- •Оқу жоспары бойынша сағаттардың бөлінуі
- •5. Оқу тәртібінің cипаттамасы
- •5.2. Пәнді оқытудың мақсаты.
- •5.3. Пәнді оқытудың міндеттері
- •5.4. Оқу тәртібінің мазмұны
- •Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау
- •7.2 Бақылау формасы
- •Оқу пәнінің саясаты
- •1 Дәріс. Тақырыбы: Рухани адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы
- •Жоспары
- •2 Дәріс. Өзін–өзі тану рухани–адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи негіздері
- •Жоспары
- •3 Дәріс. Замануи білім кеңістігін ізгілендірудің жаңа тәсілдемелері
- •Жоспары
- •4 Дәріс. Өзін–өзі тану рухани –адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық – педагогикалық негіздері
- •Жоспары
- •6. Сананың құрылымы туралы. Сананы тазарту.
- •5 Дәріс. Өзін өзі тану пәні мен басқа пәндердің интеграциясы
- •Жоспары
- •«Геометрия» пәні. Тақырып: «Сәуле және кесінді».
- •«Физика» пәні 7 сынып. Тақырып: Дененің үш күйде болуы.
- •«Қазақ әдебиеті».8-сынып. Тақырып: Жыраулар поэзиясы.
- •6 Дәріс. Сабақтан тыс іс –әрекет арқылы өзін өзі тану рухани –адамгершілік білім бағдарламасын жүзеге асыру
- •Жоспары
- •Сабақтан тыс шаралар «жүрек жылуы» тақырыбындағы қайырымдылық апталығы
- •«Жүрек жылуы» атты қайырымдылық акциясы
- •«Сүйіспеншілік күні» атты тренинг
- •«Мейірімді жүрекпен»
- •7 Дәріс. Өзін өзі танудың оқытудың аксиологиялық аспектілері. Ақиқат құндылығы
- •Жоспары
- •Жоспары
- •9 Дәріс. Дұрыс іс әрекет тәжірибесі өмір негізі.
- •Жоспары
- •10 Дәріс. Ішкі тыныштық тұлғаның үйлесімді дамуының нәтижесі.
- •Жоспары
- •11 Дәріс. Қиянат жасамау -жалпыадамзаттық құндылық
- •Жоспары
- •12 Дәріс. Шынайы көшбасшыға тән адамгершілік қасиеттер
- •Жоспары
- •13 Дәріс. «Өзін өзі тану» пәнінің құрылымдық–мазмұндық және әдістемелік аспектілері.
- •Жоспары
- •1 Жастан бастап 10 жасқа дейін.
- •11 Жастан 15 жасқа дейін:
- •15 Жастан жоғары
- •14 Дәріс. Әңгімелесу әдісі оқушылардың терең рухани адамгершілік әңгімеге тарту тәсілі
- •Жоспары
- •15 Дәріс. Ата–аналармен байланыс–«Өзін өзі тану» рухани –адамгершілік білім бағдарламасын жүзеге асырудың қажетті шарты.
- •Жоспары
- •Соөж тақырыптарының үлгілік тізімі
- •Соөж тақырыптарының үлгілік тізімі
- •Реферат тақырыптары
3 Дәріс. Замануи білім кеңістігін ізгілендірудің жаңа тәсілдемелері
Мақсаты: студенттермен бірге заманауи философияның, психологияның және педагогиканың рухани бастауға қайта оралуы талдау жасау.
Жоспары
1. Заманауи философияның рухани бастауға қайта оралуы
2. Заманауи психологияның рухани бастауға қайта оралуы
3. Заманауи педагогиканың рухани бастауға қайта оралуы
4. Тұлғаның құрылымы
5. Педагогиканың үш типі:
Дәрістің қысқаша мазмұны. Заманауи философия бастауларына оралу. Рухани-адамгершілік–адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды, сондай-ақ кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық та рухани-адамгершілікке жатады.
«Жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту – «Өзін-өзі тануға» негізгі рухани жол болып табылады»
Сара Алпысқызы: «Әр бала – керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шексіздікті танып білуге ұмтылады. Мұндай ұмтылыс адам баласының бойында дүниеге келген сәтінде-ақ пайда болады. Сондықтан да кез келген мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарауы керек. Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі».
«Адам дегеніміз үш түрлі жүйеден (Тән, Жан, Рух) тұратын тіршілік иесі». «Адам табиғатындағы үш жүйенің: Тән, Жан, Рухтың тәрбиесі түзелмей, әділетті қоғам да, мейірімді мемлекет те болуы мүмкін емес!...»
Заманауи ғылым адамды тән-жан-рух үштігінің тұтастығы ретінде түсінуге қайта бет бұрды. Совет-Хан Ғаббасов
Ізгілік психологиясының классиктері рухани- адамгершілік білім туралы.
Iзгiлiк пcиxoлoгияcы aмepикaндық пcиxoлoгия бaғыты, oны зepттeyдiң пәнi aдaмғa ғaнa тән epeкшe, жoғapы көpiнicтep, coндaй-aқ тұлғaның өзiндiк кeмeлдeнyi жәнe дaмyы, oның жoғapы құндылықтapы, cүйicпeншiлiк, шығapмaшылық, epкiндiк, жayaпкepшiлiк, тәyeлciздiк, әлeмдi тaнy, пcиxикaлық дeнi cayлық, тepeң тұлғaapaлық қapым-қaтынac жacay жәнe т.б. бoлып тaбылaды. Адамзаттың өміріне холизмдік (грекше- біртұтас) көзқарасты басшылыққа алады. Барлық адам тумысынан болмысынан ізгі болады деген іргелі көзқарасты ұстанады; Әр адамның өзіндік әлеуетәне бағытталады. Рухани дамудың, өзін іс жүзінде көрсете білудің маңыздылығына назар аударады.
Адам бойында өзгеретін бір зат болса-ол өзін-өзі қалай сезінетіндігін өзгертуі қажет.
A.Мacлoy өзiнiң зepттeyлepiндe: «Мeн гyмaниcтiк тұғыpды қoлдaймын, мұндaй көзқapac aдaмның филocoфиялық жәнe биoлoгиялық мүмкiндiктepiн түбeгeйлi көpceтeдi. Бұл тұтac үpдic тұлғaның aвтoнoмдығынa жәнe тәyeлciздiгiнe ұмтылыcын cипaттaйды. Мeнiң oйымшa, бiз aдaмдapмeн, әcipece бaлaлapмeн қapым-қaтынacтa ocындaй қaғидaны ұcтaнyымыз қaжeт. Бұл тұлғaның pyxaни жeтiлyi мeн кeмeлдeнyiнe ceнiм opнaтып, oның дepбecтiгi мeн өз epкiмeн әpeкeт eтyiнe көңiл ayдapып, нәтижeнiң aлдын-aлa бeлгiлeнyi мeн cыpттaй бaқылayғa тaйым caлынaды»-дeп жазылған
A.Мacлoy: «...Eгep бiз көмeкшi, кeңecшi, мұғaлiм, бacшы бoлғымыз кeлce, aдaмды қaндaй бoлca дa, oны coл күйiндe қaбылдaп, бaлaны қopқытпaй, oның қopқынышын бoлдыpмaйтын жaғдaй жacayымыз кepeк. Ocындaй қaтынac бaлaның қaтeлiктep жiбepe oтыpып, бeлceндiлiгiн жoғaлтпayынa, өзiн-өзi жeтiлдipyiнe, өзiндiк мүмкiндiктepiн aшyғa мүмкiндiк бepeдi. Бiз әpбip бiлiм aлyшының aлaтын «acyын» бaғaлaй бiлyгe, oның cүйiктi шұғылдaнaтын iciн дұpыc қaбылдayғa үйpeнгeнiмiз aбзaл»,- дeп aнықтaғaн.
Бiлiм бepy жүйeciнiң мaқcaтының бipi oқyшының бapлық пcиxoлoгиялық қaжeттiлiктepiнiң қaнaғaттaндыpылyы бoлып тaбылaды. Бiлiм aлyшы бapлық қaжeттiлiктepдiң opындaлғaнының apқacындa ғaнa өзiндiк кeмeлдeнy күйiнe жeтeдi. Coнымeн қaтap, бiлiм бepy жүйeci өмipдiң cәттiлiктepiн жәнe әceмдiктi ceзiнyгe зop ықпaл жacayы тиic. Coның нәтижeciндe, aдaмдa өмipлiк құндылықтap пaйдa бoлaды.
«Сыртқы дүние арқылы өзiн-өзi тану - қарым-қатынаста, iс-әрекеттi орындауда өз қылығын бағалау, өз мүмкiншiлiгiн және қабiлеттiлiгiн көрсете алу. Iшкi дүние арқылы өзiн-өзi тану - уайымдау, сезiм, арман, ой, қалау тағы сол сияқты iшкi дүниенi сыртқа шығарып, тану үшiн қызықты жұмыспен шұғылдану абзал» - деп атап көрсеткен.- американдық психолог У. Джеймс.
Неміс психологы Ф. Перлз тұлғалық кемел сапасындағы көрсеткішін мынандай түрге бөліп көрсетеді. Басқаларға емес, өзіне демеулік, көмек көрсете алу.
1. Жауапкершілікті өз мойнына алу.
2. Қиын жағдайда өзіндік ресурсын жеделдету.
3. Дағдарыстан шығу үшін тәуекелге бару
С.Л. Рубинштейн: «адам іс-әрекеті, оның практикалық және теориялық іс-әрекеттері, соның ішінде оқу іс-әрекеті де ми қызметі және қимылдың сыртқы актілері, объектінің өзгеруі мен әсер етуін жүзеге асыратын басқарулар сияқты психологиялық (түрткілік, танымдық т.б.) процестерді енгізеді. Біріншілері – ниеттенуші – ой бағыттаушы; дайындаушы
«жоспарлы» афференттеуші, реттеуші бола, екіншілері – орындаушылар ( іс-әрекет) –дұрыс іс-әрекет.
Біріншілердің нәтижесі жоспар, өзгертуге әсер ету бағдарламасы.
Екіншісінікі – өзгеруге әсер етудің нәтижесі болып турады.
Заманауи психология бастауларына оралу. А.Маслоу қажеттілік, өзін-өзі өзектендіру, метоқажеттілік, метопатология иерархиялары туралы. Тұлға құрылымы.Батыс психологиясының негізгі үш бағыты.
Психоаналитикалық бағыт-аналитикалық зерттеулер тәуелділіктің пайда болуын психосексуалды жетілудегі дефект ретінде түсіндірілед, с.қ. Тәуелділік регрессия ретінде қарастырылады. Қажеттіліктер қанағаттандырылмағандықтан жеке тұлға фрустрацияға ұшырайды және өшпенділікпен жауап береді.(З. Фрейд, Э. Эриксон, К. Хорни және т.б.)
Бихевиористік бағыт- бұл бағыт өкілдерінің пікірінше адамға әлеуметтік орта «үздіксіз» әсер етеді. Сенімділік сезімін жоғвлтады, жауапкершіліктен қашады, сенімсіз достық қатынасты «қауіпті әлем» деп санайды.(Д.Б. Уотсон, И. Павлов, Б.Ф. Скинер және т.б.)
Гуманистік бағыт- ізгілікке бағыттау, сүйіспеншілік. Гуманистік бағыт өткен бағыттар арқасында пайда болды.(К.Г. Юнг, В. Франкл, К. Роджерс, А. Маслоу, Э. Фромм және т.б.)
Гуманистік психологияның негізгі ұстанымы
- Адамзаттың өміріне холизмдік (біртұтас) көзқарасты басшылыққа алады.
Барлық адам тумысынан, болмысынан ізгі болады деген көзқарасты ұстанады.
К.Юнг психологиялық функцияның төрт түрін көрсетеді: ойлау, сезім, түйсік және интуиция.
Ойлау сезіну рационалды (өйткені олар ақылға бағына әрекет етеді);
Түйсіну мен интуиция иррационалды(олардың қызметі ақылға сүйенбейді)
Адамның қажеттіліктер иерархиясы (А. Маслоу)
Биологиялық және физиологиялық қажеттіліктер
Негізгі өмірлік қажеттіліктер: ауа, тамақ, су, баспана, жылу, қатынас, ұйқы және т.б.
Қауіпсіздік қажеттілігі
Қорғау, тәртіп, заң, шек қою, тұрлаулылық
Әлеуметтік қажеттілік
(әлеуметтік орны)
Өзін – өзі сыйлау
(табыс, мәртебе)
Рухани қажеттілік
Мәңгілік рухани құндылықтарға мұқтаждықтың қанағаттанбауы метапатологияға әкеліп соғады.
Метапатология- жұтаңдану. А. Маслоудың қолданатын бұл термині психикалық ауытқуларды белгілеуге, метоқажеттілік фрустрациясының нәтижесінде дамуға арналған (мысалы: апатия- немқұрайлылық, депрессия-күйзеліс, цинизм-арсыздық, әдепсіздік).
Десакрализация- жалпы адамзаттық құндылықтармен моральдан түңіліп кеткен жастардың бойында пайда болған психологиялық қорғаныс механизмі. Ол көбінесе өмірде кездесетін үлкендердің сөзі басқа, ойы басқа, ісі мүлде бөлек болуына байланысты болады. Бұл екіжүзділік жас адамдардың скептиктерге айналуына, жалпы адамзаттық құндылықтармен моральға сенбеуіне, соңғы нәтижесінде өзіне қол жұмсауға әкеп соқтырады.
Тұлға құрылымы дегеніміз, тұлғаның даралық-психологиялық, дүниетанымдық, әлеуметтік-психологиялық қырларының жиыны.
Рубинштейн тұлғаның психологиялық бейнесінің 3 қырын көрсетеді: 1. Тұлғаға не керек? Ол неге ұмтылады? – Бұл бағыттылық, ұстаным, қажеттіліктер, қызығушылықтар, идеалдар. 2. Тұлға не істей алады? Бұл – қабілеттіліктер, дарындылықтар, таланттар. 3. Тұлға дегеніміз не? Бұл – мінез. Сонымен, Рубинштейн бойынша тұлға құрылымына енетіні – бағыттылық, мінез, қабілеттілік.
Заманауи педагогика бастауларына оралу. Рухани ізгілік (Ш.Амонашвили). Ізгілік педагогикасының манифесі.
Педагогика – әлемдегі керемет өнер. Әр баланың өзінің педагогикасы болуы керек. Педагогика ерекше ғылым ретінде философиялық білімдер жүйесінен ХІІ ғасырдың басында бөлектеніп шықты. Педагогиканың өзіндік статусы аса көрнекті чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) еңбектерінде беки түсті. «Ұлы Дидактика», «Аналар мектебі». Коменский ізімен Англияда Джон Локк(1632-1704), Францияда Жан- Жак Руссо(1712-1781), Швейцарияда И.Г. Песталоцци(1746-1827), Германияда И. Герварт(1776-1841), Адольф Дистерберг(1790-1866) және т.б. ғылым өкілдері келіп шықты. ХVII ғ. мен XIXғ. аралығы педагогикалық теорияның қарқын ала дамыған, тәрбиелік идеялардың өрбіген заманы болды. Ресейде К.Д. Ушинский, Н.И. Пирогов, В.В. Водовозов, Л.Н. Толстой және т.б. Ұлттық педагогикалық теория мен тәрбие мәселелері Ы. Алтынсарин, С. Кобеев, А. Байтурсынов, С. Аспандияров және т.б. Еңбектерінде көрініс тапты.
Рухани ізгілік (Ш.Амонашвили) Әрбір бала- керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шесіздікті танып білуге ұмтылады. Мұндай ұмытылыс адам баласының бойында дүниеге келген сәтінен- ақ пайда болады, Сондықтан да кез- келген мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарау керек. Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі.
Ізгілікті педагогикалық ойлар постулаты:
Баланың бойындағы жоғарғы рухани бастауы оның жарқын тағдырына, шексіз кемелдену мүмкіндігіне деген сенім.
Өз бойындағы жоғарғы рухани бастауға, оның жарқын болашақ тағдырына шексіз кемелдену мүмкіндігіне деген сенім.
3. Тек ізгі әдістердің күшіне деген сенім.
Ізгілікті педагогиканың кезеңдері:
- Ізгілікті тұлға педагогикасы- Ізгі Адам тәрбиелеуді өзінің басты мақсаты етіп қояды.
- Ізгіліктік педагогика- педагогиканың рухани аспектілерін анықтай отырып, оның жаңа Ізгіліктік қырын ашады.
- Рухани-ізгіліктік педагогика- Руханилық және Ізгілік ұғымдары тығыз байланысты, ол екеуі ізгілік педагогикасының негізін құрайды.
Ізгілік педагогикасының идеясы:
- Педагогикалық үдерісте баланың шынайы адами құндылықтарды танып білуі және оны меңгеруі;
- Педагогикалық үдерісте баланы әлеуметке қарсы бағыттайтын тәсілдердің қолдануына жол берілмеуі;
- Педагогикалық үдерістерге адами сипат беру;
- Мектеп ұжымы өмірінің заттық-материалистік және рухани ортасын, моральдық- психологиялық ортасын ізгілендіру.
Ізгілік педагогикасының 3 постулаты
Баланың бойындағы жоғарғы Рухани бастауға деген сенім
Өз бойындағы жоғарғы Рухани бастауға деген сенім
Тек ізгі әдістердің күшіне деген сенім
Ізгілік педагогикасының манифесі
Баланы философиялық тұрғыдан қабылдау;
Баланың біртұтас болмыс дегеніміз- рухани және материалдық екі болмыстың толыққандылығы: мұнда рухани болмыс жетекші болып табылады.
Ізгілікті педагогика Манифесінде мұғалім- нұр себуші, нұр таратушы бала сол нұрды іздеуші, сол нұрға ұмтылушы деп жазылған. Ал, нұрлы балаларға қандай педагогика қажет. Оларға сүйіспеншілік, мейірімділік, түсіністік, шабыттандыру, құлшындыру, жанашырлық, қорғаныш педагогикасы керек. Мұндай педагогика оқушыларды тектілікке, бекзаттыққа, кеңпейілділікке, олардың танымдық белсенділіктерінің өсуіне, сонымен қатар өздерінің өмірлік бағытын іздеуіне бағыт-бағдар береді.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Заманауи философияның, психологияның, педагогиканың рухани бастауға қайта оралуы талдау жасау.
2. Тұлғаның құрылымы сызба кестені талдау, түсіндіру.
3. Заманауи философияның, психологияның, педагогиканың рухани бастауға қайта оралуы мазмұнына слайд дайындау
