- •26. Алдыңғы және кейінгі шартты қайталану операторлары.
- •9. Жазбалардың сипатталуы.
- •29. Жады кластары.
- •15. Компиляциялар нұсқалары және компилятор хабарламасы.
- •18. Класс және оның құрылымы.
- •34. Класс және оның негізгі қасиеттері.
- •35. Конструктор және деструктор ұғымы.
- •46. Көмекші программаларды ұйымдастыру.
- •12. Қасиеттер ұғымы.
- •47. Логикалық операция түрлері
- •11. Модульдер және оның құрылымы.
- •40. Математикалық функциялардың қолданылуы.
- •41. Мәліметтердің бүтін типтері.
- •42. Мәліметтердің нақты типтері.
- •50. Массивтерді енгізу және шығару.
- •1. Oбъектілі-бағытталған программалау негіздері.
- •2. Обьектілі-бағытталған орта терезелері түрлері.
- •5. Операторлар және оның түрлері.
- •6. Объектілі-бағытталған орта тілінің мәліметтер типтері.
- •13. Оқиғалар ұғымы.
- •14. Объектілі-бағытталған ортадағы жобаның негізгі файлдары.
- •39. Операциялар және оның түрлері.
- •16. Программалау ортасының графикалық мүмкіндіктері.
- •20. Препроцессор директивалары.
- •21. Программаның графикалық сызбасы
- •25. Параметрлі қайталану операторы.
- •48. Программа негізгі құрылымы.
- •30. Символдық жолдарға қолданылатын функциялар.
- •24. Тармақталу операторы.
- •33. Тізбе құрылымды типі.
- •10. Файлдардың сипатталуы.
- •28. Функцияны құру және қолдану.
- •49. Функция анықтамасы және оның сипатталуы.
14. Объектілі-бағытталған ортадағы жобаның негізгі файлдары.
Delphi 7 ортасын - дайын жобаның әр түрлі бөлімін құрастыруға жауап беретін, арнайы программалар жиынтығы кіретін, интегралданған жобалау қабықшасы ретінде қарастыруға болады .1- Негізгі меню; 2- Объектілер инспекторы; 3-Формалар инспекторы; 4- Сілтеме; 5- Жобалау формасы; 6-Редактор терезесі.
Негізгі терезе. Бұл терезе менюден, құрал-саймандар панелінен, компаненттер палитрасынан тұрады. Негізгі терезедегі меню Windows-тің стандартты менюіндей және жоба файлдарымен жұмыс жасау үшін, жобаны жүктеуге, тоқтатуға, қосымша утилиттерді тіркеуге, баптауға пайдаланылады. Негізгі терезедегі құрал-саймандар панелі көбіне негізгі меню пункттеріне жылдам қол жеткізу үшін керек.
Объектілер инспекторы (Object Inspector) терезесі– объектінің қасиеттерін анықтаушы терезе. Объекті қасиеттерінің мәндерін осы терезеде беруге болады. Визуальды жобалау терминалогиясында объектілер – сұхбат терезелер және басқару элементтері (енгізу және шығару өрістері, командалық түймелер, қосқыштар және т.с.с.). Объект қасиеті – объектінің түрін, орналасуын және іс-қимылын анықтайтын сипаттамалар.
«Объектілер инспекторы» терезесі екі қалташадан тұрады:
Properties ерекшеленген (выбранного) объектінің қасиеттер тізімін көрсетеді;
Events ерекшеленген (выбранного) объектіге байланысты оқиғалар тізімін көрсетеді, ол оқиғаларға арнап өңдеуші жазуға болады.
Жобалау формасы. Delphi ортасында жаңа жоба құрғанда қажетті компаненттерді орналастыру үшін автоматты түрде Form1 деген атаумен жаңа форма құрылады. Жаңа формамен бірге соған байланысты жаңа модул Unit1 құралады. Бұл модул программа кодын енгізу терезесінде бейнеленеді.
Тілдің алфавиті және сөздігі
Бос орынмен ажыратылмаған алфавиттегі символдар тізбегі сөзді құрайды. Сөз Delphi программасында қолданылады. Тіл сөздері бір-бірімен арнайы бөлгіштер арқылы ажыратылады (бөлінеді). Бұл бөлгіштер қатарына бос орын (пробел), жол соңы белгісі (символ), түсініктемелер және басқада символдар жатады.
Delphi-дегі барлық сөздерді үлкен үш топқа бөлуге болады:
Тіркелген сөздер (Зарезервированные слова-reservedwords);
Директивтер (directives);
Идентификаторлар(identifiers);
Тіркелген сөздер – тікелей Delphi тіліне енгізілген сөздер. Бұл сөздерді программист қайта анықтап немесе идентификатор ретінде пайдалана алмайды.
Директивтер - Delphi тіліндегі бұл сөздердің арнайы мағынасы бар, бірақ тіркелген сөздерден айырмашылығы программист бұл сөздерді идентификатор ретінде пайдалана алады. Тіл компиляторы бұндай идентификаторды директивтерден кез келген жағдайда ажырата алады.
Идентификаторлар - тұрақтыларды, айнымалыларды, өрістерді, типтерді, қасиеттерді, процедураларды, функцияларды, программаларды, модулдерді, кітапханаларды және пакеттерді анықтау үшін қолданылады. Бұл сөздерге программист жасаған және алдын ала анықталған сөздер де жатады.
