- •26. Алдыңғы және кейінгі шартты қайталану операторлары.
- •9. Жазбалардың сипатталуы.
- •29. Жады кластары.
- •15. Компиляциялар нұсқалары және компилятор хабарламасы.
- •18. Класс және оның құрылымы.
- •34. Класс және оның негізгі қасиеттері.
- •35. Конструктор және деструктор ұғымы.
- •46. Көмекші программаларды ұйымдастыру.
- •12. Қасиеттер ұғымы.
- •47. Логикалық операция түрлері
- •11. Модульдер және оның құрылымы.
- •40. Математикалық функциялардың қолданылуы.
- •41. Мәліметтердің бүтін типтері.
- •42. Мәліметтердің нақты типтері.
- •50. Массивтерді енгізу және шығару.
- •1. Oбъектілі-бағытталған программалау негіздері.
- •2. Обьектілі-бағытталған орта терезелері түрлері.
- •5. Операторлар және оның түрлері.
- •6. Объектілі-бағытталған орта тілінің мәліметтер типтері.
- •13. Оқиғалар ұғымы.
- •14. Объектілі-бағытталған ортадағы жобаның негізгі файлдары.
- •39. Операциялар және оның түрлері.
- •16. Программалау ортасының графикалық мүмкіндіктері.
- •20. Препроцессор директивалары.
- •21. Программаның графикалық сызбасы
- •25. Параметрлі қайталану операторы.
- •48. Программа негізгі құрылымы.
- •30. Символдық жолдарға қолданылатын функциялар.
- •24. Тармақталу операторы.
- •33. Тізбе құрылымды типі.
- •10. Файлдардың сипатталуы.
- •28. Функцияны құру және қолдану.
- •49. Функция анықтамасы және оның сипатталуы.
1. Oбъектілі-бағытталған программалау негіздері.
Объектілі-бағытталған программалау – объектілерді қолдану арқылы бағдарламалау парадигмасы, объектілік бағдарланған архитектураны пайдаланады. Мәліметтердің әрбір құрылымы тек бір программалық модульде тұруы тиіс. Бұл мәліметтер құрылымындағы өзгерістердің және мәліметтермен орындалатын әрекеттердің оңашалануына кепілдік береді. Мәліметтерге кез келген қатынас құру тек модульді пайдалану арқылы болады.
Объектілі-бағытталған программалау – объектілердің көмегімен бағдарламаларды жобалау, жазу. Объектілі бағытталған бағдарламаудың негізі болып объект саналады. Объект деп мәліметтер және олармен жұмыс істеу әдістерінің жиынтығы аталады. Объектілі бағытталған бағдарлама деп объектілер және олардың өзара әрекеттесу тәсілдерінің жиынтығы аталады.
Объектілі бағытталған программалаудың негізгі үш қасиетімен: полиморфизмімен, инкапсуляциясымен және мұрагерлігімен сипатталады.
Полиморфизм – әр түрлі объектілердің әдістері бірдей аталғанымен, олар өздерінің құрамымен ерекшеленуі мүмкін деген түсінікті білдіреді. Бұл мұра қалдырушы объектінің мұрагер-объектіге берілетін әдісінің алдын ала анықталу қасиетіне байланысты. Осындай жағдайларда мұра қалдырушы объектідегі және мұрагер-объектідегі бірдей әдіске жүгіну әр түрлі нәтижелер береді.
Инкапсуляция – класс ішінде, сыртқы пайдаланушыдан, мәліметтерді және оларды өңдеуші әдістерді біріктіру, жасыру.
Мұрагерлік жаңа объектілерге басқа объектілердің (оларды арғы ата деп атайды) қасиеттері мен әдістерін алуға мүмкіндік береді. Мұрагер-объектілер арғы аталарынан барлық өрістерді, қасиеттерді және әдістерді алады. Бұл қасиеттер, әдістер және өрістер мұрагер-объектіде өзгеріссіз сақталуы немесе өзгертілуі мүмкін. Бұған қосымша мұрагер-объекті өзінің құрамына қосымша өрістер, әдістер және қасиеттер қоса алады.
2. Обьектілі-бағытталған орта терезелері түрлері.
Интерфейстің ең негізгі элементі терезе. Терезе белгілі бір объектіге (программа, қжат, қаптама) графикалық бөлінген экранның белгілі бір бөлігі. Терезелерді негізгі екі түрге жіктеуге болады: ерікті және бекітілген терезелер.
Ерікті терезелер қолданбалар терезелері, олардың көпшілігі тағы да ішкі терезелерді ( мысалы, құжаттар терезелерін) қамтуы мүмкін. Еркін терезелердің бірнеше көрсетім типтері болады:
- пиктограмма түрінде;
- қалыпты түрде (экранның белгілі бір бөлігін алады);
- толықэкранды түр ( бүкіл экран бетін алады).
Бекітілген терезелер өлшемдерін, кейде орнын да өзгертпейтін терезелер. Бекітілген терезелерге диалог, хабарлама, қасиеттер беттері терезелері жатады.
Диалог терезелері- компьютердің пайдаланушымен әрекеттесуін жеңілдететін арнайы терезелер. Пайдаланушыға арналған ақпараттарды бейнелейді және одан жауап күтеді, ол үшін арнайы басқару элементтері қолданылады.
Хабарлама терезесі - диалог терезелерінің арнайы түрі, жүйеге кірістіріліп орналасады және программалармен беріледі(ескерту, анықтамалық ақпарат беру терезелері т.с.с).
Қасиеттер беттері - бұл бірнеше қыстырмалы диалог терезелері, бір диалог терезесінде көптеген опцияларды беруге мүмкіндік туғызады. Әрбір бетке өту сәйкес қыстырманы түрту арқылы жүзеге асырылады.
4-19. Объектілі-бағытталған ортадағы программаның құрылымы.
Кез келген программа бір немесе бірнеше функциялардан тұрады. Олар программа құруға керекті негізгі модульдер болып табылады. Кез келген программаның жазылған алғашқы мәтіні бастапқы код деп аталады. Оны біріктірілген программалау ортасында теріп, сонан соң компилятор арқылы машиналық кодқа түрлендіріп орындаймыз.
Си программасы бірнеше функциялардан (main, f1, f2…) құралады және олардың біреуі міндетті түрде main() болуы қажет.
Қарапайым программаның мысалын қарастырайық. Жалпы кез келген функция оның тақырыбы мен денесінен тұрады.Алдымен программа препроцессор арқылы өңделіп, оның директиваларын (командаларын) орындайды. Мұнда программаға тақырыптық файлдар – программаға қосымша элементтер енгізетін мәтіндік файлдар жазылады. Олар мәліметтерді енгізу/шығару операцияларын немесе экран сипаттамаларын өзгерту үшін қажет.
Программадағы кез келген функция тақырыбы препроцессордың директивасынан және функция атынан тұрады. Функция атынажалғасып, жақша ішіне параметрлер жазылуы мүмкін, кейде параметрлер болмайды, ондайда жақша ішіне ешнәрсе жазылмайды.
Функция тұлғасы операторлардан тұрады, олар жүйелі жақшалармен шектеледі. Әрбір оператордан кейін ; таңбасы қойылады. Енді бір программа мысалын келтірейік:
/* Герон формуласы арқылы үшбұрыш ауданын табу */
#include <stdio.h>/* енгізу/шығару директивасы */
#include <math.h>/* математикалық функциялар директивасы */
main() /* басты функцияны қолдану */
{
int a,b,c; /* бүтін айнымалыларды сипаттау */
float p,s; /* нақты айнымалыларды сипаттау */
printf("\n‚ үшбұрыш қабырғаларын енгіз : \n");
scanf("%f%f%f",&a,&b,&c);
p=(a+b+c)/2;
s=sqrt(p*(p-a)*(p-b)*(p-c));
printf("s=%f",s);
}
Препроцессор директивалары #include сөзінен кейін жазылады,
stdio.h тіркесі енгізу/шығару операциялары орындалатынын білдіреді. Ал math.h сөз тіркесі программада математикалық функциялар пайдаланылатынын көрсетеді (сурет).
Басты функция main() аргументсіз жазылған, сол себепті жақша ішінде ешнәрсе көрсетілмеген. Ал функция тұлғасы операторлардан (немесе басқа функциялардан) тұруы тиіс. Int түйінді сөзі a,b,c айнымалыларының бүтін мән қабылдайтынын, float түйінді сөзі p,s айнымалыларының нақты мән қабылдайтынын сипаттап тұр.
Келесі жол үшбұрыш қабырғаларын енгізуді талап ететін сөз тіркестерін экранға шығарады, мұндағы \n таңбалары сөз тіркесі алдында және одан кейін курсор бір жол төмен түсетінін көрсетеді. Scanf сөзінен басталатын жол a,b,c мәндерін пернелерден қабылдайды, сонан кейін жарты периметр есептеліп, аудан мәні анықталады да, соңғы нәтиже экранға шығарылады
