XIII.06
ал Хэй диаграммасында
XIII.07
Материалды қажуға есептегенде Смит пен Хэи диаграммаларының С. В. Серенсен мен Р. С. Киносошивили ұсынган қарапайым түрлері пайдаланылады. Смитт диаграммасының қарапайым түрін алу үшін ордината осіне материалдың аққыштық шегі салынып, табылған М нүктесі арқылы абсцисса осіне параллель МN түзуі, онан соң А нүктесі мен нөлден басталатып циклдің D нүктесі арқылы АD түзуі жүргізіледі (ХІІІ.5-сурет). Алынған АКN сынық сызыгы пластикалық материалдардың шекті кернеулер диаграммасы деп аталады.
Диаграммадағы АK түзуінің нүктелерімен анықталатын қауіпті кернеу:
XIII.08
XIII.09
мұндағы
XIII.10
материалдың цикл асимметриясына сезімталдығын сипаттайтын коэффициент,— пульсирлік цикл үшін төзімділік шегі.
Хэй диаграммасын қарапайым түрге келтіру үшін аққыштық шегін координата осьтеріне өлшеп салып алынған нүктелерді (Е, Д) түзу сызықпен қосады. Онан соң нөлден басталатын циклдің С нүктесі мен диаграмманың А нүктесі арқылы түзу жүргізіп пластикалық материалдардың шектік кернеулер сынық сызығын алады (АKD, ХІІІ.6-сурет).
Диаграмма бойынша, нүктелері қауіпті кернеулерге сәйкес келетін DЕ түзуі келесі теңдеумен өрнектеледі
XIII.11
ТӨЗІМДІЛІК ШЕГІНЕ ӘСЕРІН ТИГІЗЕТІН ФАКТОРЛАР
Материалдардың төзімділік шегі бірқатар факторларға тәуелді екенін жоғарыда айтып өттік. Енді сол факторлардың инженерлік практикада жиі кездесетін кейбір түрлерімен танысайық. Факторлардың әсерін бағалау үшін беттері жылтыр, ауамен қоршалған он шақты үлгілерді сынау арқылы анықталған симметриялық циклдің төзімділік шегі -1, эталон ретінде қабылданып, факторлардың әсері тиген үлгілердің симметриялық циклдегі төзімділік шегімен (-1,ш) салыстырылады.
1. Кернеу шоғырландырғыштардың әсері. Тесік, ойық тағы сол сияқты кернеу шоғырландырғыш ақаулар, конструкция элементтерінің жүк көтергіштік қабілетін төмеңдететіні (III. §10) параграфта айтылды. Сол сияқты кернеу шоғырландырғыштар машина бөлшегінің төзімділік шегін де айтарлықтай төмендетеді. Төзімділік шегінің төмендеу шамасы тәжірибе жүзінде анықталатын, тиімді шоғырлану коэффициентімен ескеріледі. Бұл коэффициенті анықтау үшін он-оннан шоғырландырғышы бар және шоғырлаңдырғышы жоқ өзара бірдей үлгілер симметриялы циклде сыналып, төзімділік шектері анықталады. Тиімді шоғырлану коэффициенті шоғырландырғышы жоқ және шоғырландырғышы бар үлгілердің төзімділік шектерінің қатынасымен анықталады
XIII.12
Бұл
коэффициент машина бөлшегінің пішіні
мен материалына байланысты арнайы
мәлімдегіштерде келтіріледі. Мысал
ретінде ХІІІ.7-суретте қима ауданы кілт
өзгерген (яғни
)
болаттан жасалған (бш
= 500 МПа) сатылы біліктің, галтель радиусы
(r)
мен кіші диаметрінің (d)
қатынасына тәуелді тиімді шоғырлану
коэффициентінің графигі көрсетілген.
Созылған және бұралған сатылы біліктер
үшін түрғызылған бұл коэффициенттің
графиктері ХІІІ.8, 9-суреттерде көрсетілген.
Галтель радиусы мен диаметрдің басқа катынастары үшін
XIII.13
мұндағы
—
сатылы біліктің (D/d
= 2) тиімді шоғырлану коэффициенті,
—
XIII. 10-суреттегі графиктен алынатын
түзету коэффициенті. Графиктің біріншісі
иілу, екіншісі бұралу деформациялары
үшін түрғызылған. Көрсетілген ХІІІ.7,
8, 9-суреттерден теориялық шоғырлану
коэффициенттері (
)
тиімді коэффициенттерге (
)
карағанда әрқашан да бір шама үлкен
екенін байқауға болады.
Егер тәжірибелік нәтижелер жеткіліксіз болса, тиімді коэффициентті келесі формуламен анықтауға болады
