Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
prog_tekh_otvety_SHPOR.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
99.75 Кб
Скачать

30. Символдық жолдарға қолданылатын функциялар.

Символдық қатарларды бірнеше әдістер арқылы анықтауға болады. Келесі әдістер негізгі әдістерге жатады: қатарлық константаларды қолдану және символдық қатарлардан тұратын массивтерді және char типті массивтерді қолдану.

Қатарлық константалар тырнақшаларға алынады. Тырнақшаларға алынған символдар және қатарлардың ең соңғы ‘/0’ символы жадының тізбектелген ұяшықтарында жазылады. Компилятор қатарды жадыға орналастырғанда жадының қажетті өлшемін анықтау үшін символдардың санын есептейді. қатарлық константаларды #define директивасының көмегімен анықтауға болады. Егер қатарда тырнақша символын қолдану керек болса, онда бұл символдың алдына кері бөлшек сызығы жазылады.

Символдарды өңдеу библиотекасы символдық мәліметтермен бір қатар пайдалы тексерістер мен операцияларды орындайтын бірнеше функциялардан тұрады. Әрбір функция аргумент ретінде int типін немесе EOF (файл соңы) индикаторын ұсынатын символды қабылдайды. Символдарды өңдеу библиотекасының функцияларымен жұмыс істеу үшін <ctype.h> тақырыптық файлды қосамыз.

Прототип

Функциялардың баяндалуы

int isdijit (int c)

Егерс сан болып табылса , онда True мәнін қайтарады және басқа жағдайларда 0 (false)

int isalpha (int c)

Егер с әріп болып табылса, онда True мәнін қайтарады және басқа жағдайларда 0

int isalnum (int c)

Егер с сан немесе әріп болып табылса, онда True мәнін қайтарады, және басқа жағдайларда 0.

int isxdijit (int c)

Егер с оналтылық форматтағы символдардың бірі болса, true мәнін қайтарады және басқа жағдайларда 0.

int islower (int c)

Егер с төмеңгі регистрдің әрпі болса, true мәнін қайтарады және басқа жағдайларда 0.

int isupper (int c)

Егер с жоғарғы регистрдің әрпі болса, true мәнін қайтарады және басқа жағдайларда 0.

int tolower (int c)

Егер с жоғарғы регистрдің әрпі болса,онда tolower с-ны төмеңгі регистрдің әрпі ретінде қайтарады. Басқа жағдайларда tolower аргументті өзгеріссіз қайтарады.

int toupper (int c)

Егер с төмеңгі регистрдің әрпі болса,онда toupper с-ны жоғарғы регистрдің әрпі ретінде қайтарады. Басқа жағдайларда toupper аргументті өзгеріссіз қайтарады.

int isspace (int c)

Егер с бос орын (пробел) символы (' ') , жаңа бет (‘\f’), жаңажол (‘\n’), каретканы қайтару (‘\r’), горизонтальдітабуляция (‘\t’) не вертикальді табуляция (‘\v’) болып табылса, онда true мәнін қайтарады және басқа жағдайларда 0.

int iscntrl (int c)

Егер с басқарушы символ болса, онда true мәнін қайтарады және басқа жағдайларда 0.

int ispunct (int c)

Егер с баспаға шығарылғандағы бейнеленетін символ болып табылса, true мәнін қайтарады, бірақ бос орын символдарына, сандарға немесе әріптерге қатынасы жоқ және басқа жағдайларда 0.

int isprint (int c)

Егер с баспаға шығарылғандағы бейнеленетін символ болып табылса, true мәнін қайтарады, мұнда (' ') бос орын символын қосқанда және басқа жағдайларда 0.

int isgraph (int c)

Егер с баспаға шығарылғандағы бейнеленетін символ болып табылса, true мәнін қайтарады, мұнда (' ') бос орын символын қосқпағанда және басқа жағдайларда 0.

ТТТТТТТТТТТТТТ 23. Таңдау операторы

Таңдау операторы бірнеше әрекеттің ішінен таңдауға мүмкіндік береді. Таңдау жүргізілетін параметр ретіндегі өрнек үшін кез келген реттелген тип алынады (реттелген типке- integer, char, логикалық типтер жатады).

Таңдау операторының құрылымы төмендегідей:

Case <өрнек> of

< таңдау тізімі> [else <операторлар>]

end;

Мұндағы case, of, else, end -қызметші сөздер (жағдай, одан, әйтпесе, соңы); < таңдау тізімі> - бір немесе бірнеше төмендегідей құрылым:

< таңдау тұрақтысы>: <оператор>;

<оператор>- Object Pascal тілінің кез келген операторы. Таңдау операторының орындалуы төмендегідей.

Алдымен өрнек есептеледі, одан кейін таңдау тізімінен есептелген өрнектің мәніне тең тұрақты ізделінеді. Табылған тұрақтыға сәйкес оператор орындалып, таңдау командасы өзінің жұмысын аяқтайды. Егер таңдау тізімінен есептелген өрнектің мәніне тең тұрақты табылмаса, онда программаны басқару else операторынан кейін тұрған операторға береді. Кейде else <операторлар> бөлігін жабуға да болады.

Таңдау тізіміндегі операторлардың кез келгеніне бір емес, бірнеше үтірмен жазылған таңдау тұрақтысы сәйкес келуі мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]