Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФИЗРА УМК.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.24 Mб
Скачать

15 Дәріс. Ата–аналармен байланыс–«Өзін өзі тану» рухани –адамгершілік білім бағдарламасын жүзеге асырудың қажетті шарты.

Мақсаты. Ата–аналармен байланыс–«Өзін өзі тану» рухани–адамгершілік білім бағдарламасын жүзеге асырудың қажетті шарты.

Жоспары

  1. Ата–аналармен жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері, байланыс жасау жолдары. Отбасы типтер. Ынтымақтастырқ тәрбие.

  2. «Өзін өзі тану» рухани – адамгершілік білім бағдарламасын жүзеге асырудың қажетті шарты.

Дәрістің қысқаша мазмұны: Отбасы – ұлттық, мемлекеттің, әлемнің адамзаттың негізі. Сондықтан оны нығайту керек. Отбасында тыныштық болса үйде тыныштық болады; Үйде тыныштық болса мамлекетте тыныштық болады. Мемлекетте тыныштық болса әлемде тыныштық болады.

«Отбасы адамның жақсылық жасауға үйренетін ең бірінші әлеуметтік ортасы» В.А.Сухомлинский

Психиатрлар балалардың нәрестелік кезеңнен 5-6 жасқа дейінгі кезеңдегі дамудың өте маңызды екенін баса айтады. Бұл кезде ата\ ананың ақыл\ой дамуына әсері өте күшті. Бұл баланың тұлғалық дамуына ең бірінші және басым әсер етуші фактор және негізгі мінез\құлық үлгісі болып табылады.

Балалардың махаббаты таза, риясыз. Олар өздерінің ата\аналармен бар жан\тәнімен жақсы көреді және оларға еліктейді. (кейбір келеңсіз мінез\құлықтарын да). Кей\кейде балалар ата\аналарының тілін алмайды. Бірақ\та олардың мінез\құлықтарын, іс\әрекеттерін зер сала бақылайды. Бұл балаларға үлкен әсер етіп, ықпалын тигізеді. Олар ата\аналары өтірік айтып, алдап тұрса, екіжүзділік таныса оны байқап қояды.

Ата\аналар өз балаларына білім беруге, білім алуына жағдай жасауға талпынады. Бір\ақ оларды балаларының қандай білім алып жатқаны онша алаңдатпайды. Білім балаларға жалпы адамзаттық құндылықтарды игеруге, бойына сіңіруге қызмет етуі тиіс. Академиялық білім білім алушыға өмір сүру үшін табыс табуға үйретеді. Алайда білім тек қана өмір сүру үшін пайда табуды ғана көздемеуі керек.

Білім білім алушыны өмірде кездескен қиыншылықтарға қарсы тұруға рухани, адами тұрғыда дайындауы керек. Білім беруде адамзаттық құдылықтардың жоқ болуынан білім алушылардың бойында алаңдау, мазасыздық, үрейлену басым болып отыр. Балалардың мінез\құлқына кері әсер ететін ата\аналардың қарым\қатынас типтері.

Орынсыз қамқорлық (бала ата\анасының орынсыз қамқорлығына еті үйреніп, дағдыланғаны сондай, өз бетңмен шешңм қабылдай алмайды). Орынсыз жұмсақтық (көнгіштік) (баланың мінез\құлқын бүлдіреді, басқаларға түсіністікпен қарамайды) Орынсыз қорқыныш, үрей (баланы) мазасыз етеді, тіпті психосоматикалық ауруларға апарады).

Жоғары талаптар қою (балалар сасқалақ, жабырқаңқы, тұнжыраңқы болып, сәтсіздікке ұшыраймын деген сезім басым болады) Кемсіту, елемеу (мұндай сезіммен өскен балаларда агрессия, ашу\ыза басым, қызба болады.Өсе келе түрлі қылмыс, зорлық\зомбылық жасау, наркомания сияқты келеңсіз жағдайларға бой алдыруы мүмкін).

Отбасында балаларды тәрбиелеу типтері.

Ынтымақтастық баланың өзіндік тұлғалық дамуы мен ерекшеліктерін сезіну, түсіну. Оның осы өмірге өзінің мақсат міндеттерімен келгеніні ұмытпау. Ол осы өмірге бір жаңа леп әкелгенін есте ұстау, Ата аналар баланың өзінің бойында бар ерекшеліктерін іске асыру үшін сүйспеншілікпен, құрметпен жағдай жасауы тиіс. Бала да сол кезде ата анасының беделін, құрметін түсініп, оларлың айтқандарына құлақ сала бастайды. Материалдық қызығушылықтары негізінде тәрбиелеу жақсы болсаң аласың, қол жеткізесің (ақша, сыйлық, ойын сауық т.б) жаман болсаң жазаланасың.

Зорлық зомбылық негізінде тәрбиелеу істегің келмесе де, істейсің, істемесең жазалаймын.

Тәрбиеден тысқары қалу\ бұл бетімен кетушілік, балаларға немқұрайлы қарау. Қалай болса, солай болсын, барлық балалар да осылай істейді.

Агрессивті баланың ата\анасының бойындағы қасиеттер: Отбасында ешқандай ережелердің болмауы; Балаларға ешқандай бақылаудың болмауы; Тәртіптің болмауы; Отбасында түрлі мәселенің шешімін табу іскерліктерінің болмауы; Балаға сөзбен немесе іспен қиянат жасамау.

Ынтымақтастықта тәрбиелеу:

1.Барлық баланы жақсы көру керек. Жақсы көрсең барлығын жаңғыртатын күш. Барлығын сүйе білетін, айнала қоршаған ортасын жақсы көретін болады;

2. Баланың шынайы табиғатын сезініп, табиғат берген ерекшеліктерін ескере отырып, қалай бар солай қабылдап, түсіне білу керек.

3. Әрбір баланы жақсы көру, түсіну, сыйлау арқылы қанаттандыруға болады.

Баланы ақылғы құлақ қоюғыштыққа, тілағыштықа қалай жеткізуге болады? Баланың жүрегінде жоғары «мен» орын алған. Ол интуитивті түрде бәрін сезінеді. Егер анасы оны өтірік айтып, алдап тұрса онда бала тыңдамайды. Ал егер әкесінің айтып тұрғаны басқа болып, істегені одан да басқа болса, бала оған да құлақ аспайды. Егер баланы алдап, табиғатына қарсы әрекет етсек онда бала тыңдамайды. Егер мамасы оған үлкендердің ақылын тыідау кере деп тұрсып, өзі күйеуін тыңдамаса онда бала да олардың ақылына құлақ аспайды.

Бала ақылға құлақ қоятын, тілалғыш ету үшін ең алдыменынтымақтастықа әрекет етіп, үлкендердің өзі өзін\өзі жақсы мінез\құлыққа тәрбиелеуі тиіс.

Күнделікті өмірде ата\аналар балаларға үлгі болуы тиіс. Өзге адамдардан тек жақсылықты көруге үйрету керек және олармен өздеріне басқалардың қандай қатынас жасағанын қаласа, өздері де сондай қатынас жасауға тиіс екенін үйрету керек.

Ата-аналар отбасында міне-құлық ережелерін жасауы керек және оны өздері де бұлжытпай орындап, сол ережеге бағынып отыруы керек

Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі. Жақсы отбасының қасиеттері.

Ана от анасы. Оның қорғаушысы.Ана мен баланың ортасындағы байланыс болуы керек.

Ұлт болашағы ананың алақанында. Оноре де Бальзак.

Өмірдегі барлық тамаша заттар күннің нұрынана, ананың ақ сүтінене нәр алады. М.Горький

Бала өмірінің алғашқы бес жылында міндетті түрде анасымен болуы керек. Ана өзінің міндетті өзгелерге аудара салмауы тиіс (ата әжесіне, күтушіге, балабақшаға).

Өте ерте жастан тәрбиеге әлеуметтік мекемелерге берілген балалар анасы ғана бере алатын мейіріммен, жылылықтан, ізгіліктен сүйіспеншіліктен кенде қалды.

Өкінішке орай көптеген балалар ана махаббатының не екеніні білмейді.

Бүгінгі таңда жауапкершіліксіз аналардың кесірінен жапа шегіп жатқан балалар бар.

Аналар бір сәттік қызық, атақ, даңқ, (үшін жақсы өзінің жақсы мінез\құлын дамыту керек екенін, негізгі борышын ұмытып кетеді.) мансапқорлық, қызмет бабы, ғылымның соңына түсу, үлкендерге құрмет көрсетуді, кішілерді сыйлауды ұмыстып, жолдасын, отбасын екінші орынға ығыстырып шығарды. Мұндай өзімшілдік қатынас әйелді өз табиғатынан алшақтатады.

Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі

Риясыз сүю ананың табиғатынан берілген қасиеті.

Күйеуін риясыз сүйетін әйелдер асыл тұтастай құрметті, хош иісті гүлдей нәзік, отбасының сақтаушысы, от анасы бола алады. Отбасы ана үшін нағыз қасиетті орын болуы тиіс. Ол ана үшін мешіті, оның мектебі, оның қызмет орны.

Ана өз іс-әрекетінде жақсы мен жаманды, ақ пен қараны ажырата білу қасиетінің арқасында өз күйеуінің ар намысына, абройына нұқсан келмейтін әрекеттреге ғана барады.

Әйелдің шынайы таңғажайыптығы оның мейірімді мінез құлқында ғана.

Адамгершілік оның тыныс алысы сияқты, қарапайымдылығы оның өмірлік күші, ақиқат жолында жүргуі оның күнделікті парызы. Ана өзінің ар намысын сақтауда өзін құрбандыққа шала алады. Ол өз да, а лығы мен ақылдылығының арқасында күйеуінің алдында кішірейе алады. Күйеуінің амандығын, оның қуанышы, оның тілектері мен қалауларын сезініп, түсінуі, өзінің де игілікке жетуінің кілті екеніні түсінуі керек. Мұндай әйелдер жаратушының ризашылығына бөленеді. Рухани, ізгі әйелдердің күйеуіне әкелетін игіліктері:қоғамда жақсы жақсы атақ, сәттілік, әсемде мәнерлі тіл, ақыл-парасат, мақсатқа талпынушылық және шыдамдылық. Егер әйел рухани, ізгі болмаса онда осы барлық қасиеттерді күйеуінен ада етеді. Ең бірінші ол күйеуінің қоғамдағы орнын, яғни жақсы атағын жоқ қылды. Содан кейін сәттәләк оған жолдас болмайды да, ол өзіне лайықсыз әрекеттер жасай бастайды. Онан соң оның сөзі өзгереді. Ақыл\есі нашарлай бастайды. Онан соң ол жақсы мен жаманды, ақ пен қараны ажырата алмайды. Мақсатқа талпынушылықтарын қызықтырмайды. Шыдамдылығы таусылады. Нәтижесінде түрлі келеңсіз жәйттер болады.

Әйелге сыпайылық, ибалылық қажет. Онсыз әйел сұлулықтан, әдеміліктен, мәдениеттен де жұрдай болады. Сыпайы, ибалы әйел әрдайым ішкі түйсігімен сезініп дұрыс әрекеттерге барады. Сыпайы ибалы әйел өз отбасында ибалылықпен билік жүргізіп, ол қоғамға, бүкіл әлемге ықпал етеді. Сыпайы ибалы әйел тұрмыстың тауқыметімен ұсақталып кетпейді, өзі сыйлап, өзін де сыйлата алады.

Отбасындағы береке әйелге байланысты. Бұл өте нәзік көзге көрінбейтін дүние. Бірақ әрбір әйел білуге тиіс нәрсе. Егер отбасыңызда бақ, береке, мошылық болсын десеңіз отбасыңызды тек қана өзінің ішкі қзығушылымен ғана өмір сүрмейі крек.

Бұл ой ниет дастарханнан басталады. Егер отабсы мүшелері өз дастархандарына жай ғана басқаларды шақыра алатын болса, өздерінің ас тұзымен өзелерменбөлісе алса, онда ол отбасында молшылық, береке орнайды.

Егер отбасы құлқынның құлын ғана ойлап, өзімшіл болса, ондай адамдар олардан бас тартып, отбасына пайда ойлайтындар ғана бас сұғып, өздеріне қажетін ғана алып, сізге бақыт тілемейді.

Демек риясыз жақсылық жасау отбасының бақ, берекесінің негізі болмақ.

Ұлт ананың мәдениетінің негізінде қалыптасып, дамиды. Өмірге келген ұрпақ бүгінгі ананың негізінде қалыптасады. Кешегі, бүгінгі, келешекте ана бәрінің өзегі болмақ. Ұлттың жүрегі, тынысы болмақ.

Ананың міндеті\ руханилық пен адамгершіліктің негізін салу. Егер ана рухани болса, бүкіл ұрпаққа алаңдамауға болады. Егер ол адамгершілікпен әрект етсе балалары да соны жасамақ.

Рухани ұстаз жай ұстаздан он есе ықпалды болмақ. Әке рухани ұстаздан он есе күшті, маңызды. Ал ана әкеден мың есе маңызды. Шығыс даналығы.

Жақсы отбасының қасиеттері.

Үлгілі жақсы ата аналар: беделді болу керек; ажырата білуге үйретуі тиіс; сүйе білетін балаларды өсіруі тиіс; балаларын әрекет етуден бұрын, жақсылап ойланып алуға үйретуі тиіс; өздері жақсы үлгі бола білуі тиіс.

Үлгілі жақсы отбасының қасиеттері:

Барлығын сүйе білетін, айнала қоршаған ортасын жақсы көретін болады;

Әрқайсысы өз парызын, борышын дұрыс орындайды;

Қуанышты жан тыныштығында өмір сүреді;

Отбасында бір бірімен жақсы қарым қатынасты болады;

Адамгершілік қағидаларымен өмір сүреді.

Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі. Жақсы отбасының қасиеттері.

Әке отбасында ең басты орныды иеленеді. Еркек\ білімнің даналықтың, тәртіптің іске асырушысы. Еркек - әйелін, балаларын қорғаушы, отбасыны барлық мұқтаждығын өтеуші, олардың денсаулығына, білім алуына кепілдік беретін адам.

Еркек пен әйел ата-ана болғанда олар бір бірін үйлесімділікпен толықтырып, бала тәрбиелейді. Ата анарға бала тәрбиесіндегі ең негізгі міндет дұрыс мінез –құлқын қалыптастыру болып табылады. Бала тәрбиесінде барлығы өз шекарасынана шықпауы тиіс. Әр кезде сүйіспеншілікпен тәртіп болуы тиіс.

Үлгілі, жақсы ата\аналар:

Беделді болуы керек; Ажырата білуге үйреті тиіс; Сүйе білетін балаларды өсіруі тиіс; Балаларын әрекет етуден бұрын, жақсылап ойланып алуға үйреруі тиіс; Өздері жақсы үлгі бола білуә тиіс.

Үлгілі, жақсы отбасының қасиеттері:

Барлығын сүйе білетін, айнала қоршаған ортасын жақсы көретін болады; Әр қайсысы өз парызын, борышын дұрыс орындайды; Қуанышты, жан тыныштығында өмір сүреді; Отбасында бір \бірімен жақсы қарым\қатынаста болады; Адамгершілік қағидаларымен өмір сүреді.

Жақсы отбасының қасиеттері.

Үлгілі жақсы ата аналар: беделді болу керек; ажырата білуге үйретуі тиіс; сүйе білетін балаларды өсіруі тиіс; балаларын әрекет етуден бұрын, жақсылап ойланып алуға үйретуі тиіс; өздері жақсы үлгі бола білуі тиіс.

Үлгілі жақсы отбасының қасиеттері:

Әрқайсысы өз парызын, борышын дұрыс орындайды;

Қуанышты жан тыныштығында өмір сүреді;

Отбасында бір бірімен жақсы қарым қатынасты болады;

Адамгершілік қағидаларымен өмір сүреді.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар

1.Отбасының бала тәрбиесіндегі маңызы . Эссе.

2.Ата - аналармен ұйымдастырылатын іс-шаралардың жұмыс жоспары.

3.«Жалпыадамзаттық құндылықтар –рухани тәрбие негізі. Реферат жазу

Практикалық (семинарлық) сабақтардың тақырыптарының

үлгілік тізімі

    1. «Өзін-өзі тануды» жобалаудың концептуалды, мазмұндық, процесуалды ерекшеліктері.

    2. Адамның руханилығы интеллектуалды, этикалық, эстетикалық аспектілердің бірлігі пәннің мазмұндық негізі ретінде.

    3. Өзін-өзі танудың дүниетанымдық негіздері.

    4. Өзін-өзі тануды оқыту процесінің әдістемелік жабдықталуының теориялық негіздері.

    5. Өзін-өзі тануды оқытудың әдістемелік құралдары.

    6. Оқу мәтіндері мен көрнекілік құралдар.

    7. Оқу ақпараттарының техникалық тасымалдаушылары.

    8. Оқытудың компьютерлік құралдары.

    9. Өзін-өзі тануды оқыту әдістері. Өзін-өзі тану әдістерінің классификациясы және оның қысқаша сипаттамасы.

    10. Интерактивті оқыту әдістерінің мүмкіндіктері және сипаттамалары.

    11. Оқу және оқудан тыс іс-әрекет субъектілерінің конструктивті өзара әрекеттестігін модельдеудегі әлеуметтік психологиялық тренинг.

    12. Мектепте өзін-өзі тану бойынша сабақ жүргізу әдістемесі.

    13. Мектепте практикалық сабақтар және тренинг жүргізу әдістемесі.

    14. Өзін-өзі тану пәнін интеграциялау.

    15. Портфолио оқушылардың оқу жетістіктерін сапалы бағалау әдісі ретінде.