Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лабор..docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.54 Mб
Скачать

Алматы технологиялық университеті жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультеті

Бекітемін

ЖӨжДФ Деканы

_______________ Р.О. Жилисбаева

«____» _________ 2014 г.


Студенттің зертханалық жұмыстарды орындаудың әдістемелік нұсқаулары

TK ZhOBKUN 2204 «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын құрастыру және үлгілеу негіздері» пәні бойынша

5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциясы» мамандығы үшін

Алматы, 2014

5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығының студенттеріне арналған «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын құрастыру және үлгілеу негіздері» пәні бойынша зертханалық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары Алматы технологиялық университетінің «Бұйым және тауар технологиясы мен құрастырылуы» кафедрасының мәжілісінде қарастырылып бекітілген.

Хаттама № 11 24.06.2014 ж.

«БжТТҚ» кафедрасының меңгерушісі______________Нуржасарова М.А.

1 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Жеңіл бұйымдар ассортименті, өндеу кезеңдері.

Жұмыстың мақсаты: Жеңіл бұйымдар ассортиментімен және өндеу кезеңдерімен танысу. Техникалық эскизді жетілдіру.

Жұмыстың мазмұны:

  1. Журналдардан тапсырысқа сәйкес киімнің үгілерін таңдау.

  2. Үлгілерді (киім үлгілерінің графикасы – техникалық эскиздары) суреттеу.

Жұмысты орындауының теориялық негіздері:

Жұмысты әрбір студент өзі орындайды. Сән журналдар, киім каталогтар көмегімен үлгілер таңдалып, техникалық эскиз суреттеніледі.

Киім қоғам дамуының ерте кезеңінде – 40-25 мың жыл бұрын пайда болған. Киім ежелден өз бойына сұлулық пен біртұтастықты жинаған. Киім пайда болмас бұрын адамдар денелерін бояп, татуировка басқан. Кейіннен бұл бояулар мен суреттер матаға көшірілді. Рәміздік және қорғау элементтері ретінде тістер, сүйектер, қауырсындар қолданылды. Бұндай әшекей заттар уақыт өте эстетикалық мәнге ие болды. Киім дайындауға қолданылатын материалдар - өсімдік текті материалдар (шөптер мен жапырақтар), аңдар мен балықтардың терісі. Аяқ киімге пайдаланылатын материалдар – ағаштардың қабығы, былғары мен үлбір бөліктері, ал бас киімге іші ойылған асқабақ, тасбақа сырты, кокос жаңғағы қолданылған.

«Киім» - адам денесін қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен қорғайтын, өсімдіктекті, жасанды және жануартекті материалдардан жасалған жабынды.

«Костюм» - белгілі бір халық, қоғамдық топ немесе дәуір киімінің тұрақтанған қалпы. Костюмге киім, аяқ киім, аксессуарлар, шаш үлгісі, әшекей заттары мен бояу үлгілері кіреді. Костюм дәуірдіңэстетикалықмінсіздігінайқындайды.

Адамның күнделікті өмірінде киім азық түлік пен баспана секілді, маңызды болып келеді. Ол алғашқы қажеттілікті зат болып табылады, себебі ол адамды ыстықтан, суықтан және атмосфералық құбылыстардан қорғайды. Киім деп адам өз денесін толық немесе жартылай жабатын заттар жиынтығын айтады. Басты күлпарамен, денені комбинезонмен жабады; дененің жоғарғы бөлігіне пиджак, жакет, блуза, жейде киеді, ал төменгі жағына шалбар мен белдемшені киеді.

Басты жабатын бас киімдер, қолды қорғайтын қолғаптар, аяқты қорғайтын аяқ киімдер киімнің қызметін атқарады да, оның қосымша заттары болып табылады. Киіммен бірге бұл заттар комплект немесе ансамбльді құрайды.

Киім тек қорғаныш қызметін атқармайды. Киімнің келесі қызметі –ақпараттық, себебі киім барлық жерде және барлық уақыттарда адамның кәсіпкерлік қызметінің немесе қоғамда ерекшелейтін бір белгісінің қызметін атқарады. Ақсүйек әйелінің көйлегі қарапайым әйелдің көйлегіне қарағанда едәуір айырмашылығы болатын. Соттық мантия, офицерлік мундирге киілген адамдардың кәсіпкерлік қызметін көрсетеді.

Киімнің үшінші қызметі бұл эстетикалық. Киім адам мәдениетінің материалдық заты болып, тарихи кезеңдерінің, ұлттық сипаттамасының, шығармашылық ерекшеліктерінің мінездемесін айқындайды, сондықтан да эстетикалық қабылдаудың объектісі болып табылады. Киім тек пайдаланылатын зат қана емес, сонымен бірге өнердің қолданбалы туындысы ретінде де қарастырылады. Бұл туралы әлемнің түрлі музейлерінен жинақталған киімнің тарихи және ұлттық нақыштары айқындайды.

Жұмысты дайындауға арналған сұрақтар:

  1. Жеңіл ассортиментер киіміне не жатады?

  2. Жеңіл киімдерді қандай маталардан дайындайды?

  3. Комплект деген не?

  4. Комплекті тұрғызуының негізгі ұстанымдары қандай?

  5. «Коллекция» жүйесі деген не?

Құрал-жабдықтар: калька, миллиметрлық қағаз, сызу жабдықтар, сән журналдары, киім каталогтары.

Ұсынылатын әдебиеттер

    1. Коблякова Е.Б., Лабораторный практикум одежды с элементами САПР - М., 1992; (с. 23…30)

    2. Козлова Е.В., Коваленко Е.В. Коснтруирование мужской одежды. Санкт-Петербург., 1999

  1. Матузова Е.М., Гончарук Р.К., Соколова Р.И. Разработка конструкций изделий по моделям. М., 1983

  2. Кокеткин П.П., Медведков В.М., Боронина Л.П. и др. Справочник по конструированию одежды. М., Легкая и пищевая промышленность. 1986

2 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Құрастыру тәсілін таңдау.

Жұмыстың мақсаты: Құрастыру тәсілдерімен танысу.

Жұмыстың мазмұны:

  1. Құрастыру тәсілдерімен танысу.

  2. Сызбаны тұрғызу үшін керекті бастапқы мәліметтерді таңдау;

Жұмысты орындауының теориялық негіздері:

Құрастыру тәсілі, сызбаны тұрғызу үшін керекті бастапқы мәліметтерді таңдау.

Жұмысты әрбір студент өзі орындайды. Тәсілдерді зерттеп өз қалағанын таңдайды.

Бастапқы мәліметтерге келесі деректер жатады:

- Нақты пішіннің өлшемдері;

- Жобаланатын бұйымға сәйкес қосымшалар.

Жұмысты дайындауға арналған сұрақтар:

  1. Нақты пішінге бұйым жақсы отыру үшін қандай құрастыру тәсілі қолданылады?

  2. Иық және бел бұйымдарының сызбаларына қандай өлшемдер керек?

  3. Қосымшалардың көлемі неге байланысты?

Құрал-жабдықтар: калька, миллиметрлық қағаз, сызу жабдықтар, эскиз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Гурьянова Н.И., Зуйкова В.Н. Конструирование одежды. М., 1974

  2. Козлова Е.В., Коваленко Е.В. Коснтруирование мужской одежды. Санкт-Петербург., 1999

  3. Матузова Е.М., Гончарук Р.К., Соколова Р.И. Разработка конструкций изделий по моделям. М., 1983

  4. Кокеткин П.П., Медведков В.М., Боронина Л.П. и др. Справочник по конструированию одежды. М., Легкая и пищевая промышленность. 1986

3 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Түзу белдемшені құрастыру және үлгілеу негіздері.

Жұмыстың мақсаты:Құрастыру тәсіліне сәйкес түзу белдемшенің негізгі сызбасын тұрғызу.

Жұмыстың мазмұны:

  1. Құрастыру тәсілін, сызбаны тұрғызу үшін керекті бастапқы мәліметтерді таңдау;

  2. Сызбаны тұрғызу.

Жұмысты орындауының теориялық негіздері:

Жұмысты әрбір студент өзі орындайды. Тәсілдерді зерттеп өз қалағанын таңдайды.

Бастапқы мәліметтерге келесі деректер жатады:

- Нақты пішіннің өлшемдері;

- Жобаланатын бұйымға сәйкес қосымшалар.

- Сызбаны тұрғызу.

- Құрастыру тәсіліне қарай бұйымның ерекшеліктері ескеріліп (қалта, бүкпе және т.б.) 1:1 масштабында сызбалар тұрғызылады.

- Әдістеінің ерекшелігі киімнің біртекті негізгі құрастырылуы және негізі киім түрлерінің базалық құрастырылуы.

Әйелдердің бел бұйымдар конструкциясының сипаттамасы.

1. Белдемшені тұрғызуға арналған негізгі мәліметтер.

2. ЦОТШЛ әдісі бойынша түзу белдемшенің базалық конструкциясының жобалануы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]