Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС-тын жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
275.04 Кб
Скачать

2. Қазақстан Республикасы территориясына әкелінген тауардың кедендік құнын анықтау.

1. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құны 1994 жылғы Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің (ГАТТ, 1994) кедендік мақсаттар үшін тауарларды бағалау жөніндегі принциптері мен ережелері ескеріле отырып, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімге (Мәскеу, 2008 жылғы 25 қаңтар) сәйкес айқындалады.       2. Кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, егер тауарлар кедендік шекараны іс-жүзінде кесіп өтсе және мұндай тауарлар Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өткеннен кейін алғаш рет кедендік рәсіммен орналастырылса, Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құны айқындалады. Кедендік рәсімдер өзгерген кезде, Кеден одағының кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өткеннен кейін тауарларды кедендік рәсіммен алғаш орналастыру кезінде кеден органы кедендік декларацияны қабылдаған күні кедендік шекара арқылы өткізілген тауарлардың кедендік құнын айқындау мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес айқындалған тауарлардың кедендік құны тауарлардың кедендік құны болып табылады.  Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау мынадай:       1) әкелiнетiн тауарлармен жасалатын мәмiленің құны жөніндегі;       2) бірдей тауарлармен жасалатын мәмiленің құны жөніндегі;       3) бiртекті тауарлармен жасалатын мәмiленің құны жөніндегі;       4) құнды шегеру;       5) құнды қосу;       6) резервтік әдістерін қолдану жолымен жүргізіледі.       2. Әкелінетін тауарлармен жасалған мәмiленің құны жөніндегі әдіс тауарлардың кедендік құнын айқындаудың негізгі әдісі болып табылады.       3. Негізгі әдісті пайдалану мүмкін болмаған жағдайда тізіп көрсетілген әдістердің әрқайсысы рет-ретімен қолданылады. Бұл ретте алдыңғы әдісті пайдалану арқылы тауардың кедендік құнын айқындау мүмкін болмаса, онда әрбір келесі әдіс қолданылады. Декларанттың өтініші бойынша құнды шегеру және қосу әдістері кері ретпен қолданылады.       4. Осы баптың 1-тармағында көзделген, қолданылатын әдістердің қандай да бірі бойынша тауарлардың кедендік құнын айқындауға арналған ақпарат Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жүргізу принциптеріне сәйкес келетін тәсілмен әзірленуге тиіс.       5. Тауарлардың кедендік құны және оны айқындауға қатысты мәлімет дұрыс, саны айқындалатын және құжатпен расталған ақпаратқа негізделуге тиіс. Тауарлардың кедендік құнын айқындау рәсімі жалпыға бірдей қолданылатын болуға, яғни тауарлардың жеткізілу көзіне (тауарлардың шығарылған елі, түрі, мәмілеге қатысушылар және басқалар) қарай ерекшеленбеуге тиіс.        6. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау рәсімдері демпингке қарсы шаралар ретінде қолданылмауға тиіс.

3. Сыртқы сауданың кедендік статистикасын жүргізудің негізгі мақсаты.

 1. Тауарлармен сыртқы сауданың жай-күйін, қарқынын және даму үрдісін талдау мақсатында кеден органдары тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасының деректерін қалыптастыру үшін тауарлардың Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілуі туралы мәліметтерді жинауды және өңдеуді жүргізеді.       2. Кеден органдары тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасын Комиссияның шешімімен бекітілген әдіснамаға сәйкес жүргізеді.       3. Кеден органдары тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасының деректерін:       Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік органдарына және өзге де ұйымдарына;       халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен халықаралық ұйымдарға табыс етеді.       4. Комиссия Кеден одағының тауарларымен сыртқы сауданың кедендік статистикасының деректерін Кеден одағына мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарына және халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық ұйымдарға ұсынады.       5. Кеден органы Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының кедендік статистикасының деректерін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды.       6. Кеден органдары мемлекеттік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны (жасырымды) не басқа да жабық ақпаратты қамтымайтын тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасының деректерін, оларды алуға мүдделі Қазақстан Республикасының ұйымдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда ұсына алады.

12 билет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]