Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС-тын жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
275.04 Кб
Скачать

2.Кедендік статистиканың объектілері мен құқықтық негіздері

Кедендік статистика — кеден орындары қызметінің кажетті атрибуты кажет жағдайда онын мәліметтері негізінде сырткы экономикалык байланыстардың толық суретін көруге болады және кабылданған шешімді түзетуте болады. Кеден статистикасының «Кеден ісі туралы» занда аныкталған міндеттері ТМД мемлекет катысушыларының сырткы сауда кедеішік статистикасынын біртүтас методологиясының максаттары және шешімімен Казақстан сиякты және тағы баска мемлекеттердің техникалық мүмкіншілік перспективасына ортақ болуға тиіс.

Тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасы

1. Тауарлармен сыртқы сауданың жай-күйін, қарқынын және даму үрдісін талдау мақсатында кеден органдары тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасының деректерін қалыптастыру үшін тауарлардың кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілуі туралы мәліметтерді жинауды және өңдеуді жүргізеді.

2. Кеден органдары тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасын Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілген әдіснамаға сәйкес жүргізеді.

3. Кеден органдары тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасының деректерін: Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік органдарына және өзге де ұйымдарына; халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен халықаралық ұйымдарға табыс етеді.

4. Кеден одағының комиссиясы кеден одағының тауарларымен сыртқы сауданың кедендік статистикасының деректерін кеден одағына мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарына және халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық ұйымдарға ұсынады.

5. Кеден органы Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының кедендік статистикасының деректерін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды.

6. Кеден органдары мемлекеттік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны (жасырымды) не басқа да жабық ақпаратты қамтымайтын тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасының деректерін, оларды алуға мүдделі Қазақстан Республикасының ұйымдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда ұсына алады.

Арнаулы кедендік статистика

1. Кеден органдарына жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ету мақсатында кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен арнаулы кедендік статистика жүргізіледі.

2. Кеден органдары арнаулы кедендік статистиканың деректерін кедендік мақсаттар үшін ғана қолданады.

Кеден органдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының жай-күйі туралы ақпаратпен қамтамсыз ету, бюджетке кедендік төлемдердің және салықтардың түсуін бақылау, валюталық бақылау, Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының жай-күйін, өсу қозғалысын және үрдістерін талдау, оның сауда және төлем баланстары мен тұтастай экономикасын талдау мақсатында тауарлардың кедендік шекара арқылы өткізілуі туралы мәліметтерді жинап, өңдейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кедендік статистиканың деректерін береді және жариялайды.

Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кедендік статистиканың деректерін халықаралық ұйымдарға береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]