Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗАК Т1Л1 НАЗЕРКЕ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
172.19 Кб
Скачать

8. Етістіктің рай категориясы. Бұйрық райлы етістік, оның жіктелу парадигмасы.

 Етістіктің рай категориясы – мағына жағынан да аса бір күрделі тақырыптың бірі. Етістіктің райын түсіндіру, қимыл, іс-әрекеттердің өзіндік реңк (рай) белгілерін аңғартуда көп ойланып, көп ізденуді қажет етеді. Рай деген грамматикалық атаудың өзін түсіндіру оңай емес, абстракт ұғым. Етістіктің өз ішіндегі қимыл ерекшеліктері атауларының бәрі өз мағыналарына сай лайықты аталады. Ал рай категориясының атауы тым абстрактылы, әдетте ауа райы, адамның райы деген мағынада рай сөзі қолданыла береді. Бұл тіркес құрамындағы рай сөзі реңі, өңі дегендердің мағынасына жуықтасады, бірақ оған да толық келе бермейтін жайттар екені сөз болады. Осы сияқты рай сөзі етістіктерде де жұмсалады. Рай категориясы субьект (істеуші, сөйлеуші) мен амал-әрекеттің арасындағы қарым-қатынастың әртүрлі реңктерде болатын шындық көріністерді білдіретіндігі айтылып, түсіндіріледі. Мысалы: Оқимын, оқиын, оқысамшы, оқымақшы, оқырсың, оқысам игі еді, оқыған екенмін, оқыр ма екен, оқып келіпті, оқығалы отыр  деген етістіктердегі қимыл, амал-тәсілдер өзара салыстырылып, олардағы реңктік ерекшеліктер ажыратылуы керек. Оқу қимылының орындалу, істелу барысында түрліше көзқарас, түрліше хабардың барлығы аңғартылады. Сөйтіп, іс-әркеттің шындыққа, ақиқатқа қатынасын білдіретін етістік түрлері рай деп аталатынына мән беріледі. Етістіктің төрт түрлі райы бар: бұйрық рай, шартты рай, ашық рай, қалау рай.

Бұйрық райлы етістік.  Әдетте етістік атауларының бәрі бұйрық мағынада жұмсалады. Мысалы: сен оқы, ол оқысын дегендегі оқы, оқысын деген бұйрық етістіктер сөйлеуші біреуге немесе тыңдаушыға оқу туралы бұйрық етістіктер сөйлеуші біреуге немесе тыңдаушыға оқу туралы бұйрық беріп тұрғандығы түсіндіріледі. Сөйтіп, бұйрық мағынада қолданылатын етістік түрі бұйрық рай деп аталады. Бұйрық рай II және III жақта қолданылады. Негізгі, туынды етістік атаулардың бәрі де бұйрық райдың  II жағының екінші түрінде айтылатыны ескертіледі. Мысалы: кет, кетір, ал, алдыр, алғыз, шегеле, шегелт, көшір, ойлат, ойлатқыз, түсір т.б. Бұйрық райлы етістіктер  жекеше түрде де,  көнше түрде де жіктеледі. Бұйрық райдың жіктелуі басқа жіктелетін сөздерден ерекше, сондықтан бұйрық райлы етістіктің жіктелуіндегі жіктік жалғауының варианттарын мына түрде саралап, нақтылап берген жөн болады. Бұйрық райдың жекеше түрінің I жағында жіктік жалғауы дауыстыдан кейін -йын, -йін, дауыссызх дыбыстан кейін, -айын, -ейін  болып жалғанады. II жақтың арнайы түрінде жалғау болмайды. II жақтың сыпайы түрінде -ыңіз, -іңіз, -ңыз, -ңіз, III жақта -сын, -сін болып жалғанатыны мысалдармен түсіндіріледі. Бұйрық райдың  I жағы үнемі қалау, тілекті білдіреді.

Жіктелу парадигмасы..............................................

9. Зат есімнің септік және тәуелдік категориялары.

Зат есімнің тәуелдік категориясы-түркі тілдерінің ерекшелігін білдіретін категория, өйткені  "грамматикалық категорияларда универсалды грамматиканың жалпы категориялары емес, туыстас тілдердің  тобының немесе жеке тілдердің грамматикалық құрылысының басты ерекшеліктері көрінеді (1, 141 )".Сондықтган түркі тілдерінде соның ішінде қазақ  тілінде дербес категория болып табылатын тәуелдік категориясы орыс тілінде жоқ. Бірақ орыс тілінде тәуелдік мағына бар  ол лексикалық  тәсіл арқылы беріледі (мой, твой  т.б.). Түркі тілдерінің ерекшелігі болып табылатын тәуелдік категориясы –бір заттың  екінші  затқа  меншіктілігін білдіретін категория. Нақтырақ  айтқанда,  тәуелденіп тұрған зат есімнен әрі біреудің иелігіне жататын сол заттың өзі, әрі оны иемденуші адам-мұның  екеуі де қоса ұғынылады (31,55) "немесе" иеленуші үш жақтың біріне белгілі бір заттың меншікті екенін білдіретін грамматикалық категория (63,48)". Тәуелдік категориясының мағынасы тәуелдік жалғаулары арқылы беріледі, яғни тәуелдік жалғауы грамматикалық мағынасы жағынан ең алдымен тәуелдік мағынаны, екіншіден, сол тәуелдік мағынаны белгілі жаққа байланысты жекеше, көпше  түрде  білдіреді.

Атау септік. Атау септігі сырт тұлғасы жағынан да зат есімнің түбірі тұлғасымен ұқсас, арнайы грамматикалық көрсеткіші жоқ болып келсе де, басқа септік түрлерімен бірдей арнайы грамматикалық мағынасы бар, басқа септік тұлғаларындай сөз байланыстырғыш қызметі бар, олармен тепе-тең, бірақ нольдік формалы септік жүйесінің бір түрі болып табылады. Атау септігі белгілі бір заттарды атап көрсетеді, сондықтан атау септігіне қойылатын сұрақтар кім? не? деген жалғаусыз формада жұмсалады.

Ілік септік. Ілік септігіндегі сөз үнемі тәуелдік жалғаулы сөзбен байланысты болады. Ілік септіктің білдіретін басты мағынасы – грамматикалық меншіктілік, иелікті, меншіктілік-қатыстықты көрсету. Ілік септігі кімнің? ненің? қай? деген сұрақтарға жауап болады. Ілік септігінің қосымшалары ашық та, жасырын да қолданылатыны өзара салыстырыла әңгімеленуі керек. Мысалы: мектептің маңы – мектеп маңы, есіктің тұтқасы – есік тұтқасы. Ілік септігі жалғауларының ашық түрде қолданылатыны мынадай жүйеде түсіндіріледі.:

  1. Иелік мәнді білдіретін жалқы есімдердің ілік септік жалғауы үнемі ашық айтылады: Асқардың кітабы.

  2. Иелік мәнді сөздер есімдіктер болса, олардың ілік септігі үнемі ашық айтылады: Менің қаламым.

  3. Заттанған сөздердің ілік септігі ашық айтылады: оқығанның білімі көп.

  4. Тәуелдік жалғаулы сөздер ілік септігінде жұмсалғанда ашық қолданылады: Апамның ұршығы.

  5. Ілік септік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздердің аралығына сөз түсіріліп айтылған жағдайда ілік септігі ашық айтылады: Кітаптың ішкі беті.

Барыс септік. Барыс септігінің де өзіндік ерекшелігі бар. Барыс септігі сөз бен сөзді байланыстырып, мекенді, бағытты, мақсатты, мезгілдік ұғымдарды білдіреді. Барыс септігінің сұрағы мен қосымшаларын түсіндірген соң, дейін, шейін, тарта, қарай, жуық сияқты шылау сөздер өзінің негізгі сөздердің үнемі барыс септікте тұруын керек ететіні аңғартылады. Мысалы: үйге дейін.

Табыс септік. Табыс септігі зат пен қимылды ұштастырып, өзара байланыстырып тұрады. Табыс септігі қимылдық ұғымды білдіретін кейбір етістіктердің лексикалық мағыналарымен тікелей байланысты болып, олармен табиғи жағынан да қарым-қатынаста келеді. Мысалы, «Тақтаны сулы шүберекпен сүрту керек» деген сөйлемді тақтаға жазып, сүрту керек деген тіркестің баяндауыш екенін, оған нені? деген сұрақтың тікелей қойылатыны аңғартылады. Демек, сүрту керек деген сөз тіркесі тақтаны деген сөздің табыс септікте тұруын қалайтыны ескертіледі. Табыс септігі ілік септігі сияқты ашық түрде де, жасырын түрде де қолданылатыны ескеріліп, үнемі ашық түрде айтылатыны нақты мысалдар келтіріле отырып әңгімеленеді. Мынадай табыс септігі ашық қолданылады.

  1. Кімдер? Кімдерді? деген сұрақтарға жауап беретін жалқы, жалпы есімдердің табыс септігі ашық қолданылады. Мысалы: Амантайды Асқар көп ойлады.

  2. Тәуелдік жалғаулы сөздердің табыс септігінің қосымшалары ашық айтылады. Мысалы: Балалар уақыттарыңды дұрыс пайдаланыңдар!

  3. Табыс септігіндегі есімдіктердің қосымшалары түсірілмей ашық айтылады. Мысалы: Омар сені іздеп келіпті.

  4. Табыс септігіндегі сөз бен етістіктің арасына сөз салынып айтылса, қосымша түсірілмей ашық айтылады. Мысалы: Ол кітапты тез оқиды.

Жатыс септік. Жатыс септіктегі сөздер де етістіктен болған сөйлем мүшелерімен байланысып, мекендік, мезгілдік мағыналарды білдіреді. Мысалы: ол мектепте болды.

Шығыс септік. Шығыс септігі – септік жалғауларының ішіндегі оңай меңгерілетін категориясының бірі. Шығыс септіктегі сөздер де етістікпен байланысып, қимылдың болған орнын, мезгілін, себебін, нәрсенің неден істелетінін білдіреді. Мысалы: Олар мәскеуден келді. Шығыс септігіндегі сөздердің мағынасы мен сөйлемдегі қызметі төмендегі мысалдар арқылы түсіндіріледі:

  1. Ғарышкерлер Байқоңырдан (қайдан?) ұшырылады.

  2. Еңбек сабағында пластилиннен (неден?) ат жасадық.

  3. Асқарды алыстан жүрісінен (несінен?) таныдым.

  4. асқардан (кімнен?) Омар жақсы оқйды.

Бірінші сөйлемдегі Байқоңырдан деген шығыс жалғаулы сөз қайдан? деген сұраққа жауап беріп, шыққан орынды білдіріп, екінші сөйлемдегі пластилиннен деген сөз неден? деген сұраққа жауап беріп, заттың неден істелггенін білдіріп, сөйлемде толықтауыш болып тұр.

Көмектес септік. Көмектес септік сөздер де етістіктен болған мүшемен байланысып, іс-әрекеттің құралын, тәсілін және амалын білдіреді. Демек, көмектес септігі бір заттың екінші бір затқа көмекшілік қызметінде жұмсалатынын білдіреді. Мысалы: Адам еңбегімен бағаланады. Көмектес септігінің –мен, -бен, -пен түрлері жиі қолданылады, ал –менен, -бенен, -пенен түрлері қазіргі тілімізде көп жұмсалмайды. Көмектес септіктің қосымшаларының басқа септіктерден бір ерекшелігі – олардың жуан варианты жоқ. Бұлардың түбірге үнемі жіңішке тұлғада жалғанып, буын үндестігіне бағынбайтыны, көмектес септіктің беретін мағыналары да, сөйлемдегі қызметі де түрліше болып келетіндігін сөйлем талдау арқылы түсіндірген ұтымды болады. Мысалы :

  1. Еңбеккерлер трактормен (немен?) жер жыртады, комбайнмен (немен?) астық орады. Қасым жолдастарымен (кімдермен?) экскурсияға кетті. Біз баяндаманы ықыласпен (қалай?) тыңдадық.

Бұл сөйлемдердегі трактормен, комбайнмен деген сөздер немен деген сұраққа жауап беріп, істің нендей құралмен істелетінін білдіріп тұр. Сол сияқты жолдастарымен деген сөз кімдермен? Деген сұраққа жауап беріп, істің бірлестігін білдіріп тұр.