Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
prog_tekh_otvety_SHPOR.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
99.75 Кб
Скачать

5. Операторлар және оның түрлері.

Delphi тіліндегі программада қандайда бір іс-әрекеттерді орындау үшін операторлар қолданылады.

Оператор – тіл компиляторына белгілі бір іс-әрекеттерді орындау үшін берілген бұйрықтар (команды). Барлық операторлар жай және құрлымды операторлар болып екіге бөлінеді. Жай операторлар – программаның сызықтық орындалуын бұзбайтын операторлар. Мысалы: меншіктеу немесе арифметикалық операторлар. Құрлымды операторлар – программа жолдарының орындалу реттілігіне әсер ететін операторлар.

Жай операторларға мыналар жатады: меншіктеу операторы; бос оператор; құрама оператор; кіру операторы (операторы доступа);

Меншіктеу операторы. Бұл оператор Delphi тіліндегі программада өте жиі пайдаланылады және «:=» таңбасы арқылы жазылады. Айтылған оператор сол жақтағы айнымалыға оң жақтағы айнымалының мәнін меншіктейді. Мысалы А := 10;

Бос оператор. Бос оператор – (;) белгісі арқылы анықталады және программаның ке келген жерінде кездеседі. Бұл оператор нақты бір іс-әрекетті орындамайды, бірақ көп кездерде қажетті болып келеді.

Құрама оператор. Құрама оператор – begin және end операторларының арасында орналасқан, бір бірімен нүктелі үтір арқылы ажыратылған операторлар тобы.

Қатынау (доступ) операторы. Қатынау операторы – белгілі бір объектілердің құрама бөлшектеріне жеңіл, әрі тез қол жеткізуге мүмкіндік береді. Оператор келесі түрде анықталады: with объект do іс-әрекет;

Құрлымдық операторлар. Құрлымдық операторлар – программаның орындалу барысын өзгертетін операторлар. Оларға келесі операторлар жатады: шартсыз көшу операторы; шартты оператор; таңдау операторы; қайталану операторы;

Шартсыз көшу операторы. Шартсыз көшу операторы – программының ағымдағы орындалу жолынан басқа жолға ешбір іс-әрекетті орындамай көшіру үшін керек. Көшу белгілер көмегімен жүзеге асады. Белгі – программадағы белгілі бір оператордың алдында орналасқан, қос нүктемен ажыратылған идентификатор немесе таңбасыз 0 мен 9999 аралығындағы бүтін сан. Шартсыз көшу операторы: goto белгі;

Шартты оператор. Шартты оператор қандайда бір іс-әрекеттің орындалуын немесе орындалмауын берілген шартқа байланысты анықтайтын оператор. Бұл операторды программаның тармақталынуы үшін пайдаланады. Шартты оператордың құрлымы:

if шарт then 1-оператор else 2-оператор;

Шартты операторды қысқартылған түрдеде пайдалануға болады:

if условие then оператор;

Таңдау операторы. Таңдау операторы – белгілі бір варианттарға сәйкес таңдау жасауға және сол таңдауға сәйкес белгілі бір іс-әрекеттерді орындауға арналған оператор. Бұл оператор бірнеше шартты операторды пайдаланбай оларды ықшамды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Таңдау операторы:

case селектор of

Тізім1: Оператор1;

ТізімN: ОператорN;

else

Оператор;

end;

Қайталану операторы(цикл) – бір реттен көп орындалатын операторлар тізбегі. Бұл операторларды цикл денесі деп атайды.

Delphi-де қайталану операторының үш түрі бар:

параметірлі қайталану операторы;

қайталануды шартты жалғастыру операторы;

қайталануды шартты аяқтау операторы;

Параметірлі цикл - алдын ала қанша рет қайталанып орындалатыны белгілі болатын цикл. Бұл цикл келесі түрде болды: for параметр: = <бастапқы мән> to <соңғы мән> do оператор; немесе for параметр: = <бастапқы мән> downto <соңғы мән> do оператор;

Қайталануды шартты жалғастыру операторы циклдің қанша рет орындалатындығы алдын ала белгісіз және циклдің денесі кейбір шарттарға байланысты орындалмайтын жағдайларда қолданылады. Мұндай цикл келесі түрде болады: while шарт do оператор; Қайталануды шартты аяқтау операторы циклдің алдын ала қанша рет орындалатыны белгісіз және цикл денесі кем дегенде бір рет орындалсын деген жағдайларда қолданылады. Мұндай цикл келесі түрде болады:

repeat

оператор1;

операторN;

until шарт;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]