Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС-тын жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
275.04 Кб
Скачать

1. Кедендік ережелерді бұзғаны туралы істерді қараудың тәртібі.

1. Кеден ережелерінін бұзылуы туралы істерді Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары жүрізеді, оларды қараулы Қазақстан Республикасының кеден органдарынық -уәкілді лауазымды адамдары мен К,азақстан "Республикасының сот органдары осы жарлыққа сәйкес жүргізеді, ал онымен реттелмеген бөлігінде — Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес жүргізіледі.

Кеден ережелерін бұзу туралы іс кеден ережелерін бұзғаны немесе кеден ережерелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған жеке тұлғаның немесе лаузымды адамның әкімшілік жолмен ұсталғаны туралы хаттама жасалған сәттен бастап ашылған, ал ол бойынша іс жүргізу басталған деп есептеледі. Қазақстан Республикасы кеден органдарының уәкілді лауазымды амдары Жарлықта көзделген кеден ережелері туралы істерді қарайды.

Кеден ережелерінің бұзылуы туралы істі бір кеден органынан екінші бір органға тапсыру мәселелерін олардан жоғары тұрған Қазақстан Республикасының кеден органы шешеді. Кеден ережелерінің бүзылуы туралы істі жүргізуге мыналар қатысады:

- жауапкершілікке тартылатын адам;

- заңды өкіл;

-  адвокат немесе жауапкершілікке тартылатын адамның заң көмегін                                                  жүзеге асырушы өкілі;

- сарапшы;

- маман;

- аудармашы; -куә;

- бөгде куәгерлер.

Кеден ережелерінің бұзылуы туралы істі жүргізуге және оны қарауға қатысу осы бапта көрсетілген адамдардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары негізінде және соларға сәйкес жүргізіледі.

2.Кеден органдары жүйесінің құрылымы. Олардың функциялары, мақсаттары және міндеттері.

Қазақстан Республикасының кеден органдары (бұдан әрi - кеден орган-дары) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасында кеден iсiн жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi орындайтын мемлекеттiк органдар болып табылады.

Қазақстан Республикасының кеден органдары жүйесi:

1) кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органнан;

2) кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық (облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша) бөлiмшелерiнен;

3) кедендерден;

4) кеден бекеттерiнен;

5) кеден одағының кедендiк шекарасындағы бақылау-өткiзу пункттерiнен

6) мамандандырылған кеден мекемелерiнен тұрады.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен кедендiк ақпараттық-есептеу орталығы, кедендiк зертханалар, кинологиялық, оқу-әдiстемелiк, ғылыми-зерттеу және басқа да мамандандырылған кеден мекемелерi, жоғары кәсiби және қосымша бiлiм беретiн бiлiм мекемелерi, сондай-ақ қызметi Қазақстан Республикасындағы кеден iсi Кодексіне сәйкес кеден органдарына жүктелген мiндеттердi шешуге жәрдемдесетiн мемлекеттiк кәсiпорындар құрылады.

Кеден органдарының кеден органдарына тән танымдық туы және танымдық белгiсi болады.

Кеден органдарының танымдық туы мен танымдық белгiсiнiң сипаттамасын және қолданылу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган қылмыстар профилактикасы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттiң мүдделерiн қорғау, халық тарапынан сенiм мәселелерiне басымдық берiп, өкiлдi органдар мен жұртшылық беретiн сыртқы бағалау тетiктерiн айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейiнiң рейтингтiк бағасын енгiзiп, есептiлiк және қызметтi бағалау жүйесiн жетiлдiредi, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлi нысандарын белгiлейдi.

Кеден органдарының қызметi:

1) заңдылық;

2) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың және кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың құқықтарын, бостандығын және эаңды мүдделерiн қамтамасыз ету;

3) баршаның заң алдындағы теңдiгi;

4) жариялылық принциптерiнде құрылады.

Кеден органдарының негiзгi мiндеттерi

1) декларанттардың және кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың заңды құқықтарын сақтауға және мемлекет мүдделерiн қорғауға;

2) кеден органының және (немесе) кеден органының лауазымды адамдарының шешiмiне, iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға;

3) кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал ететiн жағдайлар жасау жолымен сыртқы сауданың дамуына жәрдемдесуге;

4) кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы еткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты кедендiк бақылауды жүзеге асыруға;

5) Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңнамасында кезделген тәртiппен кеден iсi саласындағы қылмыстар туралы iстер бойынша анықтауды жүзеге асыруға;

6) өз өкiлеттiгi шегiнде декларанттарға және кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларға өз құқықтарын iске асыруға жәрдемдесуге;

7) кедендiк төлемдер мен салықтардың толық өндiрiп алынуын және бюджетке уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;

8) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасындағы кеден iсi кодексінде белгiленген мерзiмдерде шешiмдер қабылдауға және декларанттардың және кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың кеден одағы және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленген талаптарды сақтауы және мiндеттердi орындауы бойынша олардың қызметiн бақылауды жүзеге асыруға;

9) Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының кедендiк статистикасын және арнаулы кедендiк статистикасын жүргiзудi жүзеге асыруға;

10) өз құзыретi шегiнде кеден одағының кедендiк шекарасын күзетудi және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының және өзге де заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз етуге;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдарының қызметiне, кеден органдарының лауазымды адамдарына және олардың отбасы мүшелерiне қатысты құқыққа қарсы iс-әрекеттерден қорғауды қамтамасыз етуге;

12) өз қүзыретi шегiнде кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және оларды анықтау жөнiнде жұмыс жүргiзуге;

13) кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтардың жасалғандығы туралы ақпарат жинауды және талдауды жүзеге асыруға;

14) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарымен және басқа да тиiстi мемлекеттiк органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, кеден одағының кедендiк шекарасын қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға;

15) өтiнiштердi уақтылы, объективтi және жан-жақты қарауды және кеден iсi саласына келiп түсетiн сауалдар мен ұсыныстарды ескере отырып, жауап берудi немесе тиiстi iс-әрекеттер жасауды қамтамасыз етуге;

16) кеден iсi саласында ақпарат және консультация берудi өтеусiз жүзеге асыруға;

17) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде айқындалған тәртiппен басқа да мемлекеттiк органдармең сондай-ақ тиiстi мемлекеттiк органдардың бiрлескен актiлерi негiзiнде аталған органдардың келiсiмiмен өзара iс-қимыл жасауға;

18) кеден iсiн жетiлдiру және кедендiк әкiмшiлiк жүргiзудiң тиiмдi әдiстерiн енгiзу мақсатында сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен өзара iс-қимыл жасауға;

19) қаржы мониторингi женiндегi уәкiлеттi органның сұратуы бойынша, «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландырүға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді табыс етуге;

20) белгiленген мерзiмдерде бюджетке теленбеген кедендiк төлемдер мен салықтардың сомаларын, сондай-ақ өсiмпұлды өндiрiп алуға;

21) кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына сәйкес кедендiк әкiмшiлiк жүргiзудi жүзеге асыруға;

22) мемлекет меншiгiне айналдырылған тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;

23) Қазақстан Республикасындағы кеден iсi Кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген басқа да мiндеттердi орындауға мiндеттi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]