Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС-тын жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
275.04 Кб
Скачать

3. Квоталау мен лицензиялаудың әдісі, түрлері мен мақсаттары

Квота— тауардың экспортын немесе импортын анықталған мөлшермен белгілі бір уақыт аралығында шектеудің мөлшерлік өлшемі.Квоталар келесідей бөлінеді:

  1. экспорттық

  2. импорттық

  3. глобальді

  4. жекеше

Зерттеу барысында, протекционизмнің бұл түрінің артықшылығы жоқ, ал белгілі бір жағдайларда тарифке қарағанда нашар екендігі анықталды. Еркін бәсеке жағдайында квоталарды енгізудің экономикалық нәтижесі баж салығын қолдану нәтижесіне ерекшеленбейді. Сондықтан квоталардың тарифтік эквиваленті туралы айтуға болады.Бірақ, квота ішкі нарық монополизациясын жүргізгенде және оның икемсіз орналасуы орын алған жағдайда, ол экономикаға кеден тарифіне қарағанда, көбірек шығын әкеледі.Мөлшерлік шектеулерді қолданудың ерекше жағдайы — бұл тарифтік квоталар. Олар елге енгізуге рұқсат алған тауарлардың көлемін қатаң түрде шектейді.

Тарифтік квоталар — белгілі уақыт кезеңінде, тарифтік бағаның ерекше, неғұрлым төмен ставкасымен елге енгізуге немесе шығаруға рұқсат алған тауарлардың мөлшерін бекіту.

Квоталау процесінің құрама бөлігі — лицензиялау. Лицензиялау — белгілі уақыт аралығында бекітілген мөлшермен тауарды елге енгізу немесе шығарудың мемлекетпен реттелетін рұқсат ету тәртібі.

Лицензияның бірнеше түрі бар:

І.Бір реттік лицензия — елге енгізуге немесе шығаруға 1 жыл мерзімге жазбаша түрде рұқсат ету, ол Үкіметпен нақты бір фирмаға, сыртқы сауда келісім шартын жүзеге асыру үшін беріледі.

2.Генералды лицензия — келісім шарт санына шектеу салынбайтын 1 жыл ішінде елге тауарды енгізуге немесе шығаруға рұқсат ету. Ол тауардың шектелмеген мөлшерін елге енгізуге құқық береді.

З.Глобалді лицензия — белгілі бір тауарды белгілі уақыт аралығында саны мен бағасын шектемей, әлемнің кез- келген еліне енгізуге рұқсат етеді.

Экспорттың «еркін» шектеулерінің мәні - қандай да бір тауарды, қандай да бір елге экспорттауды шектеу бойынша міндеттерді сауда әріптестерінің өз қарамағына алуына күштеу. Іс жүзінде мұндай экспорттық шектеулер еркін емес, керісінше міндетті болып табылады. Олар импорттаушы елдің саяси қысымы нәтижесінде, немесе неғұрлым қатаң протекционистик шараларды қолдану қаупінің әсерінен енгізіледі.

10 Билет

1. Кедендік бақылаудың объектілері, міндеттері мен мақсаттары

Кедендік бақылау – орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кедендік органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кедендік іс және халықаралық шарттар жөніндегі заңдарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының кедендік органдарының жүзеге асыратын іс-шараларының жиынтығы.

Кедендік бақылау кедендік істі тәжірибеде іске асырудың басты құралы ретінде, сондай-ақ мемлекеттік кедендік саясатын жүзеге асыру құралы ретінде қарастырылады.

Кедендік бақылаудың негізгі мақсаты – түрлі тексерулер көмегімен өткізілген операциялар мен әрекеттердің кедендік заңдарға сай болуын, кедендік қызметке қатысушы жеке және заңды тұлғалардың белгіленген кедендік ережелер мен процедураларды орындауын анықтау.

Кедендік бақылауға кедендік режимге сәйкес, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілген барлық тауарлар мен көлік құралдары жатқызылады.

Кедендік бақылау әкелуде – тауармен (көлік құралымен) Қазақстан Республикасының шекарасынан өту сәтінен; әкетуде – кедендік декларацияны қабылдау сәтінен басталады. Кедендік бақылау әкелуде – тауарлар мен көлік құралдарын шығару сәтінде; әкетуде – Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өту сәтінде аяқталады.

Кедендік органдардың көлік құралдарын мәжбүрлі түрде тоқтатуға, шетелдік кемелер мен басқа мемлекеттер аумағында орналасқан кемелерден басқа, кедендік органдардың рұқсатынсыз Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан өткен теңіз, өзен және әуе кемелерін қайтаруға құқығы бар.

Кедендік бақылауды Қазақстан Республикасының кедендік органдарының лауазымдық тұлғалары жүргізеді және былайша жіктеледі:тауарларды (импорттық, экспорттық, транзиттік) кедендік бақылау;көлік құралдарын (теңіз, өзен және әуе кемелерін, темір жол құрамдарын, автокөлік құралдарын) кедендік бақылау.

Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өткізетін тұлғалар кедендік органдарға кедендік бақылауға қажетті құжаттар мен мәліметтер беруі қажет, ал кедендік органның лауазымдық тұлғасы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы қосымша мәліметтерді талап етуге құқылы.

Тауарлар мен көлік құралдары құжаттарын тексеру олардың қолданыстағы кедендік іс ережелеріне сай болуында және олардың толығымен қалыптасуын белгілеуде болып отыр. Кедендік мақсаттарға арналған құжаттар өздерінің тағайындалуына байланысты келесі топтарға: көлік, сауда, кедендік және т.б.топтарға енгізілуі мүмкін.

Көлік құжаттарына тауарларды темір жол, автомобиль, су, әуе көліктері арқылы кедендік шекарадан өткізетін жөнелтпе құжаттары, коносаменттер, вагон парақтары, жүк түбертектері, тапсыру тізімдемелері және басқалар жатады.

Сауда құжаттарына: тауар жабдықтаушыларының жасаған келісім-шарттары, шот-фактуралары, спецификациялары, инвойстары, буып-түю құжаттары және басқалар жатады.

Кедендік құжаттарды кедендік органдардың лауазымды тұлғалары береді және куәландырады – бұлар кедендік декларациялар, жеткізуді бақылау құжаттары, кедендік мөрі мен поломбасы басылған тауарларды тасымалдау үшін көлік құралдарын (контейнерлерді) жіберу туралы куәліктер, әр түрлі лицензиялар және біліктілік аттестаттары және басқалар.

Кедендік бақылауға қажетті басқа құжаттар: сапа сертификаттары, тауардың шығу тегі, әскери рұқсаттамалар, сыртқы экономикалық қызметтпен айналысуға құқық беретін құрылтайшы құжаттар және басқалар.

Кедендік бақылау кедендік органдар орналасқан жерлерде құрылған кедендік бақылау аймақтарында жүзеге асырылады. Тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылау күндіз және түнгі уақытта, Қазақстан Республикасы аумағындағы сүрлеу және айналым жолдарына тірелген шекаралық кедендік постылар мен рұқсаттама пунктілерінің дисклокация межесі бойынша кедендік шекараны бойлай жүргізіледі.

Егер орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кекдендік органдарға жүктелген заңдар бұзылатын болса, онда тауарлар мен көлік құралдарының шығарылуына байланысты оларға кедендік бақылау кез келген уақытта жүргізіледі.

Кедендік бақылау – бұл тәжірибеде қолдануда бір-бірімен өзара байланысты және ұқыпты зерделеуді қажет ететін белгіленген ережелер, әдістер мен формалар бойынша жүзеге асырылатын процедура.

Темір жол тасымалдарын кедендік бақылау.

Халықаралық теміржол жүгі хабарламасы туралы келісімінің 11 бабына сәйкес, тауарларды кедендік бақылауға алып, теміржол көлігімен тасымалдауда темір жол жөнелтпе құжатына жүктің жол бойғы кедендік ережелердің орындалуына қажетті ілеспе құжаттары қосымша берілуі тиіс. Кедендік жөнелту органдары кедендік бақылау мақсатындағы тасымалданатын тауарларды идентификациялауға мүмкіндік беретін көліктік және тауарға ілеспе құжаттарды міндетті түрде талап етеді.

Қажетті құжаттарды ұсынбаған жағдайда кедендік жөнелту органдары жекелеген жағдайларда шекаралық теміржол станцияларында тасымалдаушы құралдарды кідіртуге немесе оларды ҚР кедендік шекара шегіне қайтаруға құқылы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]