Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
prog_tekh_otvety_SHPOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
99.75 Кб
Скачать

АААААААААААААА

26. Алдыңғы және кейінгі шартты қайталану операторлары.

Алдын ала шарты бар цикл операторы

Алдын ала шарты бар цикл операторын цикл денесінің қайталануы белгісіз және цикл денесі бір рет те орындалмауы жағдайында қолданған тиімді. Бұл pereat…until операторына ұқсас, тек айырмашылығы шарттың оператор басында тұруында. Форматы:

While<Шарт>do оператор; немесе while<>dobegin<оператор1>

<оператор2>

……

<операторN>

end;

мысал. Цикл құру кезінде WHILE операторын қолдану

Var x: integer; Sum: real;

M: array[1..10] of real;

X: = 1; sum: =0

While x < = 10 do begin

Sum: = sum+m[x];

X: = x+1;

End;

Егер циклдың бірінші орындалуында шарт орындалмаса (логткалық өрнектің мәні False), онда цикл денесі 1 рет те орындалмайды және цикл операторынан кейінгі операторға көшу орындалады.

Кейінгі шарты бар цикл операторы

Кейінгі шарты бар цикл операторын 1 ден кем емес және қайталанудың жалпы саны белгісіз жағдайда қолданған дұрыс. Келесі түрдегі формат:

Repeat

<Оператор1>;

……….

<Оператор until <шарт>;

Шарт - логикалық типті өрнек. Repeat және until сөздерінің арасындағы сөздер цикл денесін құрайды және өрнек True мәнін қабылдағанша орындала береді. Тек цикл соңында тексерілетін болған соң цикл денесі минимум 1 рет орындалады. Цикл денесінде кездейсоқ операторлар саны бар. Кейінгі шартты операторды көрсету үшін m массивінің 10 мәнінің қосындысын есептейтін мысал көрсетейік:

Var x : integer;

Sum: real;

M: array[1..10] of real;

…..

x: = 1;

sum: = 0;

repeat

sum: = sum + m [x];

x: = x+1;

until (x< 10);

ӘӘӘӘӘӘӘӘ 17. Әдістер және оның түрлері

Әдістер – классқа жататын процедуралар немесе функциялар. Әдістер объектінің іс-әрекетін (жүріс-тұрысын) анықтайды.

Объект әдісін шақыру үшін объект атын және нүктеден кейін оның әдіс атын көрсету қажет. Мысалы: MyObject.Method1; // MyObject объектісінің Method1 әдісі шақырылады.

Объект әдісінің түріне байланысты оны түрлі тәсілдермен шақыруға болады. Әдістердің келесі түрлері бар: статистикалық (static); виртуалдық (virtual); динамикалық (dynamic); аса жүктелген (перегруженный-override); хабарларды өңдеу әдістері (message); абстрактылы (abstract);

Әдістің түріне қарай класстың сипатталу бөлімінде, әдіс тақырыбынан кейін нүктелі үтір қойылып, жоғарғыда айтылып өткен идентификаторлардың бірі көрсетіледі.

Статистикалық әдіс Delphi-дегі жай процедуралар мен функцияларға пара-пар. Delphi ортасына мұндай әдіс адресі компиляция кезеңінде белгілі болады, сондықтан Delphi программаның орындалу барысында әдістің статистикалық шақырылуын жүзеге асырады. Статистикалық әдістер барлық басқа әдістерге қарағанда жылдам жұмыс істейді, бірақ аса жүктеле (overload) алмайды.

Статистикалық әдіс келесі түрде сипатталады:

type

TmyButton = class (Tbutton)

public

procedure MyProcedure; // MyProcedure әдісі статистикалық

end;

Виртуалды әдістер статистикалық әдістерге қарағанда аса жүктелуді жақтайды, сол себепті Delphi ортасына мұндай әдістерді шақыру өте қиын (нақты шақырылатын әдістің адресі алдын ала белгілі болады).

Аса жүктелген аталуы (әдіс атауы) бірдей, бірақ параметірлер тізімі әр түрлі әдістер.

Динамикалық және виртуалдық әдістердің арасындағы айырмашылығы- динамикалық әдістер кестесінде осы класта тек dynamic ретінде хабарланған әдістер адрестері болады, ал виртуалдық кестесінде сол кластын вертуалдық әдістерімен қатар, оның барлық аталықтарының да адрестері сақталады.

БББББББББ 22.Басқарушы операторлар

Басқарушы операторлар (Управляющий оператор; control statement) — тапсырманы немесе оның бөлімдерін орындауға қажетті басқарушы ақпаратты анықтайтын оператор. Басқарушы операторларға құрама оператор, тармақталу операторлары: шартты және шартсыз көшу, таңдау операторы қайталану операторлары: алдыңғы және кейінгі шартты қайталану және параметрлік қайталау операторлары жатады.

Құрама оператор дегеніміз бірнеше операторларды бір операторға біріктіру.

Тармақталу командасының қысқа және толық нұсқалары бар. Олардың жазылу түрлері.

if p then s // қысқа нұсқа немесе if p then else s2 // толық нұсқа

Таңдау операторы бірнеше әрекеттің ішінен таңдауға мүмкіндік береді.

Таңдау операторының құрылымы төмендегідей:

Case <өрнек> of

< таңдау тізімі> [else <операторлар>]

end;

Алдыңғы және кейінгі шартты қайталану операторлары.

While<Шарт>do оператор; немесе while<>dobegin<оператор1>

<оператор2>

……

<операторN>

end;

Параметрлі қайталану операторы.

FOR цикл операторы. For операторы айнымалы ретінде берілген цикл параметрінің алғашқы, соңғы мәні мен өзгеру қадамы белгілі болғанда, соған сәйкес бір немесе бірнеше операторларды қайталап орындау кезінде қолда­нылады. Бұл оператор параметрлі цикл операторы немесе арифмети­калық цикл деп аталады.

For цикл операторының жалпы жазылу түрі:

for (x=x0; x<=xk; x=x+dx)

{

<1-оператор>;

<2-оператор>;

. . .

<n-оператор>;

}

Цикл тұлғасының келесі орындалуы немесе орын­дал­мауы оның атқарылуы алдында анық­талады.

While операторы. Орындалу саны алдын ала белгісіз болатын циклдер құру кезінде шарттары алдын ала немесе соңынан тексерілетін екі цикл түрі бар.

Оның жазылуы:

while (шарт-өрнек)

оператор;

ЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖ 8. Жолдық айнымалылардың сипатталуы.

Программалау тілдерінде көптеген жағдайларда символдар тізбектеін қолдану қажет болады. Ол үшін char типін пайдалану ыңғайсыз. Сол себепті символдар тізбегін тұтасымен қарастыру мүмкіндерін қарастырған жөн. Сондықтан жолдық түр String пайдаланылады. Символдар тізбегінен тұратын тұрақтылар жолдық тұрақты, ал мәндері осы тұрақтылар болатын айнымалылар жолдық айнымалылар деп аталады.

Жолдық айнымалының сипатталуы: String [<мәні тұрақты өрнек>]. Мұндағы <мәні тұрақты өрнек> қатардың ұзындығын білдіреді және көрсетілуі міндетті емес. Қатар ұзындығы көрсетілмеген жағдайда 255-ке тең деп есептелінеді. Өрнектерде жол екі жағынан апострофқа алынып, жолдық тұрақты ретінде қарастырылады. Жолдық қатарға орынның 0-ші байтына осы қатардың ұзындығының мәні жазылады. String типті айнымалыны тип тарауында жариялау арқылы немесе бірден айнымалылар тарауында сипаттауға болады.

Жазылуы. Type <типтің аты> = String [жолдың ең үлкен ұзындығы];

Var <айнымалы> : <типтің аты>;

Var <айнымалылыр> : String [жолдың ең үлкен ұзындығы]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]