- •Алматы технологиялық университеті жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультеті
- •Студенттің зертханалық жұмыстарды орындаудың әдістемелік нұсқаулары
- •5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциясы» мамандығы үшін
- •Белдемшенің бк тұрғызуға арналған негізгі мәліметтер.Цотшл. Өлшемі 164-96-104
- •Цотшл әдісі бойынша белдемшенің базалық конструкциясының жобалануы.
- •1Сурет. Тік белдемше сызбасының базисті торы
- •2 Сурет.Цотшл әдісі бойынша белдемшенің бк сызбасының сұлбасы.
- •4 Сурет. «Клеш» атты белдемшенің сызбасы
- •Цотшл әдісі бойынша әйел шалбарының (164 -96 -104) конструкция сызбасының тұрғызылуы
- •5 Сурет. Цотшл әдісі бойынша әйел шалбарының конструкциялық сызбасының тұрғызылу схемасы
- •2.1 Әйелдің иық бұйымының сызбасын тұрғызуға арналған негізгі мәліметтер.
- •2.2 Бұйым негізінің сызба торының тұрғызылуы
- •2.3 Силуэті жартылай қынамалы әйел көйлегінің сызбасын тұрғызуға арналған есептелу мысалы (2 сурет)
- •Қондырма жеңнің негізгі конструкциясын тұрғызуға арналған негізгі мәліметтер.
- •3.2 Жең сызба торының тұрғызылуы
- •3.3 Қондырма жеңнің негізгі сызбасының тұрғызылуы.
- •Бір өңірлі бұйымда түймеліктің орналасуы
- •Екі өңірлі бұйымдарда түймеліктің орналасуы
- •Жағаларды құрастыру.
- •Түймелігі жоғарыға дейін қайырмалы жағалар
- •Түймелігі ашық қайырмалы жағыны құрастыру
- •Жанап тұратын тік жаға
- •Алшап тұратын тік жаға
- •Т ұтас пішілген тік жаға
- •Тұтас пішілген жаға артқы және алдыңғы боймен тұтас пішіледі. Тіректің биіктігі артқы және алдыңғы бойдың киықтарынан көтеріледі.
- •К апюшондарды құрастыру
2 Сурет.Цотшл әдісі бойынша белдемшенің бк сызбасының сұлбасы.
ЦОТШЛ әдісі бойынша әйелдердің тік классикалық белдемше сызбасының негізгі конструктивтік параметрлерін анықтауға арналған есептеу формулалар
Кесте 2
№ |
Конструктивті бөлігі |
Шартты белгілері |
Есептелуі |
Мөлшері, см. |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1 |
Етек сызығының деңгейі |
ТН |
Ди |
Моделден |
|
2 |
Бөксе сызығының деңгейі |
ТБ |
Дтс2/2 – 2 |
20,25 |
|
3 |
Бөксе сызығы бойынша белдемше ені |
ББ1 |
Сб+Пб= 52+0,5 |
52,5 |
|
4 |
Артқы бой ені |
ББ2 |
(Сб+Пб)/2-1,0 см= (52+0,5)-1 |
25,25 |
|
5 |
Алдыңғы бел деңгейі |
Т1Т10 |
0,5см |
0,5 |
|
6 |
Жаны бойынша бел деңгейі |
Т2Т20 |
|
|
|
Бүкпелер санының анықталуы және олардың қосымшаларының есептелуі |
|||||
7 |
Бел сызығы бойынша бүкпе лердің қосымша мөлшерінің жалпы қосындысы |
∑В |
(Сб+Пб)-(Ст+Пт) |
14,5 |
|
8 |
Жан бөлігі |
|
0,5*∑в |
3,6 |
|
9 |
Артқы |
|
0,35*∑в |
2,5 |
|
10 |
Алдыңғы |
|
0,15*∑в |
1,0 |
|
Бөксе сызығында орналасқан бүкпелердің анықталуы |
|||||
11 |
Артқы бүкпесінің орналасуы |
ББ3 |
0,4*ББ2 |
- |
|
12 |
Алдыңғы бүкпенің орналасуы |
Б1Б4 |
0,4*Б1Б2 |
- |
|
Бүкпелер ұзындығы |
|||||
13 |
Жан бүкпесінің ұзындығы |
3см-ге бөксе сызығына дейін жетпейді |
|||
14 |
Артқы бүкпенің ұзындығы |
|
12-17 см |
- |
|
15 |
Алдыңғы бүкпенің ұзындығы |
|
6,0-12,0 |
- |
|
Жұмысты дайындауға арналған сұрақтар:
1. Конструкция сызбасының тұрғызылуы қандай кезеңдерден тұрады?
2. Базистік тор дегеніміз не? Оны не үшін қолданылады?
3. Конструкцияның негізгі сызбасын қандай сызықтар құрайды?
4. Бел бұйымдары деп қандай киімдерді айтады?
5. Белдемшенің негізгі бөлшектерін және конструктивті сызықтарын қалай атайды?
6. Тік белдемшенің негізгі сызбасын тұрғызу үшін қандай өлшемдер мен қосымшаларды қолданады?
7. Тік белдемшеде негізгі көлденең сызықтарын қалай тұрғызуға болады?
8. Тік белдемшенің жан сызығының орналасуын қалай анықтауға болады?
Құрал-жабдықтар: калька, миллиметрлық қағаз, сызу жабдықтар, эскиз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Гурьянова Н.И., Зуйкова В.Н. Конструирование одежды. М., 1974
Козлова Е.В., Коваленко Е.В. Коснтруирование мужской одежды. Санкт-Петербург., 1999
Матузова Е.М., Гончарук Р.К., Соколова Р.И. Разработка конструкций изделий по моделям. М., 1983
Кокеткин П.П., Медведков В.М., Боронина Л.П. и др. Справочник по конструированию одежды. М., Легкая и пищевая промышленность. 1986
№ 4 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Конусты белдемшенің негізгі сызбасының тұрғызу.
Жұмыстың мақсаты:Құрастыру тәсіліне сәйкес түзу белдемшенің негізгі сызбасын тұрғызу.
Жұмыстың мазмұны:
Құрастыру тәсілін, сызбаны тұрғызу үшін керекті бастапқы мәліметтерді таңдау;
Сызбаны тұрғызу.
Жұмысты орындауының теориялық негіздері:
Жұмысты әрбір студент өзі орындайды. Тәсілдерді зерттеп өз қалағанын таңдайды.
Бастапқы мәліметтерге келесі деректер жатады:
- Нақты пішіннің өлшемдері;
- Жобаланатын бұйымға сәйкес қосымшалар.
- Сызбаны тұрғызу.
- Құрастыру тәсіліне қарай бұйымның ерекшеліктері ескеріліп (қалта, бүкпе және т.б.) 1:1 масштабында сызбалар тұрғызылады.
- Әдістеінің ерекшелігі киімнің біртекті негізгі құрастырылуы және негізі киім түрлерінің базалық құрастырылуы.
Әйелдердің бел бұйымдар конструкциясының сипаттамасы.
Белдемшені тұрғызуға арналған негізгі мәліметтер.
Конусты белдемшенің негізгі сызбасының тұрғызылады.
Конусты белдемше негізінің сызбалық тұрғызылуы
Сыртқы пішіні қиылған конусқа ұқсаған белдемшені конусты деп атайды. Сондықтан конусты белдемше негізінің сызбасын қиылмалы конустың жазылған сызбасы бойынша тұрғызады. Оның жоғарғы доғасы бел сызығына сәйкес келсе, төменгі доғасы етек сызығына сәйкес келеді, ал жоғарғы және төменгі доғалар арасындағы радиустар бөліктері алдыңғы және артқы бойының ортаңғы сызықтары болып табылады.
Сызбаны тұрғызуға арналған барлық есептеулер арқылы центрі ортақ болатын екі радиусты анықтауға болады О: RT — жоғарғы доғаның радиусы жәнеRн — төменгі доғаның радиусы.
3 сурет. Конусты белдемшенің сызбасы және осындай белдемшенің кеңістікте жазылуы
Негізгі мәліметтер
Конусты белдемше негізінің сызбасын тұрғызу үшін келесі өлшемдер мен қосымшалар қажет:
Ст — белдің жарты айналымы;
Сб — бөксенің жарты айналымы;
Дтс — артқы бел сызығы;
Дтк — бел сызығынан тізеге дейінгі арақашықтық;
Пт — белдің жарты айналымына арналған қосымша;
Пб — бөксенің жарты айналымына арналған қосымша;
Пдк — бұйым етегіне арналған қосымша.
Есептеу мысалына размері 164-96-100 болатын фигураның өлшемдері қолданылады:
Ст = 37,0 см; Сб = 50,0 см; Дтс = 40,4 см; Дтк = 57,6 см; Пт = 1,0 см; П6 =5 см; Пдтк = -7,6 см.
Негізгі сызбаның тұрғызылуы мен есептелуі (4 сурет)
Сызбаның тұрғызылуының алдында конусты белдемшенің бел сызығы мен етегіне арналған радиустары есептелінеді.
Бел сызығын тұрғызуға арналған радиусы есептелінеді:
RT=K (Cr + n,), мұндағы К— белдемшенің кеңею деңгейіне байланысты болатын коэффициент.
К = 0,32 — «солнце» атты белдемшелерге арналған (белдемшенің сызбасы толық шеңбердей болады);
К = 0,64 — «полусолнце» атты белдемшелерге арналған (белдемшенің сызбасы жартылай шеңбер түрін береді);
К= 1,2 — «колокол» атты белдемшелерге (белдемшенің сызбасы шеңбердің 1/4 бөлігіндей болады);
К= 1,4 — «клещ» атты белдемшелерге (белдемшенің сызбасы шеңбердің ¼ бөлігінің секторын құрайды).
Етек сызығын тұрғызуға арналған радиусты анықтайды:
RH= Rт + (Дтк + Пдтк).
Онүктесінен төменге қарай ОТ, ОБ, ОНқиындыларын қалдыратын тік сызықты жүргізеді:
ОТ= RT;ОН= RH;ТБ = 0,5ДТС.
