- •26. Алдыңғы және кейінгі шартты қайталану операторлары.
- •9. Жазбалардың сипатталуы.
- •29. Жады кластары.
- •15. Компиляциялар нұсқалары және компилятор хабарламасы.
- •18. Класс және оның құрылымы.
- •34. Класс және оның негізгі қасиеттері.
- •35. Конструктор және деструктор ұғымы.
- •46. Көмекші программаларды ұйымдастыру.
- •12. Қасиеттер ұғымы.
- •47. Логикалық операция түрлері
- •11. Модульдер және оның құрылымы.
- •40. Математикалық функциялардың қолданылуы.
- •41. Мәліметтердің бүтін типтері.
- •42. Мәліметтердің нақты типтері.
- •50. Массивтерді енгізу және шығару.
- •1. Oбъектілі-бағытталған программалау негіздері.
- •2. Обьектілі-бағытталған орта терезелері түрлері.
- •5. Операторлар және оның түрлері.
- •6. Объектілі-бағытталған орта тілінің мәліметтер типтері.
- •13. Оқиғалар ұғымы.
- •14. Объектілі-бағытталған ортадағы жобаның негізгі файлдары.
- •39. Операциялар және оның түрлері.
- •16. Программалау ортасының графикалық мүмкіндіктері.
- •20. Препроцессор директивалары.
- •21. Программаның графикалық сызбасы
- •25. Параметрлі қайталану операторы.
- •48. Программа негізгі құрылымы.
- •30. Символдық жолдарға қолданылатын функциялар.
- •24. Тармақталу операторы.
- •33. Тізбе құрылымды типі.
- •10. Файлдардың сипатталуы.
- •28. Функцияны құру және қолдану.
- •49. Функция анықтамасы және оның сипатталуы.
16. Программалау ортасының графикалық мүмкіндіктері.
Delphi ортасы схемаларды, сызбаларды түрлі иллюстрацияларды экранға шығаратын программаларды неғұрлым қарапайым жолмен құруға мүмкіндік береді. Графикалық элементтер объекттің үстіңгі жағында шығарылады (формалар немесе image компоненттері), бұған Canvas қасиеттері сәйкес келеді.Объектінің бетіне графиктік элементтерді (түзу сызық, шеңбер және т.б) шығару үшін осы объектінің Canvas қасиетін қолдану әдісін пайдаланамыз. Қарапайым графиктерді шығару әдісінде сурет салуға болатын абстрактты бет ретінде Canvas қасиеттері қарастырылады. Графиктерді бетке шығаратын арнайы карандаш және қылқалам Pen(карандаш) Brush(қылқалам) қасиеттері сәйкес келеді. Бұлар TPen және TBrush типтерін көрсетеді. Tpen бъектісінің мынадай қасиеттері бар:
Color – түзудің түсі (контуры)
Width – түзудің қалыңдығы (пиксель б.ша)
Style – түзудің түрі
Pen.Color қасиетінің мәні ретінде мынадай атаулы тұрақтыларды қолдануға болады (TColor): clBlack, clOlive, clGray, clBlue, clMaroon, clNavy, clSilver, clAqua, clGreen, clPurple, clRed, clWhite.
Pen.Style қасиеті мынадай мәндерді қабылдайды:
psSolid – біркелкі түзу;
psDash – пункттік түзу, ұзын штрихтар;
psDot – пунктік түзу, қысқа штрихтар;
psClear – түзу көрінбейді.
Егер Pen.Width қасиетінің мәні бірден үлкен болса, онда пункттік түзулер біркелкі түзулер болып шығады.
Қылқалам (Canvas.Brush) тұйық аймақтарды сызатын және сол облыстарды бояуды қамтамасыз ететін әдіс ретінде қолданылады. Қылқалам объект сияқты екі қасиетке ие:
Color – тұйық облысты бояйтын түс;
Style – аймақты толтыру стилі(типі);
Brush.color қасиетінің мәні ретінде жоғарыда айтылып өткен Tcolor типті атаулы тұрақтыларды қолдануға болады.
Brush.Style қасиеті мынадай мәндерді қабылдайды:
bsSolid – біркелкі бояу;
bsClear – облыс болмайды;
bsHorizontal – көлденең штрих;
bsVertical – тік штрих;
bsFDiogonal – ілгері қарай көлбеген диоганалдық штрих.
20. Препроцессор директивалары.
Кез келген Си программасы бір немесе бірнеше “функциялардан”, яғни ол жиналатын негізгі модульдерден тұрады.Си тіліндегі программаның қарапайым мысалын келтіреміз.
#include<stdio.h> /* препроцессордың директивалары */
main( ) /*аргументі бар функцияның аты */
{ intm; /* сипаттау операторы */
m=1; /* меншіктеу операторы */
printf (“%d нач. знач. \n “ , m); } /* шығару функцияның шақыру операторы*/
Препроцессордың командалық қатарлары (директивалар)
Си препроцессорі программаның алғашқы мәтінін соңғысы компилятордың кірісіне түспес бұрын си тіліне өңдейді. Препроцессор бүкіл макрошақыруларды кеңейтеді және бүкіл сыртқы файлдарды қояды.
Препроцессор командасын белгілеуге # символы қолданылады.
Мысалы:
#defіne - макроны анықтау;
#іnclude - сыртқы файлдан мәтін қою;
#іnclude <stdіo.h> - stdіo.h (стандартты кіріс/шығыс) файлдарынан мәтін қою үшін.
(қойылатын файлдар кітапханаға қосылған функциясымен интерфейстерді суреттеуден тұрады).
<math.h> - математикалық функция.
Сонымен, программа бір немесе бірнеше функциялардан тұрады, тіпті олардың біреуі міндетті түрде maіn() болып аталуы керек. Функцияларды суреттеу тақырыбынан және денесінен тұрады. Тақырып өз кезегінде #іnclude және т.б. түрдегі препроцессор директивалардан және функция атынан тұрады. Функция атының өте жақсы белгісі ретінде дөңгелек жақшалар қызмет атқарады, тіпті аргумент, жалпы айтқанда, болмауы мүмкін. Функция денесі жүйелі жақшаға алынған және әрқайсысы “;” символымен аяқталатын операторлар жиынтығынан береді.
