Билет №1
1. Маркшейдерлік түсіріс — берілген масштабта жергілікті заттарды, тау-кен қазбаларын және жер беті телімдерінің бедерін қағазда шартты белгілермен бейнелеу мақсатындағы далалық және камералдық жұмыстар кешені. Маркшейдерлік түсіруге түсірістік торапты құру, геодезиялық пункттермен және түсірістік торап нүктелерімен салыстырғандағы жергілікті заттардың және тау-кен қазбаларының орнын анықтау және оларды түсіріс масштабына сәйкес дәлдікпен және толықтылықпен шартты белгілермен планға салу қамтылады. Маркшейдерлік түсірудің аэрофототүсіріс, жердегі стереофотограмметриялық, тахеометриялық, теодолиттік,мензулалық түсірістер жоне т.б. түрлері бар.
2. Пландық және биіктік түсірім тораптары деп толықтыру түсірістерін жүргізуге және әр түрлі тау-кен техникалық есептерді шешуде қолданылатын пункттер мен нүктелер жүиесін атайды. Олар геодезиялық тірек пункттері негізінде құрылады. Кейбір ерекше жағдайларда, мәселен 1:5000 және 1:2000 дық масштабтарда аудандары 20км2 аспайтын учаскелерді түсірімдеуде, түсіріс тораптарын қолдануға тура келеді.
Пландық түсірім негіздемелері пункттерінің орындары теодолиттік, тахеометриялық және де аналитикалық жүрістер негізінде анықталады. Түсіру негіздемесі пункттерінің саны түсірімнің масштабына сәйкес анықталады, мәселен, 1:5000 масштаб үшін төрт пункт, 1:2000 масштаб үшін -10, ал 1:1000 – 16 пункт болуы қажет.
Түсірім негіздемелерін қүрудың әдістері жер бетінің бедеріне, көлеміне және түріне байланысты таңдалынады Кейбір жағдайларда айтылған әдістердің бірнешеуінен қүрылған қүрама әдіс қолданылады.
Түсіру негіздемелері пункттерінің орнын аныктаудың орташа квадраттык қателігі пландағы түсіру масштабынді 0,1 мм-ден аспауы керек.
Түсірім тораптары негізі пункттерден және оларды толықтыратын қосымша түсіру жүйелерінің пункттерінен тұрады. Түсіру жүйелерінің негізгі пункттері үзақ мерзімді, оларды сақтау мүмкіндігі болған жағдайда түрақты центрлермен бекітіледі. Ал көп уакыт сақталмайтын, қосымша пункттер уақытша центрлермеі бекітіледі.
Биіктік түсірім негіздемелері геометриялық техникалық және тригонометриялық нивелирлеу әдістерімен құрылады. Жер бедерінің қимасы 1 м –ге дейінгі жағдайда геометриялық, ал бедер қимасы 1м жоғары болғанда – тригонометриялық нивелирлеу қолданылады. Пункттердің биіктігін аныктаудың қателігі барлық жағдайда 0,2 мм-ден аспауы қажет.
Билет №2
1. Жер тегістеу жұмысының картограммасы қабырғасы 20 метрлік квадраттар 1:1000 масштабта сызылады. Квадраттың төбелерінде үстіне жобалық биіктік астына жердің биіктігі сол жағында + таңбасымен үйілетін - таңбасымен қазылатын қалыңдық жазылады, пунктир сызықтармен нольдік жұмыстар қабаты сызылады.
Жер бетінің жобалық сызықтары ретпен сызылады.
1. Бекітілген геодезиялық қазықтардың өздерін іздейді, биіктік мәндерін анықтайды. Қазықтар аз алыс, болса, қазықтарды құрады, бекітеді.
2. Үйдің кіретін есіктерінің жобасын жер бетіне сызады
3. Қызыл сызықтарды жер бетіне сызады
4. Ауланың тұрғын үйлерінің бұрыштарын, жолдарын, жер бетіне сызады.
Жер бетіне үйге кіретін есіктердің жолдардың өстері сызылады. Өстер қазықтармен бекітіледі.
Жобаларды жер бетіне теодолитті, нивелирді рейканы, рулетканы пайдаланып сызады.
2. Маркшейдерлік графиктік құжаттар мынадай негізгі талаптарға сай болуы тиіс.
1. Дәл болуы тиісті, яғни геометриялық элементтерді масштабтың дәлдігіне сәйкес кескіндеу. Мысалы, ± 0,2мм графиктік дәлдікпен кескіндеу қажет болғанда, 1:500 масштабта пландағы кескінделетін геометриялық элеменгтер ±10 см-ден кем емес дәлдікпен кескінделуі тиісті. Айтылған бұл талаптар нактылы айқын көрініп түрған элементтерді кескіндеуте жатады.
2. Пайдалы қазындылардың пішіндері мен жату элементтерін, жер бетінің бедері мен ситуациясын, тау-кен казбаларының планды сызған кезіңдегі қалпын толық етіп кескіндеу және тау-кен жүмыстарының дамуына орай оларды біркалыпты толықтырып отыру.
3. Көрнекті және өлшеуге ыңғайлы болу, яғни ешқандай күрделі есептеулер мен сызулар жұргізбей-ақ, қажетті дәлдікпен сол сызбалардан сызықтық және бүрыштык өлшеулерді алу.
4. Үзақ мерзімде сақталуын және көрнекті болуьш қамтамасыз ету үшін, құжаттарды жоғары сапалы материалдарға сызу.
5. Сызбалардың қабылданған шартты белгілерге сәйкес жасалынуы.
6. Сызбалардың біртұтас координаталар жүйесінде жасалынуы.
Маркшейдерлік графиктік қүжаттар өзінің аткаратын қызметіне қарай жер бетінің және тау-кен қазбаларының сызба жинақтары болып бөлінеді. Сызбалардың қүрамы және мағынасы, сондай-ақ масштабтары кен орнының геологиялық қүрылымына, казып алу әдісіне байланысты және маркшейдерлік жүмыстарды жүргізудің нүсқаулары бойынша анықталады.
