Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФИЗРА УМК.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.24 Mб
Скачать

13 Дәріс. «Өзін өзі тану» пәнінің құрылымдық–мазмұндық және әдістемелік аспектілері.

Мақсаты. Студенттерді өзін- өзі тану» пәнінің құрылымдық–мазмұндық және әдістемелік аспектілерімен таныстыру, жағымды ойлаудың маңызын түсіндіру, «Өзін өзі тану» рухани–адамгершілік білім бағдарламасындағы мұғалімнің рөлін ашып көрсету.

Жоспары

  1. «Өзін өзі тану» пәнінің құрылымдық–мазмұндық және әдістемелік аспектілері.

  2. «Өзін өзі тану» сабақтарындағы жағымды ойлаудың рөлі.

  3. «Өзін өзі тану» рухани–адамгершілік білім бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі.

Дәрістің қысқаша мазмұны. Сабақтың құрылымдық-мазмұндық компоненттері. Сабақтың құрылымдық элементтерін қолдау реті. Оқулық материалдарын сабақта қалай пайдалану керек. Әдістемелік тәсілдердің жіктемесі.

  • Жағымды күйге келу формалары (сабақтың басында және соңындағы іштей жағымды күйге келу) - Жағымды күйге келу сабақтың басында және соңында өткізіледі, кейде сабақта тәртіп бұзылғар жаңдайда сабақтың ортасында да өткізуге болады.

  • Сабақтың дәйексөзі (жағымды ой-пікір) – Мұғалім сабақтың мақсатына сәйкес келетін нақты сөзді тақтаға жазу керек. Балалар оларды есте сақтау, түпкі санада сақталу үшін бірнеше рет дауыстап айтады немесе дәптеріне жазады.

  • Оқиға және әңгіме айту. – Әңгіменің мақсаты-бұрын меңгерген білімді көкейкесті ету, оқушылардың алдағы тұрған міндеттерді шешуі үшін оқу-танымдық іс-әрекетке олардың белсенді қатысуына зейінін, мүмкіндіктерін шоғырландыру. Әңгіме барысында оқушылардың жаңаны тануға дайындығы мен түсіну дәрежесі анықталады. Әңгімелесуді ұйымдастырудағы жақсы нәтиже көбінесе қойылатын сұрақтардың дұрыс болуына байланысты. Сұрақтар балалардың ойына түрткі салу үшін ақты, қысқа, логикалық тұрғыда ойластырылған болуы тиіс.

  • Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс (ойындар, сахналау, дөңгелеу үстелдер, плакат жасау, сурет салу, өлең құрастыру, ән шығару, ұсақ түйек жасау және т.б. - Шығармашылық жұмыс, топпен іс-әрекеттерді мұғалімнің оқиғаны айтып беруінен соң өткізген дұрыс. Егер оны өткізуге үлгермеген жағдайда келесі сабақта өткізуге болады.

  • Сабақты жоспарлау бойынша ұстанымдар:

  1. Тақырып оқулықтан алынады, қалған материалдарды мұғалім өзі таңдайды. Мұғалімнің шығармашылық қатынасы маңызды. Оқулықтан нені алатынын, ол мұғалімнің сыйы ретінде жаңадан нені ұсынатынын жүрекпен ұғынатыны абзал.

  2. Сабақтың мақсатында жалпыадамзаттық құндылық сабақтың тақырыбымен байланысты көрініс табуы тиіс.

  3. Сабақтың міндеттерінде (білімділік, дамытушылық, тәрбиелік) таңдап алынған жалпыадамзаттық қүндылыққа сәйкес қасиеттер көрініс табуы тиіс.

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша практикалық сабақтардың әзірлемесі

басында: жоғары оқу орнынң аты, мерзімі, номері, тақырып, құндылық, қасиет, оқытушы, курс (топ), студенттер саны.

  • Сабақ барысының құрылымы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті: Нұрға бөлену, Орманға саяхат, Тыныс алу, Су түбіне саяхат.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

  3. Дәйексөз.

  4. Әңгімелеу.

  5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

  6. Топта ән айту.

  7. Үйге тапсырма.

  8. Соңғы тыныштық сәті.

Сабақты бағалау формалары. Тестлеу. Сабақ мониторингі.

«Өзін өзі тану» пәні бойынша оқушылардың білім сапасын бағалау «Өзін өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша әзірленген «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар»негізінде жүргізіледі.

Рухани адамгершілік білім берудің ерекшеліктеріне сәйкес сандық емес. Сапалық бағалау маңызды, сондықтан бағалау әрбір жартыжылдықтың қортындысы бойынша «сынақ» түрінде қойылады.

«Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» пән бойынша сынақ қою критерийә қызметін атқарады.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың барлығын орындаған оқушыға «сынақ» қойылады.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

  • Бағдарламада анықталған көлемде жалпыадаматтық құндылықтар туралы қарапайым түсініктерінің болуы; Қазақстанның және басқа халықтардың рухани мұралары туралы білімінің болуы;

  • Мұғалім белгілеген дәйексөздерді, өлеңдерді жатқа білуі;

  • Сабақта, мектепте, қоғамдық орындарда тәртіп сақтай білуі;

  • Оқушылардың құқығы мен міндеттерін білуі мен түсінуі, оқушы паразын орындау (мектептің қажетті құралдарының болуы және үй жұмысын, сынып жұмысын орындауы);

  • Адамдарға, табиғатқа қоғамдық мүліктерге мұқият болуы және саналы қарауы;

  • Денсаулықты сақтау үшін жағымды ойлаудың маңызын терең түсінуі, салауатты өмір салтының қарапайым ережелерін білуі, және қолдана алуы тиіс:

Тестлеу: Бұл оқушылардың бір нәрсені қалай жасағаныны білу үшін ғана емес, сонымен қатар мұғалім ретінде не нәрсеге қаншалықты қол жеткізгенімізді тексеруге мүмкіндік беретін бірден бір ең пайдалы жұмыс.

Өзін өзі тану сабақтарының бірден бір негізгі міндеті оқушылардың өзіне және өзінің айналасындаылардың барлығына салауатты әрі жағымды көзқарасын дамытуға көмектесу;

Кіші жастағы оқушыларға өздерінің әдеттері мен басымдықтарын өзгерту не,ұрлым жеңілдеу, ал үлкендерге бұл қиынға түседі;

Халықта мақал бар: «жас шыбықтың түзу өсуіне көмектесуге болады, ал ол ағашқа айналғанда оның өсуін бағыттай алмайсың».

Өзін өзі тану сабақтарындағы Жағымды ойлау

Жағымды ойлау (2-5 минут) ақыл ойды тыныштандыру, сабырлы қалыпқа түсіру.

Жағымды ойлау – бұл адамның жақсы және жаман ойларды іріктеп, жақсы ойларды өрбіте білу қабілеті. Өз бойында жағымсыз және келеңсіз ойлардан арылып, жаман жағдайлардан сабақ алу және тәжірибе жинақтау.

Әлем шексіз зор, оның сізге деген қарым қатынасы қандай жағдайда болса да, тек сізге ғана байланысты.

Адамның жақсыны қабылдай білу және жаманнан аулақ болу қабілеті жағымды ойлаудың негізгі мақсаты боып табылады. Ала жағымды ойлаудың әдістемелік тәсілдері жағымды ойлауға жылдам көшуге және тұтастай алғанда өз өмірін үйлестіруге мүмкіндік береді.

Өзін өзі тану сабақтарындағы жағымды ойлау

Сабақтың басында жағымды күйге келу әдісін қолдану тәжірибесі төмендегідей көрсеткіштердің айтарлықтай жақсарғанын көрсетеді.

Тәртіп, өзін - өзі қадағалау; денсаулық; ақылдың байсалдылығы; ес, зейін қою; интуиция; басқаларға деген сүйспеншілік; ішкі тыныштық;

Сабақтың дәйексөзі. Сабақта дәйексөзбен өалай жұмыс жүргізу керек.

Адам нені ойласа өзі де сондай болады. Оқушылардың ойларын нақты сабаққа сәйкес әңгімелеп айту арқылы неғұрлым асқақа нәрселерге бағыттау жолын табу керек. Мұғалім сабақтың мақсатына сәйкес клетін нақыл сөзді тақтағы жазып қою керек. Балалар оларды есте сақтау, түпкі санада сақталуы үшін бірнеше рет дауыстап айтады немесе дәптерлеріне жазады. Егер бастағанда ештеңе шықпаса онда талаптаныңыз, талаптаныңыз тағы да талаптаныңыз. Бұл сүйспеншілік береді, және кешіледі, эгоизм алады және ұмыстады. 7-8 бала айтады.

«Бәрін сүй, бәріне қызмет ет», «бәріне көмектес, ешкімді ренжітпе»

Өзіңе әділ бол, сонда басқаларға жалған сөйлемейсің.

«Шындықты айту ұзақ емес,

Ал жалған айтсаң, ұзақ, ұзақ, өте ұзақ шексіз жалған айтуға тура келеді. Ең жақсысы уақытынды шығын қылма». Б.Заходер.

Дәйексөздердің оқушыларға жағымды әсері келесідей түйінделеді:

1. Денсаулықты жақсартады.

2. Шабыттанудың ішкі қайна көзіне сенімді дамытуға көмектеседі.

3. Өзіне сенімділікті дамытуға көмектеседі.

4. Қауіпсіздікті және игілікті сезіндіреді.

5. Нақты пәнге ойын тұрақтандыруға көмектеседі, осылайша ақыл қалыптасады.

6. Жағымды ойлауға түрткі салады.

7. Қарапайымдылықты сіңіреді.

8. Қорқынышты сейілтуге көмектеседі.

9. Даналық пен турашылдықты дамытады.

10. Интуицияны ынталандырады.

Қортындылар

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, оқытудың әдстемесі ретінде жағымды ойлау мен дәйексөздарді күнделікті

Оқытудың диалогтік әдісінің мақсаты. Оқиға айту өнері. Оқиға айту кезіндегі мұғалімнің меіндеттері.

- Есте жоқ ерте заманнан бері оқиғалар ұрпақтан ұрпаққа ақпарат берудің құралы қызметін атқарып келді.

- Батылдық, адалдық және сенім сияқты құндылықтар сюжетке қоса өріліп және осылайша балалар үшін үлгі болу қвзметін атқарады.

- Отбасылық ортада оқиға айту бірден басты алданыш болады және әңгімелеуші үлкендер мен тыңдаушы балалар арасында сүйіспеншілік пен бірлік атмосфеасын құруға көмектесті.

- Заманау әңгімелеуші теледидар болыпады, және де ондағы берілет құндылықтар мен моральдық адамгершілік критерилерді біздің балалардың бойына сіңіру керек пе деген үлкен мәселе туындайды.

Мұғалімнің міндеттері:

  • оқушыларға этикалық стилдің дәйектемесінің үлгісі бола білуі керек;

  • оқушыларға ойын нақты жеткізе білуге үйрету керек;

  • оқушылардың ойын жеткізулеріне мүмкіндік туғызып, шыдамдылық таныта білуі керек;

  • олардың дәйектеріне түзетулер енгізгенде сыпайылық таныта білу қажет;

  • өз ойын оқушыға таңбау, өз ойының дұрыстығына көз жеткізуге ешкімді мәжбүрлемеу;

Жақсы ұйымдастырылған пікірлесудің үлкен білімдік және тәрбиелік мәні бар:

  • мәселені терең түсінуге және өзінің көзқарасын білдіруге мүмкіндік алады;

  • өзгелердің пікірімен санаса білуге үйренеді;

Мұғалім мен оқушының өзара әрекетті:

  • белсенді жақ, тек қана өзі ғана ықпал етіп қоймай өзгелерге де бірдей әсерін тигізеді;

  • өзара серіктестікте болады;

  • өзгелердің де көзқарасын, ұстанымын қабылдай білуге дайын болады;

  • тілектестікке, бір іске бірге қатысуға жұмыла алу;

  • бір- бірін қабылдай алу;

  • белсенді гуманистік ұстанымда болу;

Әңгімелердің дереккөздері. Әңгіме таңдау кезінде жас ерекшеліктерін ескеруғ әңгімелердің дереккөздері:

Фольклор, мифолоия, тарихи кітаптар, өмірлік жағдаяттар, әулиелердің, көрнекті адамдардың өмірін сипаттау, аңыздар, ертегілер, мысалдыр, ұлы пайғамбарлардың ғибратнамалары және рухани кітаптары.

Жетімдер үйі тәрбиеленушілерінің сыйлығы. Бір сыйлықтың оқаиғасы.

Қайырымдылық тамшылары:

Біз құрбым екуміз сауда орталығында болдық және жарнамалық викторинадан жұмсақ ойыншық сатып алдық. Келе жатып, әкесімен жүрген ақыл есі кем балаға ойыншықты сыйладық. Ол рахмет! Деді. Оның әкесі жылап жібере жаздады. Бала бірнеше ай сөйлемей жүр екен. Бұл маған үміттенуге көмектеседі.

әңгіме таңдау:

Сәйкес келетін оқиғаны таңдауда біз оқушылардың жасына байланысты нені жақсы көретіндіктен, нені ұнатпайтындарын есепке алуымыз керек. Баланың ұл не қыз екенііне назар аудару қажет, ұлдарға көбінесе шытырман оқиғалы әңгімелер мен фантастиканы сүйіп тыңдайды, ал қыздар болса, не,ұрлы романтикаға үйір және жоғары эстетикалық қасиеттермен ерекшеленетін неғұрлым жайлы, мейірімді әңгімелерді тыңдайды. Қыздарға бақытты аяқталатын оқиғалар ұнайды.

Тағы бір нәрсеге мұғалім назар аударуы тиіс бұл балалардың отбасылық жағадйы. Мысалы: өздерін қабыл алмаған немесе сүйкіссіз сезінетін назшар отбасынан шыққан балаларға бақытты отбасының өмірін салыстыруды көрсететні әңгімелер ауыр әсер қалдырады және жағымсыз реакция тудырады.

Әңгіме таңдау үшін жөн сілтеу тізімі:

Әңгіме айтудың ұзақтығы тыңдаушының жасына байланысты болады. Мысалға, кіші жастағы оқушылар үлкен балалар сияқты ұзақ шоғырлана алмайды.

Әңгімені иллюстрациялап және осы сәтте оқытылатын құндылықтардың мәнін ерекше көрсетіп қою керек, сонда оны сөзбен түсіндіруге уақыт кетпейді.

Сондай ақ, әңгіме мұғалімнің көздеген мақсатына сай болуы тиіс. Әңгіме дені сау баланы дамыту үшін құндылықтарды қабылдауға ықпал етіп қана қоймай сонымен қатар шығармашылық қабілеттерге ынталандыруы тиіс.

Ұсынылатын әдістемелік тәсілдердің тізімі:

Қуыршақ (театрланған), суреттер мен карточкалар, диопроектр, слайдтар немесе фильмдерден үзінділер, магнитті тақта немесе қатты картондар

Телевизвор, интерактивті тақта, музыкалық орталық, т.б

Ең негізгісі мұғалім өзі үйрететін дүниелерді өзі тәжірибе жүзінде меңгеруі тиіс, өзінің басынана өткізген болуы шарт. Ондай болмаған жағдайда, үйретіп отырған мәселесі шынайы болмайды, өзгелердің жүрегіне жетпейді.

Алдымен өзің жемей тұрып, кәмпиттің тәтті екенін айтып түсіндіру мүмкін емес.

Оқиғаны айтып берудің пайдасы

- балаларға білім береді;

- зейінді шоғырландыра білу, тыңдай білу іскерлігін дамытуға көмектеседі;

- отабсында немесе сыныпта әңгімелеуші мен тыңдаушының ортасында байланыс орнатады;

- шығармашылық қабілеттері мен қиялдарын дамытуға көмектеседі;

- тыңдаушының бойын еркін ұстауға әсер етіп, жағымды жағдай туғызып, көңіл күйлерін көтереді;

- оқушыға үйретіліп отырған құндылықтарды есте сақтауға мүмкіндік береді.

- жақсы, дұрыс мінез құлық қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

- тыңдаған оқиғаны, көтеріңкі бейнелеп көрсету балалардың жақсы жаққа қарай өзгеруіне ықпал етеді.