Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗАК Т1Л1 НАЗЕРКЕ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
172.19 Кб
Скачать

4. Әдеби тіл, ғалымдар пікірі. Әдеби тілге тән белгілер .

Әдеби тіл – өңделіп, сұрыпталған белгілі бір тілдік нормаларға түскен, жалпыхалықтық тілдің ең жоғарғы формасы.

Әдеби тілдің анықтамасы жайындағы пікірлер, көзқарастар мазмұнына қарай екіге топтастырылады:

1. Әдеби тіл – жазба тіл, жазусыз әдеби тілдің болуы мүмкін емес (М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев, С.Аманжолов).

а) Орхон-Енесей жазба ескерткіштерінен бастауды ұсынады (Ғ.Мұсабаев)

ә) Төл әдеби тілдің тарихы бар. Ол Абай, Ыбырай есімдерімен байланыстырылады (М.Балақаев, С.Аманжолов).

2. Әдеби тіл сол халықтың бай ауыз әдеби тілі мен жалпыхалықтық тілдің негізінде қалыптасты.

Осы тұрғыдан келгенде ғалым Р.Сыздықова әдеби тілді екі кезеңге бөліп зерттеуді ұсынады:

1.Ұлттық кезеңге дейінгі әдеби тіл

2.Ұлттық кезеңдегі әдеби тіл.

Осылай зерттеу жұмысы жасалса, әдеби тілге жан-жақты объективті түрде анықтама беруге болатын сияқты.

Р.Сыздықова әдеби тілді жоғарыдағыдай зерттеуге ұсынады әрі әдеби тілге тән шартты белгілерді анықтап көрсетеді:

1. Әдеби тілдің өңделіп, сұрыпталып, белгілі бір нормаға түскен заңдылықтары болуы тиіс.

2. Қызметі жағынан сол халықтың өмірінде ұйымдастырушы, қоғам мүшелерінің басын қосушы сипаты, яғни жалпыға ортақтық қасиеті болуы тиіс.

3. Сапалық мазмұны мен қолдану аясы жағынан ауызекі сөйлеу тілінен жоғары тұруы керек.

4. Әдеби тілдің қоғамдық қолдану практикасында сыннан өткен, қоғам санасы дұрыс деп қабылдаған тілдік нормаға сай болуы тиіс және ол нормалар баршаға ортақ болуы тиіс.

Р.Сыздықованың пікірін негізге ала отырып, әдеби тілді 3 топқа бөліп қарауға болады:

1. Ауыз әдеби тілі

2. Жазба алдындағы әдеби тіл

3. Жазба әдеби тілі

М.Әуезов: «Қазақтың әдеби тілін Абайдан бастаймыз деушілерге дау айтамыз. Абайдың алдындағы көп ғасырдан келе жатқан мол эпостардағы, ұзынды-қысқалы салттық өлең үлгілеріндегі тілдерді ұмытуға бола ма? Бұқар, Махамбеттерде қазақ әдеби тілінің үлгі-өрнектері жоқ деуге бола ма?», - дейді.

С.Исаев: «Әдеби тіл – белгілі бір халықтың, белгілі бір дәуір кезеңдеріндегі қоғамдық құбылысы, сол халықтың рухани дүниесінің, мәдениетінің өндіріс құралы әрі оны жеткізудің қоғамдық көрінісі», - деген пікірді айтады.

Н.Томанов, С.Исаев, Ә.Ибатов әдеби тілдің көп функционалды, көп салалы тіл екендігін, әдетте цивилизация тарихын бастаудың бір шарты – әдеби тіл екендігін айтады.

Әдеби тілдің сыр-сипатын ашатын басты-басты белгілері мыналар:

  1. әдеби тілдің сұрыпталған, өңделген нормаларының болуы;

  2. сол нормалардың жұртшылықтың бәріне міндеттілігі және ұзақ уақыт сақталуы;

  3. функциональдық-стильдік салаларының болуы;

  4. қоғамдық қызметтің әр алуандығы.

Әдеби тілге тәне мұндай белгілер түп-түгел бір дәуірде, бірден бола қалатын құбылыс емес және олардың кейбір белгілері белгілі бір кезеңге айқын болса, енді бірі мүлде көмескі, тіпті болмауы да ықтимал. Жалпы халықтық тілдің байлығы мәдени өңдеуден өтіп, әдеби тілдің сөздік құрамына еніп отырады да, сөздің мағынасы мен қолданылуы, дыбысталуы мен жазылуы, сөз тұлғалары мен сөздердің байланысу тәсілдері көпшілік мойындаған ортақ үлгіге бағынады және жүртшылықтың бәріне міндетті болады. Халық тілінің екінші бір түрі сөйлеу тілі. Әдеби тілмен салыстырғанда сөйлеу немесе ауыз-екі тіл керкемдік, дәлдік, оралымдылығы жағынан сұрыпталмаған, шыңдалып жетілмеген, олпы-солпы жақтары көп. Осы тұрғыдан апғанда әдеби тіл белгілі бір жердің тұрғындары қолданатын диалектіге, адамдардың шағын әлеуметтік тобы сөйлейтін жаргон, қарапайым тілге /просторечие/ қарама-қарсы қойылады. Мысалы, бойлай (диалект) — үнемі (әдеби), маңпай (диалект) — маңдай (әдеби), шекейін (диалект) — шейін (әдеби), барсаңыз (диалект) — барасыз (әдеби), не нәсте (қарапайым) — не нәрсе (әдеби), аял (қарапайым) — әйел (әдеби), үптеу (жаргон) — урлау (әдеби), көжеле тою (жаргон) — екіқабат болу (әдеби) т. т.