- •Оқу жоспары бойынша сағаттардың бөлінуі
- •5. Оқу тәртібінің cипаттамасы
- •5.2. Пәнді оқытудың мақсаты.
- •5.3. Пәнді оқытудың міндеттері
- •5.4. Оқу тәртібінің мазмұны
- •Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау
- •7.2 Бақылау формасы
- •Оқу пәнінің саясаты
- •1 Дәріс. Тақырыбы: Рухани адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы
- •Жоспары
- •2 Дәріс. Өзін–өзі тану рухани–адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи негіздері
- •Жоспары
- •3 Дәріс. Замануи білім кеңістігін ізгілендірудің жаңа тәсілдемелері
- •Жоспары
- •4 Дәріс. Өзін–өзі тану рухани –адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық – педагогикалық негіздері
- •Жоспары
- •6. Сананың құрылымы туралы. Сананы тазарту.
- •5 Дәріс. Өзін өзі тану пәні мен басқа пәндердің интеграциясы
- •Жоспары
- •«Геометрия» пәні. Тақырып: «Сәуле және кесінді».
- •«Физика» пәні 7 сынып. Тақырып: Дененің үш күйде болуы.
- •«Қазақ әдебиеті».8-сынып. Тақырып: Жыраулар поэзиясы.
- •6 Дәріс. Сабақтан тыс іс –әрекет арқылы өзін өзі тану рухани –адамгершілік білім бағдарламасын жүзеге асыру
- •Жоспары
- •Сабақтан тыс шаралар «жүрек жылуы» тақырыбындағы қайырымдылық апталығы
- •«Жүрек жылуы» атты қайырымдылық акциясы
- •«Сүйіспеншілік күні» атты тренинг
- •«Мейірімді жүрекпен»
- •7 Дәріс. Өзін өзі танудың оқытудың аксиологиялық аспектілері. Ақиқат құндылығы
- •Жоспары
- •Жоспары
- •9 Дәріс. Дұрыс іс әрекет тәжірибесі өмір негізі.
- •Жоспары
- •10 Дәріс. Ішкі тыныштық тұлғаның үйлесімді дамуының нәтижесі.
- •Жоспары
- •11 Дәріс. Қиянат жасамау -жалпыадамзаттық құндылық
- •Жоспары
- •12 Дәріс. Шынайы көшбасшыға тән адамгершілік қасиеттер
- •Жоспары
- •13 Дәріс. «Өзін өзі тану» пәнінің құрылымдық–мазмұндық және әдістемелік аспектілері.
- •Жоспары
- •1 Жастан бастап 10 жасқа дейін.
- •11 Жастан 15 жасқа дейін:
- •15 Жастан жоғары
- •14 Дәріс. Әңгімелесу әдісі оқушылардың терең рухани адамгершілік әңгімеге тарту тәсілі
- •Жоспары
- •15 Дәріс. Ата–аналармен байланыс–«Өзін өзі тану» рухани –адамгершілік білім бағдарламасын жүзеге асырудың қажетті шарты.
- •Жоспары
- •Соөж тақырыптарының үлгілік тізімі
- •Соөж тақырыптарының үлгілік тізімі
- •Реферат тақырыптары
11 Дәріс. Қиянат жасамау -жалпыадамзаттық құндылық
Мақсаты. Студенттерге қиянат жасамау құндылығының мәнін түсіндіру, дұрыс іс-әрекет тәжірибесімен таныстыру
Жоспары
1.Қиянат жасамаудың өзіндік ерекшеліктері
2.Өзіне қатысты қиянат жасамау
3.Заманауи әлемдегі қиянат жасаудың себептері
4.Қиянат жасамаудың іс-тәжірибесі
5. «Өзін өзі тану» рухани –адамгершілік білім бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі
Дәрістің қысқаша мазмұны. Қиянат жасамау құндылығының мәні өзіңе қатысты қиянат жасамаудан басталады. Қиянат жасамау, яғни басқаларға зиян келтірмей өмір сүру-бұл сүйіспеншілік пен ынтымақтастық рухы, кешіре білу қайырымдылық, қоршаған ортамен өзгелерге қамқорлық, бауырмалдық және теңдік сезімі ұлттық сана, өзгелердің мәдениеті мен түрлі діни дәстүрлеріне деген құрмет. Қиянат жасамау құндылығы шын мәнінде барлық төрт құндылықтын жиынтығынан тұрады.Қиянат жасамау, сүйіспеншілік,дұрыс әрекет ету және жантыныштығы құндылықтары бар жерде ғана болады.Бойында қиянат жасамау құндылығы бар адамдар заңды құрметтейді табиғи заңдарын бұзбайды. Осылайша олар барлық адамдарды, жан-жауарлармен мен қоршаған әлемді сүйеді.
Қиянат жасамау-түсіну ретіндегі Сүйіспеншілік
Түсіну-барлық тіршілікті қиянат жасамауға алып келудің тұтастығы
Қиянат жасамау-Ақиқат,Сүйіспеншілік,дұрыс әрект және Жан тыныштығының іс жүз,ндегі тәтті жемісі.
Қиянат жасамаудың өзіндік ерекшеліктер:
-барлық болмыстың бірлігін жете түсіну
-қиянат жасамау барлық затқа Сүйіспеншіләік ретінде көрініс береді
-қиянат жасамау барлық адамгершілік қасиеттердіқамтиды
-табиғатқа қатысты-бұл табиғаттағы тепе-теңдікті сақтау,табиғат заңдылықтарын құрметтеу
-қиянат жасамау зиян келтірмеу дегенді ғана білдірмейді,ол - басқа адамдардың қайғы-қасіретін жеңілдету үшін әрекет жасау;
Өзіне қатысты қиянат жасамау;
-Өзіне қатысты қиянат жасамау-бұл өз сезім мүшелеріне қиянат жасамау
-Өтірік айту ,дөрекі сөйлеу-қиянат;
-Жаман сөз есту -құлаққа қиянат;
-Барлығынан жамандық көру-көзге қиянат
-Жаман иіс искеу-мұрынға қиянат
-Жаман әрекет жасау-тәнге қиянат
-Жағымсыз ойлар -бүкіл әлемге қиянат.
Қиянат жасаудың себептері;
-Сүйіспеншіліктің жетіспеуі
-Рухани-адамгершілік білімнің жетіспеуі
-өзгеріске қарсылық ретіндегі қиянат
-Әлем туралы өзіндік түсінігіне сәйкес әлемді өзгерту ниетінен туындаған қиянат;
Қиянат жасамаудың практикасы;
-Ешкімге зиян келтірмеуге тырысу
-Барлық нәрсенің өмір сүру сезімі мен құқығын иеленетінін түсіну;
-Бірлік сезімі мен баршаға бауырмалдылықты дамыту
-Қоршаған ортаға қамқорлық жасау;
-Барлық энергия түрлерін бекер шашпау,тамақты, ақшаны электрді және т.б.
-Тілектеріне шек қою
-Нағыз бардың өзара байланысын түсіну
-кешіре білуге үйрену;
Рухани деңгей "Рухани деңгейге жеткендеадам
автоматты түрде өзінен өзі қиянатжасамайды "
Ажырату деңгейі(Ақыл- парасат,білім)
жеке сана
Меңтальдық деңгей(Ақыл,әсер)
Эмоциональдық деңгей түпкі сана ,
бес сезім мүшесі
Физикалық деңгей
Қазіргі әлемдегі қиянат жасаудың себептері. Қиянат жасамау тәжірибесі. Өзін өзі тануды оқытудағы қиянат жасамау.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 27-бабында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды деген жолдар бар,яғни бұл жолдардан адам баласына қиянат жасалмау керек екендігі айтылған.Қиянат жасамау,яғни басқаларға зиян келтірмей өмір сүру-бұл сүйіспеншілік пен ынтымақтастық рухы,кешіре білу,қайырымды болу,қоршаған орта мен өзгелерге қамқорлық,бауырмалдық және теңдік сезімі,ұлттық сана өзге ұлттардың мәдениеті мен түрлі дәстүрлеріне деген құрмет.Қиянат жасамау-түсіну ретіндегі Сүйіспеншілік.Түсіну-барлық тіршілікті қиянат жасамауға алып келудің тұтастығы.Қиянат жасамау-ақиқат.Қиянат жасамау барлық адамгершілік қасиеттерді қамтиды.Табиғатқа қатысты қиянат жасамау бұл табиғаттағы тепе-теңдікті сақтау,табиғаттың заңдылықтарын құрметтеу.Қиянат жасамау тек зиян келтірмеу дегенді білдірмейді,ол басқа адамдардың қайғы-қасіретін жеңілдету үшін әрекет жасау.Қиянат жасамау жайлы ұлы Абайдың отыз сегізінші қара сөзіне тоқталсақ:Қиянат-хақиқат пен растықтың дұшпаны.Дұшпаны арқылы шақыртқанға дос келе ме?Көңілде өзге махаббат тұрғанда адам хақлықты қолдайды.Адамның ғылымы,білімі,хақиқатқа,растыққа құмар болып,әрнәрсенің түбін,хикметін білмекке табылады.Халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы :-Адал жүр ,адал тұр!Өтірік айтпа! Біреуге қылдай қиянат жасама!Өтірік мақтану да қиянат.Қиянатпен елді алдап қылмысты болғым келмейді- деп қиянат жайлы өз ойын айтады.Өзіңе қатысты қиянат жасамау өз сезім мүшелеріне қиянат жасамау яғни өтірік айту,дөрекі сөйлеу-тілге қиянат болса,жаман сөз есту- ол құлаққа қиянат,барлығынан жамандық -көру көзге қиянат,жаман иіс иіскеу-мұрынға қиянат,жаман әрекет жасау-тәнге қиянат,жағымсыз ойлау-бүкіл әлемге қиянат.Қиянат жасаудың себептері сүйіспеншіліктің,рухани-адамгершілік білімнің жетіспеушілігінен туындаса,тағы бір себептері өзгеріске қарсылық ретіндегі қиянат,әлем туралы өзіндік түсінігінесәйкес әлемді өзгерту ниетінен туындаған қиянат.Қиянат жасамау үшін не істеу керек?Ешкімге зиян келтірмеуге тырысу,барлық нәрсенің өмір сүру сезімі мен құқығын иеленетінін түсіну.Сонымен қатар бірлік сезімі мен баршаға бауырмалдықты дамыту,қоршаған ортаға қамқорлық жасау,барлық қуат көздерін бекер шашпау(тамақ,ақша,электр,су),тілектерге шек қоя білу,кешіре білуге үйрену.Қиянат жасамауды ары қарай ажырата түсетін болсақ онда:өз бойымыздағы кері эмоциялардың көрінуін бақылау яғни ажарату,ойлану,әдепсіз сөйлеуден өзін –өзі тоқтату,жаман ортадан аулақ жүру,зиянды ақпараттардан өзімізді тоқтата алсақ қиянат жасалмайды.
Өзін өзі тануды оқытудағы қиянат жасамау:
Бастауыш буын: әрқашан көмектесу, ешқашан зиян келтірмеу,ешкімді ренжітпеу, жан жануарларға қамқорлық жасау,қауіпті заттар мен ойнамау, топпен жұмыс істеу, бірлік.
Орта буын:басқа мәдениеттің құндылығын түсіну,толеранттылық (кеңпейілдік), ақжарқындылық, татулық. Мәдени мұраны құрметтеу,қоғам меншігін қамқорлау,қоршаған ортаны қорғау.
Жоғарғы буын: барлық дін мен мәдениетті құрметтеу,оймен сөзбен не болмаса іспен тірі жанға зиян келтірмеу,әлеуметтік әділеттілік, адам құқығы, жақсы азамат болу және т.б.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Қиянат жасамауға мысалдар келтіру.
2. Махатма Ганди өмірі туралы эссе жазу.
