 
        
        - •Антонимдер, өзіндік сипаты. Антонимия және болымсыздық категориясы.
- •Антонимдердің болымдылық-болымсыздық категориясымен байланысы
- •2. Ассимиляция, оның түрлері.
- •3. Әдеби норма.
- •4. Әдеби тіл, ғалымдар пікірі. Әдеби тілге тән белгілер .
- •5. Екпін, оның түрлері мен ерекшеліктері.
- •Еліктеуіш сөздердің мағыналық ерекшелігі
- •8. Етістіктің рай категориясы. Бұйрық райлы етістік, оның жіктелу парадигмасы.
- •9. Зат есімнің септік және тәуелдік категориялары.
- •10. Консонантизмдер, ерекшелігі, классификациясы.
- •11. Күрделі етістіктер, олардың түрлері, ғалымдар көзқарасы.
- •Суреттеме етістік[өңдеу]
- •12. Күрделі сөздер. Олардың түрлері, жасалу жолдары.
- •14. Лингвальды аттракция. Оған бағынбайтын қосымшалар.
- •15. Омонимдер, өзіндік белгілері, пайда болу жолдары, көпмағыналы сөздерден ерекшелігі.
- •Жасалу жолдары
- •16. Орфоэпия және орфография, принциптері.
- •18. Синонимдер, ерекшеліктері, пайда болу жолдары.
- •19. Сөз тіркесі, оған тән белгілер, түрлері.
- •20. Сөздің лексикалық мағынасы, оның түрлері, жіктелуі.
- •21. Сөзжасамдық тәсілдер. (синтетикалық, аналитикалық, лексика-семантикалық, конверсиялық)
- •22. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі – анықтауыш.
- •Анықтауыш болатын сөз таптары
- •23. Сын есімнің шырайлары, шырайларды жіктеудегі көзқарастар.
- •Сын есімнің шырайларын түрлері
- •24. Табу, эвфемизм, варваризм, жаргон. Табу
- •Жаргон сөздер. Жаргон сөздер - белгілі бір әлеуметтік немесе қызығушылығы ортақ топтардың басқаларға түсініксіз, құпия мағынада сөйлесуі. Сипаттамасы
- •Компьютерлік сленгтер
- •Жаргон сөздеріне мысалдар
- •25. Түркі тілдерін классификациялау.
Антонимдер, өзіндік сипаты. Антонимия және болымсыздық категориясы.
Антоним (гр. antі — қарсы, onoma — ат, атау) — мән-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер. Лексикологияда құбылыстың (күн — түн), ұғымның (бақ — сор, жақсылық — жамандық), сапаның (жаңа — ескі), қимылдың (кіру — шығу), т. б. қарсы мәндегі сөздердің мағыналары антонимдік жұп құрайды. Заттың атауын білдіретін сөздердің антонимдік жұбы болмайды. Сонымен қатар антоним қарама-қарсы мағына арқылы сөздердің мағыналық тұтастығы мен біртектілігін де білдіреді. Антоним сөздің дәл, нақты мағынасын салыстыру тәсілі арқылы айқындап, стилистикалық қызмет атқарады. Әсіресе, мақал-мәтелдерде жиі қолданылады. Мысалы, «Көз — қорқақ, қол — батыр», «Өтірік — қаңбақ, шын — салмақ». Қазақ тілінде фразеологиялық антонимдер көп кездеседі: аты шықты — аты өшті, жүрек жұтқан — су жүрек, соры қайнады — көзі ашылды. Тілдің лексикалық қабатының біраз бөлігін антонимдік бірліктер құрайды. Антоним сөздер лексикалық жүйеден үлен орын алады. Тілдегі антонимдік бірліктер сөздік жүйеден ғана орын алып қоймайды, олар сонымен қатар адамның ойлау жүйесі мен танымдық әлемінен орын алатын күрделі лингвокогнитивтік категория. Антонимдер өзара алшақ қарама-қарсы ұғымды білдіретіндіктен, бұлардың әр сөз табына қатысы нақ бірдей емес, ала-құла деген сөз. Бір сөз табы антонимге соншама бай да, енді біреулері соншалықты кедей, не болмаса тіпті кездеспеуі де ғажап емес. Қазақ тілінде антонимдер көбіне-көп сын есімдерден болады, онан соң етістіктер, зат есімдер, үстеулерден азды-көпті кездеседі. Ал қалған сөз таптарынан жасалған антонимдер тым тапшы». Яғни, тілдегі антонимдердің сөз таптарының құрамына енуі мен тілдік қолданыстағы актив және пассив қасиетін тілдің логикалық, психикалық, когнитивтік жүйеге қатынасымен байланыстыруға болады. Тіпті оның ар жағында лингвистикалық жүйеден бұрын үлкен философиялық заңдылықтардың жатқандығымен өзара байланыстыру қажет. Тілдегі антонимдер қарама-қарсы мәндегі сөздерді білдіру барысында алуан түрлі стилистикалық, поэтикалық, логикалық мазмұнға ие болады.
Ал «антономия (ағыл. antonymy) – дербес және көмекші сөздер арқылы берілетін семантикалық қарама-қарсылық.
Антонимдердің болымдылық-болымсыздық категориясымен байланысы
Етістік тұлғалардың экспрессивтілік және модальдылық мағыналары, стильдік реңктері лексикалық және грамматикалық амалдар арқылы беріледі дедік. Етістік тұлғаларды көріктеу құрал ретінде қолдануды қамтамасыз ету үшін жағдаят қажет. Тілдік элементтің қолданыстағы мағынасы мен эстетикалық қызметін айқындау үшін көркем мәтін қажет. Мұндайда көркем мәтін аяқталған біртұтас күрделі құрылым ретінде қаралады.
Қазақ тілінің болымсыздың категориясындағы -сыз, -сіз, -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарына жалғанған сөздер: 1) фактіні жоққа шығарады (тау – тау емес, кісі – кісі емес); 2) заттың, құбылыстың сапасын жоққа шығарады (малды – малсыз, ақылды – ақылсыз); 3) іске, қимылға тиым салады (кел – келме, кет – кетпе). Бұлардың ішінде заттың, құбылыстың сапасын жоққа шығаратын тобы антонимдерге жақын тұрады. Кейбір зерттеушілер бұларды антонимдер деп есептейді. Тілдік деректер аталған жұрнақтар арқылы жасалған сөздердің антоним бола алатындығын байқатады. -лы, -лі, (-ды, -ді, -ты, -ті ) жұрнағы зат есімге жалғанып, заттың, құбылыстың яки сапаның бар екенін білдіретін сын есімдер жасайды. Мысалы, елді, жерлі, сулы, балалы, көңілді, пайдалы, қажырлы т.б. -сыз, -сіз жұрнағы есім сөздерге жалғанып, заттың, құбылыстың немесе сапаның жоқ екендігін білдіретін сын есімдер жасайды. Мысалы, елсіз, жерсіз, малсыз, сусыз, көңілсіз, пайдасыз т.б.
Ғалым Т. Әбдіғалиева -сыз, -сіз қосымшасының қарама-қарсы болымды сыңарымен алыс я жақын қарым-қатынаста қолданылуына қарай:
а) жақын сырт аймақ (баласыз үй, көңілсіз қыз);
ә) шеткерірек сырт аймақ; б) қашық сырт аймақ деп көрсеткен. Осы үшінші топқа өте алыс мағыналық қарым-қатынасты білдіретін мағыналық ая мен -сыз, -сіз қосымшасының алғашқы қызметі мен мағынасынан алшақтап кеткен, номинативтік атауға айналған мысалдарды беріп өткен. Бұған мысал ретінде жансыз, жеңсіз тұлғаларын жатқызады.
«Бей-, -на префикстерінің де қызметі жеке болымсыз мағына көрсете алады, көбінесе белгінің жетімсіздігін көрсетеді. Олар кейде жеке түсінікке, ойға қатысты болымсыздықты білдіруге жұмсалады» деп жазады [1, 62].
Болымдылық-болымсыздық мәселесін ғалымдар түрлі аспектіде зерттей отыра, оны өз алдына тиянақты категория деп таниды. Ал оны қандай категория деп қарауда бірыңғай пікір жоқ. Біреулері – морфологиялық категория деп таныса, енді біреулері синтаксистік категория деңгейінде таниды. Қазақ тіл білімінде бұл мәселенің зерттелу жайы туралы мынаны айтуға болады. Қазан төңкерісіне дейін шыққан П.М. Мелиоранский , В. Катаринский еңбектерінде болымсыздыққа байланысты шағын материал берілген [3, 188-190]. Ал одан кейінгі кезеңде қазақ тіл білімінің көрнекті өкілдері, тілшілер, мұғалімдер негізінен практикалық оқулықтар мен грамматикалар құрастыру ісіне кеңінен үлес қосқаны белгілі. Бұл мәселелер жөніндегі мәліметтер – А. Байтұрсынов, С. Аманжолов, І. Кеңесбаев, Н. Сауранбаев оқулықтарында кездеседі.
Қазіргі қазақ тілінде -у жұрнағы алдымен тұйық етістіктің немесе қимыл есімінің (атауының) көрсеткіші ретінде ұғынылады. Мысалы: алу,айту, құрметтеу т.б. сөздері. Ғалым Ғ. Мұсабаев «Қазақ тілі тарихынан» атты еңбегінде тұйық етістігінің шығу тарихы жөнінде мынадай пікір білдіреді: «-у жұрнағы ертеде -ғұ, -құ, -ку, -гу түрінде болған, қазіргі тілімізде фонетикалық өзгеріске ұшырап, -у болып, қырағу-қырау, білаку-білеу болып қолданылады» [4, 101]. Ендеше, тілімізде ең көп кездесетін тұйық етістік формасындағы алу-беру антонимдік жұптары Ғ. Мұстафин шығармасы тілінде былайша қолданылған: Алудың ғана қызығын көрген, берудің қызығын көре бермейді («Шығанақ», 115-б.).
Тіл біліміндегі морфологиялық және синтаксистік сипаттары ерекше категорияның бірі – етіс категориясына келетін болсақ, етіс атауының бөлшектенуі – сөйлеу фактісін бейнелейді. Етіс категориясы жөнінде А. Байтұрсынов, С. Аманжолов, А. Қалыбаева ғалымдардың еңбектерінде сөз етіледі. Жалпы тіл білімінде етіс категориясы (грекше diathesis – диатез) – субъекті мен объектінің арасындағы қарама-қарсылықты анықтайтын етістіктің грамматикалық категориясы деген анықтамаға ие [5, 25-26].
Көркем әдебиет тілін зерттеудің негізгі мақсаты – тілдің өзін емес, оның мүмкіндігін көрсету. Байқағанымыздай, жазушының антонимдерді контекстік тәсілмен берудің екі түрлі себебі байқалады: Біріншіден, антоним сыңарын, мағынасын жуық сөзбен алмастыру; екіншіден, дәлме-дәл антонимдік жұбы жоқ сөздерге қарсы мақсатта жұмсалатын мағынасы жуық, әуені үндесетін сөз тауып, сол арқылы ой мен сезімнің әсерін арттыру. Узуалды қалыптағы сөйлемдерден мысал келтірер болсақ: Ондай алмалы-салмалы арзан жүректі таптады не, қастерледі не?(«Қарағанды», 265-б.). Күн қақтап, жел желпіген күрең жүзі біресе күлімдеп, біресе түнереді («Шығанақ», 164-б.). Күтеді, келмейді. Іздейді, таба алмайды («Шығанақ», 168-б.). Соның бірі боп жылай-жылай кете барғанмын. Енді міне, сақ-сақ күліп отырмын («Қарағанды», 283-б.).Теңелем деп жүріп, еркектен аспасаң не қылсын, сен қасқа («Шығанақ», 193-б.).
Ысыған дене суыған сайын ауырлап, қозғала жыртылып кететіндей, төртеуі төрт жерде сілейіп отыр («Қарағанды», 36-б.). – Әй! – деді Бәйтен, кетіп бара жатқан сушыға, – бұдан былай су мезгілінде келмесе, осы Қарағандыда не сен тұрасың, не мен тұрамын («Қарағанды», 49-б.). Бірін мінеп, бірін қостап, осы аз жиынды еріксіз басқарып барады («Қарағанды», 57-б.). Ардақ қазір әке өзгерістерінің біріне қорлана, бірінемақтана қарап тұр еді («Қарағанды», 78-б.). – Көнсеңіз де, көнбесеңіз де абыраой алмассыз («Миллионер», 274-б.). Біреу келіп, біреу кетіп,сапырылысып жатыр («Қарағанды», 246-б.). Документ иесі бұл әзілге түсінді ме, түсінбеді ме, жауап қайырған жоқ («Қарағанды», 246-б.).Шахтердің әр күннен алашағы бар, алса қуанады, алмаса ренжиді («Қарағанды», 252-б.). Берілген жауаптың ұнаған, ұнамағаны белгісіз(«Қарағанды», 306-б.). Күліп тұрып, көзінен жас ытып кетті («Қарағанды», 318-б.). Басқалар не дер, ұнай ма, ұнамай ма деген қауіп, жасқану жоқ («Қарағанды», 333-б.). – Жастық өтеді. Кәрілік жетеді («Қарағанды», 338-б.). Трубканың бірін алып, бірін салып, дамылсыз сөйледі(«Қарағанды», 374-б.).
Қорыта келгенде, етістіктің лексика-семантикалық сипатының мейлінше өрісті болу себебі – ол семантика тек субъектінің іс-әрекеті ғана емес, табиғат ауқымында, қоғам өмірінде ұшырасатын, адамның абстрактілі ойы мен санасы арқасында туатын неше алуан амал-әрекет, іс-қимыл, жай-күй сияқты құбылыстарға қатысты ұғымдарды түгел қамтиды. Кез келген шындықты қамтитын көркем шығармада тілдің эстетикалық функциясы жазушы ойымен, идеясымен тығыз қарым-қатынаста болып келеді.
Жазушы шеберлігінің түпкі түйіні – өзінің жан жүрегіндегі сезім мен сырды өзгенің ой-санасына мейлінше әсерлі, дәл жеткізу болса, етістік тұлғалар да оқиға іс-әрекетін баяндауда, суреттеуде, хабарлауда функциональды-стильдік мағынаға ие болып, прагматикалық қызмет атқарады.
