Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лабор..docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.54 Mб
Скачать

Қондырма жеңнің негізгі конструкциясын тұрғызуға арналған негізгі мәліметтер.

Жеңді тұрғызу кезінде ең басты мәселе окаттың формасы мен өлшемінің анықталуы, ол бойынша жең бұйымның алдыңғы бойынан бөлініп, бұйымның қолтық ойындысына сырып тігіледі. «бұйымның алдыңғы ойы – жең окаты» түйіні бұйымның конструкциясында күрделі болып келеді. Бұл нүктелер бойынша дұрыс емес әр түрлі сипатты екі қисықты тұрғызуды қажет болатына байланысты, көп жағдайда олар фигура өлшемдеріне тура байланысты емес. Олар тек қосымша есептелу және тұрғызылу кезінде анықталады. Сондықтан да, жең окатының тұрғызылуы тұрғызылған бұйымның қолтық ойын сызбасының базасында мақсатты келеді. Бұл жағдайда бұйымның қолтық ойындысымен ілесетін окатты алуға болады.

Қондырма жеңнің негізгі конструкция сызбасының тұрғызылуы үшін негізгі мәліметтер болып табылады:

-«иық айналымы» фигарының өлшенуі Оп;

-бұйым моделінің мөлшеріне байланысты болатын жеңнің өлшемдері: жең ұзындығы Др, дайын күйіндегі жеңнің төменгі ені Шрук вн;

-бұйым конструкциясының негізгі сызбасында орындалған қолтық ойындысының өлшенуі: қолтық ойындысының ұзындығы Дпр, окат биіктігі Вок; иық орнамына берілетін қосымша Поп.

Иық орамын Оп фигураның өлшенуімен анықталады; бұл өлшеміне берілетін қосымшаны ПОП ассортимент пен қыналу деңгейіне сәйкес таңдалынады.

Жеңнің төменгі енін және ұзындығын модель бойынша анықтайды.

Қолтық ойындысының ұзындығын Дпр (1 сурет) Пi нүктесінен П5 нүктесіне дейін қырынан металл сызғышпен бұйым конструкциясының негізгі сызбасында қолтық ойындысын өлшенуімен анықтайды.

Жеңнің окат биіктігін Вок дәл солай, бұйым конструкциясының негізгі сызбасында қолтық ойындысы бойынша анықтайды, ол үшін:

- П1 және П5 нүктелерін түзумен қосады, шыққан қиындыны екіге бөледі де, пайда болған нүктені О әріпімен белгілейді.

П10 = П1П5/2.

- О нүктесінен қолтық ойындысының тереңдігіне перпендикуляр түсіреді. Перпендикулярдың көлденең сызықпен қиылысқан нүктесін 01 деп белгілейді. О1О2, тең Вок<= 0102= ОО1 - ОО2, мұндағы ОО2 қиындысы — қол бұлшық етінің дельталы даму деңгейіне байланысты болатын өлшем:

Кеуде айналымы 88,0-92,0см болатын фигуралар үшін 2,5см;

Кеуде айналымы 96,0... 104,0см болатын фигуралар үшін 2,0см;

Кеуде айналымы 108,0... 116,0см болатын фигуралар үшін 1,5см;

Кеуде айналымы 120,0 см және одан жоғары болатын фигуралар үшін 1,5см.

3.2 Жең сызба торының тұрғызылуы

О1 нүктесінде қиылысатын өзара екі перпендикуляр түзулерді жүргізеді (2 сурет). О1 нүктесінен окат биіктігіне тең келетін, қиындыны қалдыратын перпендикуляр тұрғызады:

O1O2 = Вок = О1 О2 (бұйымның негізгі сызбасынан);

О2 нүктесі арқылы көлденең түзу жүргізеді.

Тордың енін анықтау үшін қолтық ойындысының тереңдігі деңгейіндегі дайын жеңнің енін білу қажет. Оны екі әдіспен есептеуге болады.

1-әдіс:

Шр= [1,25( Дпр + Ппос) - 1,6ВОК - 1,8]/2.

Ппос = Дпр х Н.

1см бойынша жеңнің отырылу нормасы Н матаның түріне байланысты келеді.

2-әдіс:

Шр=(0п + Поп)/2.

О1 нүктесінен екі жағына жең енінің жартысын қалдырады, Рп және Рл нүктелерін алады, олар қолтық ойындысы деңгейінде дайын күйінде жеңнің енін шектейді:

O1Pn = О1РЛ = Шр/2; РпРЛ — қолтық деңгейіндегі жең енінің сызығы.

Рп және Рл нүктелерінен О2 нүктесі арқылы жүргізілген көлденең сызығымен қиылысатын перпендикулярларды тұрғызады. Қиылысқан нүктелерді О3 және О4 етіп белгілейді. Сызба торының биіктігін анықтау үшін О3РП тік сызығын төменге қарай жалғастырып, оның үстінен О3 нүктесінен минус 1,0...1,5см болатын жең ұзындығын қалдырады. РПМ сызығы жеңнің алдыңғы иіліс сызығы.

О3М = Др-1,0...1,5.

Шыңтақ сызығының деңгейін анықтайды:

О3Л = О3М/2 + 3,0.

М және Л нүктелерінен солға қарай көлденең түзулер жүргізеді. М нүктесінен сола қарай Шрук вн өлшемін қалдырады, онымен бірге төмендегі сызба торының енін анықтауға болады:

ММ1 = Шрук вн.

Жеңнің төменгі сызығын М1М2 қиындысымен анықтайды, оны М1 нүктесінен тік сызығы бойынша орналастырады.

M1M2= 1,5...2,5 см.

М және М2 нүктелерін біріктіріп, жеңнің төменгі сызығын алады.

М2 және Рл нүктелерін біріктіріп, артқы шыңтақ сызығын алады. Оның көлденең сызықпен қиылысуын Л нүктесінен Л2 нүктесі етіп белгілейді. ЛЛ2 сызығы шыңтақ деңгейі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]