- •Оқу жоспары бойынша сағаттардың бөлінуі
- •5. Оқу тәртібінің cипаттамасы
- •5.2. Пәнді оқытудың мақсаты.
- •5.3. Пәнді оқытудың міндеттері
- •5.4. Оқу тәртібінің мазмұны
- •Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау
- •7.2 Бақылау формасы
- •Оқу пәнінің саясаты
- •1 Дәріс. Тақырыбы: Рухани адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы
- •Жоспары
- •2 Дәріс. Өзін–өзі тану рухани–адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи негіздері
- •Жоспары
- •3 Дәріс. Замануи білім кеңістігін ізгілендірудің жаңа тәсілдемелері
- •Жоспары
- •4 Дәріс. Өзін–өзі тану рухани –адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық – педагогикалық негіздері
- •Жоспары
- •6. Сананың құрылымы туралы. Сананы тазарту.
- •5 Дәріс. Өзін өзі тану пәні мен басқа пәндердің интеграциясы
- •Жоспары
- •«Геометрия» пәні. Тақырып: «Сәуле және кесінді».
- •«Физика» пәні 7 сынып. Тақырып: Дененің үш күйде болуы.
- •«Қазақ әдебиеті».8-сынып. Тақырып: Жыраулар поэзиясы.
- •6 Дәріс. Сабақтан тыс іс –әрекет арқылы өзін өзі тану рухани –адамгершілік білім бағдарламасын жүзеге асыру
- •Жоспары
- •Сабақтан тыс шаралар «жүрек жылуы» тақырыбындағы қайырымдылық апталығы
- •«Жүрек жылуы» атты қайырымдылық акциясы
- •«Сүйіспеншілік күні» атты тренинг
- •«Мейірімді жүрекпен»
- •7 Дәріс. Өзін өзі танудың оқытудың аксиологиялық аспектілері. Ақиқат құндылығы
- •Жоспары
- •Жоспары
- •9 Дәріс. Дұрыс іс әрекет тәжірибесі өмір негізі.
- •Жоспары
- •10 Дәріс. Ішкі тыныштық тұлғаның үйлесімді дамуының нәтижесі.
- •Жоспары
- •11 Дәріс. Қиянат жасамау -жалпыадамзаттық құндылық
- •Жоспары
- •12 Дәріс. Шынайы көшбасшыға тән адамгершілік қасиеттер
- •Жоспары
- •13 Дәріс. «Өзін өзі тану» пәнінің құрылымдық–мазмұндық және әдістемелік аспектілері.
- •Жоспары
- •1 Жастан бастап 10 жасқа дейін.
- •11 Жастан 15 жасқа дейін:
- •15 Жастан жоғары
- •14 Дәріс. Әңгімелесу әдісі оқушылардың терең рухани адамгершілік әңгімеге тарту тәсілі
- •Жоспары
- •15 Дәріс. Ата–аналармен байланыс–«Өзін өзі тану» рухани –адамгершілік білім бағдарламасын жүзеге асырудың қажетті шарты.
- •Жоспары
- •Соөж тақырыптарының үлгілік тізімі
- •Соөж тақырыптарының үлгілік тізімі
- •Реферат тақырыптары
2 Дәріс. Өзін–өзі тану рухани–адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи негіздері
Мақсаты. Студенттерді әлемдік рахани тұлғалардың рухан- адамгершілік білім туралы ой-пікірлерімен таныстыру, қазақ мәдениетіндегі рухани адамгершілік білім және заманауи ғылымдағы рухани бастауларды жаңғырту мәселесі туралы түсініктерін кеңейту.
Жоспары
1.Әлемдік рухани тұлғалар рухан- адамгершілік білім туралы
2.Қазақ мәдениетіндегі рухани адамгершілік білім
3.Заманауи ғылымдағы рухани бастауларды жаңғырту мәселесі.
Дәрістің қысқаша мазмұны. Шығыс ойшылдары өз заманында рухани бастаулардың өзектілігі Мен кіммін?; Адам болмысы қандай ?-деген сұрақтарға өз даналығымен шешімін берген. Әлемдік тарихи өткенді шолудағы рухани-адамгершілік білім туралы ғұлама ойшылдар ой пікірлерін талдау. «Сен өзгерсең, сенің айналаңдағы әлем де өзгереді»
«Сыртқы әлем – адамның ішкі әлемінің бейнесі»
«Әлем кемел, адамның қабылдауы кемел емес»
«Сыртқы әлемге тұрақтап қалма, ол өткінші, мәңгілік құндылықтарға тұрақта –ол өзгермейді»
«Үдеріс нәтижеден де маңызды»
Лао-Цзы (б.д.д. VII-VI ғ.ғ.)
«Алдымен өз-өзіңді таны»
«Әр адамның бойында күн бар, тек оның нұрлануына мүмкіндік беріңдер»
«Кімде-кім өзін-өзі тани білсе, ол өзінің не істей алатынын және не істей алмайтынын түсіне біледі»
«Кім де кім әлемді қозғағысы келсе, әуелі өзін қозғасын»
Сократ
«Егер кім де кім өзін-өзі таныса, ол адам өзінің Құдайын да таниды».
Сократ: «Мен ештеңе білмеймін, басқалар оны да білмейді...»
Қожа Ахмет Йассауи түркі халықтарының жаңа исламдық өркениеттегі халықтық ағымының арнасын анықтап берді. Ол жаңа діни идеологияны тәңірлік шамандықпен, зорастризммен біріктіре отырып, қоғамдық-әлеуметтік санаға сіңіруде көп еңбек етті.
Қожа Ахмет Йассауи ілімінде «жан тыныштығы», «шындыққа жету» адамгершілік қасиет пен сипатқа ұласу арқылы тариқат та жүзеге асады.
Нәтижесінде рухани тазалыққа, өзін өзі меңгеруге қолы жетіп, «Кемел адам» тұрпаты қалыптасады.
Тариқат(араб. жол, сапар) - Исламдағы ақиқатқа жетудің мистик, танымдық жолы. Тариқат Исламның моральдық-этикалық жүйесінің, психологиялық тәжірибесінің практикада жүзеге асуы. Тариқатта, шариғат сөзі де араб тілінде жол деген мағынада қолданылады.
Бірақ шариғат үлкен жол,Тариқат жалғыз аяқ жол дегенді білдіреді. Ал діни терминологияда шариғат - дін, Тариқат - хақ пен ақиқатқа жету жолындағы діндегі арнаулы жол, түсінік деген сөз.
Тариқаттың практика-әдістемелік негізі, шарттары сопылықпен тең қаралады. Дегенмен,Тариқат тек әдіс, шарттармен ғана байланысты емес. Ол сопылықтағы адам элементтерінің (шайх, халифа, мүрид сияқты) орны мен зауия, текке, рибат сияқты кеңістіктік элементтер арасындағы үйлесімділікті білдіреді. Сондықтан да осы тұрғыдан Тариқат дегенде сопылық ұғынылады.
Тариқаттың негізі сопылық мәдениет.
Сопылық мәдениеттің Тариқат аясында қоғамдасуы негізінен ХІІ-ХІІІ ғасырларда басталған.
Шахабуддин Сухрауардидің «Ауариф-ул Маариф» еңбегінде Тариқат дәстүрінің басталуын сопылық ағымның шығуымен бірге қарастырады. Яғни, Тариқат пен сопылық Хазірет Пайғамбардай (с.а.у.) бастау алады. Тариқат, негізінен, атақты сопылық ілімі негізінде құрылады. Бұдан басқа да Тариқаттар бар, олар өз ілімдерін тікелей Пайғамбардай (с.а.у) алғандықтарына сенеді. Негізінде шайх төңірегінде қалыптасқан Тариқаттар саны алтау, қалғандары осылардан шыққан Тариқаттар.
Негізгі Тариқаттар:
Иасауийа - құрушысы Қожа Ахмет Иасауи.
Негізінен Ханафи түріктер арасында кеңінен жайылған, одан Нақшбанийа мен Бекташийа Тариқаттары шыққандығы айтылады.
Қадирийа - кұрушысы Абдулқадыр Жайлари (1077 - 1166), арабтарда, әсіресе, Ханбали мазхабындағылар ұстанатын.
Көптеген кіші Тариқаттарға бөлінген. Кубрауийа - кұрушысы Нажмудцин Кубра (1221 ж.ө., ХIII ғасыры), түріктер мен парсылар арасында кеңінен
тараған.
Сухрауардийа - құрушысы Абу Нажиб ас-Сухрауарди (1234 ж.ө.), көптеген тармақтары бар, көбінесе Шафиғилар арасында тараған.
Рифаийа - құрушысы Ахмедар-Рифаи (1118 - 83), арабтар мен түріктерарасында тараған.
Маулауийа - кұрушысы
Маулана Жалалуддин Руми (1209 - 1273), түріктер арасында кеңінен тараған.
Қожа Ахмет Йассауи (1093-1166)
2. Қазақ мәдениетіндегі рухани-адамгершілік білім. Қазақстанның үш ойшылының немесе педагогінің өмірі мен ілімінен мысалдар келтіру.
«Жетілудің негізі – кенді, жүректі жетілдіру, бұл – адамның ішкі нәзік болмысын тазарту деген сөз»
«Адамның тәні мен жаны табиғаттан жаралған, тән қажеттілігімен ғана өмір сүретін адам, хайуаннан айырмашылығы жоқ, тек қана жаннан шығатын –өзіңді түсінуге ұмтылыс, жауыздықтан қашып, қайырымдылық іс жасауға талпыну –адамды адам етеді»
Абай Құнанбайұлы (1945-1904)
«Өзіңді-өзің танысаң, істің басы...»
«Адамның екі қажеттілігі бар – дене және жан қажеттіліктері. Өзін өзі күту, өзін–өзі жақсы көру, менменшілдік пен атаққұмарлық–бұл дене қажеттіліктері. Ұят, адал қызмет етуге тырысу – жан қажеттіліктері»
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931)
«Біздің нақты болмысымыз – шындық,
Шындық – ақиқатты түсіндіруші»
«Алтын басты болсаң да, ардан артық емессің»
«Ар – парыздың бақылаушысы, адам қызметін реттеп отырушы»
Бауыржан Момышұлы (1910-1982)
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Ұлы ғұлама ғалымдардың адамгершілік туралы ой- пікірлеріне талдау жасау.
2. Бес ғұлама ойшылдар пікірлерін жазып келу.
3. Қазақ мәдениетіндегі рухани адамгершілік білім туралы эссе жазу.
