- •26. Алдыңғы және кейінгі шартты қайталану операторлары.
- •9. Жазбалардың сипатталуы.
- •29. Жады кластары.
- •15. Компиляциялар нұсқалары және компилятор хабарламасы.
- •18. Класс және оның құрылымы.
- •34. Класс және оның негізгі қасиеттері.
- •35. Конструктор және деструктор ұғымы.
- •46. Көмекші программаларды ұйымдастыру.
- •12. Қасиеттер ұғымы.
- •47. Логикалық операция түрлері
- •11. Модульдер және оның құрылымы.
- •40. Математикалық функциялардың қолданылуы.
- •41. Мәліметтердің бүтін типтері.
- •42. Мәліметтердің нақты типтері.
- •50. Массивтерді енгізу және шығару.
- •1. Oбъектілі-бағытталған программалау негіздері.
- •2. Обьектілі-бағытталған орта терезелері түрлері.
- •5. Операторлар және оның түрлері.
- •6. Объектілі-бағытталған орта тілінің мәліметтер типтері.
- •13. Оқиғалар ұғымы.
- •14. Объектілі-бағытталған ортадағы жобаның негізгі файлдары.
- •39. Операциялар және оның түрлері.
- •16. Программалау ортасының графикалық мүмкіндіктері.
- •20. Препроцессор директивалары.
- •21. Программаның графикалық сызбасы
- •25. Параметрлі қайталану операторы.
- •48. Программа негізгі құрылымы.
- •30. Символдық жолдарға қолданылатын функциялар.
- •24. Тармақталу операторы.
- •33. Тізбе құрылымды типі.
- •10. Файлдардың сипатталуы.
- •28. Функцияны құру және қолдану.
- •49. Функция анықтамасы және оның сипатталуы.
24. Тармақталу операторы.
Тармақталу командасының қысқа және толық нұсқалары бар. Олардың жазылу түрлері.
if p then s // қысқа нұсқа немесе if p then else s2 // толық нұсқа
мұндағы Р- шарт, S, S1, S2- орындалу тиіс сериялар (бір блоктық оперторлар). Егер блок бірнеше операторлардан тұрса, олар бір құрама оператор ретінде қарастырылып, begin-end операторлық жақшалардың ішінде жазылады (мұндағы ескертетін жайт- программа денесі де бір сыртқы блок ретінде қарастырылады):
if p then begin
S1
end
else begin
S2
end;
Блокқа енгізілген тек біреу болса, оны операторлық жақшаларға алу міндетті емес.
If (егер) командасының орындалу стандарты Паскальдағы сияқты: егер шарт орындалса, онда then кілттік сөзінен соң жазылған блок, шарт орындалмаса else кілттік сөзінен соң жазылған блок орындалды.
Таңдау командасы- көп сериалы тармақталу командасы. Әдетте ол Case (қорап) операторын пайдаланып құралады.
Оператордың жазылу үлгісі:
Case өрнек of
1-тізім: begin
S1
end;
2-тізім: begin
S2
end;
n- тізім: begin Sn end; end;
33. Тізбе құрылымды типі.
Жазбалар – мәліметтер құрлымы, элемент аты арқылы анықталады. Жазба элементтері кез келген типті болуы мүмкін. Сондықтан жазбаны сипаттағанда әрбір элемент атын, және оның типін көрсету керек. Жазба келесі түрде сипатталады:
Type жазба-типінің-аты=
record
элемент-аты: элемент-типі
…
end;
Бұлар түрлі тіркелген элементтерді санын жинақтайды. Жазбаның әрбір элементінің жазба шегінде ерекше (уникальное) аты болады және ол өріс деп аталады.
Жазбалар:
тіркелген (фиксированные);
вариантты;
болып бөлінеді.
Тіркелген (фиксированная) жазба - өрістер саны тіркелген. Тіркелген жазбалады сипаттау үшін Delphi-де келесі құрлым қолданылады:
Record
FieldList1: Type1;
…
FieldListN: TypeN;
end;
Мұндағы FieldList1- бірінші өріс аты; FieldListN- жазбадағы соңғы N өріс аты;
Вариантты жазба - өрістер саны тіркелген, бірақ өрістердің жады аймағын алу көлемін әртүрлі көлемде қарастыруға мүмкіндік береді. Жазбалардың вариантты бөлігін сипаттау case сөзінен басталады және жазбаның басқа өрістерін сипаттағаннан кейін орналасуы керек. Вариантты жазбаны сипаттау үшін келесі құрлымды пайдалануға болады:
Record
FieldList1: Type1;
…
FieldListN: TypeN;
case tag: ordinalType of
constantList1: (variant1);
…
constantListN: (variantN);
end;
38. Тұрақтылар түрлері және оның сипатталуы.
Праграмманың орындалуы барысында өзгермейтін шамаларды тұрақтылар деп атайды. Әрбір тұрақты үшін компьютер жадында бір немесе бірнеше ұя бөлінеді. Сандық тұрақты деп, праграммада нақтьы сан түрінде жазылатын шаманы айтамыз. Сандық тұрақты оң немесе теріс (немесе нол) сан түрінде беріледі. Сандық тұрақтылардың мынандай түрлері бар: бүтін ондық; бүтін он алтылық; бүтін сегіздік; бүтін екілік; нақты тұрақты үтірі (нүктелі); нақты жылжымалы үтірлі (нүктелі); Бұл тізімен сандық тұрақтының екі түрін бөліп көрсетуге болады. бүтін тұрақты; нақты тұрақты; Абсолюті дәл берілген бүтін санды бүтін тұрақты дейміз. Бұл белгілі шаманы жуықтап беруге болмайтын кейбір жағдайда қолданылады. Мысалы, 8.999999 адам немесе 9.000001 рет қайтадан санап шық деп айтуға болмайды. Бүтін тұрақты пайыз «%» таңбасымен аяқталатын алдында «+» немесе «-»таңбасы бар ондық цифрлардың ақтық тізбегі түрінде жазылады. Мысалы, 15%,-129%, 1000%. Мұндағы % таңбасы бүтін тұрақты екендігінің белгісі болып табылады. Бүтін тұрақтылар 32767 –ге дейінгі аралықта пайдалынылады. Бұл аралықтан тыс жатқан бүтін тұрақтылармен амалдар орындауға әрекет жасалса, онда қате кеткендігі туралы хабар экранға шығады. Оналтылық,сегіздік және екілік санау жүйелеріндегі бүтін тұрақтыларды жазуда бүтін тұрақтының алдына Н.О.В символдары қойылып жазылады. Мысалы, 127;-1719;+13123 бүтін ондық тұрақтылар; НFFA, H12E,- H1Aоналтылық тұрақтылар; О1416, -О7583- сегіздік тұрақтылар; В0101, -В10011101- екілік тұрақтылар; BASIC тілінде сандар бізге үйреншікті болып кеткен түрде жазылмайды. Тұрақтылардың өзінің арнайы жазылу пішімі бар.Нақты тұрақтылар деп атақ ділдікпен (тіпті өте жоғары ділдікпен берілсе де) берілген сандарды айтамыз.Мысалы, 5 санын 4.99999 немесе 5.00001 деп, әйтпесе 5.0 деп жазуға болады. Бұл компьютерде нақты санды жазып көрсетудің тәсілдеріне байланысты. Нақты тұрақтылар көптеген есептеулерінде пайдаланылады. Сандарды жазуда компьютерлердің бпрлық амалдарды ақтық дәлдікпен орындайтындығы ескеру керек. Сондықтан компьютерге цифрларының саны тіптен көп сандарды беру барлық уақытта орынды бола бермейді. Нақты санның бүтін бөлігі бөлшек бөлігінен нүкте арқылы ажыратылып жазылады. Бүтін және бөлшек бөліктердің болмауы және оң сандардың алдында «+» таңбасының да болмауы мүмкін. Нақты сандарды жазып көрсетудің екі түрлі тәсілі бар. Бірінші тәсілде тұрақты нүктелі сандар жиі қолданылады. Мысалы: 1882.74 0.000072,-47, -413.07. Екінші тәсілде ол сандар жылжымалы нүктелі пішімде жазылады.
ФФФФФФФФФФФ
