- •26. Алдыңғы және кейінгі шартты қайталану операторлары.
- •9. Жазбалардың сипатталуы.
- •29. Жады кластары.
- •15. Компиляциялар нұсқалары және компилятор хабарламасы.
- •18. Класс және оның құрылымы.
- •34. Класс және оның негізгі қасиеттері.
- •35. Конструктор және деструктор ұғымы.
- •46. Көмекші программаларды ұйымдастыру.
- •12. Қасиеттер ұғымы.
- •47. Логикалық операция түрлері
- •11. Модульдер және оның құрылымы.
- •40. Математикалық функциялардың қолданылуы.
- •41. Мәліметтердің бүтін типтері.
- •42. Мәліметтердің нақты типтері.
- •50. Массивтерді енгізу және шығару.
- •1. Oбъектілі-бағытталған программалау негіздері.
- •2. Обьектілі-бағытталған орта терезелері түрлері.
- •5. Операторлар және оның түрлері.
- •6. Объектілі-бағытталған орта тілінің мәліметтер типтері.
- •13. Оқиғалар ұғымы.
- •14. Объектілі-бағытталған ортадағы жобаның негізгі файлдары.
- •39. Операциялар және оның түрлері.
- •16. Программалау ортасының графикалық мүмкіндіктері.
- •20. Препроцессор директивалары.
- •21. Программаның графикалық сызбасы
- •25. Параметрлі қайталану операторы.
- •48. Программа негізгі құрылымы.
- •30. Символдық жолдарға қолданылатын функциялар.
- •24. Тармақталу операторы.
- •33. Тізбе құрылымды типі.
- •10. Файлдардың сипатталуы.
- •28. Функцияны құру және қолдану.
- •49. Функция анықтамасы және оның сипатталуы.
9. Жазбалардың сипатталуы.
Жазбалар – мәліметтер құрлымы, элемент аты арқылы анықталады. Жазба элементтері кез келген типті болуы мүмкін. Сондықтан жазбаны сипаттағанда әрбір элемент атын, және оның типін көрсету керек. Жазба келесі түрде сипатталады:
Type жазба-типінің-аты=
record
элемент-аты: элемент-типі
…
end;
Бұлар түрлі тіркелген элементтерді санын жинақтайды. Жазбаның әрбір элементінің жазба шегінде ерекше (уникальное) аты болады және ол өріс деп аталады. Жазбалар тіркелген (фиксированные) және вариантты болып бөлінеді.
Тіркелген (фиксированная) жазба - өрістер саны тіркелген. Тіркелген жазбалады сипаттау үшін Delphi-де келесі құрлым қолданылады:
Record
FieldList1: Type1;
…
FieldListN: TypeN;
end;
Мұндағы FieldList1- бірінші өріс аты; FieldListN- жазбадағы соңғы N өріс аты;
Вариантты жазба - өрістер саны тіркелген, бірақ өрістердің жады аймағын алу көлемін әртүрлі көлемде қарастыруға мүмкіндік береді. Жазбалардың вариантты бөлігін сипаттау case сөзінен басталады және жазбаның басқа өрістерін сипаттағаннан кейін орналасуы керек. Вариантты жазбаны сипаттау үшін келесі құрлымды пайдалануға болады:
Record
FieldList1: Type1;
…
FieldListN: TypeN;
case tag: ordinalType of
constantList1: (variant1);
…
constantListN: (variantN);
end;
29. Жады кластары.
Жады кластары – программалық объектінің немесе айнымалының пайдалану мерзімін және көріну аймағын анықтайды. Егер жады класы анық көрсетілмесе, онда компилятор айнымалының хабарлану мәтініне қарай оны өзі анықтайды. Жады класын тағайындау үшін келесі спецификаторлар қолданылады.
Auto –автоматтық айнымалы. Бұл айнымалы үшін жады стектен бөлінеді және қажетілігіне қарай онын сипатталуы көрсетілген оператор орындалған сайын иницияланады. Осы айнымалы сипатталған блоктан шыққан кезде оған бөлінген жады босатылады. Оны қолдану мерзімі сипатталуын бастап, блок сонына дейін сақталады. Глобалдық айнымалыларда бұл спецификатор қолданылмайды, ал локальдық айнымалылар үшін ло үнсіз келісім бойынша орнатылады, сондықтан оны жазбауға болады, яғни айнымалы үшін жады класы нақты көрсетілмеген жадайда, ол Auto класына жатқызылады.
Extern – сипатталатын айнымалының, программаның басқа жерінде анықталғанын білдіреді. Бұл спецификатор осы айнымалы сипатталған программаның барлық модульдерін оған қол жеткізуге болатын мүмкіндік жасауда қолданылады.
Static – статикалық айнымалы, қолдану мерзімі тұрақты. Айнымалы анықтамаларын операторды алғашқы рет орындаған кезде бір рет иницияланады. Статикалық айнымалы оны сипаттайтын оператордан тұрған орнына байланысты глобальдық статикалық айнымалы тек өздері сипатталған модульде ғана көрінеді.
REGister - регистрлік айнымалы, AUTO спецификаторлары сияқты, бірақ мұнда жады мүмкіндігінше процессор регистрлерінен бөлінеді. Егер компилятордың ондай мүмкіндігі болмаса, онда регистрлік айнымалы AUTO айнымалысы сияқты өңделеді.
Int a;\\ 1 a globaldik ainymaly
Int main()
{ int b;\\ 2 b lokaldik ainymaly
Extern int x;\\ 3 x ainymalysy baska jerde anyktalgan
Static int c;\\ 4 c lokaldik statikalyk ainymaly
A=1;\\ 5 globaldik ainymalyga menwikteu
Int a;\\ 6 a lokaldik ainymaly
A=2;\\7 lokaldik ainymalyga menwikteu
::a=3;\\ 8 globaldyk ainymalyga menwikteu
Return o; } Int x=4;\\ 9 x-ti anyktau jane inicialdau
ККККККККККК
