу үшін, осы Кодекстің 158-бабына сәйкес өсімпұлдар төленіп, кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күні қолданыста болған кедендік төлемдер мен салықтардың ставкалары қолданылады.       9. Кеден органы кеден ісі саласында құқық бұзушылықты анықтаған кезде, кедендік баждарды, салықтарды есептеуді кеден органы осы Кодекстің 158-бабына сәйкес өсімпұлдар төлей отырып жүргізеді.

13 билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]