- •Алматы технологиялық университеті жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультеті
- •Студенттің зертханалық жұмыстарды орындаудың әдістемелік нұсқаулары
- •5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциясы» мамандығы үшін
- •Белдемшенің бк тұрғызуға арналған негізгі мәліметтер.Цотшл. Өлшемі 164-96-104
- •Цотшл әдісі бойынша белдемшенің базалық конструкциясының жобалануы.
- •1Сурет. Тік белдемше сызбасының базисті торы
- •2 Сурет.Цотшл әдісі бойынша белдемшенің бк сызбасының сұлбасы.
- •4 Сурет. «Клеш» атты белдемшенің сызбасы
- •Цотшл әдісі бойынша әйел шалбарының (164 -96 -104) конструкция сызбасының тұрғызылуы
- •5 Сурет. Цотшл әдісі бойынша әйел шалбарының конструкциялық сызбасының тұрғызылу схемасы
- •2.1 Әйелдің иық бұйымының сызбасын тұрғызуға арналған негізгі мәліметтер.
- •2.2 Бұйым негізінің сызба торының тұрғызылуы
- •2.3 Силуэті жартылай қынамалы әйел көйлегінің сызбасын тұрғызуға арналған есептелу мысалы (2 сурет)
- •Қондырма жеңнің негізгі конструкциясын тұрғызуға арналған негізгі мәліметтер.
- •3.2 Жең сызба торының тұрғызылуы
- •3.3 Қондырма жеңнің негізгі сызбасының тұрғызылуы.
- •Бір өңірлі бұйымда түймеліктің орналасуы
- •Екі өңірлі бұйымдарда түймеліктің орналасуы
- •Жағаларды құрастыру.
- •Түймелігі жоғарыға дейін қайырмалы жағалар
- •Түймелігі ашық қайырмалы жағыны құрастыру
- •Жанап тұратын тік жаға
- •Алшап тұратын тік жаға
- •Т ұтас пішілген тік жаға
- •Тұтас пішілген жаға артқы және алдыңғы боймен тұтас пішіледі. Тіректің биіктігі артқы және алдыңғы бойдың киықтарынан көтеріледі.
- •К апюшондарды құрастыру
Белдемшенің бк тұрғызуға арналған негізгі мәліметтер.Цотшл. Өлшемі 164-96-104
Кесте 1
№ |
Өлшемдік ерекшеліктерінің аталуы |
Шартты белгілері |
Мөлшері, см. |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Белдің жартылай айналымы |
Ст |
38 |
2 |
Бөксенің жартылай айналымы |
Сб |
52 |
3 |
Бел сызығынан еденге дейінгі жанынан арақашықтығы |
Дсб |
106,1 |
4 |
Бел сызығынан тізеге дейінгі арақашықтық |
Дтк |
|
5 |
Бел сызығынан еденге дейінгі алдыңғы арақашықтығы |
Дсп |
104,2 |
6 |
Бұйымның ұзындығы |
Ди |
60 |
Цотшл әдісі бойынша белдемшенің базалық конструкциясының жобалануы.
Белдемшенің негізгі сызбасын тұрғызу барысында бөксе сызығы Пб мен бел сызығы бойынша Пт және белдемшенің ұзындығына қосымшалар беріледі. Пт=0,5...1,5 см, Пб=1,0. .4,0
Негізгі сызбасының тұрғызылуын базисті тордың тұрғызылуынан бастайды.
Базисті тордың габариті алдыңғы ортаңғы сызығынан артқы ортаңғы сызығына дейінгі белдемшенің жан бетінің өлшеміне сәйкес келеді.
1Сурет. Тік белдемше сызбасының базисті торы
Торды тұрғызу үшін төбесі Т нүктесінде орналасқан тік бұрышты тұрғызады (1сурет). Көлденең сызығы бел сызығын, ал тігінен орналасқан сызық белдемшенің артқы жаймасын орта сызығын анықтайды. Т нүктесінен бастап тігінен қарай төмен ТН және ТБ қиықтарын қалдырады, олар белдемшенің етек сызығының және бөксе сызығының деңгейін анықтайды.
ТН=Дю;
ТБ=0,5Дтс2.
Б және Н нүктелері арқылы көлденең сызықтарды жүргізеді. Бөксе сызығы бойынша белдемше енін және артқы енін анықтайтын көлденең сызығы бойынша Б нүктесінен бастап қиықтар қалдырады:
ББ1 =Сб+Пб;
ББ2=0,5(Сб+Пб)- 1 ,0см.
Т және Н нүктелерінен жүргізілген Б1 және Б2 тік сызықтарын көлденең сызықтарына дейін жүргізеді. Н нүктесінен шығатын тік пен көлденең қиылысқан түзулердің нүктелерін Н1 және Н2 белгілейді. Т нүктесінен шығатын тік пен көлденең қиылысқан түзулердің нүктелерін Т1 және Т2 белгілейді.
Тік белдемшенің негізгі базистік торы тұрғызылған. ББ1сызығы — белдемшенің бедер сызығы; НН1сызығы — етек сызығы; Б1Т1 — алдыңғы бөліктің ортаңғы сызығы; Т2Н2 тік сызығы — тік белдемшенің жан сызығы.
Базистік тор бойынша белдің анықталған сызығын, бел сызығы бойынша бүкпелерін, алдыңғы және артқы бойдың жан сызықтарын тұрғызады. (сурет 2). Т2 нүктесінен тігінен жоғары қарай Т2Т20=1-2см қиығын қалдырады; Кезегімен Т, Т20, Т1нүктелерін қосады.
Бел сызығы бойынша бүкпелер мөлшерін анықтайды:
ΣВ=(Сб+Пб)-(Ст+Пт+Ппос), мұндағы Ппос=0,5... 1 ,0см — корсажға қатысты белдемшінің отырғызылуына қажетті қосымша.
Бүкпелердің саны, олардың орналасуы мен қосымшалар мөлшері белдемше фасонына және дене құрылымының ерекшелігіне байланысты. Әдетте үш бүкпені жобалайды: жан, артқы және алдыңғы. Жан бүкпесінің қосымшасы бүкпелер қосымшасының қосындысының жартысына тең, яғни 0,5 ΣВ. Артқы бүкпенің мөлшері 0,3 ΣВ, алдыңғысы — 0,2 ΣВ. Жан бүкпесін жан тігісінде орналастырады. Артқы және алдыңғы бүкпелерінің орналасуын бедер сызығындағы Б3және Б4 нүктелері анықтайды:
ББЗ=0,4ББ2;
Б1Б4=0,4Б1Б2.
Б3 және Б4 нүктелерінен жоғары қарай Т3 және Т4 нүктелері орналасқан бел сызығының қиылысуына дейін тігінен түзулерді жүргізеді. Т3, Т2 және Т4 нүктелерінен бел сызығы бойынша екі жағынан сәкесінше артқы, жан және алдыңғы бүкпелердің жарты мөлшерлерін қалдырады.
Артқы бүкпе ұзындығы 14-16см тең, ал алдыңғы – 10-11см. Артқы және алдыңғы бүкпелер жанын түзу сызықтарымен, ал жан бүкпесін қалыпты сызықпен жүргізеді.
Белдемшенің жоғарғы қиығын бүкпелердің жабық кезінде доғаланған сызықтармен безендіреді.
