Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФИЗРА УМК.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.24 Mб
Скачать

12 Дәріс. Шынайы көшбасшыға тән адамгершілік қасиеттер

Мақсаты. Студенттерді көшбасшылық және басқару, ұлы рухани ұстаздардың көшбасшылық туралы ой-пікірлерімен таныстыру, көшбасшылық қабілеттерді ашуға ықпал ету.

Жоспары

  1. Көшбасшылық және басқару және ұлы рухани ұстаздар көшбасшылық туралы.

  2. Ұлы және шынайы көшбасшылар, шынайы көшбасшының үлгілері, шынайы көшбасшыға тән қасиеттер.

  3. Амбиция және көшбасшылық.

Дәрістің қысқаша мазмұны. Көшбасшылық және басқару.

- Маған белгілі бір мақсатқа қалай ең тиімді жолымен жетуге болады?Басқару өз назарын төменгі деңгейге аударады.

- Менің неге қол жеткізгім келеді? Көшбасшылық жоғары деңгеймен байланысты болады.

- Басқарушы іс әрекеттің істелу қажеттілігіне қарай жасайды.

- Көшбасшылық не істеу керектігіне қарай жасайды.

Петер Друкер, Уоррен Бенис

Көшбасшы болу шеберлігін үйрету мүмкін емес, оған адамның тек өзі ғана үйрене алады.

Ұлы рухани ұстаздар көшбасшылық туралы.

«Әділдік пен шыншылдық бір билеушінің бойынан табылс, онда оның шыншылдығы мен әділдігінің арқасында өз өмірі де, билеп жатқан адамдарының өмірі де шаттыққа бөленеді. Егер билеуші адамның бойында әділдік пен шындық біріксе, ол сапалы, қабылдаған заңдары жоғары деңгейде болады.»

Билеушіден халқыңды бағындыр деп сұрау қажет емес, халықтың өзі ақылды билеушінің басқаруын қалауы керек.

Сократ

- Өз мүддесін басқаның мүддесінен жоғары қоймағанда ғана көшбасшы өседі және өз қызметінде ұзақ тұрақтайды. Парадокс Өзін-өзі аямаумен, өзінен – өзі бас тартумен көшбасшы Өзін-өзі күшейтеді.

- Көшбасшы өзгелер туралы өсек айтпайды және ешқандай дамуға күшін кетірмейді. Үнемдеу – күштің қайнар бұлағы.

- Ақылды көшбасшы аз және қысқа сөйлейді. Сайып келгенде ешқандай табиғи әрекет мәңгі жасалмайды. Жауын жауады, кейіннен қояды. Күн күркірейді, соңынан тынышталады.

- Сіз қанша мәжбүр етсеңіз, топ соншалықты қарсылық көрсетеді. Сіздің айлаңыз құтылып кету үшін қарсы айланы тудырады. Әрбір заңмен бірге заңсыздық келеді.

Лао Цзы

Көшбасшы- халқын шын ықыласымен сүюімен қатар мына бес қасиет болу керек.

Кісіге шын құрмет, кеңпейілдік, шыншылдық, зеректік, мейірбандық.

Біріншісі- жарамсақтануға жол бермейді.

Екіншісі- барлығын бағындырады.

Үшіншісі- адамдардың көңіліне сенім ұялатады.

Төртіншісі- жеңіске жетуге мүмкіндік береді.

Бесіншісі- адамдарды басқаруға мүмкіндік туғызады

Басшы-көшбасшы халық алдында қулыққа бармайды. Ол әділетті сүйеді, өзгелердің пікіріне құлақ асады. Ол өзін басқалардан жоғары қоймайды.

Ұлы және шынайы көшбасшылар.

Ұлы көшбасшы өзі үшін, ал шынайы көшбасшы басқалар үшін өмір сүреді.

Ұлы көшбасшы: Гитлер, Шыңғысхан, Сталин, Бірінші Петр, А.Макидонский

Шынайы көшбасшы: Абай Құнанбаев, Махатма Ганди, Тереза шешей, А.Линкольин, Л.Н.Толстой

Риясыз қызмет ету- шынайы көшбасшының іргетасы.

Идеалға негізделген риясыздық- бұл көшбасшылықтың нағыз іргетасы. Риясыздық- көшбасшыны және оған ергендерді шексіз жетістіктерге қол жеткізуге рухтандырады.

- «Сендердің орталарыңда кім бірінші болғысы келсе, сол сендерге қызмет етуі тиіс». Иисус Христос

- «Лайықты көшбасшы өз адамдарын жақсы біледі және аналарынан артық қамқорлық жасайды».доктор М.Л.Чиббер

Шынайы көшбасшының үлгілері.

- Көшбасшы биік мақсатты көре білуге тиіс.

Жоғарғы мақсатты көздеу- « мен үшін не жақсы» дегенді көруден жоғары назар аудару, және көпке пайдасы тиер идеалға ұмтылу.

- Көшбасшы әрқашан байыпты болуы тиіс.

- Егер ол ашуланса, не істің нәтижесіне сенімсіздік танытса, беделіне нұқсан келеді.

Шынайы көшбасшылық- тұлғаны рухани- адамгершілік дамытудың жанама нәтижесі.

- Тұлғаның рухани- адамгершілік дамуы деген не?

Бұл өз мінезін кемелдендіру тілегі мен табандылығы.

- Кімнің ойы, сөзі және ісі бірлікте болса ғана, шынайы көшбасшы бола алады.

- Ойы, сөзі және ісі бір блған адамға біз сенеміз.

- Көшбасшының соңынан ерген адам үшін оның жеке басының үлгісі аса маңызды.

Көшбасшылық үдерісіке нелер жатады.

Болу; Істеу; Көру; Сөйлеу.

Болу- бұл көшбасшылықтың көзі.

Істеу- бұл жеке үлгісіне негізделген көшбасшылықтың силі.

Көру-(ұсақ белгісіне дейін көру).

Сөйлеу-(шабытпен, жұмсақ, сүйіспеншілікпен, жүректен жүрекке жеткізу).

Амбиция және көшбасшылық.

Амбиция мен көшбасшылықтың арасындағ байланысты қарастырып көрейік. Амбициясыз құрметті көшбасшы болуға бола ма? Қазіргі заманда келесі пікір кеңінен таралған: амбиция бұл- көшбасшының маңызды қозғаушы күші. Қазіргі қоғамда үнемі мынадай ойларды естуге болады: « О, бұл өте амбициясы жоғары жас азамат! Оның үлкен болашағы бар және ол үлкен жетістіктерге қол жеткізеді!» немесе: « Жастардың дүрыс амбициясы болған жақсы!». Жоғарыда айтылған пікірлер көшбасшы іс-әрекеті тиімділігінің риясыздықпен байланысты болатынына қарсы пікір болып табылады. Өйткені адамның амбициялары мен мансапқа қол жеткізу ұмтылыстары риясыздықпен сәйкес келмейді. Сонымен, амбициясы және мансапқа ұмтылысы болмаған жағдайда көшбасшы болуға болама? Осы ойларды талдап көрейік.

Сөздіктерде амбиция ұғымын « жетістікке жету немесе қызметтік өсу» деп қарастырад. Шын мәнінде, амбициялар үлкен түрткілер болып табылады. Амбициясы бар адам міндетті түрде жетістікке қарай жылжиды және кәсіби тұрғыдан өседі, өте белсенді, жақсы, бірақ қысқа мерзімдік нәтижелерді көрсетеді. Ал мәңгі жоғары құндылықтарға бағдарланған адамдар әр кезде ұзақ мерзімдік нәтижелерге қол жеткізеді.

Френсис Бекон, адам табиғатын танитын ағылшын білгірі амбициялар туралы былай деп жазған: «Амбиция үнемі қозғалатын өтке ұқсайды, бұл адамды белсенді ететін оның ағзасындағы шырын. Бірақ оның қозғалысы тоқтатылған жағдайда өт өте ащы, зиянды және улы болады. Осылайша амбициясы бар адамдар жоғарыға қарай жолды анықтап, жылжи бастағанда мазасыз, тынымсыз болады; бірақ, олардың ойлары іске аспай бәріне белгілі болғанда, өздеріне қанағатсыз болады, адамдарға және түрлі жағдайларға ашулы көзқараспен қарайды. Түрлі дағдарыстардың болуы амбициясы бар адамдар үшін қолайлы, өйткені сол кезде өздерін көрсету үшін бар ынтасын салады, көп жағдайда оларға патшаның немесе мемлекеттің қызметкерлері жатады»Френсис Бекон амбициясы бар адамдардың табиғатын түсіндіре отырып, өз Отаны алднда борышын ақтайтын және қызмет ететін адамдар, мансапты көздемей, нағыз көшбасшы болып, қоғамға пайдасын тигізіп, үлкен игілік, мейірімділік жасайды. Басқаша айтқанда, жеке басын, мүддесін ойламайтын адамдар. Бірақ адамға « Мен, маған және менікі» шеңберінен адамдарға шығу оңай сопайды, сол себептен, түрлі мемлекеттер, қоғамдар, үйымдар өзінің жеке басының қамын ойлап кетпейтіндей етіп, олардың амбицияларын идеалар деңгейіне дейін жеткізіп, көшбасшыларға жағдай жасайды.

Шынайы көшбасшыға тән қасиеттер.

Жігер шынайылық, адалдық, шешім қабылдаудағы батылдық, тиянақтылық (Ақиқат)

Дұрыс мінез- құлық, кәсіби біліктілік және білім (Дұрыс әрекет)

Тыныштық, ішкі тепе- теңдік (Ішкі тыныштық)

Жанашырлық, әлсіздерге көңіл бөлу, басқалардың пікірлеріне құлақ салу ( Қиянат жасамау)

РИЯСЫЗДЫҚ (СҮЙІСПЕНШІЛІК)

- Шынайы көшбасшы жеке басының мүддесінен риясыздықпен бас тартып, қажет болса, өзі құрбандыққа барады.

- Шынайы көшбасшы биіктерге қолжеткізу үшін осындай қасиеттерге ие болуы керек.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар

1.Ұлы және шынайы көшбасшыларды салысыру, сызба кесте құру, мысалдар келтіру.

2. Маслоу А. пирамидасы