Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МРП.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
48.37 Кб
Скачать

Билет №3

1. Бөлу жұмыстары, құрылыс-құрастыру жұмыстарының дәлдігін бақылау және салынып жатқан үйлер мен ғимараттардың орнынан жылжуы мен деформациясын бақылау кіретін құрылыс алаңында орындалатын жұмыстар кешені.

2. Мемлекеттік геодезиялық торап 1,2,3,4-кластық триангуляциялық, трилатерациялық, полигонометриялық тораптардан және I,II,III, IV-кластық тораптардан тұрады.

Триангуляция (трилатерация) және полигонометрия әдістері пландық негіз құрады, яғни олар арқылы әрбір тірек пункттерінің Х,У координаталарын алады. Ал, нивелирлеу арқылы пункттің үшінші координатасы - Z, яғни теңіз деңгейінен есептелетін биіктік белгісін алықталады.

Мемлекеттік пландық тірек тораптарын құрған кезде негізгі әдіс, жер бетінде үшбұрыштарды құрудан тұратын триангуляция әдісі болып есептелді. Ол үшбұрыштардың барлық бұрыштарын өлшеу арқылы далалық бұрыштық өлшеулердің сенімді тексерісі қамтамасыз етіледі.

Үшбұрыштар қабырғаларының ұзындықтарын анықтау үшін үшбұрыш торабының бір қабырғасын өлшесе жеткілікті. Қалған қабырғалардың ұзындықтары есептелініп анықталады. Үшбұрыштар белгілі бір тәртіппен, яғни теңқабырғалыға жақын орналасады

Триангуляцияның трилатерациядан айырмашылығы үшбұрыштардың жақтарының ұзындығын анықтау әдісінде. Триангуляцияда базистер ұзындығы мен үшбұрыштардың өлшенген горизонталь бұрыштары арқылы ұзындықтар есептелсе,, трилатерацияда радио және лазерлік қашықтық өлшеуіштерді қолданылады.

Жабық, жартылай жабық аудандарда, яғни өлшеу жұмыстарын жүргізу қиын жерлер мен қалалық территорияларда мемлекеттік геодезиялық торап, тұйықталған немесе тұйықталмаған сынған сызықтардан тұратын көпбұрышты полигонометриялық жүрістер түрінде құрылады

Тұйықталған, тұйықталмаған полигонометриялық жүрістер триангуляция пункттарына байланыстырылады. Қабырғаларын өлшеу әдісіне байланысты полигонометрия травестік немесе магистральдық, яғни жүрістің қабырғаларын тікелей өлшеу арқылы; параллактикалық немесе базистік полигонометрия, онда қабырғалар қысқа базис және праллактикалық сүйір бұрыш арқылы жанама анықтауға негізделген.Бұл екеуінің ішінде бірінші әдіс қолайлы. Себебі, жақтар ұзындықтары радио және жарық-қашықтықөлшеуіштерімен жоғары дәлдікте өлшенеді.

Полигонометрия құрғанда полигон жақтарын мейлінше ұзын қылуға ұмтылады, бұл жағдайда нәтижесі дәлірек болады. Себебі, негізгі қате бұрыштардан кетеді.

Билет №4

2. Өлшеулер қаншалықты үқыптылықпен жүргізіліп, қолданылатын аспаптар қаншама жетілдірілген болса да, өлшеулердің азды-көпті қателері кетіп отырады. Оған кез-келген шаманы бірнеше рет өлшеген кезде, оңай жеткізуге болады. Бастапқы нүктелерден (пункттерден) алыстаған сайын, өлшеудің дәлдігі азайып, қателіктер көбейе береді. Өлшеудің дәлдігін тек қатенің абсолюттік (орташа квадратық) не салыстырмалы шамаларына қарап қана жобалауға болады. Қателердің ұлғайып-азаюын, дәлдігін арттыра түсу үшін, елімізде өлшеу жұмыстарын сезімтал аспаптар арқылы қажетті дәлдікке сай белгілі әдістермен шебер өлшеуші адамдар (геодезистермаркшейдерлер) жүргізеді. Геодезиялық жұмыстарды ғылыми түрде жүргізу төмендегі принциптердің міндетті түрде орындалуын қажет етеді: 1. Геодезиялық тірек торларын "жалпыдан жалқыға (нақтылыққа) көшу" деген принциппен әрі қарай дамыту, яғни алдымен геодезиялық бастапқы (тірек) торлары құрылады, олардың координаталары жоғары дәлдікпен табылады да, олар әрі қарай жиілетеді. 2. Өлшеу, есептеу және графиктікжұмыстардың әрбір кезеңдерін міндетті түрде тексере отырып, бастапқы өлшеулер нәтижесінің дәлдігіне көз жетпейінше, кейінгі өлшеулерге кіріспеу.

Билет №5

1. Ғимарат дегеніміз бұл жер бетінде орналасқан құрылыс. Конструктивтік жүйе дегеніміз ғимараттың конструктивтік элементтерінің өзара байланысының жиынтығы, оның нәтижесі ғимарат беріктігіне, орнықтылығына және қатаңдығына әсер етеді.  Ғимарат конструкциясы өзара байланыста жатқан вертикальді және  горизантальді элементтерден тұрады. Вертикальды  негізгі конструкция элеметтері барлық жоғарыдан түскен күштерді қабылдап, ғимарат негізіне береді. Горизантальды  негізгі конструкциялар –жабын және арқалық –барлық өзіне түскен салмақтарды қабылдап, өзінен төмен жатқан конструкцияның вертикаль элементтеріне береді. Сонымен қатар горизанталь орналасқан негізгі элементтер қатаңдық диафрагмасының қызметін атқарады, яғни ол ғимаратқа горизантальды әсер ететін күштерден сақтайды. Екі қабаттан  биік үйлерде горизантальды элемент ретінде  өртке қарсы қолданылатын  талаптарға сәйкес отқа төзімді материялдар қолданылуы тиіс. Ондай материал – бетон,  темір бетон. Ал вертикальды  негізгі конструкциялар неше түрлі  (типті) болады. Осы вертикальды конструкция түрлеріне байланысты (стерженьді,көлемді блокті, көлемді кеңістікті ) мынадай конструктивтік жүйелерге бөлінеді: қаңқалы, қаңқасыз көлемді-блокты, бағанды және қауашақты.Сонымен қатар құрылыста құрамалы конструктивтік жүйелер де көп қолданылады.  Оларға жататын конструкция жүйелері: толық емес қаңқа, қаңқалы-диафрагма, қаңқалы-бағанды, бағанды-қабырғалы, қауашақты-бағанды және қауашақты- қаңқалы. Бұларды қолдану ғимараттың атына және қабат санына байланысты.                                         

Қаңқалы жүйе және оның басқа құрылыс жүйелерімен аралас түрлері негізінен қоғамдық ғимараттарды және биік тұрғын үйлер мен қонқ үйлерді тұрғызуда пайдаланылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]