Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
prog_tekh_otvety_SHPOR.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
99.75 Кб
Скачать

21. Программаның графикалық сызбасы

Блок-схема. Программаның блок- схемасы - енгізу-шығару және шешім қабылдау операциялары үщін стандартты графикалық кескіндер жинағын пайдаланатын программаны әзірлеу тәсілі. Блок-схема әрекеттердің жүзеге асырылу тізбегін көрсетеді. Блок- схема көбінесе басқа әдістер арқылы дайындалады. Жүйелі талдауда қандай да бір үлкен жобаны әзірлеудің алғашқы сатысында блок-схема пайдаланылады. Блок-схема программа жүзеге асыруға тиісті қадамдарды анықтау үшін қызмет етеді. Әдетте, блок-схема кіріс-шығыс сигналдарын, іске асыратын әрбір алуан түрлі кіріс мәліметтерінің әрекеттерін, программаны секцияға бөлуді және пернетақтадан берілетін команда бойынша программа үзілетін нүктелерді белгілеуден басталады.

25. Параметрлі қайталану операторы.

FOR цикл операторы. For операторы айнымалы ретінде берілген цикл параметрінің алғашқы, соңғы мәні мен өзгеру қадамы белгілі болғанда, соған сәйкес бір немесе бірнеше операторларды қайталап орындау кезінде қолда­нылады. Бұл оператор параметрлі цикл операторы немесе арифмети­калық цикл деп аталады.

For цикл операторының жалпы жазылу түрі:

for (x=x0; x<=xk; x=x+dx)

{

<1-оператор>;

<2-оператор>;

. . .

<n-оператор>;

}

Цикл тұлғасының келесі орындалуы немесе орын­дал­мауы оның атқарылуы алдында анық­талады.

While операторы. Орындалу саны алдын ала белгісіз болатын циклдер құру кезінде шарттары алдын ала немесе соңынан тексерілетін екі цикл түрі бар.

Оның жазылуы:

while (шарт-өрнек)

оператор;

Мұнда шарт ретінде шартты өрнек немесе кез келген типтегі өрнек пайдаланылуы мүмкін. Опера­тор қарапайым немесе құрама болуы мүмкін. Ол құрама оператор болса, онда операторлар жиыны жүйелі жақшаға алынып жазылады. While операторы орындалғанда, алдымен жақша ішіндегі өрнек есептеліп тексеріледі. Егер өрнек мәні ақиқат болса немесе жалпы жағдайда 0-ге тең болмаса, онда оператор атқары­лады. Содан соң жақшадағы өрнек тағы да есеп­теледі. Егер өрнек мәні жалған болса (немесе жалпы жағдайда 0-ге тең болса), онда while цикл операторы өз жұмысын аяқтайды.Мұнда шарт-өрнек құрамына кіретін айнымалы цикл ішінде өзге­ріп отырады.

Do ... while цикл операторы

Шарты соңынан тексерілетін do … while циклінің орындалу схе­масы суретте көрсетіл­ген. Осыған сәйкес оператордың жалпы жазылу түрі:

do

{

1-оператор;

2-оператор;

… … …

n-оператор;

}

while (өрнек);

48. Программа негізгі құрылымы.

Delphi тіліндегі программа мәтіні жолдардан тұрады, әр жолда бір немесе екі сөз болуы мүмкін. Жол кез келген позициядан басталады. Бұл программаның көлеміне әсер етпейді.

Delphi-дегі кез келген программа:

- программа тақырыпшасынан (program heading);

- uses бөлімінен (бұл бөлім программа құрлымына кірмеуі де мүмкін);

- сипаттау және орындау бөлімінен (block of declarations and statements).

Программа тақырыпшасы ең басында орналасады, программаның атын анықтау үшін қажет:

Program MyProject1; //мұндағы MyProject1 – программа аты.

Uses бөлімі осы программада қолданылатын программалық модулдер (units) тізімінен тұрады:

Uses

Forms,

Unit1 in ‘Unit1.pas’(Form1);

Сипаттау және орындау бөлімдері. Бірінші бөлімде программа элементтерінің сипаттамасы, екінші бөлімде орындаушы операторлар орналасады.

Сипаттама бөлімі әдетте: белгілерді сипаттау; тұрақтыларды сипаттау; типтерді сипаттау;

айнымалыларды сипаттау;процедуралар мен функцияларды сипаттау; бөлімдерінен тұрады.

СССССССССССС

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]