- •26. Алдыңғы және кейінгі шартты қайталану операторлары.
- •9. Жазбалардың сипатталуы.
- •29. Жады кластары.
- •15. Компиляциялар нұсқалары және компилятор хабарламасы.
- •18. Класс және оның құрылымы.
- •34. Класс және оның негізгі қасиеттері.
- •35. Конструктор және деструктор ұғымы.
- •46. Көмекші программаларды ұйымдастыру.
- •12. Қасиеттер ұғымы.
- •47. Логикалық операция түрлері
- •11. Модульдер және оның құрылымы.
- •40. Математикалық функциялардың қолданылуы.
- •41. Мәліметтердің бүтін типтері.
- •42. Мәліметтердің нақты типтері.
- •50. Массивтерді енгізу және шығару.
- •1. Oбъектілі-бағытталған программалау негіздері.
- •2. Обьектілі-бағытталған орта терезелері түрлері.
- •5. Операторлар және оның түрлері.
- •6. Объектілі-бағытталған орта тілінің мәліметтер типтері.
- •13. Оқиғалар ұғымы.
- •14. Объектілі-бағытталған ортадағы жобаның негізгі файлдары.
- •39. Операциялар және оның түрлері.
- •16. Программалау ортасының графикалық мүмкіндіктері.
- •20. Препроцессор директивалары.
- •21. Программаның графикалық сызбасы
- •25. Параметрлі қайталану операторы.
- •48. Программа негізгі құрылымы.
- •30. Символдық жолдарға қолданылатын функциялар.
- •24. Тармақталу операторы.
- •33. Тізбе құрылымды типі.
- •10. Файлдардың сипатталуы.
- •28. Функцияны құру және қолдану.
- •49. Функция анықтамасы және оның сипатталуы.
6. Объектілі-бағытталған орта тілінің мәліметтер типтері.
Си тілінде бірнеше негізгі мәліметтер типтерін қолдану негізделген. Си тілі стандартында әр түрлі мәліметтер типтеріне нұсқайтын жеті кілтті сөздер қолданылады. Осы кілтті сөздер тізімін келтірсек: іnt, long, short, unsіgned, char, float, double. Бірінші төрт кілтті сөздер бүтін сандарды, яғни ондық түбір бөлігінсіз бүтін санды білдіруге пайдаланады. Олар программада бөлек немесе кейбір бірігулерден, мысалға unsіgned short сияқты пайда болуы мүмкін. Char сөзі әріптерге және кейбір өзге символдарға, және де #, $, % және & сияқтыларға көрсету үшін арналған. Соңғы екі кілттік сөздер ондық нүктелі сандарды ұсынуға қолданылады.
Іnt, short, long типтері. Бұл типтердің мәліметтері “таңбалы сан”, яғни мұндай типті айнымалылар алатын мәні тек қана оң, теріс сандар және нөл саны бола алады. Бір бит таңбасы жоқ санның таңбасын көрсету үшін пайдаланылады.
Бүтін типті айнымалылар. Тұрақтылар көбінесе айнымалыларды инициализациялау кезінде қолданылады. Бұл дегеніміз айнымалыға кейбір мәнді өңдеу алдында меншіктеуді білдіреді. Мысалы: К2=0; m2=1.
Айнымалыны суреттеу операторларына инициалдауға болады. Мысалы:
Іnt m2=15; Short k2, k3=0; Long l1=25, l2=30;
Unsіgned мәліметтер типі. Көбінесе мұндай тип модификатор болып қызмет атқарады, дегенмен ертерек баяндалған үшеуінен ғана. Мына варианттарды пайдаланылуы мүмкін: unsіgned іnt, unsіgned long. Таңбасы жоқ бүтін айнымалылар қарапайым бүтін айнымалылар сияқты баяндалады және инициалданады.
Unsіgned іnt kol; Unsіgned short s=2;
Char мәліметтер типі. Бұл тип 0-ден 255 диапазонындағы таңбасы жоқ бүтін сандарды анықтайды. Көбінесе, мұндай бүтін бір байт жадыға орналастырылады. Символдық айнымалыны баяндау үшін char кілтті сөзі қолданылады. Мысалы:
Char s2; Char s2, s3; Char sk=k;
Float және double мәліметтер типтері. Есептеу сипатындағы программаларда жылжымалы нүктелі сан жиі қолданылады. Си тілінде және де мәліметтер float типімен баяндалады.
Жылжымалы нүктесі бар айнымалылар бүтін типті айнымалылар сияқты сипатталады және инициалданады. Мысалы: Float s1, s2; Double s; Float pe=7.52e-7;
13. Оқиғалар ұғымы.
Объектілер инспекторы терезесінің екі парағы (қосымша бет) бар: Properties (Қасиеттері) және Events (Оқиғалары).
Properties парағы Форма құрастырушысы терезесіндегі ағымдық (таңдалып алынған) компонент туралы мәлімет береді және форманы жобалау кезінде компоненттердің көптеген қасиеттерін өзгертуге мүмкіндік береді. Events парағы көрсетілген оқиға туындаған кезде компонент орындауға тиісті процедураны анықтайды. Егер қандай да бір оқиғаға арнайы жазылған процедура болса, қосымшаның орындалу барысында процедура сол оқиға туындаған кезде автоматты түрде шақырылады. Мұндай процедуралар оқиғаларды өңдеуге арналған, сондықтан да оларды өңдеуші-процедуралар немесе жай ғана өңдеушілер деп атайды. Оқиғалар сондай-ақ сәйкес өңдеушілерді көрсететін қасиеттер де болып саналады.
Оқиға программамен жұмыс істеу барысында объект жағдайының белгілі бір әрекетке жауап ретінде өзгеруі. Мысалы: пайдаланушы программа құру үшін алдымен формаға компонент орнатуы, форманы не формада орналыстырылған компонетті тышқан арқылы шертуі мүмкін. Оның іс әрекеті оқиға шығарады. Delphi-де әрбір оқиғаға атау беріліп қойылған. Әрбір объектіге байланысты оқиғалар көп. Мысалы: формаға байланысты оқиғалар саны 35. Олар қасиеттер терезесінің Events қосымша бетіне енгізілген. Терезеде оқиға атауларының алдына On прифексі(қосымшасы) тіркестіріліп жазылған. Ол атаудың оқиға екенін білдіреді.
Ортасында жиі кездесетін оқиғалар:
OnClick – тышқан түймесін бір рет басу;
OnDbClick - тышқан түймесін екі рет басу;
OnKeyDown – клавишті басу;
OnGreate – форманы екі рет шерту.
